Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 190 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 250 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 қазанда № 7273-07 болып тіркелді

      Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 190 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы:

      4. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі келесі редакцияда жазылсын:

      "12. Басқарушы персонал:

      мәдениет ұйымдары мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары, (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа), аудандық мемлекеттік архив директоры мен филиал директоры;

      көркемдік жетекші, бас қор сақтаушы, ғылыми хатшы;

      бөлім, сектор, кітапхана басшысы (меңгерушісі).

      13. Негізгі персонал:

      мамандар: қор сақтаушы, ғылыми қызметкер, музейлер қорын есепке алу архивисті, тарихшы (негізгі қызметтер), экскурсовод, өнертанушы, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, хореграф, сүйемелдеуші, дыбыс режиссері, әкімші (негізгі қызметтер), мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), концертмейстер, музыкалық жетекші, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), кітапханашы, библиограф, редактор, архивист.

      14. Әкімшілік персонал:

      киномеханик, аранжировщик, барлық атаудағы техниктер."

      2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Турегалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады