Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 237 "Жаңаөзен қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 77 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 ақпанда № 4671-12 болып тіркелді

      Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жаңаөзен қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 237 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4529 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 - тармағына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген), Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулыға 1 қосымшада:

      қазақ тіліндегі реттік нөмірі 24-жол жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "

24

Жаңаөзен қаласы, "Астана" шағын ауданы, Қашаған көшесі, №24 үйдің алдында

24

жоқ

бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату)

5

      ";

      қазақ тіліндегі реттік нөмірі 33-жол жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "

33

Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, Достық даңғылы, №15/2 құрылысының оң жағында

48

"Мерей" мини-маркеті

бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату)

5

      ".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласының әкімі Ж. Қайнарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады