Трассалық медициналық-құтқару пункттерін орналастыру және қайта орналастыру жөніндегі орындарды айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 ақпанда № 34019 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 175-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған трассалық медициналық-құтқару пункттерін орналастыру және қайта орналастыру жөніндегі орындарды айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Медициналық-психологиялық қызмет басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Респубилкасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Респубилкасының
Төтенше жағдайлар министрі
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 60 бұйрығымен
бекітілген

Трассалық медициналық-құтқару пункттерін орналастыру және қайта орналастыру жөніндегі орындарды айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы трассалық медициналық-құтқару пункттерін орналастыру және қайта орналастыру жөніндегі орындарды айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 175-10) тармақшасына сәйкес және трассалық медициналық-құтқару пункттерін орналастыру және қайта орналастыру бойынша орындарды айқындау мақсатында қолданылады.

      2. Бұл Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) жол-көлік оқиғасы – (ЖКО) - жол-көлік оқиғасы – көлік құралының жолда жүру процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан уақиға;

      2) жол бойындағы сервис объектілері – жол бойындағы белдеуде орналасқан және жол жүрісіне қатысушыларға жүру жолында қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылыстар (мотельдер, қонақ үйлер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, автожанармай құю станциялары, тамақтану, сауда, байланыс, медициналық көмек пункттері, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері және өзге де қызмет көрсету объектілері);

      3) трассалық медициналық-құтқару пункті (бұдан әрі – ТМҚП) – тәулік бойы шұғыл медициналық, оның ішінде ТМҚП шұғыл ден қою бригадаларының ЖКО және ТЖ орнына шығуы, сондай-ақ зардап шеккендерді эвакуациялауы арқылы көмек көрсетуге арналған (стационарлық немесе мобильді) үлгі кешендік құрылыс;

      4) авариялық-қауіпті учаске - ЖКО саны жоғары автомобиль жолының бөлігі;

      5) ТМҚП жауапты аймағы - ТМҚП орналасқан орнынан трассаның радиусы 50 шақырым учаскесі;

      6) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі - төтенше жағдай аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалту жөніндегі шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған кәсіби медициналық авариялық-құтқару қызметі.

2-тарау. ТМҚП орналастыру орындарын анықтау әдістемесі

      3. ТМҚП орналастыру үшін аумақ республикалық және халықаралық маңызы бар жолдардың бойында көзделеді. Жол бойындағы сервис объектілерінің учаскелерінде ТМҚП орналастыруға жол беріледі.

      4. Республикалық және халықаралық маңызы бар жолдардың авариялық-қауіпті учаскелері туралы мәліметтер ретроспективті статистикалық мәліметтерді (кем дегенде үш жыл ішіндегі) қоса бере отырып, ұзындығы 100 километр (ТМҚП қызмет көрсету аймағын негізге ала отырып) трассалардың бөлігін көрсетуді қамтиды:

      1) ЖКО саны;

      2) зардап шеккендердің саны;

      3) қаза тапқандар саны;

      4) қозғалыс қарқындылығы.

      5. ТМҚП орналастыру үшін учаскені таңдау кезінде:

      1) авариялық-қауіпті учаскеде жедел медициналық көмек қызметінің болмауы (ТМҚП жұмысының қайталануын болдырмау мақсатында);

      2) медициналық ұйымның авариялық-қауіпті учаске шекарасынан 50 километрден аспайтын қашықтықта орналасуы (зардап шеккендерді емдеуге жатқызу мақсатында);

      3) автожанармай құю станциясының авариялық-қауіпті учаске шекарасынан 50 километрден аспайтын қашықтықта болуы;

      4) коммуналдық-пайдалану қызметтерін (кірме жолдарды тазалау, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару) қамтамасыз ету үшін елді мекеннің ТМҚП (учаскесі) жауапкершілік аймағында болуы;

      5) осы авариялық-қауіпті учаскеде электр беру желісінің болуы;

      6) радиобайланыстың тұрақты жұмысы үшін жарамды жер бедері;

      7) атмосфералық жауын-шашын мен құм жиналмайтын жер бедері, батпақты жерлер мен су басатын аймақтардың болмауы;

      8) өнеркәсіптік аймақтардың жанында болмауы;

      9) учаскені ұялы байланыспен қамтудың болуы;

      10) 3 жыл ішінде ЖКО талдау негізінде ТМҚП орналастыру үшін авариялық-қауіпті учаскелердің өлшемшарттарын сақтау:

      1 жыл ішіндегі жолдың нақты учаскесіндегі ЖКО саны соңғы 2 жылдағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (кемінде 52);

      соңғы 2 жылдағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1 жыл ішінде ЖКО-да зардап шеккен адамдардың саны (кемінде 40);

      соңғы 2 жылдағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1 жыл ішінде ЖКО-да қаза тапқан адамдардың саны (кемінде 5).

      6. ТМҚП орналастыру үшін ауданы кемінде 0,25 га учаске қажет.

      7. Уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жол жүрісін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнан және көлік саласындағы уәкілетті органнан осы Әдістеменің 4-тармағында және 5-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді сұратады.

      8. Уәкілетті орган осы Әдістеменің 5-тармағына сәйкес ТМҚП орналастыру қажет халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерін айқындайды.

      9. Уәкілетті орган жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы, көлік саласындағы, бюджеттік жоспарлау жөніндегі, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарда және жергілікті атқарушы органдарда республикалық және халықаралық маңызы бар жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде ТМҚП орналастыру туралы ұсыныстарды келіседі.

      10. Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімі аяқталғаннан кейін "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысының 4-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына ТМҚП құру жөніндегі іс-шараларды енгізеді.

3-тарау. ТМҚП орналастыру орындарын қайта орналастыру

      11. Уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі жұмыс істеп тұрған ТМҚП қайта орналастыру қажеттілігін айқындау үшін кемінде үш жыл ЖКО шығу санының статистикалық мәліметтерін, сондай-ақ осы Әдістеменің 5-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген көлік саласындағы уәкілетті органның жолдардың авариялық-қауіпті учаскелері туралы мәліметтерді ескере отырып жұмыс істеп тұрған ТМҚП жауапкершілігі аймағындағы шұғыл ден қою бригадаларының, қызметіне талдау жүзеге асырады және уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді.

      12. ТМҚП-ны көшіру туралы уәкілетті органның шешімі жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, көлік саласындағы, денсаулық сақтау саласындағы, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен және жергілікті атқарушы органдармен келісіледі.

      13. Қайта орналастырылатын ТМҚС үшін орналастыру учаскесінің талаптары осы Әдістеменің 4 және 5 - тармақтарының талаптары ескеріле отырып айқындалады

      14. Осы Әдістеменің 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдармен келісім бойынша осы Әдістеменің 5-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмейтін авариялық-қауіпті учаскелерге ТМҚП орналастыруға (оның ішінде қайта орналастыруға) жол беріледі.

      ____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады