Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 468 "Нұра ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 81 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 сәуірде № 6583-09 болып тіркелді

      Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 468 "Нұра ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6001 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұра аудандық мәслихатының төрағасы К. Жунусбеков

  Нұра аудандық мәслихатының
2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 81
шешіміне қосымша
  Нұра аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 шілдедегі
№ 468
шешіміне 2 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Нұра ауданының келесі объектілерінен 800 метр қашықтықта айқындалады:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады