"Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 108/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 ақпанда № 34083 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулығында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) арқылы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін (бұдан әрі – әкімші) шығыстар есебін ұсынудың басталу және аяқталу мерзімдері туралы алдын ала хабардар етуді, құжаттарды қабылдау, сараптама жүргізу туралы уақтылы хабардар етуді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына қорытынды жіберуді қамтамасыз етеді.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Шығыстардың есебін қарастырудан бас тарту:

      1) Шығыстар есебінің нысаны мен мазмұны Қазақстан Республкасының Заңы мен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес келмесе;

      2) Осы Нұсқаулықтың 12 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынбаған жағдайларда жүзеге асырылады.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды сатып алу бойынша шығыстарды негіздеу үшін архитектуралық порталда болмаған жағдайда осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар:

      1) активтер және олардың ағымдағы баланстық құны бойынша көшірмесі, оның ішінде мемлекеттік орган активтерінің тозу тізілімі;

      2) теңгерімге алынбаған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдардың объектілерін (тауардың құны, тауардың атауы, техникалық ерекшеліктерінің электрондық көшірмелері) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы мәліметтер (олар бар болған жағдайда);

      3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің техникалық жағдайы, пайдаланудан алынуы және іске жарату туралы мәліметтер беріледі.

      14. Архитектуралық порталда болмаған жағдайда жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша шығыстарды негіздеу үшін осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар:

      1) орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша үш жылдық кезеңге ұқсас жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы, техникалық ерекшеліктердің электрондық көшірмелері) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы мәліметтер (олар болған кезде);

      2) кезекті қаржы жылына ақпараттандыру саласында сатып алуға жоспарланған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшеліктердің көшірмелері;

      3) орындалған жұмыстардың нақты көлемін (олар болған кезде) көрсете отырып, ұқсас жұмыстар мен қызметтердің үш жылдық кезеңдегі орындалған жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) актілерінен мәліметтер ұсынылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Сервистік интегратор шығыстар есебін қараған кезде мыналар ескеріледі:

      1) "электрондық үкіметтің" архитектурасының іске асырылу барысы туралы ақпарат;

      2) есепті қаржы жылы үшін бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуын, оның ішінде ақпараттандыру саласында тауарлардың, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің мерзімдері, көлемі мен құны туралы мәліметтерді қамтиды;

      3) ағымдағы қаржы жылының бюджеттік инвестицияларын жүзеге асыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру барысы туралы ақпарат;

      4) кезекті қаржы жылы мен жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша күтілетін тиімділік пен нәтижелер туралы мәліметтер;

      5) мемлекеттік органның архитектуралық порталындағы ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтері;

      6) әкімшінің немесе басқа әкімшінің есепті қаржы жылындағы ұқсас шығыстарымен немесе іс-шараларымен салыстырғанда шығыстардың негізділігі және салыстырмалылығы (олар болған кезде);

      7) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге жоспарланатын бағалардың нарықтық бағалармен салыстырмалылық;

      8) әкімшінің ақпараттандыру объектілерінің техникалық жай-күйі, кәдеге жаратылуы және баланстық құны;

      9) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорында қамтылған бағаларға тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жоспарланатын бағалардың салыстырмалылығы;

      10) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің басымдығы.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық үкіметтің" архитектурасында мәліметтер болмаған жағдайда, уәкілетті орган осы Нұсқаулықтың 12-тармағындағы құжаттарды талдау арқылы шығыстар есебін қарауды жүзеге асырады.";

      1-1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 29 ақпандағы
№ 108/НҚ Бұйрыққа
қосымша
  Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алуға
арналған шығыстардың есеп-
қисабын жасау, ұсыну және
қарау жөніндегі нұсқаулыққа
1-1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің тізімі

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің тізімі

Ерекшелік

Ағымдағы шығындар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алу

1.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу

158

2.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау

158

3.

лицензияланған бағдарламалық жасақтаманы техникалық қолдау

158

4.

бағдарламалық жасақтаманы техникалық қолдау

158

5.

серверлік жабдықты және мәліметтерді сақтау жүйесін техникалық қолдау

158

6.

серверлік жабдықты жалға берілетін серверлік үй-жайға орналастыру

158

7.

ақпараттық жүйенің аудиті

158

8.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау

158

9.

серверлік жабдыққа жүйелік-техникалық қызмет көрсету

158

10.

ақпараттық жүйенің және электрондық ақпараттық ресурстың хостингі

158

Негізгі құралдарды сатып алу

11.

серверлік жабдық

414

12.

деректерді сақтау жүйесі

414

13.

резервтік көшіру жүйесі

414

14.

аппараттық-бағдарламалық кешен

414

Материалдық емес активтерді сатып алу

15.

бағдарламалық қамтамасыз ету

416

16.

лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету

416

Дамытуға бағытталған күрделі шығындар

17.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру

434

18.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін енгізу

434

19.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін дамыту

434

20.

"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту жөніндегі жобаны басқару

434

21.

инвестициялық жобада көзделген серверлік жабдық

434

22.

инвестициялық жобада көзделген деректерді сақтау және резервтік көшіру жүйелері

434

23.

инвестициялық жобада көзделген бағдарламалық қамтамасыз ету

434

24.

инвестициялық жобада көзделген лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету

434


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады