Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2023 жылғы 9 қарашадағы № 9-4 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 ақпандағы № 14-13 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 наурызда № 7698-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 9 қарашадағы № 9-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7616-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6-тармақта:

      1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35-жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35-жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35-жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35-жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлерге - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35-жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35-жылдығын мерекелеуге байланысты 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілерге - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      5) тармақшада сегізінші абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:

      Қазақстанда 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін қазіргі Қазақстан Республикасының аумағын құрайтын аумақта тұрақты тұрған адамдарға - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.";

      8-тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын:

      "қозғалуында қиындығы бар 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүретін жеке көмекшілерге немесе азаматтарға санаторий-курорттық емделуге мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жолдама берілген, ілесіп жүретін адамның санаторийінде тұрғаны үшін төлемді растайтын құжатқа (шот - фактура немесе төлем туралы чек) сәйкес 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада жылына 1 рет.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының төрағасы
Е. Жакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады