Жергiлiктi бюджетте тұратын бюджет мекемелерiнiң қаржыны жұмсау лимитiн бекiту арқылы қаржыландыру туралы Нұсқаулығына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылғы 26 ақпандағы N 49. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 14 наурызда тіркелді. Тіркеу N 39. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы   N 469   бұйрығымен .
____________________________________

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1996 жылғы 2 қаңтардағы N 264  V960231_ бұйрығымен бекiтiлген жергiлiктi бюджетте тұратын бюджет мекемелерiнiң қаржыны жұмсау лимитiн бекiту арқылы қаржыландыру туралы Нұсқаулығына толықтырулар енгiзу туралы ұсынылып отырған осы бұйрыққа N 1 қосымша бекiтiлсiн. 

     Министрдiң бiрiншi
       орынбасары

                                      Қазақстан Республикасы Қаржы
                                        министрлiгiнiң 1997 жылғы
                                          26.02. N 49 бұйрығымен
                                                 бекiтiлген
                                                N 1 қосымша

      Жергiлiктi бюджетте тұратын бюджет мекемелерiнiң 
     қаржыны жұмсау лимитiн бекiту арқылы қаржыландыру 
     туралы Нұсқаулығына толықтырулар енгiзу туралы
 

         Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы толықтырулар арқылы мақсатты жұмсалымға арналған жергiлiктi бюджетке бөлiнген субвенцияларды бөлудiң тәртiбiн бекiтедi. 

           "Қаржы рұқсатын беру туралы" III бөлiмге

       - Бiрiншi азат жолдар кейiнгi 5 тармаққа мына мазмұндағы абзац енгiзiлсiн. 
     "Облыстық (Алматы қалалық) қаржы басқармалары республикалық бюджеттен мақсатты субвенциялар алған жағдайда өзiнiң облыстың мекемелерiне және қалалық (аудандық) қаржы бөлiмдерiне лимиттi бөлудiң 3-МБ үлгiдегi есеп карточкалары бойынша бөледi. Облыстық (Алматы қалалық) қаржы басқармалары, бюджет қаржысын жұмсау туралы лимиттi бөлгеннен кейiн облыстық бағыныштылықтағы әрбiр мекемеге 1-МБР-СУБВ (N 5 қосымша) кестесi немесе 1-кестенiң МБЗ-СУБВ (N 6 қосымша) кестесi бойынша төменгi бюджетке берiлген субвенцияның жалпы сомасына, тиесiлi қалалық (аудандық) қаржы бөлiмдерiне төлем қағаздары арқылы аудару үшiн қаржы рұқсаты жазылып берiледi. 
     Қалалық (аудандық) қаржы бөлiмшелерi облыстық бюджеттен мақсатты субвенциялар алған жағдайда лимиттi бөлудiң бақылау карточкалары 3-МБ кестесi бойынша бөледi. Бюджет қаржыларын жұмсаудың лимитiн бөлгеннен кейiн қалалық (аудандық) қаржы бөлiмдерi қалалық (аудандық) әрбiр мекемеге 1 МБР-СУБВ немесе 1 МБЗ-СУБВ кестесi бойынша қаржы рұқсатын бередi. 
     Субвенцияға рұқсат беретiн 1-МБР-СУБВ кестесi келесi қаржы рұқсаты жазылып, тағайындалған субвенциялар бойынша лимиттер таратылып болғанша жеке құжат ретiнде жазылып берiледi";
     - 6 тармақта "1 МБР кестесi" деген сөзден кейiн "немесе 1 МБР-СУБВ" деген сөздермен толықтырылсын.
     - 7 тармақта "1 МБЗ кестесi" деген сөзден кейiн "немесе 1 МБЗ-СУБВ" деген сөздермен толықтырылсын.
     - 9 тармақта "(1 МБР және 1 МБЗ)" сөздерi "(кестелер: 1 МБР, 1 МБР-СУБ, 1 МБЗ-СУБВ)" сөздерiмен алмастырылсын.

       Қаржыны жұмсаудың лимитiн белгiлеу жолы арқылы,
      жергiлiктi бюджетте тұратын бюджет мекемелерiн
        қаржыландырудың нұсқаулығының қосымшасына
                       толықтыру

       "Қаржы рұқсаты" - МБР-СУБВ кестесiн толықтырудың
                           тәртiбi

     МБР-СУБВ кестесi бойынша мекемелерге қаржы рұқсаты республикалық немесе облыстық бюджеттен мақсатты субвенция түрiнде берiлген, бюджет мекемелерi арасында лимиттi бөлуге құқық алған тиiстi қаржы органдары арқылы бөлiнедi. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық қаржы органдары ұйымдарының анықтамасында көрсетiлген әр мекемеге жетi саннан тұратын жеке код берiледi. 
     1 МБР СУБВ формасын бекiту және қол қою, толтыру тәртiбi 1 МБР формасының тәртiбiне сәйкес.

       "Қаржы рұқсаты" - МБЗ-СУБВ кестесiн толтырудың
                        тәртiбi

    МИЗ-СУБВ қаржы рұқсаты формасы тиiстi қаржы органдары арқылы берiледi. Мақсатты субвенцияның лимиттерi бөлiнген жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстық қаржы органдары ұйымдарының анықтамасында көрсетiлген әрбiр мекемеге жетi саннан тұратын код берiледi.
    1 МБР СУБВ формасын бекiту және қол қою, толтыру тәртiбi 1 МБЗ формасының тәртiбiне сәйкес.

    Қазақстан Республикасы Қаржы
    Министрлiгi жанындағы
    Қазынашылықтың Бастығы

    Мемлекеттiк Бюджет банкiмен
    келiсiлген

                                                   қосымша N 5
                                                1 МБР-СУБВ үлгiсi

    Қаржылық рұқсат N _______
    Уақыты _______________
    Кiмге ________________________________________________________
                          (алушының аты-жөнi)
    Осы рұқсаттың күшi бар уақыты 31 желтоқсан 199__ ж.
    Сiзге өзiңiзге қарасты мекемелерге таратуға ______ қаржы
    жылына бюджеттiң ақшасын лимит бойынша бөлуге рұқсат етiледi.

    Облыстық (Алматы қалалық) қаржы басқармасының бастығы
   (қалалық, аудандық қаржы бөлiмiнiң бастығы) _________________
                                                    (қолы)
    Өлшем бiрлiгi: ____________ теңге ___________________________
___________________________________________________________________
Бюджет   |Жыл бойынша    |Алдын ала  |Ағымдағы|Жыл басынан|Ескерту |
санатының|рұқсат етiлген |берiлген   |рұқсат  |берiлген   |        |
коды     |жоспар         |рұқсат     |        |рұқсат     |        |
_________|_______________|___________|________|___________|________|
    1           2             3          4         5          6   |
_________|_______________|___________|________|___________|________|
        |               |           |        |           |        |
        |               |           |        |           |        |
        |               |           |        |           |        |
        |               |           |        |           |        |
        |               |           |        |           |        |
_________|_______________|___________|________|___________|________|
Барлығы |               |           |        |           |        |
_________|_______________|___________|________|___________|________|

    Жасалған қаржы рұқсаты _______________________________________
                                 (бетi санмен және жазбаша)
    5 бағандағы жалпы сома _______________________________________
                                (санмен және жазбаша сомасы)
    Бөлiм бастығының қолы __________________________
    Жауапты орындаушының қолы ______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады