Халықтан бағалы металдардан жасалған бұйымдар мен осындай бұйымдардың сынықтарын сатып алатын пункттер жұмысының ЕРЕЖЕСI

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң 1994 жылғы 24 қарашадағы N 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 21 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 81. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрiнiң 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 102 бұйрығымен.

----------Бұйрықтан үзінді-----------

     Министрліктің ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

     ....
     асыл металдардан жасалған бұйымдар және мұндай бұйымдардың сынықтарын халықтан сатып алу пункттерінің жұмыс тәртібін бекіту  туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң 1994 жылғы 24 қарашадағы N 48 бұйрығының күші жойылды деп танылсын...

     Министр

----------------------------                                

                      1. Жалпы Ережелер
     1.1. Халықтан бағалы металдардан жасалған бұйымдарды және осындай бұйымдардың сынықтарын сатып алу пункттерi меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан зергерлiк бұйымдардың сатылуын жүзеге асырушы сауда кәсiпорындарында немесе жекелеген сатып алу пункттерiнде ұйымдастырылады. <*>
     Бұдан әрi "құндылықтар" деп аталады.
     Сатып алатын пункттер бөлектелiнген үй-жайларда орналастырылу мен сатып алынған құндылықтарды сынап көру және сақтау үшiн барлық қажеттi жағдаймен қамтамасыз етiлген болуға тиiстi. <*>
      Ескерту: 1.1-тармақтың 1-абзацы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсiп
және Сауда Министрлiгiнің 1995 жылғы 9 қазандағы N 201-п бұйрығымен .  

     1.2. <*>
      Ескерту: 1.2-тармақ алынып тасталынды - ҚР Өнеркәсiп және Сауда Министрлiгiнің 1995 жылғы 9 қазандағы N 201-п бұйрығымен .
     1.3. Құндылықтарды өлшеу мен бағалы металдардың сыныбын анықтау үшiн сатып алатын пункттерде мына төмендегiлер болуға тиiстi:
     - зергерлiк және басқа да тұрмыстық бұйымдардағы бағалы металдардың сыныбын анықтауға арналған рентген спектрометрi (Спектро -Х -Тест және басқалар) немесе сатып алынатын құндылықтарды сынап көру үшiн қолданылатын химиялық реактивтер;
     - алтын, күмiс, платина мен палладийдi өлшеуге арналған екiншi кластағы техникалық таразылар;
     - құрал-саймандар (үлкейткiш шынылар, карт өлшеу аспаптары, шеберлер, хирургиялық пышақтар, тiстеуiктер, атауыздар, надфилдер, егеулер, сағат бұрандалары, пломбирлер т.т.).
     Сатып алатын пункттердiң сатып алынған құндылықтарды сақтауға арналған қосалқы бөлмелерiнiң терезелерiнде металл тор немесе металл қақпақ пен сейфтер бар болуы тиiс. Терезелерi мен есiктерiнiң барлығы сенiмдi түрде iлiнетiн болып iшкi және сыртқы сигнализациямен жабдықталуға тиiстi.
     1.4. Әрбiр сатып алу пунктiнде көруге ыңғайлы жерге мыналар iлiнедi:
     - сатып алу пункттерi жұмысының Ережесiнен үзiндiлер;
     - халықтан сатып алынатын бұйымдар мен олардың сынықтарындағы бағалы металдарға деген нарық көрсеткiшiнен үзiндi.     

             2. Халықтан сатып алынатын құндылықтар
                  және оларды өлшеу тәртiбi

     2.1. Сатып алу пункттерi халықтан мына төмендегiлердi сатып алады:
     - бұйымдар мен олардың сынықтарындағы бағалы металдарды (алтын, платина, күмiс және палладийдi);
     - ескi (революцияға дейiнгi және советтiк) шекпе теңгелерi, мерейтойлық және естелiк ақшалар, шетел мемлекеттерiнiң ақшалары, сондай-ақ 1923 пен 1975 және одан кейiнгi жылдардағы шекпеннiң шеруендерi;
     - революцияға дейiнгi шекпенiн және шетел мемлекеттерiнiң медальдары мен жетондары, сондай-ақ советтiк мерейтой және естелiк медальдары (оның iшiнде мектеп, спорттық және басқалар);
     - отандық және импорттық сағаттардың бағалы металдардан жасалған корпустары;
     - фарфор мен хрустальдан жасалған бұйымдардың күмiс жиегi;
     - алмалы-салмалы протездердiң элементтерi, қолданыста болған алтынның, платина мен күмiс палладий қорытпасынан жасалған тiс протездерi, сондай-ақ тiс дискiлерi;
     - дiнге табынушылық заттары;
     - бағалы тастар (гаухар, изумруд, сапфир, лағыл, iнжу) және бұйымдардан алынып өңделген түрiнде олардан жасалған бұйымдар;
     - сатып алу бағаларының нарық көрсеткiшiнде аталған басқа да бұйымдар.
     2.2. Сатып алу пункттерiнiң мына төмендегiлердi сатып алуына тыйым салынады:
     - алмас шикiзаты мен жартылай өңделген өнiмiн;
     - шикiзат түрiндегi алтын, күмiс, платина мен палладийдi;
     - құйма және тума күйiндегi, ұнтақталған кен құрамындағы т.т., сондай-ақ өндiрiстiк-техникалық және лабораториялық мақсаттағы бұйымдар (тойтарма шеге, пластиналар, лабораториялық құрал-жабдықтар және басқалар) құрамындағы;
     - алтын түстi пленка мен зергерлiк және тiс өндiрiсiнiң жартылай өңделген өнiмiн;
     - өндiрiс қалдықтары түрiндегi бағалы металдарды (үгiндi, жоңқа және басқалар);
     - алмас, лағыл, сапфир және изумруд асыл тастары мен табиғи iнжудi өңделген күйiнде;
     - азаматтық айналымнан алынып тасталған немесе сатылуына ерекше тәртiп орнатылған заттарды (атылмайтын және оқ ататын жиектi қару, сондай-ақ басқалар да);
     - импорттық зергерлiк бұйымдар мен сынаптама бақылау инспекциясының белгiсi жоқ мысқалдық сыныпты бұйымдарды;
     - балалар мен 18-ге толмаған жасөспiрiмдер ұсынған құндылықтарды;
     - мемлекеттiк және қоғамдық кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер сатуға ұсынған құндылықтарды.
     2.3. Сатып алу пункттерiндегi салмақ өлшейтiн аспаптар құндылықтарды сатушыларға тапсырылған құндылықтар салмағының дұрыс анықталғандығына көзiн жеткiзiп отыратын мүмкіндiк туғызатындай етiп орналастыруға тиiс.
     2.4. Құндылықтар мына дәлдiкте өлшенедi:
     алтын, платина, палладий және олардан жасалған бұйымдар 0,01 г дейiн, күмiс және күмiс бұйымдар 0,1 г дейiн, жиексiз асыл тастар 0,01 каратқа дейiн.

             3. Құндылықтарды сатып алу тәртiбi   

     3.1. Сатып алатын пунктте құндылықтарды сату кезiнде Қазақстан Республикасының азаматтары төлқұжатын н/е оның орнына жүретiн басқа бiр құжатын, ал шетел азаматтары (азаматтығы жоқ адамдар) Қазақстан Республикасында орын тауып тұруға берiлген тиiстi қағазын көрсетуге мiндеттi.
     3.2. Құндылықтарды сатып алумен байланысты операциялардың барлығы (сыныбын анықтау, өлшеу, мұрындықтарын алып тастау, сатып алынған құндылықтар салынған пакеттердi желiмдеу) құндылықтарды сатушының көзiнше жүргiзiледi. Құндылықтарды сатушы пакеттiң желiмделген жерiне өз қолын қояды. Бұйымдар майдан, ластан, толтырушы заттардан тазартылған түрiнде қабылданады.
     Сатып алатын тауартанушы құндылықтарды сатып алу бағаларының нарық көрсеткiшiне сәйкес бағалайды.
     3.3. Сатып алатын тауартанушы құндылықтардың сатушысы бұларға қойылған бағаға келiскен жағдайда тауартанушы - сатып алушы мен құндылықтардың сатушысы қол қоятын белгiленген үлгiдегi (N 1 форма)<*> түбiртектi төрт дана етiп толтырады.
     <*> N 1-8 формалар халықтан бағалы металдар, тастар мен олардан жасалған бұйымдарды сатып алу пункттерiндегi есеп беру, есепке алу және құндылықтарды сатып алу жөнiндегi операцияларды ресiмдеу тәртiбi туралы Нұсқамаға қоса берiлiп отыр.
     3.4. Сатып алынған таңбалы құндылықтарға берiлетiн түбiртектерде мынадай деректер көрсетiледi:
     - бұйымның (бұйымның бөлiктерiнiң) аты, таңбасының мазмұны (кәсiпорынның атауы, сыныбы), оның iшiнде 1941 жылға дейiн шығарылған бұйымдардағы 84.56,92 таңба және т.т.; революцияға дейiнгi бұйымдарда шебердiң аты; импорттық бұйымдарда - импорттық таңба;
     - бағалы металдар мен асыл тастардың аттары, сыныбы, салмағы, бiр бағасы мен сомасы;
     бұлармен қатар мынадай деректер де көрсетiледi: ақшаларда - теңгенiң бағасы (цифрлы белгiлермен), алтын мен платинадан жасалған ақшаларда шығарылған жылы мен елiн; шынжырларда-мм-дегi ұзындығы; бiлезiктерде - үзбелерiнiң (секторларының) саны; сағаттардың корпустарында - корпустың нөмiрi мен қақпақтарының саны;
     - бағалы емес металдарға төмендетiлген мөлшердiң көрсетiлуiмен бұйымның жалпы салмағы және құндылықтардың сатушысына төленуге тиiстi сома.
     - Күмiстен жасалған бұйымдар, оның iшiнде күмiс сапты пышақтар мен жанышқылар аттары бойынша сыныбы, саны, бiр грамының сатып алу бағасы мен сомасы көрсетiлiп жазылады.
     3.5. Құндылықтарды сатушы сатылған құндылықтарға тиесiлi соманы алу үшiн қабылдап алушы-тауартанушы түбiртектiң өзiне тапсырған бiрiншi және үшiншi даналарын кассирге көрсетедi. Кассир түбiртектiң түпнұсқалығын, бағалаудың дұрыстылығы мен түзетулердiң жоқтығын тексередi. Кассир құндылықтарды сатушы түбiртектiң екi данасына да ақшаны алғандығы жөнiнде қол қойғаннан кейiн тиесiлi сомамен бiрге түбiртектiң "Төлендi" деген штамп қойылған үшiншi данасын бередi.
     Сатып алынған құндылықтар сатып алу пункттерi ақша төлегеннен кейiн құндылықтардың сатушыларына қайтарылмайды.

      4. Сатып алынған құндылықтарды сақтау және Қазақстан
     Республикасы Ұлттық банкiсiнiң Мемқазынасына жiберу

     4.1. Қабылдап алушы - тауартанушы құндылықтарды сатушының көзiнше әрбiр сатып алынған құндылықты түбiртектiң екiншi данасымен (N 1 форма) бiрге пакетке салады, сонан кейiн тiзiлiмге (N 4 форма) жазып қояды.
     Пакетке сыймайтын iрi құндылықтарды қабылдап алушы - тауартанушы қағазға орайды және қабылдау датасы мен түбiртектiң нөмерi жазылған ярлыкты бекiтедi.
     Күн сайын жұмыс күнiнiң аяғында алушы - тауартанушы құндылықтары бар пакеттердiң барлығын қапқа немесе басқа бiр ыдысқа салып байлайды да оны тiзiмнiң нөмiрi мен "брутто" және "нетто" салмақтарын көрсетiп пломбалайды.
     Қапқа немесе басқа бiр ыдысқа салынып пломбаланған құндылықтар сейфте сақталады. Егер сатып алу пунктi зергерлiк бұйымдар дүкенiнде болса, сейфтiң кiлттерi қабылдап алушы - тауартанушы да болады.
     Өз алдына жұмыс iстейтiн сатып алу пунктiнiң меңгерушiсi сатып алушы-тауартанушыдан қабылдаған кезде қапқа немесе басқа бiр ыдысқа салынған пакеттердiң санын тексередi. Сатып алушы-тауартанушы пункт меңгерушiсiнiң көзiнше өзiнiң плобирiмен қапты пломбалайды. Сатып алу пунктiнiң меңгерушiсi құндылықтарды сақтауға, қабылдап алғандығына тiзiлiмдерге қол қояды.
     Сатып алынып, қапқа немесе басқа бiр ыдысқа салынған құндылықтар үшiн материалдық жауапкершiлiк сатып алушы-тауартанушыға жүктеледi.
     4.2. Сатып алынған құндылықтарды сейфтен тыс сақтауға немесе түбiртектердi ресiмдемей сақтауға қалдыруға тыйым салынады.
     4.3. Сатып алу пункттерi халықтан сатып алынған құндылықтарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң Мемқазынасына жiбередi.
     Құндылықтар Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң арнайы байланыс органдары арқылы айына кемiнде бiр рет iшiндегi құндылықтардың мөлшерiндегi құны мен "брутто" салмағы, металл мен сатып алу пунктiнiң кодтық белгiлерi көрсетiлген посылкамен жiберiлiп тұрады.

         5. Сатып алынған құндылықтардың бағасын тексеру

     5.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң Мемқазынасы келiсiм бойынша белгiленген мерзiмге сәйкес сатып алу пункттерiнен посылкалар алғаннан кейiн келiп түскен құндылықтардың саны мен сапасы, сондай-ақ оларды бағалаудан дұрыстығын тексередi.
     5.2. Құны мен сыныбы төмендетiлген құндылықтардың сатып алынғандығы анықталған жағдайда сатып алу пунктi төленген сома мен Мемқазына белгiлеген бағаның арасындағы айырманы белгiленген нормалардан тыс мөлшердi қосымша төлейдi.
     Қосымша төлем Ұлттық банктiң Мемқазынасынан қабылдау-есептеу актiн алғаннан кейiн төленедi. Бұл туралы сатып алу пунктi құндылықтардың сатушысына арнаулы хат арқылы хабарлайды және ол паспортын немесе оның орнына жүретiн құжатын көрсеткен жағдайда оған заңдарда көзделген мерзiмдерге сәйкес қосымша төлем шығыс касса ордерi бойынша ресiмделедi.
     Егер құндылықтардың сатушысы белгiленген мерзiмде қосымша төлемдi алмаса, ол бюджетке енгiзiледi.
     5.3. Құны мен сапасы аса жоғарылатылған құндылықтардың сатып алынғандығы анықталған жағдайда белгiленген нормалардан астам асыра төленген сома құндылықтардың сатушысына заңдарда көзделген тәртiппен асыра төленген соманы қайтару туралы талап қоюға құқығы бар құндылықтарды сатып алған тауартанушыдан төлеттiрiлiп алынады.
     Мемқазына құндылықтар аса көтерiп жiберiлген бағалар бойынша сатып алынған жағдайда сатып алу пунктi мен осы пункттi қарамағына алып отырған сауда ұйымына рекламация актiн (N 8 форма) жiбередi.
     Аса көтерiлiп жiберiлген бағамен қабылданған құндылықтар бағалау туралы мәселенiң ақырғы шешiмi табылғанша мемқазынада сақталады.
     5.4. Мемқазынаның қойған бағасымен келiспеген сатып алушы-тауартанушы немесе сатып алу пунктiнiң меңгерушiсi рекламация актi (N 8 форма) мен қабылдау-есептеу актiн алған күннен бастап бес күндiк мерзiмде өзiнiң дәлелденген келiспеушiлiгiн бiлдiрiп арнаулы хатпен кәсiпорынға арыз, ал сатып алу пунктiн қарамағына алып отырған сауда ұйымына осы арыздың көшiрмесiн жiберуге тиiс.
     Мемқазынаның директоры арызды алғаннан кейiн таласты мәселелердi шешу үшiн комиссия құрады. Комиссияның құрамына мемқазына мен Ереженiң негiзiнде iс-қимыл жасаушы "Қазақзергер" республикалық бөлшек сауда кәсiпорнының өкiлдерi енгiзiледi.
     Комиссияның құндылықтарға баға қою туралы шешiмi үзiлдi кесiлдi болып табылады.
     Мемқазына 14 күн iшiнде сауда ұйымына комиссияның шешiмiн, ал сатып алу пунктiне осы шешiмнiң көшiрмесiн жiбередi.
     Комиссияның шешiмiн алғаннан кейiн сауда ұйымының директоры оны үш күн мерзiмде сатып алушы - тауартанушыға жазбаша түрде мәлiмдеуге мiндеттi.

         6. Сатып алу пункттерінің жұмысына бақылау жасау

     6.1. Сатып алу пункттерiнiң жұмысына бақылау жасауды осы пункттер қарамағында болып отырған сауда ұйымдары, прокуратура органдары, сондай-ақ iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасының Мемсаудаинспекциясы мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң мемлекеттiк сыныптама бақылау инспекциясы жүзеге асырады.
     6.2. Сатып алу пунктiнiң меңгерушiсi немесе сатып алушы - тауартанушы құндылықтарды сатушылардың талабы бойынша танысу үшiн оларға сатып алу бағаларының нарық көрсеткiшiн беруге мiндеттi.
     6.3. Құндылықтардың қымқырылуына немесе кем шығуына кiнәлi құндылықтардың сатып алынуын жүзеге асырушы қызметкерлер заңдармен белгiленген тәртiп бойынша жауапкершiлiкке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады