"Электрондық үкіметтің" бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 110/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 наурызда № 34101 болып тіркелді

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 17-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған "Электрондық үкіметтің" бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 29 ақпандағы
№ 110/НҚ Бұйрыққа
1-қосымша

"Электрондық үкіметтің" бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Электрондық үкіметтің" бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 17-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Электрондық үкіметтің" бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

      2) ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану – ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісін техникалық құжаттамада және нормативтік-техникалық құжаттамада жазылған мақсаттарға, міндеттер мен талаптарға сәйкес штаттық режимде пайдалану жүзеге асырылады;

      3) ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану – ақпараттандыру объектісін пилоттық аймақта пайдалану, бұл оның жұмыс істеуіндегі кемшіліктерді анықтау мен жою және техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі;

      4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) артефактілер – бағдарламалық қамтылыммен жұмыс істеу кезінде қолданылатын және бағдарламалық қамтамылым құрылымына кіретін орындалатын файлдар, анықтамалық файлдар, деректер бар файлдар, модельдер және өзге файлдар.

      6) бағдарламалық бетбелгі – ақпараттандыру объектісіне рұқсатсыз кіруді және (немесе) оған әсер етуді қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтылымға жасырын енгізілген функционалдық объект;

      7) бағдарламалық қамтылым (бұдан әрі – БҚ) – бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;

      8) бағдарламалық платформа – бағдарламалық қамтылымды құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін әзірлеушілерге ұсынылатын бағдарламалық қамтылым мен құралдардың жиынтығы;

      9) бақылау жиынтығы – файлдарды түрлендіру (хэштау) негізінде құрылған тұрақты таңбалар жолы;

      10) бастапқы код – орындалатын кодқа жинақтауға арналған кез келген бағдарламалау тілінде жасалған бағдарлама мәтіні (нұсқаулар мен командалар жиынтығы);

      11) бастапқы кодты статикалық талдау – бастапқы кодтағы осалдықты анықтау процесі;

      12) бэкдор – аутентификацияны, сондай-ақ қауіпсіздіктің басқа да стандартты әдістері мен технологияларын айналып өту жолымен бағдарламалық қамтылымға рұқсатсыз қол жеткізуге арналған зиянды бағдарлама;

      13) декларацияланбаған мүмкіндіктер (бұдан әрі – ДМ) – техникалық құжаттамада сипатталған функционалдық мүмкіндіктерге сәйкес келмейтін немесе көрсетілмеген бағдарламалық қамтылымның функционалдық мүмкіндіктері;

      14) компиляция – бағдарламаны жоғары деңгейлі тілден машиналық тілге аудару;

      15) кітапхана – бағдарламалық қамтылым әзірлеу үшін пайдаланылатын функциялар, сыныптар және объектілер түріндегі дайын шешімдер жиынтығы;

      16) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;

      17) орындалатын код – машиналық командаларға құрастырылған бастапқы код;

      18) орындалатын кодты динамикалық талдау – іске қосылған орындалатын кодтағы веб-қосымшалар мен мобильді қосымшалардың осалдықтарын анықтау процесі;

      19) осалдық – пайдаланылуы ақпараттандыру объектісі тұтастығының және (немесе) құпиялылығының және (немесе) қолжетімділігінің бұзылуына алып келуі мүмкін ақпараттандыру объектісінің кемшілігі;

      20) өтініш беруші – талдау объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі, сынақ объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі, сондай-ақ сынақ объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі өкілеттік берген ақпараттандыру объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізуге өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

      21) талдау объектісі – ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне талдау бойынша жұмыстар жүргізілетін ақпараттандыру объектісі;

      22) тәуелділікті талдау – бағдарламалық қамтылым құрамында пайдаланылатын бөгде компоненттердегі осалдықты анықтау процесі;

      23) тестілеу ортасы – ақпараттандыру объектісін пайдалану ортасынан бөлінген, орындалатын кодты өрістетуге, орындалатын кодқа динамикалық талдау жүргізуге және бақылау сомасын алуға арналған ақпараттандыру объектісінің бөлігі;

      24) функционалдық объект – бағдарлама алгоритмінің аяқталған фрагментін іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды орындауды жүзеге асыратын бағдарламалық қамтылым элементі (рәсім, функция, тармақ немесе өзге компонент);

      25) функционалдық объектілерді орындау бағыты – алгоритммен айқындалған орындалатын функционалдық объектілердің реттілігі;

      26) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері – мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтылымы, мемлекеттік органның интернет-ресурсы, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге де тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілері;

      27) "электрондық үкіметтің" бірыңғай репозиторийі (бұдан әрі – ЭҮБР) – "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің бастапқы кодтары мен олардан құрастырылған орындалатын кодтарды сақтау орны;

      28) SYNAQ интернет-порталы – "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау бойынша қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған мемлекеттік техникалық қызметтің интернет-порталы.

2-тарау. "Электрондық үкіметтің" бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу тәртібі

      3. ЭҮБР мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасында және Интернет желісінде жұмыс істейді.

      4. Мемлекеттік техникалық қызмет Заңның 14-бабының 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес ЭҮБР жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      5. ЭҮБР жұмыс істеуін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік техникалық қызмет арасындағы шарттық қатынастар негізінде жүзеге асырылады.

      6. ЭҮБР екі қоймадан тұрады: уақытша және тұрақты.

      7. Уақытша қоймада "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бастапқы кодтарының барлық нұсқалары, өтінім берілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесіне" (бұдан әрі – Әдістеме) және "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына" (бұдан әрі – Сынақтар жүргізу қағидалары) сәйкес жүргізілетін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар (бұдан әрі – сынақтар) жүргізудің барлық кезеңінде SYNAQ интернет-порталы арқылы өтінім берген сәттен бастап сақталады.

      8. Тұрақты қоймада "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бастапқы және орындалатын кодтарының барлық нұсқалары сынақтар ЭҮБР-де оң нәтижемен аяқталған сәттен бастап сақталады.

      9. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің бастапқы және орындалатын кодтарын сақтауды мемлекеттік техникалық қызмет жүзеге асырады.

      10. Келесі объектілер сақтауға жатады:

      1) бастапқы код;

      2) кітапханалар;

      3) қолмен немесе автоматты түрде компиляциялау үшін қажетті қызметтік файлдар;

      4) есептік жазбалар және бағдарламалық қамтылымды компиляциялауға қажетті компиляция процесінің сипаттамасы (әзірлеу ортасы мен оның нұсқасын көрсете отырып), әзірлеу ортасының баптауларының ерекшеліктері, автоматтандырылған жасақтау бойынша нұсқаулық;

      5) артефактілер;

      6) орындалатын код.

      11. ЭҮБР-де бастапқы кодтарды және бастапқы кодтарынан құрастырылған орындалатын кодтарды сақтауды жүзеге асыру үшін:

      1) бастапқы кодтарды статикалық талдау, тәуелділікті талдау, бастапқы кодты талдау қолдан жасау әдісі және орындалатын кодты динамикалық талдауды қамтитын бастапқы кодты талдау;

      2) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің бастапқы кодтарынан құрастырылған орындалатын кодтардың өзгермеуіне талдау жүргізіледі.

      12. Бастапқы кодқа талдау жүргізу кезінде өтініш беруші осы Қағидаларды, Әдістемені және Сынақтар жүргізу қағидаларын басшылыққа алады.

      13. Талдау объектісінде БҚ осалдықтары және (немесе) ДМ анықталған жағдайда, өтініш беруші оларды Сынақтар жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімде жояды.

      14. Өтініш беруші бастапқы кодқа талдау жүргізу үшін мемлекеттік техникалық қызметке:

      1) Осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақтарында көрсетілген деректерді беруді;

      2) БҚ осалдықтары және (немесе) ДМ талдау кезінде анықталған БҚ осалдықтары және (немесе) ДМ жойылғаннан кейінгі дұрыстаулар нәтижесімен қоса берілген салыстырмалы кестені беруді;

      3) тестілеу ортасы және тестілеу ортасының аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету және сәулет бөлігінде өнеркәсіптік пайдалану ортасына сәйкес қамтамасыз ете отырып талдау жүргізу кезеңінде тестілеу ортасына қол жеткізуді;

      4) бастапқы кодты талдаудың оң нәтижесінен кейін талдау объектісін тәжірибелік пайдалануда өрістету процесін бақылау үшін жұмыс орны, әкімшінің жұмыс орнына және серверлік жабдыққа физикалық қол жеткізуді ұсынуды қамтамасыз етеді.

      15. Бастапқы кодты талдау:

      1) БҚ осалдықтарын анықтауды;

      2) меншік иесі (иеленуші) және (немесе) тапсырыс беруші мемлекеттік орган болып табылатын сынақтар объектісі үшін ДБМ-ны анықтауды;

      3) бастапқы кодты талдау нәтижелерін бекітуді қамтиды.

      16. БҚ осалдықтарын анықтау өтініш беруші ұсынған бастапқы кодтар негізінде бастапқы кодты талдауға арналған бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып және бастапқы кодты қолдан талдау әдісі арқылы жүргізіледі.

      17. БҚ осалдықтарын анықтау келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) бастапқы деректерді дайындау ("электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің бастапқы кодтарын жүктеу, сканерлеу режимін таңдау (динамикалық және/немесе статикалық), сканерлеу режимдерінің сипаттамаларын баптау) жүргізіледі;

      2) бастапқы кодты талдаудың қолмен әдісі және бастапқы деректерді дайындау (мемлекеттік орган меншік иесі (иеленуші) және (немесе) тапсырыс беруші болып табылатын сынақ объектілерінің бастапқы кодтарын жүктеу), сканерлеу режимін таңдау (статикалық, тәуелділіктерді талдау және/немесе динамикалық), сканерлеу режимдерінің сипаттамаларын реттеу) жүргізіледі;

      3) БҚ осалдықтарын анықтауға арналған БҚ іске қосылады;

      4) жалған дабылдардың болуына бағдарламалық есептерге талдау жүргізіледі;

      5) олардың сипаттамасы, бағыты (файлға жол) және тәуекел дәрежесі (жоғары, орташа, төмен) көрсетіле отырып, анықталған БҚ осалдықтарының тізбесін қамтитын есеп қалыптастырылады.

      18. Бастапы кодты талдау қолдан жасау әдісі, бастапқы кодты статикалық талдау, тәуелділіктерді талдау және орындалатын кодты динамикалық талдау аяқталғаннан кейін, бастапы кодты талдау қолдан жасау әдісі, бастапқы кодты статикалық талдау, тәуелділіктерді талдау және орындалатын кодты динамикалық талдаудың оң нәтижесі болған жағдайда БҚ осалдықтарын анықтау бойынша бастапқы кодты талдау нәтижелері туралы бастапқы кодты статикалық талдау, тәуелділікті талдау, орындалатын кодты динамикалық талдау есептері қалыптастырылады.

      19. ДМ-ны анықтау келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) талдау объектісіне техникалық құжаттаманы, оның ішінде ақпараттандыру объектісін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырманы оның мақсаты, қолдану саласы, қолданылатын әдістер, шешілетін міндеттер сыныбы, қолдану кезіндегі шектеулер, техникалық құралдардың ең аз конфигурациясы, жұмыс істеу ортасы және жұмыс тәртібі туралы мәліметтер бөлігінде талдау;

      2) талдау объектісінің қолмен әдісімен бастапқы кодқа келесі тәсілдермен талдау жүргізу:

      БҚ модульдік және логикалық құрылымын, сондай-ақ жеке модульдерді зерттеу және осы құрылымдарды техникалық құжаттамада көрсетілгендермен салыстыру;

      функционалдық объектілерді орындау маршрутын зерделеу және өңдеу деректерін тексеру;

      есепте ДМ-ді анықтау нәтижелерін кейіннен ұсыну үшін скриншот арқылы ДМ-ді тіркеу.

      3) ДМ сипаттамасын, маршрутын (файлға жол) және скриншотын келтіре отырып, анықталған ДМ тізбесін қамтитын есепті қалыптастыру;

      4) ашық бастапқы коды бар кітапханаларда, оның ішінде автоматтандырылған талдағыштардың көмегімен бэкдорларды іздеуді жүргізу;

      5) халықаралық осалдықтар дерекқорынан сәйкестендіргішті келтіре отырып, осалдықтардың сипаттамасын қамтитын есепті қалыптастыру.

      20. Бастапқы кодтарды талдау нәтижелерін мемлекеттік техникалық қызметтің осы жұмыс түріне жауапты орындаушысы Сынақтар жүргізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес сынақ объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-анкетаның көшірмесін қоса бере отырып, бастапқы кодтарды талдау хаттамасында еркін нысанда тіркейді.

      Мемлекеттік техникалық қызмет беретін қосымшалары мен есептері бар бастапқы кодтарды талдау хаттамасы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу шеңберінде SYNAQ интернет-порталында өтініш берушінің жеке кабинетінде электрондық түрде орналастырылады.

      21. Бастапқы кодты талдау аяқталғаннан кейін осы жұмыс түріне жауапты орындаушысы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің өзгермейтіндігіне талдау жүргізу және пайдалану ортасында талдау объектісін кейіннен пайдалану мақсатында БҚ пайдалана отырып, бастапқы және орындалатын кодтың бақылау жиынтығын алуды жүзеге асырады.

      22. Өтініш беруші талдау объектісін тәжірибелік пайдалануда мемлекеттік техникалық қызмет осы жұмыс түріне жауапты орындаушысы бақылауымен оған мемлекеттік техникалық қызмет берген "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің бастапқы кодтарынан құрастырылған бастапқы және орындалатын кодтарды пайдалана отырып ғана өрістетуді жүзеге асырады.

      23. Талдау объектісі оның бастапқы кодына қол жеткізбестен бағдарламалық платформаның көмегімен құрылған және оның жұмыс істеуін қамтамасыз еткен жағдайда, өтініш беруші бағдарламалық платформаның бастапқы кодын бағдарламалық платформа өндірушісінен сұрайды және бастапқы кодқа талдау жүргізу үшін мемлекеттік техникалық қызметке ұсынады.

      24. Бастапқы кодты талдау бойынша жұмыс көлемі бастапқы кодтың мөлшеріне қарай анықталады.

      25. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің бастапқы кодтарынан құрастырылған орындалатын кодтардың өзгермеуіне талдау Әдістемеге және Сынақтар жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      26. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді оның меншік иесі немесе иеленушісі "электрондық үкіметтің" бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес оған мемлекеттік техникалық қызмет берген "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің бастапқы кодтарынан құрастырылған орындалатын кодтарды пайдалану арқылы ғана жүзеге асырады.

      27. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің бастапқы кодына өзгеріс енгізілген жағдайда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің бастапқы кодына өзгеріс енгізген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістерді егжей-тегжейлі сипаттай отырып, бастапқы кодқа енгізілген өзгерістер туралы мемлекеттік техникалық қызметті хабардар етеді.

      28. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі бойынша жұмыс істеуді қамтамасыз ету серверінде техникалық жұмыстар жүргізілген жағдайда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің БҚ-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ету серверінде техникалық жұмыстар жүргізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік техникалық қызметті хабардар етеді.

      29. Мемлекеттік техникалық қызмет "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің сұрау салуы бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің меншік иесіне және (немесе) иеленушісіне уәкілетті органды хабардар ете отырып, ЭҮБР-дан бастапқы және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің бастапқы кодтарынан құрастырылған орындалатын кодты "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің сұрау салуы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      30. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін электрондық пайдалану тоқтатылған кезде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің меншік иесі және (немесе) иеленушісі 10 (он) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі интеграцияланған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің меншік иесін және (немесе) иеленушісін, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторын және мемлекеттік техникалық қызметті "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін электрондық пайдалануды тоқтату туралы хабардар етеді (бұдан әрі – хабарлама).

      Мемлекеттік техникалық қызмет хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің бастапқы және орындалатын кодын уәкілетті органды хабардар ете отырып, SYNAQ интернет-порталы арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің меншік иесіне және (немесе) иеленушісіне беруді жүзеге асырады.

      31. Есептен шығарылатын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің меншік иесі және (немесе) иеленушісі мемлекеттік техникалық қызметтен "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің бастапқы және орындалатын кодтарын қабылдағаннан кейін оларды "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес мемлекеттік мұрағатқа беруді қамтамасыз етеді.

      32. Есептен шығарылатын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің меншік иесі және (немесе) иеленушісі "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің бастапқы және орындалатын кодтарын мұрағатқа бергеннен кейін бұл туралы 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік техникалық қызметке хабарлайды.

      33. Мемлекеттік техникалық қызмет өтініш берушіден есептен шығарылатын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің бастапқы және орындалатын кодтарын мұрағатқа беру туралы хабарлама алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің бастапқы және орындалатын кодтарының барлық нұсқаларын ЭҮБР-дан жоюды жүзеге асырады.

      34. Мемлекеттік техникалық қызмет уәкілетті органның сұрауы бойынша ЭҮБР-да сақталатын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің бастапқы және орындалатын кодтары туралы ақпарат береді.

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 29 ақпандағы
№ 110/НҚ Бұйрыққа
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18949 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 347/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29969 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 171/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32449 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады