Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 2-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 мамырда № 7151-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "Бөкей ордасы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2017 жылғы 10 қазандағы №12-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4939 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      мәслихат төрағасы Л. Кайргалиева

  Бөкей ордасы аудандық
мәслихатының
2023 жылғы 24 сәуірдегі №2-3
шешіміне қосымша

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығысыз)

1.

Жайлы үйлер

1 тұрғынға (айына)

213,8

2.

Жайлы емес үйлер

1 тұрғынға (айына)

213,8

3.

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м³

2565,6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады