Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 08/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 ақпанда № 6557-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Саран қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Саран қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы "Сайлау кезеңінде сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлар, үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" № 42/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-7-125 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі Е. Баулыков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Саран қалалық

      сайлау комиссиясы

  Саран қаласының әкімдігінің
2024 жылғы 8 ақпандағы
№ 08/01
қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Елді мекеннің атауы

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1.

Саран қаласы

Жеңіс көшесі мен Ленин даңғылының қиылысындағы алаңдағы стенд

2.

Саран қаласы

Дубовка ауданы, Асфальтная көшесі, №18/1 үйдегі дүкеннің жанындағы стенд

3.

Саран қаласы

Жамбыл және Шахтерская көшелерінің қиылысында, Шахтерская көшесі, №55 үйдегі дүкеннің жанындағы стенд

4.

Саран қаласы

1 "А" ықшам ауданы, "№ 6 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен "Сәуле" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны арасындағы учаскедегі стенд

5.

Саран қаласы

"Саран техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Кольцевая көшесі, №12 үйдің жанындағы стенд

6.

Саран қаласы

№ 3 ықшам аудан, 12 "А" үйдегі дүкен жанындағы стенд

7.

Ақтас кенті

Первомайская көшесі, №16 "Б" үйдегі дүкен жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады