Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 қаңтарда № 33941 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 461 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын (бұдан әрі – Зерттеулер дерекқоры) жүргізу тәртібін анықтайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Зерттеулер дерекқоры "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі платформасында қалыптастырылады және республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасында жүргізілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүргізген зерттеулерді (бұдан әрі – зерттеулер) қамтиды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Қызметтік пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттарға қол жетімділік Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 45-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы және жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары және квазимемлекеттік сектор субъектілері жыл сайын ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде ЗҚАИ-на келесі жылға жоспарланған зерттеулер тізбесін жібереді.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері:

      1) Зерттеулер дерекқорында орналастыру үшін жіберілетін қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі (материалдарды әзірленетін тіліне қарай) зерттеулер нәтижелері көшірмелерінің түпнұсқалармен толық сәйкестігін;

      2) шарт бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде ЗҚАИ-ға зерттеулердің аяқталу мерзімдерін көрсете отырып, зерттеу кестелерін ұсынуды;

      3) ЗҚАИ-ға зерттеулердің нәтижелерін (есептер, жинақтар, оқулықтар, анықтамалар, баяндамалар және т.с.с.) ол аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде шарт талаптарына сәйкес (шарт болмаған жағдайда бекітілген және (немесе) жарияланған кезден бастап) ұсынуды қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Зерттеулердің кестелерін жіберу кезінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әкімшілік деректер ұсынылады, бұл ретте зерттеу тақырыбы ескертпеде көрсетілген тізімнен таңдалады.".

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Зерттеу нәтижелерін жіберу кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік деректер пайдаланылады, бұл ретте "зерттеудің аяқталған күні" және "парақтардың көлемі (саны)" деген жолдар толтырылады.".

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидаларының 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33069 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларында:

      11-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстары мен ескертулерін;";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшасымен толықтырылсын:

      "16) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы және ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды пайдаланады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы" № 149 қаулысымен айқындалған уәкілетті ұйым заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізеді.

      Мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг жүргізу кезінде заңнаманың тиімділігіне жүргізілген талдау нәтижелерін пайдаланады.

      Заңнаманың тиімділігіне жүргізілген талдау нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік орган заңнаманың тиімділігіне жүргізілген талдау нәтижелерін алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде тиісті нәтижелермен келіспеу негіздемелерімен жазбаша дәлелді және негізделген себептерімен уәкілетті ұйымға жібереді.".

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық насихат және үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2024 жылғы 26 қаңтардағы
№ 68 бұйрығымен
бекітілген
  Республикалық және жергілікті
бюджеттерден
қаржыландырылатын,
мемлекеттік органдар мен
жергілікті атқарушы
органдардың, олардың
ведомстволық бағынысты
ұйымдарының,
квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің тапсырысы
бойынша жүргізілетін
талдамалық, консалтингтік,
әлеуметтанулық және өзге де
зерттеулердің, оның ішінде
халықаралық ұйымдармен
бірлескен зерттеулердің
бірыңғай дерекқорын жүргізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: "Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанулық және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқоры".

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулер жөніндегі мәліметтер.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 1-issledovaniya

      Кезеңділігі: зерттеулерді жүргізу аяқталғаннан кейін.

      Есепті кезең: жыл сайын.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері.

      Әкімшілік деректердің нысанын ұсыну мерзімі: шарт талаптарына сәйкес зерттеу аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде.

Зерттеу атауы

Зерттеудің аяқталу мерзімі (к/а/ж)

Зерттеудің аяқталған күні (к/а/ж)

Зерттеуге тапсырыс берген мемлекеттік орган/ жергілікті атқарушы орган/ ведомстволық бағынысты ұйым/ квазимемлекеттік сектор субъектісі

Зерттеулердің тақырыпары*

Зерттеулердің авторлары (ғылыми жетекші, редактор және тағы басқа)

Зерттеудегі өзек сөздер (тегтер)

Көлемі (парақтар саны)

Зерттеулер дерекқорында орналастыру түрлері (Құпия / Құпия емес)

Зерттеулер түрі (талдамалық/ консалтингтік/ әлеуметтік/ өзгедей)

Қаржыландыру көзі (республикалық бюджет/ жергілікті бюджет/ өз бюджеті/ грант)

Зерттеулерге жұмсалған шығындар туралы деректер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1













      *Зерттеулер тақырыптарының тізімі:

      Әлеуметтік қамтамасыз ету. Сақтандыру

      Азаматтық қоғам

      Ауыл шаруашылығы

      Бәсекеге қабілеттілік

      Білім беру

      Денсаулық сақтау

      Дін

      Еңбек

      Жастар саясаты

      Индустриалды-инновациялық даму

      Кәсіпкерлік

      Кен қазу саласы

      Қаржы

      Қауіпсіздік

      Қорғаныс

      Құқық

      Логистика

      Мәдениет

      Мемлекеттік басқару

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

      Өндіріс

      Салық саласы

      Саясат

      Стандарттау

      Статистика

      Сыбайлас жемқорлық

      Тарих

      Туризм

      Халықаралық қатынастар

      Экология

      Экономика

      Электрондық үкімет

      Энергетика

      Атауы ____________________________ Мекенжайы ___________________________

      Телефоны _______________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________________

      Орындаушы ______________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _________________________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны

      (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанның қосымшасында келтірілген.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары мен
жергілікті атқарушы
органдарының, олардың
ведомстволық бағыныстағы
ұйымдарының,
квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің тапсырысы
бойынша жүргізілетін,
республикалық және жергілікті
бюджеттерден
қаржыландырылатын
талдамалық, консалтингтік,
әлеуметтік және өзге де
зерттеулердің, оның ішінде
халықаралық ұйымдармен
бірлескен зерттеулер бойынша
мәліметтер" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанына
қосымша

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулер жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (1-issledovaniya индексі, зерттеулер жүргізу аяқталғаннан кейінгі кезеңділік )

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулер жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан шарт талаптарына сәйкес зерттеу аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жасалады.

      3. Нысанға бірінші басшы немесе зерттеу нәтижелеріне қол қоюға уәкілеттік берілген адамдар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру

      4. Нысан қазақ және орыс тілдерінде (зерттеу ағылшын тілінде әзірленген жағдайда да ағылшын тілінде) толтырылады.

      5. 1-бағанда зерттеу базасында орналастыру үшін ЗҚАИ-ға-ге жіберілетін зерттеу нәтижелерінің реттік нөмірі көрсетіледі.

      6. 2-бағанда зерттеудің түпнұсқасына сәйкес зерттеудің атауы көрсетіледі.

      7. 3-бағанда зерттеудің аяқталу мерзімі көрсетіледі.

      8. 4-бағанда зерттеудің аяқталған күні көрсетіледі.

      9.5-бағанда осы зерттеуге тапсырыс берген мемлекеттік орган/жергілікті атқарушы орган/ведомстволық бағынысты ұйым/квазимемлекеттік сектор субъектісі көрсетіледі.

      10. 6-бағанда нысанға ескертпеде көрсетілген тақырыптар тізбесінен таңдалған зерттеу тақырыптары көрсетіледі.

      11. 7-бағанда осы зерттеудің авторлары (ғылыми жетекші, редактор және т.б.) көрсетіледі.

      12. 8-бағанда осы зерттеу бойынша іздеу сұраулары үшін пайдаланылатын зерттеудегі кілт сөздер (тегтер) көрсетіледі.

      13. 9-бағанда осы зерттеудің көлемі (парақтар саны) көрсетіледі.

      14. 10-бағанда зерттеу базасында зерттеуді орналастыру түрі көрсетіледі (құпия/құпия емес).

      15. 11-бағанда зерттеу түрі (аналитикалық/консалтингтік/социологиялық/өзге) көрсетіледі.

      16. 12-бағанда қаржыландыру көзі ((республикалық бюджет/жергілікті бюджет/ меншікті бюджет/грант) көрсетіледі.

      17. 13-бағанда зерттеуге арналған шығындар туралы деректер көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады