Исатай ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 10 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 1 сәуірде № 5170-06 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33 бабына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Исатай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып аудан аумағында осы шешімнің қосымшасына сәйкес сайлау учаскелері құрылсын.

      2. Исатай ауданы әкімінің "Исатай ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2019 жылғы 22 мамырдағы № 23 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4407 болып тіркелген) және "Исатай ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" аудан әкімінің 2019 жылғы 22 мамырдағы №23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 20 қарашадағы № 51 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4787 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Исатай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Мусин

  Исатай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясымен
келісілді
  Исатай ауданы әкімінің
2024 жылғы 1 сәуірдегі
№ 10 шешіміне қосымша

"№ 128 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылы, Қ.Хисин көшесі, №2 үй, "Жалпы білім беретін Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Телефон: 8/71231/24-4-41

      Шекаралары: Қ.Хисин, Ы.Әбілов, И.Шөкетаев, З.Қарабалин, С.Адиев, М.Қалиев, Қ.Сахуаллин, Ұ.Сапарғалиева, А.Жұбанов, С.Жұмағалиев, Ақкүтір көшелеріндегі үйлер, Ж.Айтбаев көшесіндегі №1, №2, №3, №4, №5, №6, №7, №8; Қарашығанақ учаскесіндегі үйлер.

"№ 129 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылы, Қамысқала көшесі, № 12 үй, "Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      Телефон: 8/71231/24-4-23

      Шекаралары: З.Абежанов, А.Иманов, Т.Даулетияров, Х.Балмолдин, М.Қостамбаев, Қ.Қасымов, Ұ.Сабыров, Ж.Жабаев, Ш.Сариев, Қамысқала, И.Жұбанов, Жігер, Шопан, Күнтей, Ғ.Жәңгіров, Тасоба, Жангелді, Әусен, Күкіртті, Саразбан, Ауқайраң, Қонысбай, Жасқайрат көшелері, Ж.Айтбаев көшесіндегі №9/1, №9/2, №10/1, №10,2, №11/1, №11/2, №12/1, №12/2, №13/1, №13/2, №14/1, №14/2, №15/1, №15/2, №16/1, №16/2, №17/1, №17/2, №18/1, №18/2, №19/1, №19/2, №20/1, №20/2 үйлер.

"№ 130 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылы, Ш.Шәріпов көшесі, №18 "Н.Үлкенбаев атындағы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты;

      Телефон: 8/71231/23-5-11

      Шекаралары: Ш.Шәріпов, Нарын, Болат жол, Т.Шайхимов, А.Ысмағұлов, Бақсай көшелері, Х.Дайырова көшесінің шығыс жағындағы №1, №3/1, №3/2, №3/3, №3/4, №5/1, №5/2, №5/3, №5/5, №11/1, №11/2, №17/1, №17/2, №19, №21, №25; С.Нұрманұлы, Аққыстау, А.Иманов, Ә.Қаражанов, Жамбыл, Бірлік Ту, Барлаушы, Мұнайшы, Атамекен, Күнбатыс, Ә.Калимов, Ақжол, Ш.Қабделов Ғ.Өтеков, Қ.Жонабаев, И.Жұмағазиев, Ғ.Сабыралиев, С.Ахтанов, М.Жүнісов, Ж.Беркалиев, Б.Хасенов көшелеріндегі үйлер.

"№ 131 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылы, Х.Дайырова көшесі №36 үй, "Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      Телефон: 8/71231/ 23-4-17

      Шекаралары: Х.Дайырова көшесінің батыс жағындағы №12, №14/1, №14/3, №24, №26, №28/1, №28/2, №30/1, №30/2, №32/1, №34, №42, №44, №46, №48, №50, №52, №54, №56, №58, №60, №62, №64/1, №64/2, №66/1, №66/2, №68/1, №68/2, №70, №72, №74/1, №74/2, №76/1, №76/2, №78, №80, №82, №84, №86, №88, №92; Абай, О.Нағиев, Х.Пазылұлы, Егемен Қазақстан, Ж.Мырзағалиев, І.Сембаев, М.Ғалиев, А.Құрманов, Т.Башпанов, К.Каримов, Тасарал, Ғ.Рамазанов, Болашақ, Е.Мамаев көшелеріндегі үйлер.

"№ 132 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылы, Қызылүй елді мекені, №85, "Жалпы білім беретін Қызылүй негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      Телефон: 8/71231/ 55-2-54

      Шекаралары: Қызыл көпір учаскесіндегі үйлер, Айбас, Қызылүй, Бегайдар елді мекеніндегі үйлер.

"№ 133 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Д.Әбілхайыров көшесі, №1 үй, "Жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      Телефон: 8/71231/2-14-17

      Шекаралары: Д.Әбілхайров, Ынтымақ, Келте Е.Есжанұлы, Е.Есжанұлы, Сарыарқа, Мұнайшы, Абай, Атырау, Қ.Мамеков, Ғ.Маштахов, Достық көшелеріндегі үйлер.

"№ 134 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Х.Ерғалиев көшесі, №15 үй, "Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      Телефон 8/71231/2-06-77

      Шекаралары: М.Өтемісов, И.Тайманов, Үбі батыр, Ғ.Хисметуллин, Нарын, Келте Нарын, Х.Ерғалиев, И.Молдағалиев, Жас алаш, С.Сейфуллин, Б.Губайдуллин, Н.Әжіғалиев, Е.Есенғалиев, Каспий, Жәңгір хан көшелеріндегі үйлер.

"№ 135 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылдық округі, Жанбай ауылы, көшесі Тайыр Нысанов, № 75, "Жанбай ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты;

      Телефон: 8/71231/25-5-04

      Шекаралары: Егемен Қазақстан, Т.Нысанов, М.Нұрмұханов, М.Есқалиев, Х.Нәубетов, Мектеп, Амангелді, Қазақ ауыл, Қызылбас, З.Құрасұлы, А.Аюпов, Жұмалиев, Нарын, С.Сейфуллин, Б.Момышұлы, Жаңаталап, Исатай, Мыңтөбе, Қызтуған көшелеріндегі үйлер.

"№ 136 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылы, Қ.Қуанышбаев көшесі, №15 үй, "Жалпы білім беретін Юрий Гагарин атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      Телефон: 8/71231/28-3-14

      Шекаралары: Жастар, Атамекен, Достық, Қазақстан, Ынтымақ, Шамшырақ, Мұнайшы, Азаттық, Каспий, Толқынды, Қ.Қуанышбаев, Елорда, Атанкеткен, Барсы көшелеріндегі үйлер, Амангелді елді мекенінің Ақ шағала, Ақай көшелеріндегі үйлер.

"№ 137 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай ауылы, Ж.Қуанышев көшесі №17, "Жалпы білім беретін Исатай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      Телефон:8/71231/26-4-54

      Шекаралары: Теміржол, Бейбітшілік, И.Тайманов, Достық, Н.Сүгірұлы, Ө.Ихсанов, Ақтөбе, Ж.Түнешов, Ж.Қуанышев, Қ.Шамахов, Ғ.Хайрошев, Ынтымақ, Жетіауыл, Қарабөлек, Жалын көшелеріндегі үйлер.

"№ 138 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын ауылы, Болатжол көшесі, №2 үй, "Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      Телефон: 8/71231/27-3-04

      Шекаралары: Болатжол, Ынтымақ, Достық, Мектеп, Ардагер, Жаңа құрылыс, Мыңтөбе, Үштаған, Шұғыла, Қызылжар, Парасат, Ұстаздар, Мұнайшы, Мерей, Арай, Сазанқұрақ көшелері көшелеріндегі үйлер. Жаңа Жанбай елді мекеніндегі үйлер.

"№ 139 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, №7 үй, "Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты; Телефон: 8/71231/2-14-13

      Шекаралары: Егемен Қазақстан, Амангелді, Жамбыл, Ө.Дінбаянұлы, Келте Шамшырақ, Шамшырақ, Жауқазын, Т.Мусағалиев, Ынтымақ, Н.Сүгірұлы, Х.Ерғалиев көшелеріндегі үйлер.

"№ 140 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі, Өркен ауылы, Жалтыр көшесі, ғимарат №82, "Жалпы білім беретін Өркен орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      Телефон 8/71231/29-1-00

      Шекаралары: Өркен, Қаратүбек елді мекендері: Болашақ, Қазына, Жалтыр, Ш.Хұсынов, Қ.Меңдіғалиев, М.Неталиев, М.Тынышбайұлы, Қ.Ихаров, Бірлік, Ә.Ерекенов, Қаратүбек көшелеріндегі үйлер.

"№ 141 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі, Томан бекеті, №30 үй, "Томан ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының ғимараты;

      Телефон 8/71231/55-6-72

      Шекаралары: Томан бекеті.

"№ 142 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Елорда көшесі 54А, "Исатай ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      Телефон: 8/71231/79-1-91

      Шекаралары: Б.Нысанбаев, З.Ғұмаров, Елорда, Шыныбек, Есіркеп көшелері көшелеріндегі үйлер, Обалы учаскесіндегі үйлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады