2024 жылы Ауғанстан соғысының ардагерлеріне Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 15/85-VІІІ шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 23 ақпанда № 6467-13 болып тiркелдi

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай, әлеуметтік көмек алушылардың өтініші талап етілмей уәкілетті ұйымның тізімі негізінде әрбір Ауғанстан соғысының ардагерлеріне қосымша 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арыс қалалық мәслихат төрағасы К. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады