Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында, Ақадыр, С.Сейфуллин және Ақжал кенттеріндегі жер учаскелерінің бағалау аймақтарының шекаралары мен түзету коэффициенттерінің базалық ставкаларың бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 ақпандағы № 9/89 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 ақпанда № 6553-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8, 11-баптарына сәйкес Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында, Ақадыр, С.Сейфуллин және Ақжал кенттеріндегі жер учаскелерінің бағалау аймақтарының шекаралары мен түзету коэффициенттерінің базалық ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оңың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шет аудандық мәслихатының төрағасы С. Социал

  Шет аудандық мәслихатының
2024 жылғы 5 ақпандағы
№ 9/89
шешіміне қосымша

Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында, Ақадыр, С.Сейфуллин және Ақжал кенттерінде бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Бағалау аймағының №

Бағалау аймағының сипаттамасы

Түзету коэффициенттері

Ақсу-Аюлы ауылы

I

Әбікен Хасенов, Сәкен Сейфулин, Шортанбай жырау, Жанқұтты би көшелері.

2,0

II

Маясар Жаппақов, Аманбай Тлеулин, Жұмабек Күлейменов, Абай, Деріпсал батыр, Құмжон көшелері

1,5

III

Құрылыстары жоқ, салық салуға жатпайтын ауыл-шаруашылығына пайдаланылатын, сондай ақ көлік, байланыс, инженерлік инфрақұрылымға арналған жер.

1,0

Ақадыр кенті

I

Абай данғылы, Жәкен Қыздарбек, Жібек Жолы, Мұхамедия Садық, Мұхамеджанов, Шоқана Уалиханов, Бастау, Ардагер, Сәкен Сейфуллин, Байғозы батыр, Құрманғазы, Қаныш Сатпаев, Ынтымак, Жамші Мейірманов көшелері.

2,0

II

Шоқан Уалиханов, Жарылғап батыр, Ағыбай батыр, Тоқтар Әубәкіров, Иван Бедров, Тлеуқұл Мұсахметов көшелері.

1,5

III

Нұрлы Жол, Тәуелсіздік Қазақстан, Жеңіс көшелеріндегі орналасқан жеке сектор құрылысының аумағы.

1,1

IV

Құрылыстары жоқ, салық салуға жатпайтын ауыл-шаруашылығына пайдаланылатын, сондай ақ көлік, байланыс, инженерлік инфрақұрылымға арналған жер.

1,0

С.Сейфуллин кенті

I

Сәкен Сейфуллин және Бейбітшілік көшелері.

2,0

II

Бұғылы, Мәншүк Мәметова, Болат Жамиев, Юрий Гагарин, Маясар ақын, Қазыбек би, Жеңіс, Байғозы батыр көшелері.

1,5

III

Құрылыстары жоқ, салық салуға жатпайтын ауыл-шаруашылығына пайдаланылатын, сондай ақ көлік, байланыс, инженерлік инфрақұрылымға арналған жер.

1,0

Акжал кенті

I

Сәкен Сейфуллин көшесі, Ыбырай Алтынсарин көшесі, Абай көшесі.

2,0

II

Қаныш Сәтпаев, Шоқан Уалиханов, Дүйсембай, Тоқтар Әубәкіров, Ағыбай батыр, Алімшәйхы, Қазбек би көшелері.

1,5

III

Құрылыстары жоқ, салық салуға жатпайтын ауыл-шаруашылығына пайдаланылатын, сондай ақ көлік, байланыс, инженерлік инфрақұрылымға арналған жер.

1,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады