"Қазақстан Республикасындағы депозитарлық қызмет туралы" Уақытша Ереже

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 1996 жылғы 5 қаңтар N 2 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 30 қаңтарда N 148 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 маусымдағы № 75 қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 № 75 қаулысымен.

          "Қазақстан Республикасындағы депозитарлық қызмет туралы"
                            Уақытша Ереже
      1. Жалпы Ережелер.
 
      1. Бұл Ережемен реттелетiн қатынастар
      Бұл ереже депозитарийлардың және бағалы қағаздар рыногын дамытуға депозитарийлық қызметтiң жұмыс iстеуiнiң құқықтық негiздерiн бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының құқықтарын қорғау жүйесiнiң қамтамасыз етiлуiн белгiлейдi, сондай-ақ Орталық депозитарийдың құқықтық мәртебесiнiң мәселелерiн және депозитарлық жүйе эмитенттерi қарым-қатынасының механизiмiн реттейдi.
 
      2. Негiзгi ұғымдар
      Бұл Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      Комиссия - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы.
      Бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар бойынша клиринг бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға қатысушылардың бағалы қағаздар мен ақша қаржыларын жеткiзу аудару жөнiндегi өзара мiндеттемелерiн растау.
      Бағалы қағаздар бойынша мәмiле жасау - бағалы қағаздарға меншiктiк құқықтарды беру жағдайлары туралы шарт жасасу.
      Мәмiленiң аяқталуы төлемге қарсы тауар жеткiзу - бағалы қағаздармен мәмiле жасаған жақтардың өзара мiндеттемелерiн орындау фактiсi.
      Бағалы қағаздардың меншiк иесi - бағалы қағаздарға меншiк иесi болу құқығы бар, соның iшiнде бағалы қағаздар бойынша табыс алу құқығы бар адам.
      Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар - бағалы қағаздың меншiк иесi болып табылмайтын, бағалы қағаз ұстаушының тапсырмасы бойынша өз атынан және бағалы қағаз ұстаушының тапсырмасы бойынша бағалы қағаз жөнiндегi талап құқығын iске асыруды жүзеге асырушы адам.
      Бағалы қағаз ұстаушылар - меншiк иесi және бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар.
      Депозитарлық қызмет - депозитарий мүшелерiне, олардың клиенттерiне тиiстi бағалы қағаздарды сақтау мен есептеу және бұл бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелерге қызмет ету жөнiндегi функциялардың жүзеге асырылуы.
      Бағалы қағаздарды тiркеушi - бағалы қағаз ұстаушылардың бiр немесе одан да көп реестрiн жүргiзудi жүзеге асырушы адам.
      Бағалы қағаздарды сақтау орны - өз клиенттерiнiң бағалы қағаздарын сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушы және бағалы қағаздарды депозитарийға орналастыру мен бағалы қағаздардың басқа да салымшыларының атынан басқа мәмiлелер жасау құқығы бар заңды тұлға.
      Депозитарий - бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары құрған арнайы ұйым, оның функциясына бағалы қағаздарды сақтау және оның мүшелерi өз клиенттерiнiң мүддесi үшiн сол бағалы қағаздармен жасаған мәмiлелерге техникалық тұрғыдан қызмет көрсету болып табылады (бағалы қағаздарға көрсетiлген мүлiктiк құқықтар қозғалыстарының есебi және оларды тiркеу).
      Депонент - нақтылы ұстаушы ретiнде оған берiлген бағалы қағаздармен жасалған мәмiлеге қызмет көрсету жөнiндегi депозитарий қызметiн шарт негiздерiнде пайданалатын, депозитарий клиентi болып табылатын кез келген заңды немесе жеке тұлға.
      Депозитарлық шарт (депо шотының шарты) - депозитарий мен депоненттiң арасындағы, екi жақтық мiндеттерi мен өкiлеттiгiн және олардың арасында пайда болған қатынастарды реттеушi шарт.
      Депоненттiң депо шоты - мәлiметтер базаларындағы және депозитарийдың журналдарындағы жазбалардың жиынтығы.
      Бағалы қағаздар қозғалысының тоқталуы - бағалы қағаздарды депозитарийда сақтауға қабылдау, сол арқылы бұл бағалы қағаздарды айналымнан уақытша алу.
 
      II. Депозитарлық қызмет
 
      3. Депозитарлық қызметтiң мазмұны
      Бағалы қағаздарды сақтау, бағалы қағаздарға берiлетiн құқықтардың есебi жөнiндегi мәмiлелер, сондай-ақ бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға технологиялық және техникалық қызмет көрсету - депозитарлық қызметтiң мазмұны болып табылады.
      Бағалы қағаздарды сақтау дегенiмiз - Комиссия белгiлеген техникалық және басқа талаптарды сақтай отырып, бағалы қағаздардың мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз ету.
      Бағалы қағаздарды сақтау - олардың қозғалысының уақытша тоқталуын көрсетедi.
      Бағалы қағаздарға берiлген құқықтардың есебi дегенiмiз бағалы қағаздарға берiлген меншiктiк құқықтарды, бұл құқықтарға ие болу мен олардан айырылуды белгiлеу болып табылады.
 
      4. Депозитарлық қызметтiң объектiлерi мен субъектiлерi
      Депозитарлық қызметтiң объектiлерi - Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногына айналымға жiберiлген бағалы қағаздар болып табылады.
      Депозитарлық қызметтi айрықша функциялар ретiнде бағалы қағаздардың сақталуы мен есебi жөнiндегi функцияларды жүзеге асырушы арнайы ұйым жүзеге асырады.
      Депозитарлық қызметтiң субъектiлерi - депозитарийлар мен депоненттер болып табылады.
      Депозитарлық қызметтiң, клирингтiк қызметтi қоспағанда (тиiстi лицензиясы болған жағдайда), бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қызметтiң басқа түрлерiмен бiрге, бiр мезгiлде жүзеге асырылуына жол берiлмейдi.
 
      5. Депозитарийдiң функциялары
      - депозитарлық қызмет көрсету үшiн депоненттер берген бағалы қағаздарға олардың (депоненттердiң) меншiктiк құқығы берiлгендiгiн қою;
      - мәмiле жасаған кезде бағалы қағаздардың болғандығын растау;
      - бағалы қағаздардың иелерiне (депоненттерге) оларды сақтау (депозитке салу) жөнiнде бұл бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылардың функциясын жүзеге асыруға бағытталған қызмет көрсетуге мүмкiндiк беру;
      - депоненттiң депозитке салған бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн тиiстi операцияларын жүзеге асыруға құқықты екендiгiн растау;
      - депоненттер тапсырмаларының сақтауда тұрған бағалы қағаздар куәландыратын жазбаларды есепке алу арқылы орындалуы;
      - бағалы қағаздарды иелену жөнiнде эмитенттен депоненттерге және депоненттерден бағалы қағаздар эмитенттерiнен хабарлама берiп отыру;
      - депоненттердiң тапсырмасы бойынша бағалы қағаздар сертификаттарын үшiншi бiр адамға беру;
      - бағалы қағаздар сертификаттарының түпнұсқа екендiгiн растау;
      - бағалы қағаздар сертификатының айналымда болу жағдайларына сәйкес, оларды айналымнан алып тастау;
      - бағалы қағаздардың қиындығы жөнiндегi операцияларды тiркеу және орындау;
      - депоненттерге консультация және ақпарат қызметтерiн көрсету.
      Депозитарийлар депонентпен қосымша келiсiм бойынша қызметтiң мынадай түрлерiн жүзеге асырады:
      а) депозитарийда сақтауда тұрған бағалы қағаздарды, бұдан кейiн депоненттердiң ақшалай шотына аударып, солардан табыс түсiру;
      б) бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар бойынша клиринг (тиiстi лицензия болған жағдайда);
      в) бағалы қағаздарды инкассациялау және тасымалдау.
 
      6. Депозитарлық қызметтi лицензиялау
      Дипозитарлық қызмет дипозитарлық қызметтi жүзеге асыруға Комиссия берген лицензия болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      Бағалы қағаздар жөнiндегi клиринг қызметi бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға байланысты өзара мiндеттемелердi белгiлеу бойынша, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен алдын ала келiсiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң лицензиясы болған жағдайда жүзеге асырылады.
      Лицензия алған депозитарий өзiнiң құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге тек лицензиялаушы органның келiсiмi бойынша ғана құқықты.
 
      7. Депозитарлық қызметке берiлген лицензияны тоқтату және керi шақырып алу
      Депозитарлық қызметтiң жүзеге асырылуына бақылау жасауды Комиссия жүргiзедi. Депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға берiлген тиiстi лицензияның жоқтығы кездескен жағдайда, Комиссия бұл заңды тұлғаға шара қолдану туралы сот органдарына хабарлама беруге құқықты.
      Тiркелген депозитарий депозитарлық қызметтi қолданылып жүрген заңдар

 

мен осы Ереженi бұза отырып жүзеге асырылғандығы кездескен жағдайда,

комиссия лицензияларының қолданылуын тоқтатуға және керi шақырып алуға

құқықты.


     8. Депозитарийға технологиялық талаптар

     Депозитарлық қызмет Комиссия белгiлеген технологиялық талаптарға

толығынан сәйкес жүзеге асырылуға тиiстi. Комиссия депозитарийлар

пайдаланатын техникалық және бағдарламалық құралдарға қойылатын талаптар

да белгiлейдi.


     III. Депозитарлық шарт


     9. Депозитарлық шарттың мазмұны


 
       Депозитарий мен депоненттiң арасындағы қатынастарды реттеу жай жазба түрде жасалған, екi жақтың өкiлеттiгi, құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерi толық сипатталып көрсетiлген депозитарлық шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
      Депозитарлық шарттың жасалуы депоненттiң бағалы қағаздарға меншiктiк құқықтарының және осы бағалы қағаздармен куәландырылған құқықтарының депозитарийға өтуiне әсер етпейдi.
      Депоненттiң бағалы қағаздарын билеуге депозитарийдiң құқығы жоқ, егер оған депонент мұндай билiк берген болмаса.
      Депоненттiң бағалы қағаздары бойынша өз функциясын орындаушы депозитарий операцияларды тек депоненттiң жазбаша тапсырмасына сәйкес жүзеге асырады.
      Депозитарлық шартта мынадай жағдайлар болуы тиiс:
      а) депозитарий мен депонент жайлы мәлiметтер;
      б) шарт мәнiнiң бiр жақты белгiленуi: бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау, депозитарийда сақтауда тұрған бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарды есепке алу бойынша қызметкер, сондай-ақ басқа да қызмет көрсету;
      в) шарттың қолданылу мерзiмi;
      г) депоненттiң бағалы қағаздарын сақтау жолдарын белгiлеу тәртiбi;
      д) депоненттiң депозитарийға берiлген бағалы қағаздарына депозитарийдың меншiк иесi болып табылмайтындығын көрсету;
      е) депоненттердiң бағалы қағаздарын басқа депозитарийларға сенiп тапсыруға депозитарийдiң мүмкiншiлiгiнiң барлығы (немесе мүмкiншiлiгiнiң жоқтығы);
      ж) шарт жағдайларын және депозитарлық қызметтiң заңда белгiленген тәртiптерiн депозитарийдың сақтамауы салдарынан депонентке келген шығын үшiн депозитарийдың жауаптылығы;
      з) депозитарийдың қызметiне ақы төлеудiң шартта көзделген мөлшерi мен тәртiбi, сондай-ақ депозитарийдың осы бағалы қағаздар бойынша түскен табыстың қандай түрiнiң есебiнен болмасын немесе депозитарийда сақтауда тұрған бағалы қағаздарды айналымнан алу есебiнен өз қызметi үшiн ақы өндiрiп алу жөнiндегi мүмкiндiк өкiлеттiгi;
      и) депозитарийдың депоненттiң алдында есеп беру түрi мен мерзiмi;
      к) депоненттiң операциялары туралы коммерциялық құпияны депозитарийдың сақтау мiндеттемелерiн қоса алғандағы екi жақтың құқықтары мен мiндеттерi;
      л) депозитарлық қызметтiң шарт жағдайлары мен тәртiбiн бұзғандығы үшiн екi жақтың жауапкерлiгi.
      Жоғарыда айтылған жағдайлардан басқа, депозитарлық шартта депозитарлық шартты жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да жағдайлары болуы мүмкiн.
 
      10. Депозитарлық шарт жасау
      Депозитарлық шарт жасау туралы ұсыныс депозитарийда депо шотын алуға жазбаша өтiнiш түрiнде депоненттен шығады, өтiнiште депозитарийда жүрiп жатқан депозитарлық қызметтiң осы шартқа сәйкес қабылданған стандарттарын сақтауға берген депоненттiң келiсiмi болуға тиiс. Депозитарлық қызметтiң стандарттарымен депонент депозитарлық шарт жасауға өтiнiш берген сәтке дейiн танысуға тиiстi.
      Депозитарлық шарт концессуальды шарт болып табылады және оны жасау

 

кезiнде депоненттен қандай да болмасын бағалы қағазды дереу депозитке

салуы талап етiлмейдi.


     IV.Депозитарий мен депоненттiң құқықтары мен мiндеттерi


     11. Депозитарийдың мiндеттерi

     Депозитарийдiң мiндеттерiне мыналар жатады:

     а) депоненттiң бағалы қағаздарына қатысты мәмiленi тек депоненттiң

өкiмiне сәйкес жүзеге асыру;

     б) депонент депозитарийға орналастырылған бағалы қағаздарға қатысты

оның өкiмiн мiндеттi түрде орындау;


 
       в) депоненттiң бағалы қағаздарына байланысты депоненттiң нұсқауы бойынша қолданылатын, депозитарлық шартта рұқсат етiлген әрекеттерден басқа әрекеттер қолданбау;
      г) клиенттiң өзiнiң тiкелей нұсқауынсыз клиенттiң депо шоты жайлы мәлiмет тарату. Мұндай мәлiметтi депозитарийдан Комиссия мен мәлiмет талап етуге Қолданылып жүрген заңдар өкiлеттiк берген басқа да органдардан бөтен ешкiм талап етуге құқықты емес;
      д) сақталуын қамтамасыз ету үшiн депозитарийға несие берген, несие берушiлердiң әрқайсысына бағалы қағаздарға депоненттердi тартудың мүмкiн еместiгiн хабарлау;
      е) барлық операциялардың өткiзуге арналған күндер мен негiздердi көрсете отырып, депоненттердiң жеке депо шотын жүргiзу;
      ж) депо шоты мен бағалы қағаздарды есептеудi жүргiзудiң белгіленген технологиясын сақтау;
      з) депоненттiң депо шотындағы бағалы қағаздардың есебiн депоненттiң өкiмi бойынша басқа депозитарийға немесе тiркеушiге аудару;
      и) депонент және оның депо шоты жөнiндегi мәлiметтi мыналар үшiн пайдаланбау:
      - депоненттiң заңды құқықтары мен мүдделерiне зиян келтiретiн немесе зиян келтiруi мүмкiн әрекеттер жасау;
      - жеке өзiнiң заңсыз түрде баюы үшiн немесе үшiншi бiр адамның заңсыз түрде баюы үшiн;
      к) депонентке, мәмiленiң қаншалықты нақты екендiгi мен көзiн көрсете

 

отырып, депоненттiң мүдделерi үшiн маңызы бар мәлiмет беру;

     л) депонент әрекеттерiнiң нәтижесiнде туындайтын заң бұзылушылық

мүмкiндiгi жайлы депонентке ескерту;

     м) депонент шоты балансының жағдайы туралы жүйелi түрде мәлiмет берiп

отыру;

     н) депоненттiң әрбiр өкiмiнiң орындалуы туралы депозитарийдың жазбаша

есебiн жүргiзу;

     о) депоненттiң мiндеттемелерде белгiленген бағалы қағаздарының берiлу

фактiлерiн тiркеу;

     п) Комиссия белгiленген мерзiм мен тәртiпке реестр ұстаушыға бағалы

қағаздардың иелерi туралы мәлiмет беру;

     р) депозитарлық шартта келiсiлген басқа да мiндеттер.


     12. Депозитарийдың құқықтары

     Депозитарийдың мыналарға құқығы бар:


 
       а) Комиссия құқық қорғау немесе өкiлеттiгi бар басқа да органдар тарапынан тиiстi хабар алған жағдайда, депоненттiң өкiмiн орындауды тоқтатуға немесе орындамауға;
      б) депозитарлық қызметке ақы төлеудiң депозитарлық шартта келiспеген шарттары орындалмаған жағдайда, сондай-ақ депонент өзiнiң шарттық мiндеттемелерiн бұзған жағдайда, депоненттiң депо шотымен жүргiзiлетiн жұмысты тоқтатуға;
      в) бағалы қағаздармен әртүрлi операциялар жасалған жағдайда депоненттен қажеттi қосымша мәлiмет талап етуге;
      г) егер депоненттiң өкiмi жүзеге асырылу кезiндегi әрекеттер қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн болса, бұл туралы депонентке мiндеттi түрде мәлiмдей отырып, оның өкiмiн орындамауға.
 
      13. Депозитарий қызметiнiң шектелiнуi
      Депозитарийдiң:
      а) депозитарлық шартта өзiне жүктелген мiндеттемелердiң орындалуын басқа бiр адамға беруге, егер бұл депозитарлық шартта басқаша көзделмеген болса;
      б) депоненттiң бағалы қағаздарымен өз атынан кепiлдiк операцияларды жүзеге асыруға;
      в) сақтауға қабылданған бағалы қағаздарды депоненттiң арнайы өкiмiнсiз кепiлге немесе үшiншi бiр адамның басқаруына беруге;
      г) депоненттiң жазбаша өкiмiнсiз оның бағалы қағаздарынан туындайтын құқықтарды өзiне қабылдауға;
      д) депоненттердiң (клиенттердiң) қызмет көрсетуге қабылданған бағалы қағаздары арқылы жеке мiндеттемелерiн қамтамасыз етуге;
      е) депоненттермен бiрiгiп жасағанда, нәтижесi депозитарийдың басқа

 

клиенттерiне зиян келтiрерлiк қызметтi жүзеге асыруға;

     ж) бағалы қағаздардың кез келген түрiнiң меншiк иесi болуға құқығы

жоқ.


     14. Депоненттiң мiндеттерi

     Депонент қолданылып жүрген заңдардың ережелерi мен депозитарлық

шарттың талаптарын қатаң түрде орындауға мiндеттi. Жүзеге асыру кезiнде

қолданылып жүрген заңдар мен осы Ереженiң талаптарын депозитарий бұзатын

операциялар жүргiзуге өкiл беруге және олардың орындалуын депозитарийдан

талап етуге депоненттiң құқығы жоқ.


     15. Депоненттiң құқықтары

     Депоненттiң:

     а) депозитарийдан шарт талаптарының орындалуын талап етуге;


 
       б) депозитарий өз мiндеттерiн тиісiнше орындаған жағдайда,

 

өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн Комиссияға немесе сот

органдарына баруға;

     в) егер депонент тарапынан барлық мiндеттер орындалған болса, бiр

жақтылық тәртiбiмен депозитарлық шартты бұзуға;

     г) қазiргi жасалған депозитарлық шарттың немесе бұрын берiлген

өкiмдердiң, егер бұл өкiмдер депозитарийдың құқықтарына қысымшылық

келтiрмейтiн болса және оның әрекеттерi қолданылып жүрген заңдар мен осы

Ереженiң талаптарына қайшы келмейтiн болса, жазбаша өкiмдер беруге және

оны депозитарийдың орындауын талап етуге құқығы бар.


     V. Депо шоттары


     16. Депо шоттарының конструкциясы

     Депо шоттары мынадай деректерден тұратын өзара байланысты

элементтер жүйесi болып табылады:

     - депо шоты иесiнiң сауалнамасы;


 
       - депоненттердiң бағалы қағаздарға меншiк құқығының есебi бойынша деректер және депоненттiң бағалы қағаздарын мiндеттемелермен беру;
      - қолда бар бағалы қағаздардың сақталуы туралы деректер;
      - депо шотының тарихы;
      - қызмет және анықтама мәлiметтерi.
 
      17. Депоненттiң сауалнамасы
      Депоненттiң сауалнамасында депо шоты иесiнiң идентификациясы, оның мекен-жайы, телефондарының және басқа байланыс құралдарының нөмiрi, банк реквизиттерi, сондай-ақ сенiм берiлген адамдары және олардың өкiлеттiктерi жайлы деректер болуы тиiс.
      Депоненттiң сауалнамасы депонент депозитарийда депо шотты ашқан кезде толтырылады және депоненттiң жазбаша түрдегi өкiмiнiң негiзiнде түзетiлiп отырылады.
      Сауалнамадағы мәлiметтiң дұрыстығы үшiн жауаптылық депонентке жүктеледi.
      Депонент сауалнамасының қалыпты түрiн және сауалнамада көрсетiлуге жататын деректердiң толық тiзiмiн Комиссия белгiлейдi.
 
      18. Бағалы қағаздарға меншiктiк құқықтың есебi жөнiндегi және бағалы қағаздарды мiндеттемелермен беру жөнiндегi деректер
      Депозитарийдағы бағалы қағаздарға меншiктiк құқықтың есебi әрбiр депонентке арналған дербес депо шотын ашып, жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Депо шоты баланстан тыс шоты болып табылады және депоненттердiң қызмет ету үшiн депозитарийға тұрған бағалы қағаздары депозитарийдың бухгалтерлiк балансына айтарлықтай әсер етпейдi.
      Депо шоттарындағы бағалы қағаздардың есебi бағалы қағаздардың Комиссия мен депозитарий берген бiрдей идентификациялық номерi бар бағалы қағаздардың түрлерi бойынша бөле отырып, жеке-жеке жүзеге асырылады.
      Бағалы қағаздарға меншiктiк құқық есебiнiң жүргiзiлу тәртiбiн Комиссия белгiлейдi.
      Депоненттiң бағалы қағаздарын мiндеттемелермен беру есебiн депозитарлық шартқа немесе депоненттiң өкiмдерiне сәйкес депозитарий жүзеге асырады. Қандай да болмасын мiндеттемелермен берiлген бағалы қағаздармен мәмiле жасаудың шарты мен тәртiбiн қолданылып жүрген заңдар мен Комиссия белгiлейдi.
 
      19. Қолда бар бағалы қағаздардың сақталуы жайлы деректер
      Депозитарий депозитарийға сақтауға берiлiп, олардың айналымнан уақытша алынғандығы сол депозитарийда белгiленген бағалы қағаздардың есебiн жүргiзуi тиiс.
      Бұл жағдайда депозитарий бағалы қағаздарының санын, олардың айналымнан уақытша талап еткен депоненттiң атын көрсете отырып, идентификациялық кодтарды, сондай-ақ бағалы қағаздар сақтауға берiлген кастодиумдар жайлы деректердi сақтауға тиiстi.

 

     Бағалы қағаздардың сақталуы жайлы деректердi жүргiзу тәртiбiн

депозитарийдiң жарғысына сәйкес, оның мүшелерi белгiлейдi.


     20. Депо шотының тарихы

     Депо шотының тарихы депозитарий жүргiзiлген барлық операциялар

туралы мәлiметтер, сондай-ақ депоненттердiң барлық өкiмдерi және

депозитарийдiң есептерi хронологиялық тәртiпте көрсетiлген архив

болып табылады.

     Депо шоты тарихын қалыптастыру, жүргiзу тәртiбiн Комиссия

белгiлейдi.


     VI. Операциялардың орындалу тәртiбi


     21. Депозитарий операцияларының орындалу тәртiбi

     Операцияларды орындау кезiнде:

     а) депоненттiң өкiмiн тiркеу;

     б) депонент өкiмiнiң орындалуы;

     в) депоненттiң өкiмi орындалғандығы туралы есеп.

     Операцияны жүзеге асыру процесiн құжаттау түрiн депозитарий өз

бетiнше белгiлейдi.


     22. Депоненттiң өкiмiн тiркеу


 
       Кез келген операцияны жүргiзу үшiн депоненттiң жазбаша өкiмi немесе онымен жасалған депозитарлық шарт негiз болып табылады.
      Депоненттiң өкiмiн тiркеу мынадай әрекеттерден тұрады:
      а) депонент-операцияны қолдаушыдан өкiм қабылдау;
      б) депоненттiң өкiмiнде көрсетiлген мәлiметтердiң нақтылығына көз жеткiзiп, анықтау;
      в) операцияның жүргiзiлу мүмкiндігi мен заңдылығын тексеру;
      г) бағалы қағаздардың, немесе операцияны жүргiзу үшiн қажеттi ақша қаржысының барлығын тексеру және оларға шек қою;
      д) депоненттiң өкiмiне сәйкес тiркеу номерiн белгiлеу;
      е) депозитарийдың өкiмдi қабылдағандығы туралы немесе өкiмнен бас тартқандығы жайлы хабар беру (қажет болған жағдайда).
      Өкiм екi данада құрастырылып, олардың әрқайсысына депонент және депозитарий виза қоятын жазбаша құжат болып табылады. Өкiм депозитарлық шартқа қоса берiледi және оның ажырамас бөлiгi болып табылады.
 
      23. Депонент өкiмiнiң орындалуы
      Депонент өкiмiнiң орындалуы мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
      - депозитарий өз бетiмен, егер мәмiленiң контрагенттерiне осы депозитарий қызмет көрсететiн болса;
      - депозитарлық жүйедегi үшiншi адамның қатысуымен, егер, бұл мәмiле бойынша контрагенттердiң ең болмағанда бiреуiне осы депозитарийда қызмет көрсетiлмейтiн болса.
 
      24. Депозитарийдың клиринг қызметi
      Қысқа мерзiм iшiнде бағалы қағаздармен көптеген операциялар жүргiзу керек болған жағдайда, операциялардың жүргiзiлуiн тездету және есеп айырысу механизмiн жеңiлдету үшiн мiндеттi түрде орындалуға тиiстi мәмiлелер бойынша клиринг әдiсiн пайдалануға рұқсат етiледi.
      Клиринг қызметiн жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қолданылып жүрген нормативтi құжаттары мен Комиссия белгiлейдi.
 
      VII. Орталық депозитарий және депозитарлық жүйе
 
      25. Бағалы қағаздар рыногының депозитарлық жүйесi
      Бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының элементтерi неғұрлым тиiмдi жұмыс iстеуi мақсатында үйлестiрушi органы Орталық депозитарий болып табылатын бағалы қағаздар рыногының депозитарлық жүйесi құрылады.
      Бағалы қағаздар рыногы депозитарлық жүйесiнiң негiзгi функциялары бағалы қағаздардың биржа және биржадан тыс рыноктарында бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелерiне техникалық және технологиялық қызмет көрсету, сатуға ұсынылатын бағалы қағаздардың болатындығына

 

кепiлдiк беру және осы бағалы қағаздармен тиiстi операциялар жасауға

екi жақтың құқықты екендiгiн растау болып табылады.

     Бағалы қағаздар рыногының депозитарлық жүйесi жұмысының негiзгi

принциптерi:

     - мәмiлелердiң орындалуына күнi бұрын кепiлдiк берудi жүзеге

асыру;

     - "төлемге қарсы тауар жеткiзу" принципiн сақтау;

     - "бiрыңғай контрагент" принципiн сақтау;

     - депозитарлық жүйенiң монополиясыздануы мен өзiн-өзi

реттеушiлiгi;

     - бағалы қағаздар рыногы депозитарлық жүйесiнiң құпиялылық

сипаты жоқ мәмiлетiмен инвесторлардың қалың көпшiлiгiнiң таныса

алатындығы;

     - операцияларды жүргiзудiң жоғары жылдамдығы;

     - барлық операциялардың толық есебi;

     - барлық операциялардың жүзеге асырылуының жоғары технологиясы

мен қолайлығы;

     - клиенттiң жұмысына араласпау.

     Ескертудiң ұсыныс түрiнде болуы.

     Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарының депозитарлық жүйесi

екi деңгейлi болып табылады.

     Бiрiншi деңгей Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар

жөнiндегi ұлттық комиссиясына бағынатын Қазақстан Республикасының

Орталық депозитарийы болып табылады.

     Екiншi деңгей бағалы қағаздардың есебiмен және сақталуымен

айналысатын жергiлiктi депозитарийды құрайды.


     26. Бағалы қағаздар рыногы депозитарлық жүйесiнiң субъектiлерi

     Бағалы қағаздар рыногы депозитарлық жүйесiнiң субъектiлерi:

     - Орталық депозитарийы;

     - екiншi деңгей депозитарийы;

     - тiркеушiлер;

     - бағалы қағаздар сақталатын орындар;

     - есеп айырысу банктерi;

     - эмитенттер;

     - брокерлер мен дилер болып табылады.


     27. Орталық депозитарий

     Орталық депозитарий - депозитарлық жүйенiң жұмысын үйлестiрушi

бiрiншi деңгей органы.

     Орталық депозитарий мынадай жұмыстарды атқарады:

     - бағалы қағаздар рыногында депозитарийлардың жұмысын үйлестiру;

     - депозитарийлар туралы деректердiң бiрыңғай банкiн құру;

     - депозитарийлардың жұмысы жайлы мәлiметтер алу, талдау және

өңдеу;

     - депозитарийлар арасындағы өзара байланыстарды ұйымдастырып

жүзеге асыру;

     - Орталық депозитарийлардың, Комиссия мен тiркеушiлердiң

бiрлесiп жұмыс iстеу механизмдерiн iске асыру;

     - бағалы қағаздар рыногында клиринг қызметiн және (немесе)

клиринг қызметiн бақылауды жүзеге асыру;


 
       - бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер бойынша депозитарийлық хабарлармен алмасудың технологиялық стандарттары мен түрлерiн анықтап, белгiлеу;
      - институциональ инвесторларға, баспасөз өкiлдерiне бағалы қағаздар рыногының жұмыс iстейтiндігi жайлы құпиялылық сипаты жоқ мәлiметтi шарт негiзiнде беру.
      Орталық депозитарий осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген екiншi деңгей депозитарийларының функцияларын жүзеге асыра алмайды.
      Бағалы қағаздар мен екiншi деңгей депозитарийының қызметi пайдаланыла отырып жасалған мәмiлелер жайлы барлық мәлiметтi осы мәмiле жасалып бiткеннен кейiн олар мiндеттi түрде тiкелей Орталық депозитарийға бередi.
      Орталық депозитарий депозитарийлар мен тiркеушiлердiң белгiлi бiр кезеңдегi жұмысы жайлы олардан есеп талап етуге құқықты.
      Екiншi деңгей депозитарийлары мiндеттiлiк пен жүйелiлiк негiзiнде өз жұмысы жайлы толық және нақты мәлiмет бередi.
      Екiншi деңгейдiң депозитарийлары және тiркеушiлер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын бұзу фактiлерi табылған жағдайда, Орталық депозитарий аталған субъектiлерден заңсыз әрекеттi тоқтатуды, заңсыз әрекетiнiң зардаптарын жоюды талап етуге немесе тәртiп бұзушыларға тиiстi жазалар қолдану туралы ұсыныспен Комиссияға немесе басқа өкiлеттi органдарға кiруге құқықты.
      Орталық депозитарийдың жасаған бағалы қағаздар рыногында депозитарлық және тiркеушi қызметтерiн жүзеге асырудың стандарттарына, технологиясы мен технологиясына қатысты жасаған және Комиссия бекiткен нормативтi құжаттары депозитарлық жүйенiң барлық субъектiлерiнiң орындауы мiндеттi болып табылады.
      Орталық депозитарийдың ұйымдастырылу мәселелерi мен қызметi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы бекiткен "Орталық депозитарий туралы" ережеде баяндалады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады