БҚҰК 1997 жылғы 30 шілдедегі N 113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қаулысы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 11 қараша N 191. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 71. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 392 қаулысымен.

  --------------Қаулыдан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
жөніндегі агенттігі басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы   
N 392 қаулысына Қосымша    

Күшi жойылды деп танылатын нормативтiк
құқықтық актiлердiң тiзбесi

      6. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 113 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 1997 жылғы 11 қарашадағы N 191 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 71 тiркелген)...      

------------------------------------      

      Бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 318 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге кастодиандық қызметті жүргізуге келісім беру және олардың мемлекеттік емес зейнетақы жинақтау қорларының жарғылық капиталына және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға қатысу шарттары туралы ережеге сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы қаулы етеді: 
      1. БҚҰК 1997 жылғы 30 шілдедегі N 113  V970361_  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      - 1-тармақтағы "1250000 есепті көрсеткіш" деген сөздер "1 миллиард теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      - 3-тармақтағы "1997 жылдың 1 қарашасына дейін" деген сөздер "1998 жылдың 1 мамырына дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
      3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Рынокты реттеу басқармасына және Ұлттық комиссияның жетекшілік ететін мүшесіне жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады