Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауiпсiздiгi ережелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiнің төрағасы бекіткен 1996 жылғы 13 маусым Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 6 қыркүйекте N 197 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 268 бұйрығымен. (V043369)

     Ережелер Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы комитетiнiң орман күзету, қорғау және айрықша қорғалатын аймақтар бөлiмiнде жасалған.

    БЕКIТЕМIН                             КЕЛIСIЛДI
    АМАНБАЕВ А.К.                         Ю.А.КАРПУНИН
    Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасының      Орман шаруашылығы                     өрттi қадағалау жөнiндегi
    комитетiнiң төрағасы                  Бас мемлекеттiкинспекторы
    1996 жылғы "___"_______               1996 жылғы "___"_________

Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауiпсiздiгi
ЕРЕЖЕЛЕРI

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауiпсiздiгi Ережелерiнiң орындалуы үшiн мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттiк органы және олардың жүйесiндегi ұйымдастырылған мемлекеттiк орман күзетi қызметi, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оған арнайы өкiлеттi өзге де органдар жүзеге асырады. 
      Осымен бiрге өрт қауiпсiздiгi Ережелерiнiң орындалуы үшiн бақылау орман қоры учаскелерi шегiндегi орман телiмдерiн иеленушiлерге, сондай-ақ кәсiпорынға және өзге де орман шаруашылығымен айналысушы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жүктеледi. 
      2. Жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдары Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес өрт қауiпi маусымында азаматтардың ормандарға баруына және ормандарға көлiк құралдарының барып кiруiне тыйым сала алады. Жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдарына осы Ережелерде көзделмеген өртке қарсы қосымша /жергiлiктi жағдайға қарай/ талаптар белгiлей, сондай-ақ өрт қауiпi маусымы кезiнде ормандарда белгiлi учаскелерде жұмысты тоқтатып қою құқығы берiлген. 
      3. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны үшiн лауазымды тұлғалар - учаскелер мен объектiлердегi жұмыстардың тiкелей жетекшiлерi, орманда мәдени-сауықтырушылық шараларын өткiзудi басқарушылар, ал сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тиiсiнше кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың басшылары жауапты болады. 
      4. Осы Ережелер орман қоры аумағында жұмыс жүргiзетiн заңды ұйымдар мен жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.

II. Орман пайдаланушыларға, кәсiпорындарға, 
мекемелерге, ұйымдарға және азаматтарға 
қойылатын жалпы талаптар 

      5. Өрт қауiпi маусымында /екпелер қолтығы астындағы қар қабаты ерiген кезеңнен бастап немесе күзгi ауа райында тұрақты жаңбыр басталғанға дейiн/ мыналарға: 
      а/ қылқан жапырақты жас шыбықтар ауқымында, ескi өртең жерлерде, зақымданған орман /жел сұлатқан, дауыл омырған/ учаскелерде, сүрек дайындалған және кескiн қалдықтары бар кеспе ағаштарда, шөбi қурап-кепкен орындарда, сондай-ақ ағаштар түбiнде от жағуға болмайды. Қалған жерлерде минералданған /топырақтың минералданған қабатына дейiн тазартылған/ енi кемiнде 1,5 метр дөңгелек жолақтарда ғана от жағуға болады. Қажетiнше оттың орны топырақпен жабылуға немесе оған ұшқыны әбден сiңгенше су құю қажет. 
      Жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдары қажеттi жағдайда орманда белгiлi бiр учаскелерде немесе өрт қауiпi маусымының белгiлi бiр кезеңiнде от жағуға тыйым сала алады; 
      б/ жанған шырпыны, темекi тұқылын және темекiнiң трубкадағы ыстық күлiн лақтыруға; 
      в/ аң аулау кезiнде тез оталатын немесе шоқтана жанатын материалдан тұратын оқ тығынын пайдалануға; 
      г/ жанар-жағар май сiңген сүрту материалдарын ол үшiн арнайы белгiленген орыннан басқа жерге қалдыруға; 
      д/ iштен жанатын двигатель жұмыс iстеп тұрған кезде оның оттық багiне жанармай құюға, двигатель жүйесi жарамсыз машиналарды пайдалануға, сондай-ақ, жанармай құйылып жатқан машиналарға жақын тұста темекi шегуге немесе жанып тұрған отты пайдалануға тыйым салынады. 
      6. Орман алаңқайларында, пұшпақтарда, шабындықта және егiстiкте /соның iшiнде ауыл шаруашылығы тұрғысындағы өртеудi жүргiзуге/ аңызды, орман қоры жерлерiнде және орманға сондай-ақ қорғаныштық және көгалдандыру екпе ағаштарында тiкелей жанасатын учаскелерде өсiп тұрған шөптi өртеуге тыйым салынған. 
      7. Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар: 
      а/ орманда жол, газ-мұнай құбырларын, электр қуатын жеткiзетiн, байланыс, радио желiлерiн және басқа коммуникацияларды салу кезiнде орман қоры учаскелерiн иеленушiлер белгiлеген тәртiпте және мерзiмде қалған сүректердi және өзге де тез от алатын материалдарды жинап алуды жүргiзуге; 
      б/ орманда жұмыстар iстеген кезде жанар-жағар май материалдарын, стандартты жабық ыдыста сақтауға, олар сақталатын орындарды өсiмдiк өскен, сүрек және басқа тез оталатын қоқыстардан радиусы 5 метр жердi қыршып тазартуға, енi кемiнде 1,4 метр минералданған жолақпен жиектеуге; 
      в/ жарылғыш заттарды пайдалану кезiнде жару-қопару жұмыстары жүргiзiлетiн орын мен мерзiмi жөнiнде орман қоры учаскелерiн иеленушiлерге алдын ала хабарлауға; 
      г/ жұмыстар орындарында, объектiлер орналасқан жерлерде, мәдени-сауықтыру және басқа шаралар жүргiзiлетiн, ұзақ мерзiмдi пайдалануға берiлген мал отары учаскелерiнде, ұсынылған нормада /1 қосымша/ өртке қарсы қолданылатын жабдықтар мен орман өрттерiн сөндiру үшiн қажеттi құралдар болуына, аталған құралдар мен жабдықтар өрт қауiпi маусымы кезiнде бiрден пайдалануға толық дайын болуына; 
      Орман өрттерiн сөндiру үшiн өртке қарсы қолданылатын жабдықтар мен құралдармен қамтамасыз ету нормасы бекiтiлмеген кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар жұмыстар мен объектiлер орналасқан жерлерде өрт сөндiрудiң бiрiншi кезектi құралдарын алуға мiндеттi, олар: 
      Су құйылған кеспек, құм салынған жәшiк, өрт сөндiргiш, балталар, күректер, сыпырғыштар және тағы басқа. 
      д/ өрт қауiпi маусымына арнап орманда жұмыс жүргiзетiн құрамда немесе жекеленген бөлiмшелерде, сондай-ақ ормандағы поселкелерде жұмысшылар мен қызметшiлер қатарынан өрт шыққан жағдайда әрекет ету үшiн әзiрленген ерiктi дружина құруға мiндеттi. 
      8. Орманды тұрмыстық қалдықтармен және тастандылармен ластауға, қоқыстарды және құрылыстық қалдықтарды орман iшiнде үюге тыйым салынады. 
      Қоқыстарды жағу орманға таяу жерде тек қана белгiлi тәртiпте арнайы бөлiнген учаскелерде мынадай жағдайды берiк сақтай отырып жүргiзiлуi мүмкiн: 
      а/ қоқыс өртейтiн орындар үшiн /котлаван мен алаңдар/ қылқан жапырақты орман қабырғаларынан немесе жеке өсiп тұрған қылқан жапырақты ағаштар мен жас шыбындықтардан кемiнде 50 метр және жалпақ жапырақты орман қабырғасынан және жеке өсiп тұрған жалпақ жапырақты ағаштардан кемiнде 25 метр қашықтықта болуға тиiс; 
      б/ қоқысты жағуға арналған жерлер аумағының айналасы қураған ағаштардан, шырпылардан, кесiндi қалдықтарынан, басқа да тез от алатын материалдардан радиусы 15-20 метр етiлiп тазартылуға және енi кемiнде 1,4 метр, ал құрғақ топырақты қылқан жапырақты орманға жақын учаскелерде енi кемiнде 2,5 метр минералдандырылған жолақпен жиектелуге; 
      в/ өрт қауiпi маусымында қоқысты жағу тек желсiз уақытта немесе ауа райы жаңбырлы шақта арнайы бөлiнген адамдардың қадағалауымен жүргiзiлуге тиiс. 
      9. Орман қоры аумағында жұмыс тындыратын немесе объектiлерi бар кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың басшылары өрт қауiпi маусымы алдында, ал мәдени-бұқаралық және басқа шаралар жүргiзуге жауапты адамдар аттанар алдында немесе орманға барар алдында жұмысшыларға, қызметшiлерге немесе мәдени-бұқаралық және басқа шараларға қатысушыларға ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн берiк сақтау және орман өртiнiң шығуын ескерту туралы ал сондай-ақ өрттi сөндiру тәсiлi туралы түсiнiк нұсқау беруге мiндеттi. 

III. Сүрек дайындауды жүргiзушi заңды ұйымдар 
және жеке тұлғаларға қойылатын талаптар 

      10. Ағаш кесуді жүргiзушi /ағаш дайындаушылар/ заңды және жеке тұлғалар кесудiң тәсiлi мен уақытына қарамастан бұл жұмыс жүргiзiлетiн орындарды бiр мезгiлде тазартуға мiндеттi. 
      Тазартудың тәсiлдерi ағаш кесу билетiнде көрсетiледi. 
      Ағашы кесiлетiн орындарды тазартуды жүргiзу кезiнде ағаш дайындаушылар мынадай талаптарды: 
      а/ сүрек дайындау мен кеспеағаштарды тазарту қысқы уақытта жүргiзiлген жағдайда кеспеағашта көктемде толық тазартуды жүргiзуге; 
      б/ кесiндi қалдықтарын шiрiту немесе жағу үшiн шоқ-шоқ етiп немесе үйме етiп жинау керек немесе орман қабырғасынан кемiнде 10 метр қашықтықта оларды ұсақтап кеспеағаш алаңында шашып тастау керек; 
      в/ кесiндi қалдықтарын жағуды тек өрт қауiпi маусымы емес кезде жүргiзу қажет. 
      Кесiндi қалдықтарды жағу кезiнде кесепағаш алаңындағы өскiндердiң, тұқымдықтардың және басқа кесiлмеген ағаштардың сақталуын, сондай-ақ кесiндi қалдықтардың толық жинауын қамтамасыз ету қажет. 
      Кеспеағаш алаңында кесiндi қалдықтарын жаппай жаймалай жағуға болмайды. 
      Ағаштарды желегiмен сүйреп шығару кезiнде жоғарғы қоймаларда /ағаш тиеу пункттерiнде/ кесiндi қалдықтарын жағу осы Ережелердiң 7-тармағында көзделген тәртiпте ағаш дайындау, сүйреп шығару және орманнан тасып шығару iсiнiң бүкiл кезеңi бойы жүргiзiлуi мүмкiн. 
      11. Өрт қауiпi маусымында кеспеағаштар алаңдарында кесiлген ағаштарды қалдыру жағдайында олар бұтақтарынан тазартылуға және жер үстiне тығыздалып үйiлуге тиiс. 
      Өрт қауiпi маусымында кеспеағаш алаңында қалдырылған дайындалған сүрек қатарлана немесе текшелене жиналуға тиiс. 
      12. Өрт қауiпi маусымында дайындалған сүректерiмен қалдырылған құрғақ жерлердегi қылқан жапырақты ормандардағы, сондай-ақ шiрiту үшiн қалдырылған кесiндi қалдықтары бар кеспеағаш алаңы енi кемiнде 1,4 метр минералдандырылған жолақпен жиектеледi. Көлемi 25 гектардан астам осындай кеспеағаштар, одан басқа, 25 гектардан аспайтын кеспеағаштар алаңдары аталған ендiк бойынша минералдандырылған жолақтарға бөлiнедi. 
      13. Дайындалған сүректердi қатарлап жинау "Ағаш материалдарының қоймалары. Жобалаудың өртке қарсы нормалары" СНиП 2.11.06-91 талаптарына сәйкес жүргiзуге тиiс. 
      Ағаш қатарлап жиналатын орындар төңiрегi мен аталған өртке қарсы оқшаулаудың төңiрегi тез от алатын материалдардан тазартылады және енi кемiнде 1,4 метр минералдандырылған жолақпен, ал құрғақ топырақты жерлердегi қылқан жапырақты екпелер бiр-бiрiнен 5-10 метр қашықтықта осындай қосарласқан жолақтармен жиектеледi. 
      14. Орман қоры учаскелерi ұзақ мерзiмдi пайдалануға берiлген ағаш дайындаушы кәсiпорын осы Ережелердiң 9-12 тармақтары талаптарын орындаумен бiрге, мыналарды орындауға: 
      а/ орман шаруашылығының облыстық мемлекеттiк басқару органының келiсiмi бойынша өртке қарсы шаралардың жоспарларын жасауға және бекiтуге, оларды жұмыстар орындарында, пайдаланылып жүрген ағаш тасу жолдары орналасқан орындарда, елдi мекендерде жоспарда көрсетiлген мерзiмде жүргiзудi қамтамасыз етуге; 
      б/ орман өртi шыққан жағдайда атқарушы өкiмет бекiткен орман өртiн сөндiру жөнiнде күштер мен құрамдардың өзара әрекетi жоспарына /2 қосымша/ сәйкес өртті сөндiрудi жүзеге асыруға мiндеттi. 

IV. Қарамағында темiр және автомобиль жолдары бар 
кәсiпорындарына және ұйымдарға қойылатын талаптар  

      15. Орман алқабы арқылы өтетiн қарамағында пайдаланылып жүрген темiр және автомобиль жолдары /оның iшiнде ағаш таситын/ бар кәсiпорындар мен ұйымдар: 
      а/ темiр және автомобиль жолдары бойындағы жолақ бөлiктердi шырпы-бұтадан, тез жанатын материалдардан таза ұстауға; 
      Ағаш тасылатын жолдардың екi жақ қанатында енi кемiнде 10 метр таза жолақ жасауға; 
      б/ өткен тармақта аталған жолақ бөлiктердiң шекаралары бойынша қылқан жапырақты екпелерде енi 1,4 метр, ал құрғақ жердегi қылқан жапырақты екпелерде, сондай-ақ ағашы кесiлген жерлерде бiр-бiрiнен қашықтығы 5 метр осындай екi жолақ минералдандырылған жолақтар бөлiктерiн құруға; 
      в/ жолдарға жақын төңiректе орналасқан құрғақ жерлердегi қылқан жапырақты екпелерде, сондай-ақ ағаш көпiрлер, станция жолдары, тұрғын үйлер мен жол жолаушылар будкалары төңiрегiнде текшеленген шпалдар мен қардан қорғайтын қалқандар құру және енi 1,4 метр минералдандырылған жолақты өрт қауiпi маусымы бойы таза күйде ұстауға; 
      г/ мүмкiн болатын өрттi дер кезiнде айқындау және оны жою мақсатында орман алқабы арқылы өтетiн темiр жолда тепловоз тартатын учаскелерде өрт қауiпi маусымында шолушылық күзет ұйымдастыруға; 
      д/ тепловоздардың өрт қауiпi бар учаскелердегi қозғалысы кезiнде двигательдердiң ауыспалы жұмысының күрт күшеюiне жол бермеуге және двигательдердiң бостан-бос ұзақ жұмыс iстеуiне жол бермеу керек; 
      е/ тепловоздарды өрт қауiпi бар учаскелерде жалынды сөндiрiп отыратын құралынсыз пайдалануға жол берiлмеуiн қадағалауға мiндеттi. 

V. Орманды жанама мақсатта пайдалануды, шайыр, 
қосымша орман материалдарын дайындауды жүзеге асырушы 
ағаш дайындаушыларға қойылатын талаптар 

      16. Орманды жанама мақсатта пайдалануды, қосымша орман материалдарын дайындауды жүзеге асырушы ағаш дайындаушылар: 
      а/ өндiрiстiк объектiлердi орман иеленушiлермен келiсiм бойынша жерлердегi орман қабырғасынан кемiнде 50 метр қашықтықта орналастыруға; 
      б/ өрт қауiпi маусымында жұмыс iстемейтiн уақытта өндiрiс объектiлерi шоғырландырылған жерлерде күзеттi қамтамасыз етуге; 
      в/ өндiрiстiк объектiлерден радиусы 50 метр аумақты тез жанатын материалдардан таза ұстауға; 
      г/ осы аумақтардың шекаралы бойынша енi кемiнде 1,4 метр минералдандырылған жолақ, ал құрғақ жерлердегi қылқан жапырақты екпелерде енi сондай бiр-бiрiнен қашықтығы 5-10 метр екi минералдандырылған жолақ құруға мiндеттi. 
      17. Шайыр дайындаушы ағаш дайындаушылар: 
      а/ шайыр сақтау үшiн аралық қойманы тез жанатын материалдардан тазартылған алаңдарда орналастыруға, алаңдар төңiрегiнде енi 1,4 метр минералдандырылған жолақ төсеуге; 
      б/ орман иеленушiлер келiсiмi бойынша шайыр сақтайтын негiзгi қойманы ашық, тез жанатын материалдардан тазартылған алаңқайларда орман қанатынан кемiнде 50 метр қашықтықта орналастыруға; 
      в/ осы аймақтардың шекаралары бойынша енi кемiнде 1,4 метр минералдандырылған жолақ жасап, оны өрт қауiпi маусымы бойы таза жай-күйде ұстауға; 
      г/ шайыр жинау үшiн әзiрленген учаскелерде темекi шегуге арналған орындар жабдықтауға мiндеттi. 

VI. Мұнай-газ барлаушы және мұнай газ өндiрушi 
кәсiпорындар мен ұйымдарға қойылатын талаптар 

       18. Мұнай-газ барлаушы және мұнай-газ өндiрушi кәсiпорындар мен ұйымдар орман қоры аумағында жұмыс жүргiзу кезiнде: 
      а/ бұрғы скважинасы және басқа құрылысқа бөлiнген аумақты өрт қауiпi маусымы бойы тез жанатын материалдардан таза ұстауға, осы аумақтар шекаралары бойынша енi кемiнде 1,4 метр минералдандырылған жолақ құру және оны өрт қауiпi маусымы бойы таза жай-күйде ұстауға; 
      б/ бұрғыланатын және пайдаланылатын скважиналардан радиусы 50 метр алаңды /радиусы 25 метр жерде жабық жүйе бойынша мұнай және газ скважиналарын пайдалану кезiнде/ толық тазартуға; 
      в/ мұнайды ашық ыдыста және котлаванда сақтауға, сондай-ақ аумақты жанатын заттармен /мұнай, мазут және т. б./ жастауға жол бермеуге; 
      г/ мұнай қалдықтарын жағып жiберудiң, егер оларды осындай жолмен жою өндiрiстiк технологияда көзделсе, тәртiбi мен уақытын орман қоры учаскелерiн иеленiшулермен келiсуге мiндеттi. 

VII. Өз қарамағында электр қуатын беретiн, байланыс 
радиоландыру және тұрба құбыры желiлерi бар кәсiпорындар 
мен ұйымдарға қойылатын талаптар 

      19. Өз қарамағында электр қуатын беретiн, байланыс және радиоландыру желiлерi бар кәсiпорындар мен ұйымдар өрт қауiпi маусымы бойы осы желiлер өтетiн алаңқайларды өрттен қауiпсiз жай-күйде ұстауға мiндеттi және құрғақ жерлердегi осындай желiлердiң ағаш дiңгектерi мен бағаналарын радиусы 2 -2,5 метр етiп топырақпен жабуы қажет. 
      Өз қарамағында тұрба құбыры бар кәсiпорындар мен ұйымдар өрт қауiпi маусымы бойы орман алқабы арқылы өтетiн тұрба құбырлары бойындағы жолақ алқабы мен күзет аймағын өрттен қауiпсiз жәй-күйде ұстауға және желiлер бойынша айнамалар үй-жәйi, сондай-ақ тұрба құбырларындағы құдықтар төңiрегiнде енi 2 - 2,5 метр минералдандырылған жолақ жасауға мiндетi. 

VIII. Ормандарда iздестiру және ғылыми-зерттеу 
жұмысын жүргiзушi кәсiпорындар мен ұйымдарға 
қойылатын талаптар 

      20. Iздестiру, геодезиялық, геологиялық, орман орналастыру және басқа экспедициялар, партиялар мен отрядтар жұмыстарды бастағанға дейiн жұмыс жүргiзiлетiн, негiзгi базалар орналастырылатын, ормандағы жүрiс маршруттары жолы орындарын және өрттiң алдын алу және сөндiру жөнiндегi шаралар тiзбесi жөнiнде орман қоры учаскелерiн иеленушiлермен келiсуге мiндеттi. 
      21. Өрт қауiпi кезеңiнде орман аймағындағы iздестiру базалары, геодезиялық, геологиялық, орман орналастыру және басқа экспедициялар, партиялар мен отрядтар орналасқан жерлердiң шекаралары бойынша енi кемiнде 1,5 метр минералдандырылған жолақ құруы, аумақты тұрақты түрде түрлiше жанғыш қалдықтардан тазартып отыру керек. 

IХ. Орманды мәдени-сауықтыру мақсатында 
пайдалану кезiнде кәсiпорындарға, 
ұйымдарға, мекемелерге қойылатын талаптар 

      22. Ормандарда мәдени-сауықтыру шараларын жүргiзушi ұйымдарға /туристiк базаларға, сауықтыру лагерлерiне, санаторийлерге, демалыс үйлерiне және басқа/ өрт қауiпi маусымында орман учаскелерiн туристiк тұрақ орнату және басқа да бұқаралық шаралар өткiзу үшiн тұрақты демалыс орындары ретiнде пайдалануға тек орман қоры учаскелерiн иеленушiлердiң келiсiмi бойынша осы учаскелердi олардың нұсқауы бойынша от жағу және қоқыс жинайтын орындарды жабдықтау, сондай-ақ учаскелер төңiрегiнде енi кемiнде 1,5 метр минералдандырылған жолақ құрып, учаскелердiң қоқыстың жанбайтын жәй-күйi қалпында ұстау жағдайында ғана пайдалануға рұқсат етiледi. 

Х. Орман қоры учаскелерiн иеленушiлерге 
қойылатын талаптар  

      23. Орман қоры учаскелерiн иеленушiлер: 
      а/ орманда өртке қарсы жармалар, жолдар, өртке қарсы минералдандырылған қорғаныш жолақтарын, орлар, су қоймаларын құруға, орманды тез жанатын материалдардан тазартуға және басқа ормандардың өрт қауiпсiздiгiн арттыруға бағытталған орман шаруашылығы шараларын жүргiзуге; 
      б/ халықтың, мектеп оқушыларының арасында, орманда объектiлерi бар немесе онда жұмыс жүргiзетiн кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң арасында отқа сақтықпен қарау және орман өртiн сөндiру мәселелерi жөнiнде түсiнiк жұмысын жүргiзуге; 
      в/ халық барынша жиi қатынайтын орман учаскелерiнде, сондай-ақ жаппай пайдаланылатын орман жолдары бойында орманда отқа сақтықпен қарау қажеттiгi және өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылық жөнiнде ескертетiн хабарландыру мен плакаттар қоюға; 
      г/ жаппай пайдаланылатын орман жолы бойында демалатын және темекi шегетiн орындар жабдықтауға; 
      д/ орман қоры аумағында орман шыққан өрттiң авиациялық және жер үстiнде күзет ұйымдастыру жолымен, өрт мұнаралары арқылы байқау жолымен дер кезiнде анықтап, оны жою шараларын қабылдауға; 
      е/ материалдық-техникалық базаны, орман өртiн сөндiретiн командалардың, бөлiмшелер мен звенолардың күштерi мен құралдарын жауынгерлiк тұрақты әзiрлiкте ұстауға; 
      ж/ өрт сөндiретiн командалардың, бөлiмшелердiң және звенолардың жеке құрамын үнемi дайындық пен машықтандыру жағдайында ұстап, оларға орман өртiн сөндiрудiң тәсiлдерi мен тактикасын үйретуге; 
      з/ 1985 жылғы 11 қыркүйекте бекiтiлген "Қазақстанды орман аудандарына бөлу және өртке қарсы шаралар нормативтерiнiң" ұсыныстарына сәйкес орман алқабын өртке қарсы қорғаныш /бөгеу, тосқауыл/ жүйелерiне бөлуге, отты оқшаулар бөлiктерiн құруға; 
      и/ қылқан жапырақты ормандарға жақын орналасқан елдi мекендердi қорғау үшiн енi кемiнде 50 метр жолақ құруға, олардың бойымен енi 2,5 метр минералдандырылған жолақтар жасауға мiндеттi. 

 

             ХI. Орман өртiн сөндiру жөнiнде кәсiпорындарына, 
                 ұйымдарға, мекемелер мен азаматтарға 
                         қойылатын талаптар 

 
      24. Ормандарда поселкелерi, жолдары, қоймалары, құрылыстары мен өзге де объектiлерi бар және онда жұмыс жүргiзетiн орман пайдаланушылар мен кәсiпорындарды, мекемелер мен ұйымдар орманда өрт шыққан кезде жұмыс орындарында, поселкелер маңында, жолдар, қоймалар мен өзге де объектiлер қасында өздерiнiң күштерi мен құралдары арқылы сол өрттi дереу жою шарасын қолдануға және өрт жөнiнде орман қоры учаскелерi иелерiне немесе жергiлiктi жердегi атқарушы өкiмет органдарына, милицияға және өрт күзетiне хабарлауға мiндеттi. 
      25. Азаматтар орманда өрт шыққанын байқаған кезде оны дереу сөндiру шарасын қолдануға, ал өрттi өз күштерiмен сөндiруге мүмкiндiк жоқ жағдайда ол жөнiнде орман шаруашылығы қызметкерлерiне, милицияға, өрт күзетiне немесе жергiлiктi жердегi атқарушы өкiмет органдарына хабарлауға мiндеттi. 
      26. Кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң басшылары орман күзетi қызметкерлерiнiң талабы бойынша орман өртiн сөндiруге қатысатын жұмысшылар мен техникалық құралдардың жергiлiктi жердегi атқарушы өкiмет органдары бекiткен тәртiпте дереу жiберуге мiндеттi. 
      27. Жергiлiктi жердегi атқарушы өкiмет органының шешiмiне сәйкес орман өртiн сөндiруге тартылған азаматтар бұл жұмысты орман күзетi қызметкерлерiнiң басқаруымен орындайды. 

 

             ХII. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн 
                       бұзғаны үшiн жауапкершiлiк 

 
      28. Орманды өртегенi, отқа сақтықпен қарамауы салдарынан ағаштарды жойғаны немесе зақымдағаны, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны, мұның өзi орман өртiнiң шығуына немесе оның елеулi алаңға таралуына әкеп соқтырғаны үшiн айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бас еркiнен айыру, әкiмшiлiк, материалдық және өзге де жауапкершiлiкке тартылады. 
      29. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны үшiн айыппұл салу немесе басқа да әкiмшiлiк тұрғыда ықпал жасау шараларын қолдану лауазымды тұлғалар мен азаматтарды орман шаруашылығын басқару органы белгiлеген мерзiм iшiнде жiберiлген тәртiп бұзушылықты жою мiндетiнен ажыратпайды. 
      30. Орман өртiнiң шығуына кiнәлi заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген мөлшерде және тәртiпте орман шаруашылығына келтiрген зиянның орнын толтыруға мiндеттi. 
      31. Заңды және жеке тұлғалар ормандарда орман өртiнiң шығуына немесе таралуына сөзсiз қауiп туғызатын өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзушылықты жою жөнiндегi ұйғарымды орындамаған жағдайда орман шаруашылығын басқару органы жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдарының келiсiмiмен бұзушылықты жойғанға дейiн ормандағы учаскелер мен объектiлердегi шаруашылық қызметтi тоқтатып қоя алады. 
      Қажеттi жағдайларда бұзушылық жөнiндегi материалдар айыптыларды заңдарда белгiленген жауапкершiлiкке тарту үшiн аймақтық табиғат қорғау прокуратурасына жiберiледi. 

 

               ХIII. Орман өртiн сөндiрудi ұйымдастыру 

 
      32. Орман шаруашылығы кәсiпорынның басшысы өрт туралы хабарды алған соң өрт шыққан аумақ бекiтiлген өрт-химиялық стансаның күшiмен өрттi сөндiруге дереу шара қолдануға мiндеттi. 
      33. Өрт-химия стансасына өрт туралы тiкелей хабар берiлген кезде, станса бастығы: 
      а/ команданы немесе жеке бригаданы өрт сөндiруге баруына дайындық жөнiнде шара қолдануға; 
      б/ орман шаруашылығы кәсiпорны басшысынан немесе орманшыдан қажеттi нұсқаулар алуға; 
      в/ кәсiпорынмен және орманшымен байланыс жоқ жағдайда команданы немесе жеке бригаданы өрт сөндiру жөнiндегi шешiмдi дербес қабылдауға мiндеттi. 
      34. Орманшылық аумағында бiр мезгiлде бiрнеше жерде өрт шыққан кезде немесе өрттi тез жою үшiн жалғыз өрт-химия стансасының күштерi жеткiлiксiз болғанда орманшы бұл жөнiнде II тұрпаттағы өрт-химия стансасының немесе көршiлес орманшылық стансасының күш құралдарын өрт сөндiруге жiберу үшiн орман шаруашылығы басшыларына хабарлайды. 
      35. Орман шаруашылығы кәсiпорнында жанып жатқан өрттi тез басу үшiн күштер мен құралдар жеткiлiксiз және өрттiң үлкен алқапқа таралу қауiпi айқын болған жағдайда кәсiпорын басшысы белгiленген тәртiпте өрттi сөндiруге халықты, жергiлiктi кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң өрт техникасы мен көлiк құралдарын қатыстыруға дереу шара қолдануға мiндеттi. 
      Егер өрт стихиялық апаттық ала бастаса онда орман шаруашылығының басшысы өрт сөндiруге Азаматтық қорғаныс пен әскери бөлiмшелердiң құрамаларын қатыстыру шарасын қолдануы керек. 
      36. Орман шаруашылығы кәсiпорны аумағындағы орман өртiн сөндiрудегi жалпы басшылық және өрттi жою үшiн толық және дер кезiнде шаралар қолдану жауапкершiлiк орман шаруашылығы директорларына жүктеледi. 
      37. Жер үстiндегi күзет аудандарындағы әрбiр орман өртiн сөндiру жөнiндегi жұмыстарға тiкелей басшылықты өрт-химия стансасының бастығы /егер станса командасы құрамынан жалғыз ғана бригада келсе, бригадир/ жүзеге асырады. 
      Өрт-химия стансасының күштерi келгенге дейiн өрт сөндiру басшылығын орман күзетiнiң қызметкерлерi (орманшы, орман шеберi, учаскелiк техник) жүзеге асырады. 
      38. Ормандарды авиациялық күзету аудандарында өрт сөндiру басшылығын өрт сөндiруге жүрген парашют - өрт және авиадесант топтары iшiнен лауазымы жөнiнен үлкенi жүзеге асырады. 
      39. Орман өртiн сөндiрудi басқарушы: 
      а/ өрттi жоюмен байланысты емес шаралардың бүкiл жұмысын тоқтатып қоюға; 
      б/ өрт сөндiруге қатысып жүрген адамдарды мүмкiн болатын электр тоғынан зақымданудан, уланудан, күюден қорғауды қамтамасыз етуге, ал қажеттi болғанда дәрiгерлiк көмек берушiлердi шақырып алуға; 
      в/ адамдардың өмiрiне қауiп туған жағдайда дереу оларды құтқаруды ұйымдастыруға, бұл үшiн қолдағы барлық күш пен құралды пайдалануға; 
      г/ жұмыстың техникалық жағынан қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелердi өрт сөндiруде жұмыс iстеп жүргендердiң бәрiнiң қатаң орындауын қамтамасыз етуге; 
      д/ өрт сөндiрiлгенге дейiн немесе оның жайылып өршiмеуiне дейiн өрт шыққан жердi тастауға және онда жұмысшыларды қалдырмауға; 
      е/ орман өртi шыққан жердiң аумағында жұмыс орындаушы объектiнiң, кәсiпорынның, ұйымның басшысын немесе басқа лауазымды тұлғаны өрт шыққан жерге шақырып алу жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi. 

Қазақстан Республикасының     
ормандарында өрт қауiпсiздiгi   
Ережелерiне 1-қосымша        

 

           Орман қорында жұмыс iстеушi орман пайдаланушылар 
       мен басқа кәсiпорындардың және ұйымдардың орман өртiн 
         сөндiру үшiн өрт жабдықтарымен және құралдарымен 
                    қамтамасыз ету нормалары  

 
      1. Орман қорында жұмыс iстеушi немесе ормандарда өзiнiң объектiлерi бар барлық орман пайдаланушылар, кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн мiндеттi нормалар, оның iшiнде: 
      ағаш дайындаушы кәсiпорындары /орталық кәсiпорындар - орман өнеркәсiбi шаруашылықтары, орман комбинаттары және басқалар қарамағында, орман пункттерiнiң, кеспеағаштардың, жоғарғы қоймалардың және сүрек дайындай жүргiзiлген басқа орындардың орман өртi пункттерi қарамағында шоғырландырылған орман өртi жабдықтары мен құралдарының пункттерi/; 
      пайдалы қазбалар өндiрушi кәсiпорындар /құм, балшық, тас және басқа/; 
      мұнай-газ өндiруші кәсiпорындар; 
      орман қорында тас жолдар, мұнай-газ құбырлары, электр қуаты және байланыс желiлерi, сондай-ақ басқа да желiлiк объектiлерi бар кәсiпорындар; 
      орман қорында iздестiру және зерттеу экспедициялары, партиялар, отрядтар, шөп, дәрi-дәрмек өсiмдiктерiн, техникалық шикiзаттар, жабайы өскен жемiс, жаңғақ, саңырауқұлақ, жидек және басқа ормандық тамақ өнiмiн, мал жаюмен шұғылданушы, ара өсiру мен омарта шаруасы жөнiндегi бригадалар; 
      орман қорында жұмыс iстеушi туристiк базалар мен басқа ұйымдар үшiн. 
      2. Орман өртiн сөндiру үшiн ағаш дайындаушы кәсiпорындарын өрт жабдықтары және құралдарымен қамтамасыз етудiң нормалары: 
      а/ орталық кәсiпорын қарамағындағы өрт жабдықтары мен өрт сөндiру құралдарын шоғырландыру пунктi; 
      су жинау цистерналары, оның iшiнде өздерi жасаған немесе көлемi 1500 метр су жинау үшiн резина ыдыстар - 2 дана /қолда арнайы орман өртiнiң автоцистернасы болса су жинайтын цистернаның қажетi жоқ/; 
      аспалы шестерналы сорғыштар* - 2 комплект; 
      Ескерту: <*> - өрт қаупiндегi маусымда көлiкте тұруы керек. 
      өнiмдiлiгi минутына 600-800 метрлiк алып жүретiн мотопомпалары - 2 дана; 
      500 қума метрлiк өртке су шашатын арынды сорғыштар, арынды су сорғыш - 20 комплект, Д 66-77 мм /400 қума метр/, 5 комплектор арынды су сорғыш Д 51 мм /100 қума метр/;
     орман плугi немесе басқа да трактормен топырақ өңдейтiн құрал - 2 дана;
     бульдозерлер - 1 дана;
     тракторлар тiркемесiмен /жұмысқа қажеттi топырақ өңдеу құралымен/ - 2 дана;
     жол таңдамай жүретiн немесе кез келген жерде жүре алатын қорапты автомашиналар /адамдар тасу үшiн/ - 1 дана;
     отжандырғыш аппараттар - 3 дана;
     НП-1 суландырушы немесе басқа маркалы көбiк шығарушы - 500 кг;
     күрек - 100 дана;
     балта - 10 дана;
     мотыга - 20 дана;
     тырнауыш - 20 дана;
     хлопушкалар - 20 дана;
     бензиндi ара - 2 дана;
     РЛО орман өрт сөндiргiштерi - 20 дана;
     алып жүретiн радиостанса /қолда ұйымдастырылған радио байланысы болса/ - 3 дана;
     кезекшiлiкте киетiн арнайы киiмдер /етiк, шалбар, куртка, қолғап/, өрт сөндiру командасының тұрақты мүшелерiнiң санына қарай - комплект; 
     қорғағыш көзiлдiрiктер - өрт сөндiру командасының тұрақты мүшелерiнiң санына қарай; 
     сыйымдылығы 10 литрлiк ауыз суға арналған бидондар немесе канистрлер - 5 дана; 
     су үшiн кружка - 10 дана, бiрiншi кезектi дәрiлiк көмекке қажеттi аптечка - 2 дана; 
     топырақ өңдейтiн құралдар, бульдозерлер, тракторлар мен автомәшинелер өрт қауiпi маусымы үшiн бекiтiлiп берiледi, қалған өрт сөндiру жабдықтары мен құралдары шоғырландыру пункттерiнде тұрақты болады. Аспалы сорғыштар қондырғысы үшiн автомәшинелер мен трактор тiркемелерi;
     б/ орман пункттерi жанындағы орман өртi пункттерiнде:
     су жинау цистерналары, оның iшiнде өздерi шығарған немесе сыйымдылығы 1500 литрлiк су үшiн резина ыдыс - 1 дана;
     аспалы цистерналы сорғыштары - 1 дана;
     арынды өрт су сорғыштар - 100 қума метр: 5 комплект Д 51 мм;
     алып жүретiн радиостансасы /қолда ұйымдастырылған радио байланысы болса/ - 2 дана;
     өнiмдiлiгi минутына 600-800 литрлiк алып жүретiн өрт мотопомпасы - 1 дана;
     от жандырғыш аппараттар - 4 дана;
     суландырғыш НП-1 немесе басқа маркалы көбiк шығарғыш - 500 кг;
     күрек - 50 дана;
     балта - 5 дана;
     мотыга - 5 дана;
     тырнауыш - 5 дана;
     хлопушкалар - 10 дана;
     бензиндi ара - 1 дана;
     РЛО орман өрт сөндiргiштерi - 5 дана;
     сыйымдылығы 10 литрлiк ауыз суға арналған бидондар мен канистрлер - 2 дана;
     бiрiншi кезектегi дәрiлiк көмекке қажеттi аптечка - 1 дана;
     кезекшiлiкте киетiн арнайы киiмдер /етiк, шалбар, куртка, қолғап/ комплект өрт сөндiру командасының тұрақты мүшелерiнiң санына қарай. 
      Адамдар, жабдықтар, аспалы сорғыштар тасымалдау үшiн автомәшинелер мен тракторлар өрт пункттерiне өрт қауiпi маусымына арнап бекiтiлiп берiледi, қалған жабдықтар мен өрт саймандары пунктте тұрақты болуға тиiс. Ағаш таситын жолдардың ұзындығы 50 километрден асатын жағдайда /ағаш тасу тармақтарын қосқанда/ су жинау цистерналарының саны 50 километр жолға бiр цистерна есебiнен ұлғайтылады.
     в/ сүрек дайындау орындары /кеспеағаштар, жоғарғы қоймалар/ жұмыс атқарылатын әр учаске саймандарымен мынадай мөлшерде қамтамасыз етiледi:
     күрек - 10 дана;
     балта - 2 дана;
     хлопушкалар - 10 дана;
     РЛО орман өрт сөндiргiштерi - 5 дана;
     бензиндi ара - 1 дана;
     тырнауыш - 2 дана;
     су үшiн сыйымдылығы 12 литрлiк шелек немесе резина ыдыс - 2 дана; су үшiн кружка - 4 дана; 
     3. Тас, құм, балшық өндiру жөнiндегi кенiштерде өрт жабдықтарымен, құралдарымен қамтамасыз ету нормасы: 
     күрек - 10 дана;
     балта - 2 дана;
     хлопушкалар - 10 дана;
     мотыга - 2 дана;
     бензиндi ара - 2 дана;
     РЛО орман өрт сөндiргiштерi - 5 дана;
     сыйымдылығы 12 литрлiк шелек немесе резина ыдыс - 5 дана, су үшiн қажеттi кружка - 5 дана, қолғап - 10 дана, аптечка - 1 дана. 
      4. Мұнай-газ өндiрушi кәсiпорындарды өрт жабдықтарымен және құрал-саймандармен қамтамасыз ету нормасы; 
      Орман қоры жерлерiнде орналасқан әрбiр мұнай-газ өндiретiн кәсiпорында орман өртiн сөндiру үшiн өрт жабдықтары және құрал-сайманы шоғырландырылған пункт болуға тиiс. 
      Су жинау цистернасы, оның iшiнде өздерi шығарған, сыйымдылығы 1500 литрлiк су үшiн резина ыдыс - 2 дана /қолда арнайы орман өртiне арналған автоцистерна, су жинау цистерна болса, онда мiндеттi емес/. 
      аспалы шестерналы сорғыш* - 2 дана; 
      Ескерту: <*> - өрт қаупiндегi маусымда көлiкте тұруы керек. 
      өнiмдiлiгi минутына 600-800 литрлiк алып жүретiн өрт мотопомпасы - 1 дана; 
      арынды өрт су сорғыш - 500 қума метр, 20 комплект, су сорғыш Д 66-77 мм /400 қума метр/ 5 комплект су сорғыш Д 51 мм /100 қума метр/; 
     бульдозерлер - 1 дана /учаскеде жұмыс iстейтiн немесе кезекшiлiк атқаратын/;
     жол таңдамай жүретiн қорапты автомәшине немесе кез келген жерде жүре алатын мәшине - 1 дана; 
     орман плугi немесе басқа да топырақ өңдейтiн құрал - 1 дана; 
     отжандырғыш аппараттар аппарат** - 5 дана, суландырғыш НП-1 немесе басқа маркалы бу шығарғыш - 500 кг;
     Ескерту: <**> - от жандырғыш аппарат үстiңгi қабаттағы,
              және күштi немесе орташа төменгi қабаттағы
              орман өрттерiн өшiру мақсатында қарсы өрттеу
              жiберу үшiн пайдаланылады.

     күрек - 50 дана;
     балта - 10 дана;
     мотыга - 20 дана;
     тырнауыш - 10 дана;
     хлопушкалар - 20 дана;
     бензиндi ара - 5 дана;
     РЛО орман өрт сөндiргiштерi - 10 дана;
     алып жүретiн радиостанса /қолда ұйымдастырылған радио байланысы болса/ - 3 дана;
     ауыз суы үшiн сыйымдылығы 10 литрлiк бидон немесе канистр - 3 дана; су үшiн кружка - 6 дана, кезекшiлiкте киетiн арнайы киiм /етiк, шалбар, куртка, қолғап/, комплект - өрт сөндiру командасының тұрақты мүшелерiнiң санына қарай; аптечка - 2 дана. 
      30 мың гектардан астам алаң жағдайында өрт құралдарын шоғырландыру пункттерiнiң саны әрбiр 30 мың гектарға бiр пункт есебiнен. Су жинау цистернасына қажеттi автомәшине аспалы шестерналы сорғыш қондырғы үшiн бейiмделген болуға тиiс және ол өрт қауiпi маусымы барысында пункт қасында болуы қажет. 
      5. Тас жолдары орманы алқабы арқылы өтетiн ұйымдарды өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз ету /ормандағы өрт пунктi/ нормалары:
      су жинау цистерналары, оның iшiнде өздерi шығарған немесе сыйымдылығы 1500 литрлiк су үшiн резина ыдыс - 1 дана; 
     аспалы цистерналы сорғыштары - 1 дана;
     арынды өрт сорғышы - 300 қума метр: 10 комплект су сорғыш Д 66-77 мм /200 қума метр/ 5 комплект су сорғыш Д 51 мм /100 қума метр/;
     от жандырғыш аппарат - 2 дана;
     суландырғыш НП-1 немесе басқа маркалы бу шығарғыш - 500 кг;
     күрек - 50 дана;
     балта - 5 дана;
     мотыга - 5 дана;
     тырнауыш - 5 дана;
     хлопушкалар - 10 дана;
     бензиндi ара - 2 дана;
     РЛО орман өрт сөндiргiштерi - 5 дана;
     сыйымдылығы 10 литрлiк ауыз суға арналған бидон мен канистр - 2 дана, су жiбермейтiн мұрындық - 10 дана, қорғаныш көзiлдiрiк - 10 дана, қолқап - 20 дана, аптечка - 2 дана. 
      Орман өрт пунктi тас жолдың 100 километрiне арнап ұйымдастырылады. Өрт қауiпi маусымына арналған пункт адамдар мен ауыспалы цистерналық су сорғыштарды орнату үшiн бейiмделген цистернаны тасымалдауға автомәшинемен қамтамасыз етiледi. 
      6. Желiлiк объектiлердi /мұнай-газ құбыры, электр қуатын жеткiзетiн желi, байланыс және т.б./ және басқа ұйымдарды /iздестiру партиялары, отрядтар, экспедициялар, шөп, дәрi-дәрмектiк өсiмдiк, техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiс, жаңғақ, саңырауқұлақ, жидек және басқа ормандық тамақ өнiмiн дайындау, мал жаюмен, ара өсiру мен омартамен шұғылданатын бригадалар/ орман қоры желiлерiнде жұмыс iстеушi орман өртiн сөндiру құралдарымен қамтамасыз ету нормасы.
____________________________________________________________________
                               |   Жұмыс iстеушiлер санына қарай
     Өрт сөндiру құралдары     |____________________________________
                               |5 дейiн| 6 - 10 | 11 - 20 | 21 - 50
                               |       |        |         |
_______________________________|_______|________|_________|_________
Күрек, дана                         2      5         10        20
Балта, дана                         2      2          2         2
Мотыга, дана                        1      1          2         5
Тырнауыш, дана                      -      2          5        10
Хлопушкалар, дана                   2      4         10        20
Көлденең ара немесе бензиндi
ара, дана                           1      1          2         5
РЛО орман өрт сөндiргiштерi,
дана                                -      2          5         5
Су үшiн сыйымдылығы 12 литрлiк
шелек немесе резина ыдыс, дана      2      5         10        20
Қолғап, пар                         5     10         20        40
Бiрiншi кезектi көмек аптечка,
дана                                1      1          2         2
___________________________________________________________________

     Аталған нормадағы өрт құрал-саймандары базалар және жекелеген жұмысшы топтары орналасқан жерлерде шоғырландырылады. Желiлiк айналма тұрғын пункттерде кестенiң соңғы графасында көрсетiлген құрамда және санда өрт құрал-саймандары шоғырландырылады.
     7. Туристiк топтардың орман қорында және туристiк базалардағы шоғырлану пункттерiнде болған кезiнде оларды өрт сөндiру жабдықтары мен және құралдарымен қамтамасыз ету нормасы. ___________________________________________________________________
                            |        Құралдардың саны
                            |______________________________________
     Өрт сөндiру құралдары  |Туристiк топтарда санына|Турбазаларда
                            |          қарай         |/демалушылар.
                            |________________________|дың 100
                            | 6-10 | 11-30 | 30 адам.|адамына
                            | адам |  адам |нан астам|есептегенде/
____________________________|______|_______|_________|_____________
Өнiмдiлiгi минутына 600-800
литрлiк өрт мотопомпасы, дана   -       -        -          1
Күрек, дана                     -       3        5         30
Балта, дана                     1       2        3         10
Хлопушкалар, дана               4       8       10         20
Көлденең ара немесе бензиндi
ара, дана                       -       1        1         10
РЛО орман өрт сөндiргiштерi,
дана                            1       3        5          8
Су үшiн сыйымдылығы 12 литрлiк
шелек немесе резина ыдыс, дана  1       3        5         30
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасының       
ормандарында өрт қауiпсiздiгi    
Ережелерiне 2-қосымша        

                  Орман өрттерiн сөндiру жөнiнде күштер 
                     мен құралдардың өзара әрекетi 
                               жоспары 

 
      1. Орман шаруашылығы кәсiпорындары жыл сайын 1 наурыздан кешiктiрмей аудандық атқарушы өкiмет органдарына орман өрттерiн сөндiруге халықты, кәсiпорындарының, ұйымдардың және мекемелердiң өрт техникасы мен көлiк құралдарын қатыстыру жоспарын жасау үшiн өздерiнiң ұсыныстарын беруге мiндеттi. 
      Ұсыныстарда мыналарға: 
      а/ орман өрттерiн сөндiру жағдайына арнап орман учаскелерiн елдi мекендерге бекiтiп беруге, әрбiр мекен бойынша өрт сөндiруге тартылуы мүмкiн жұмысшылардың саны, өрт сөндiруге тартылатындардан ұйымдастырылатын отрядтардың, командалар мен топтардың нақты басшылары, өрт құрал-саймандарының атаулары мен саны көрсетiлуiне; 
      б/ орман учаскелерiне бекiтiлiп берiлетiн жергiлiктi кәсiпорындарының, ұйымдардың және мекемелердiң өрт сөндiруге тартылуы мүмкiн техникасы мен көлiк құралдарының атаулары мен саны, сондай-ақ өрт сөндiруге кезекпен қатыстырылатын бекiтiлген техникалық және көлiк құралдарын атап көрсетiлуiне; 
      в/ өрт сөндiруде жүрген жұмысшыларды тамақ өнiмiмен жабдықтауды ұйымдастыруға, сондай-ақ дәрiгерлiк көмектi ұйымдастыруға, сол шараларды жүргiзу үшiн жауапты адамдарды атап көрсетуге; 
      г/ жекелеген өрттердi сөндiрудiң, орман шаруашылығы кәсiпорны мен және аудандық орман өртi комиссиясы басшылары мен арасындағы, сондай-ақ өрт сөндiрудi басқарушылармен және өрт сөндiруге тартылған жекеленген отрядтардың, командалардың, топтардың және бригадалардың басшыларымен арасындағы байланысты үзiлiссiз ұйымдастыруға; 
      д/ өрт сөндiруге тартылған күштер мен құралдардың жиналатын пунктiн көрсетуге назар аударылуға тиiс. 
      Ұсыныстар алдын ала тиiсiнше жергiлiктi кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң басшыларымен келiсiледi. 
      2. Аудандық атқарушы өкiмет органдары бекiткен орман өрттерiн сөндiру жөнiнде күштер мен құралдардың өзара әрекетi жоспары орман өрттерiн сөндiру үшiн азаматтық күштердi, Азаматтық қорғаныс құрамаларын, әскери бөлiмшелердi және басқа аудандар мен облыстың құрамаларын, оларға берiлген өрт техникасы мен құралдарды орман өрттерiн жою үшiн қатыстыру жөнiнде облыстық әкiмнiң шешiмiн дайындау үшiн облыстың орман шаруашылығын басқару органына тапсырылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады