"Мойынқұм ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындау туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №60-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 ақпандағы № 16-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 1 наурызда № 5160-08 болып тіркелді

      Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мойынқұм ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындау туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №60-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде №4640 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1) осы көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі мәтініндегі №1 қосымшасы №2 қосымшасы деп ауыстырылсын.

      2) көрсетілген шешімнің №2 қосымшасындағы "150" деген саны "800" деген санымен ауыстырылсын.

      2. "Мойынқұм аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мойынқұм аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамсыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мойынқұм аудандық
      мәслихатының төрағасы Н. Саурыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады