Қазақстан Республикасының аумағында сыра мен алкогольдi iшiмдiктердi бөлшек саудада сату Ережесi туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi 1995 жылғы 27 шілдедегі N 143-П. Күші жойылды - ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің 2000 жылғы 24 сәуірдегі N 156 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасында алкогольдi iшiмдiктердi сату тәртiбiнiң сақталуына бақылауды күшейту туралы" 1995 жылғы 15 мамырдағы N 678 P950678_ қаулысын орындау үшiн қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсiлген Қазақстан Республикасының аумағында алкогольдi iшiмдiктер мен сыраны бөлшек саудада сату Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Жергiлiктi жерлердегi сауданы басқару органдары, сондай-ақ "Дарқан" және "Разноимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниялары:
      - осы аталған Ереженiң барлық сауда ұйымдары мен кәсiпорындарында хабарлануын қамтамасыз ететiн болсын;
      - меншiк нысанына қарамастан барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң осы Ереженi мүлтiксiз, сақтауы үшiн шаралар қолданатын болсын.
      3. Мемлекеттiк сауда инспекциясы мен оның жергiлiктi жерлердегi аумақтық органдары меншiк нысанына қарамастан сауда жүйесi мен қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарында сыра мен алкогольдi өнiмдердi сатуды ұйымдастыруға, сатылатын өнiмдердiң сапасы мен оларға деген сәйкестiк сертификаттарының бар-жоғына, сондай-ақ осы ереженiң сақталуына деген бақылауды күшейтетiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасы Сауда министрлiгiнiң 1993 жылғы 23

 

наурыздағы N 5-30 бұйрығына "Сауда және қоғамдық тамақтандыру

кәсiпорындарында арақ пен басқа да спирттi iшiмдiктердi бөлшек саудада

сату Ережесi" деген N 7 қосымшаның күшi жойылған деп танылсын.


     Өнеркәсiп және сауда

         министрi


Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасы

денсаулық сақтау                     Өнеркәсiп және сауда

министрлiгiмен                       министрлiгiнiң 1995 жылғы

келiсiлген 1995 жылғы                27 шiлдедегi N 143 -п

шiлденiң 20-сы                       бұйрығымен Бекiтiлген:


              Қазақстан Республикасының аумағында

            алкогольдi iшiмдiктер мен сыраны бөлшек

                    саудада сату Ережесi


          Жалпы ережелер


     1. Осы Ереженi Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан

Республикасы кәсiпорындарында шығарылатын және де басқа мемлекеттерден

әкелiнетiн алкогольдi iшiмдiктер мен сыраның бөлшек саудада сатылуын

жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң барлығы мiндеттi түрде

сақтауға тиiстi.


 
       2. Алкогольдi iшiмдiктер мен сыраның бөлшек саудада сатылуын жүзеге асыруға тек қана лицензия (патент) бар болған жағдайда рұқсат берiледi.
 
              Алкогольдi iшiмдiктер мен сыра сатуға
              лицензиялар (патенттер) беру тәртiбi
 
      3. Меншiк нысанына қарамастан бөлшек сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарына Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында шығарылатын және де басқа мемлекеттерден әкелiнетiн алкогольдi iшiмдiктер мен сыраны сатуға лицензияларды қалалық және аудандық әкiмдер бередi.
      Әкiмшiлiктердiң басшылары ассортимент бойынша өз республикамызда шығарылатын спирттi iшiмдiктермен және сырамен жергiлiктi рыноктың толықтырылуы жеткiлiксiз болған жағдайда ғана басқа мемлекеттерден әкелiнген алкогольдi iшiмдiктер мен сыра сату құқығына лицензиялар бередi.
      4. Заңды тұлғаның құрылуынсыз жеке кәсiпкер ретiнде алкогольдi iшiмдiктер және сыра сатумен айналысатын азаматтардың лицензияланған кәсiпкерлiк қызметi қалалық және аудандық әкiмшiлiктердiң басшылары беретiн, әрi лицензия болып табылатын патенттi өтеп алу жолымен жүзеге асырылады.
      5. Лицензиялар (патенттер) иесiздендiрiлмейтiн болып табылады, яғни оларды басқа бiр жеке немесе заңды тұлғаларға алып беруге болмайды.
      6. Егер заң актiлерiмен басқаша көзделген болмаса, шетелдiк заңды және жеке тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдар да лицензияларды (патенттердi) Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары үшiн белгiленген лицензия алу шарттары мен тәртiбi бойынша алады.
      7. Лицензия (патент) алушы (лицензиат) өтiнiш бередi, оған мына төмендегiлер қоса берiледi:
      - мемлекеттiк санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы;
      - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi - заңды тұлғалар үшiн;
      - сыра мен алкогольдi iшiмдiктердi сату үшiн қойылатын талаптарға лицензия алушының бiлiктiлiк деңгейiнiң сай екендiгiн растайтын құжаттар;
      - берiлген лицензия (патент) үшiн төленген ақы туралы түбiртек.
      Лицензияда кәсiпорынның жұмыс режимi мен сату шарттары, сатуға рұқсат етiлген тауарлардың түрлерi көрсетiледi.
      8. Лицензия беру туралы мәселе өтiнiш табыс етiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қаралады. Лицензия беруден бас тартқандығы туралы сотқа бiр ай мерзiм iшiнде шағым арыз беруге болады. Заңды тұлғаны қайта тiркеу жағдайында лицензия мерзiмiнiң аяғына дейiн сақталады.
      9. Лицензия бiр дана етiлiп ресiмделедi, жоғалған жағдайда жаңартылмайды, бiрақ қайтадан берiледi.
      10. Лицензия (патент) өзiнiң берiлген мерзiмi өткендiктен немесе

 

жүзеге асырылуына лицензия (патент) берiлген iс-қимылдардың толық

көлемiнде жасалуына байланысты я лицензиялар қайтарып алынған немесе

лицензия (патент) берiлген жеке я заңды тұлғаның қызметi тоқтатылған

жағдайда өз күшiн жояды.

     11. Лицензиялар мына жағдайларда қайтарылып алына алады:

     - лицензия алушы лицензиядағы талаптарды орындамағанда;

     - лицензия алушының алкогольдi iшiмдiктер мен сыраны бөлшек саудада

сатумен айналысуына сот тыйым салғанда;

     - лицензиялардың күшiн доғаруға мәжбүр еткен себептер жойылмағанда.

     12. Патент осы Ереженiң II-тармағында көзделген негiздер бойынша сот

жолымен қайтарылып алына алады.

     13. Тоқтату себептерiнiң көрсетiлуiмен лицензияның (патенттiң) күшi

алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатылып қойыла алады.

     14. Лицензия алушы лицензияның (патенттiң) күшiн тоқтату жайындағы

шешiм туралы сотқа шағым арыз беруге құқылы.


           Алкогольдi iшiмдiктер мен сыра сату



 
       15. Кәсiпорынның мiндеттi түрде сауда және қоғамдық тамақтандыру ережелерi, санитарлық ережелерi мен басқа да қажеттi нормативтiк-техникалық құжаттамасы болуға тиiстi және кәсiпорын олардағы белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.
      16. Сатуға сапа жағынан стандарттар мен техникалық шарттардың мiндеттi талаптарына сәйкес келетiн алкогольдi iшiмдiктер мен сыра жатады, сонымен бiрге сәйкестiк сертификатының тұпнұсқасы немесе сертификат берген органның қолы қойылып, мөрi басылған нағыз сертификатының көшiрмесi болуға тиiстi.
      Көрсетiлген ақпарат сатып алушыға оның талабы бойынша берiлуге тиiстi.
      17. Кәсiпорындарда алкогольдi iшiмдiктердi сату сағаттарын жергiлiктi әкiмшiлiктермен келiсе отырып, кәсiпорындардың иелерi белгiлейдi.
      18. Белгiленген тәртiппен сертификатталған алкогольдi өнiмдердiң мынадай түрлерiн сатуға рұқсат берiледi: арақ, ликер-арақ бұйымдары, коньяктар (бренди), кальвадостар, жүзiм және жемiс-жидек шараптары, күштi жүзiм және жемiс сусындары, шампан шарабы мен басқа да шымырлайтын шараптар, сыра.
      Құрамында алкоголi бар өнiмнiң өзге түрлерiн (iшерлiк спирт, оның iшiнде импорттық та, шарап спиртi, фармокопия баптары бойынша құрамында алкоголi бар өнiм, шала өңделген (тазартылмаған) этил спиртi, азық-түлiк емес шикiзаттан жасалған тазартылған этил спиртi (гидролиз синтез әдiсiмен алынған), спирттелген жемiс-жидек шарабы материалдары) бөлшек сауда жүйесiнде сатуға рұқсат берiлмейдi.
      19. Алкогольдi iшiмдiктер мен сыра сатуға рұқсат етiлмейдi:
      - егер олардың жасап шығарушы кәсiпорынды анықтауға мүмкiндiк беретiн айқын таңбалауы жоқ болса;
      - егер олардың жарамдылық мерзiмi өтiп кетсе;
      - егер олар гигиеналық қорытындының нөмiрi мен күнi көрсетiлген сәйкестiк сертификаты жоқ жасап шығарушыдан немесе көтерме сатушыдан алынған болса;
      - оларға деген акциз түсiмiнiң маркалары жоқ болған жағдайда, бұл орайда Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында жасалып шығарылған алкогольдi iшiмдiктердi (арақ, ликерлер, күшейтiлген сусындар мен бальзам, коньяк, шампан шарабы мен басқа да шараптар) сатуға________ 1995 жылғы 10 маусымнан бастап, ал Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден әкелiнетiн сыра мен алкогольдi iшiмдiктердi) қалбырдағысын қоспағанда солодтан жасалған сыра; күшейтiлген қоса алғанда таза жүзiм шараптары; вермуттар және өсiмдiк немесе хош иiстi экстрактар қосылған басқа да таза жүзiм шараптары; алма сидрi, алмұрт сидрi (перру), балдан жасалған сусын; күштi спирттi iшiмдiктер, ликерлер және басқа да алкогольдi iшiмдiктер; спирттелген шырындар - көлмесi бойынша 0,5 процентiнен көбiрек спиртi бар шырындар) сатуға 1996 жылғы 20 қаңтардан бастап рұқсат берiлмейдi;
      - жалпы лайланған, бөгде қоспалары мен тұнбасы бар және таңбалау жазба қағазы жоқ, лас (iшкi немесе сыртқы жағы), ап-айқын сыну белгiлерi бар (ауызы сынған немесе жарылған), тығындары бүлiнген бөтелкелерге құйылғандарды (жүйелi жинаққа енгiзiлетiн шараптардан басқа);
      - 18 жасқа толмағандарға;
      - мастық күйiндегi адамдарға;
      - балалар мекемелерi мен оқу орындарының жанында (кемiнде 500 м) орналасқан сауда кәсiпорындарында, автомашиналар мен лотоктардан, сондай-ақ тiкелей емдеу-профилактикалық мекемелердiң аумағында және де оқу мен өндiрiс процестерiн жүзеге асыру кезiнде өндiрiстiк кәсiпорындар мен оқу орындарының асханаларында;
      - қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарында - кәсiпорынның штампымен таңбаланбағандарды.
      20. Алкогольдi iшiмдiктер мен сыра сатуды жүзеге асыратын кәсiпорын сатып алушыларды (тауар сатып алған немесе сатып алуға ойы бар) адамдарды) осы Ереже туралы, сондай-ақ алкогольдi iшiмдiктер мен сыраның сатылатын сағаттары, ассортименттерi мен тұтыну қасиеттерi, жасап шығарған кәсiпорындар мен өнiмнiң жарамдылық мерзiмдерi жайында көрнектi де түсiнiктi нысандағы ақпаратпен қамтамасыз етуге мiндеттi.
      21. Алкогольдi iшiмдiктер мен сыра сақтау кезiнде сапасының жоғалуына жол бермейтiн белгiленген талаптарға (температуралық режим мен басқа да параметрлердi, тауарлардың көршiлес болуын және сақтаудың өзге де шарттарын бұзбау) сәйкес сақталуға тиiс.
      22. Тауарлардың үлгiлерi олардың атауы, бағасы мен ыдысының сыйымдылығы жазылған баға көрсеткiшiмен жабдықталған болуға тиiс. Спирттi iшiмдiктердi бөлiп құйып сатуда iшiмдiктiң 50 мл. және одан жоғары мөлшерiнде (шарап пен сыра жайында - 1 литрi мен литрiнiң 0,1 үшiн) деген бағасы көрсетiледi.
      Қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарында алкогольдi iшiмдiктер сыраға деген мәзiрде мыналар көрсетiлуге тиiс: iшiмдiктердiң атауы, бөтелкелердiң сыйымдылығы, тола бөтелкенiң бағасы, сондай-ақ iшiмдiктiң 100 немесе 50 мл. бағасы.
      23. Сатушы сатып алушыға тауар сату алдында сыртқы белгiлерi бойынша оның сапасын тексеруге мiндеттi.
      24. Жасанды және сапасыз алкогольді iшiмдiктер мына сыра сатылған жағдайда оларды ауыстырып алуға болады және де бұған кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының "Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы" Заңына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
      25. Алкогольдi iшiмдiктер мен сыра сатуды жүзеге асырушы кәсiпорындардың қызметкерлерi зачет беруiмен медициналық куәландыру мен гигиеналық даярлық курсынан өтедi және де белгiленген тәртiпке сәйкес өздерiмен бiрге санитарлық кiтапшасын алып жүруге мiндеттi.
      26. Ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан кәсiпорындардың иелерi

 

немесе бастылары я болмаса басқа лауазымды адамдары халыққа алкогольдi

iшiмдiктер мен сыраны сату Ережесi мен олардың сақталу тәртiбiн бұзғаны

үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

     27. Осы Ереженiң сақталуына бақылау жасауды мемлекеттiк стандарт,

санитарлық қадағалау мен мемлекеттiк сауда инспекциясының органдары,

сондай-ақ заңдармен белгiленген тәртiп бойынша бақылау жүргiзуге сенiм

көрсетiлген басқа да органдар жүзеге асырады.




     Оқыған:

           Багарова Ж.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады