Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 шілдедегі № VI-58/493 "Қарқаралы ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № VIII-18/139 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 ақпанда № 6560-09 болып тіркелді

      Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 шілдедегі № VI-58/493 "Қарқаралы ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5977 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы аудандық мәслихатының төрағасы С. Оспанов

  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2024 жылғы 22 ақпандағы
№ VIII-18/139
шешіміне 1 қосымша
  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2020 жылғы 21 шілдедегі
№ VI-58/493
шешіміне 1 қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық –техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Қарқаралы ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:

      1) "Автобаза" қонақ үйінің алдындағы алаң, Қарқаралы қаласы, 78-Коммунар көшесі № 135 ғимарат. Шекті толу нормасы – 300 адам;

      2) "Сары-Арқа" мемориалы алдындағы алаң, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі № 75 құрылыс. Шекті толу нормасы – 700 адам.

      Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.

      Қарқаралы ауданында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:

      1) "Автобаза" қонақ үйінен 78-Коммунар көшесі № 49 үйдің қиылысына дейін;

      2) "Сары-Арқа" мемориалынан Т.Әубәкіров көшесіндегі №116 құрылысына дейін.

      2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланады:

      1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;

      2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.

  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2024 жылғы 22 ақпандағы
№ VIII-18/139
шешіміне 2 қосымша
  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2020 жылғы 21 шілдедегі
№ VI-58/493
шешіміне 2 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Қарқаралы ауданының келесі объектілерінде 800 метр қашықтықта айқындалады:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады