Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 111 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 сәуірде № 10176-10 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин

  Федоров аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 10 сәуірдегі
  № 111 шешіміне
  1-қосымша

Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Федоров ауданының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығымен (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалды.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қағидаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге шығыстар сметасына сәйкес жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттар және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған Федоров ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

  Федоров аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 10 сәуірдегі
  № 111 шешіміне
  2-қосымша

Федоров аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Федоров аудандық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5247 болып тіркелген) шешімі.

      2. Федоров аудандық мәслихатының "Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 24 ақпандағы № 304 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5443 болып тіркелген) шешімі.

      3. Федоров аудандық мәслихатының "Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 366 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6125 болып тіркелген) шешімі.

      4. Федоров аудандық мәслихатының "Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6313 болып тіркелген) шешімі.

      5. Федоров аудандық мәслихатының "Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 27 ақпандағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7612 болып тіркелген) шешімі.

      6. Федоров аудандық мәслихатының "Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 9 қазандағы № 274 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8127 болып тіркелген) шешімі.

      7. Федоров аудандық мәслихатының "Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 26 мамырдағы № 445 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9224 болып тіркелген) шешімі.

      8. Федоров аудандық мәслихатының "Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 23 қарашадағы № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25457 болып тіркелген) шешімі.

      9. Федоров аудандық мәслихатының "Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 "Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 19 тамыздағы № 148 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29263 болып тіркелген) шешімі.

      10. Федоров аудандық мәслихатының "Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 "Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9953 болып тіркелген) шешімі.

      11. Федоров аудандық мәслихатының "Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 "Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 86 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10109-10 болып тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады