Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi интернат үйлерi туралы Ереже

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1997 жылғы 13 тамыздағы N 134-П бүйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 2 қазанда тіркелді. Тіркеу N 379. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 13 қазандағы N 272-ө бұйрығымен

        Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 13 қазандағы N 272-ө бұйрығымен (2005 жылғы 13 желтоқсандағы "Заң газетінде" N 168(792) жарияланған) .

---------------Бұйрықтан үзінді-------------------

       Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің "Заңға тәуелді актілерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкімін орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын...

      Министр

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің кейбір күші жойылған
бұйрықтарының тізімі

       ...

       3. "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері туралы ереже" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 134-б бұйрығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіндегі 1997 жылғы 2 қазандағы 379 тіркелу нөмірі...

----------------------------------

                      I. Жалпы ережелер 

      1. Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi интернат үйi, пансионат (бұдан әрi - интернат үйi) күтiм жасауды, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетудi, әлеуметтiк еңбек арқылы бейiмделудi қажет ететiн қарттар мен мүгедектердiң тұрақты тұратын жерiне айналған дәрiгерлiк-әлеуметтiк мекеме болып саналады. 
      2. Интернат үйi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Астананың, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады. 
      3. Интернат үйi өз жұмысында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң заң және басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерi мен бұйрықтарын және астаналық, облыстық, Алматы қалалық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының нұсқамалық материалдарын басшылыққа алады. 
      4. Интернат үйi өз жұмысын бағыныстылығы бойынша жоғары тұрған ұйымның басшылығымен жүзеге асырады. 
      5. Астаналық, облыстық және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары тиiсiнше Алматы қаласы мен облыстардың аумағында орналасқан қарттар мен мүгедектер интернат үйлерiнiң қызметiне басшылық жасайды. 
      Астаналық, облыстық интернат және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары интернат үйлерiне орналастыруды қажет ететiн азаматтарды әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмдерi арқылы анықтайды, тiзiмiн жасайды, оларды осы мекемелерге жiберу үшiн қажеттi құжаттарды әзiрлейдi және интернат үйiнiң жұмысына бақылау жасап, оларға көмек көрсетедi. 
      6. Интернат үйлерi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады, өзiнiң жылдық шығын сметасы бар заңды мекеме болып саналады, қазақ және орыс тiлдерiнде өзiнiң аты жазылған мөрi мен бұрыштамасы, сондай-ақ белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлген штаттық кестесi бар. 
      7. Интернат үйiнiң бюджеттiк қаражатынан басқа интернат үйiнiң "Ақылы қызмет көрсетулерден түсетiн қаражат" деген ағымдағы шотына аударылатын және мақсатты орны бойынша материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, тамаққа, медициналық көмек көрсетуге, әлеуметтiк-тұрмыстық және еңбекпен оңалтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға, мәдени-бұқаралық жұмыстар жүргiзуге, еңбекпен емдеу шеберханаларын, қосалқы шаруашылықты дамытуға, еңбек процестерiне белсендi қатысушы қамқорлықтағыларды мадақтауға, қосалқы шаруашылық, еңбекпен емдеу шеберханаларының қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге жұмсалатын, жарғылық мақсаттарға сәйкес заңдарда белгiленген тәртiппен қосалқы шаруашылықтың, еңбекпен емдеу шеберханаларының қызметiнен, ақылы қызмет көрсетулерден алынатын қаражаттары болуы мүмкін.<*> 
      Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйiнiң жанынан мемлекет қамқорлығындағы адамдардың негiзгi санатына зиян келмейтiндей және интернат үйiне орналасатын адамдар кезегi болмаған жағдайда тұрмыстық және медициналық қызметке мұқтаж қарт азаматтардың уақытша және тұрақты тұруы үшiн ақылы бөлiмшелер ашуға жол берiледi.
     Жеке және заңды тұлғалардан демеушiлiк және қайырымдылық көмегі ретiнде түсетiн қаражаттар интернат үйiнiң шотына демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсету үшiн аударылады және олар өз бағытында жұмсалады.<*>
      Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 21-O     бұйрығымен V001086_     

     8. Интернат үйiне атау облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімшіліктердің шешiмi негiзiнде берiледi.<*>
      Ескерту: 8-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 21-O   бұйрығымен V001086_  
      9. Интернат үйi үлгiлi жоба бойынша арнайы салынған үйлерге немесе санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы талаптарға және техника қауiпсiздiгiне сай келетiн және қарт адамдар мен мүгедектердiң тұруы үшiн барынша жағдайлар жасалған қажеттi бөлмелерi бар және коммуналдық жайластырылған кешендi үйлерге орналастырылады. 
      10. Жақсы күтiм мен медициналық қызметтi ұйымдастыру, әлеуметтiк-тұрмыстық және еңбекпен емдеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру үшiн интернат үйiнде тұратындар бөлiмшелер мен бөлмелерге денсаулық жағдайына, жасына, жынысына, кәсiбiне, жеке мүдделерiне қарай орналастырылады. 
      11. Интернат үйiнде тұратындарды еңбекпен емдеу, әлеуметтiк бейiмдеу және денсаулығын түзеу үшiн интернат үйiнде емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханалары, сондай-ақ қосалқы ауыл шаруашылығы құрылады. 
      Емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханалары, сондай-ақ қосалқы ауыл шаруашылықтары өз жұмысын Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бекiтетiн Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
      12. Интернат үйiнде тұратындарға медициналық қызмет көрсетiлу сапасына, санитарлық-гигиеналық режимнiң сақталуына және арнайы медициналық қызметтiң көрсетiлуiне денсаулық сақтау органдары белгiленген тәртiпте бақылау жасайды. 

        2. Интернат үйiнiң мiндеттерi мен қызметтерi 

      13. Интернат үйiнiң басты мiндеттерi: 
      - қарттар мен мүгедектердi материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету, олар үшiн үйдегi жағдайға жақындау келетiн ыңғайлы тұрмыс жағдайын жасау; 
      - сонда тұратындарға күтiм жасауды ұйымдастыру, оларға медициналық көмек көрсету және мәдени-бұқаралық жұмыстар жүргiзу; 
      - мүгедектердi әлеуметтiк-тұрмыстық және еңбек арқылы оңалтуға бағытталған шараларды жүзеге асыру. 
      14. Интернат үйi негiзгi мақсаттарына сәйкес: 
      - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, Астананың, облыстардың және Алматы қаласының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының жолдамасымен келген қарттар мен мүгедектердi қабылдауды; 
      - қарттар мен мүгедектерге күтiм жасап, тұрмыстық қызмет көрсетудi, оларға Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бекiткен нормаларға сәйкес үй жиhаздары мен мүлiктерi бар үй берудi, төсек-орындар, аяқкиiм және киiм берудi; 
      - оларды денсаулығы мен жас мөлшерiн ескере отырып ұтымды және диеталық тамақтандыруды ұйымдастыруды; 
      - шағын ахуал жасап, қызмет көрсетудiң белгiленген режимдерiн сақтауды; 
      - диспансерлеудi, емдеудi, мамандардың медициналық көмек көрсету кеңестерiн ұйымдастыруды, сондай-ақ науқастарды денсаулық сақтау органдарының емдеу-алдын алу мекемелерiне орналастыруды; 
      - санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргiзудi; 
      - қарттар мен мүгедектердiң жеке басы мен әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiру жөнiндегi шаралар кешенiн және дәрiгердiң келiсiмiмен - белсендi терапияны жүргiзудi; 
      - мұқтаж қарттар мен мүгедектердi көзiлдiрiктермен, есту аппараттарымен, протез-ортопедия заттарымен, сондай-ақ кресло-арбалармен қамтамасыз етудi; 
      - жас мүгедектердi интернаттың емдеу-еңбек шеберханалары мен қосалқы ауыл шаруашылығы базасында еңбекке баулуды және кәсiптiк оңалтуды; 
      - жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп қарттар мен мүгедектердiң денсаулық жағдайы мен жасын ескере отырып мәдени-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыруды; 
      - қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету, оларды осы интернаттарда ұстау мен оларға күтiм жасау сапасын жақсарту, қызмет көрсету жұмыстарының озық нысандары мен әдiстерiн енгiзу жөнiндегi шараларды; 
      - қызмет көрсететiн адамдар еңбегiн ұйымдастыруды және оның бiлiктiлiгiн көтерудi, шағын механика құралдарын енгiзудi; 
      - қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк жағынан қорғау жөнiндегi қайырымдылық қоғамдары мен қорлар көмегiн интернат үйiнiң материалдық-техникалық базасын жақсартуға және оны жайластыруға жұмсауды жүзеге асырады. 
      15. Интернат үйiнiң қаржы-шаруашылық жұмысы бекiтiлген шығындар сметасына сәйкес жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда Интернат үйiнiң әкiмшiлiгi: 
      Интернат үйiн материалдармен, жабдықтармен, құрал-жабдықтармен, отынмен, киiм-кешекпен, аяқ киiммен, төсек-орынмен және басқа да мақсатты пайдаланылатын заттармен қамтамасыз етудi; 
      жергiлiктi бюджеттер бөлетiн мемлекеттiк қаражатты интернат үйiн ұстауға жұмсауды және оларды өз мақсатында пайдалануды; 
      еңбектi қорғау ережелерi мен нормаларын, техника қауiпсiздiгiн, өртке қарсы шараларды сақтауды; 
      үйлердi, ғимараттарды, коммуникацияны қайта жасауды, сондай-ақ өз уақытында күрделi және ағымдағы жөндеудi; 
      негiзгi қорларды ұтымды пайдалануды және қосалқы қызметтердiң барлық түрлерiнiң кiдiрiссiз жұмысын; 
      аумақты жайластырып, көгалдандыруды, iске жарамсыз болып қалған заттарды белгiленген тәртiпте iстен шығаруды; 
      бухгалтерлiк, оперативтiк және статистикалық есептердi жүргiзудi, есептi бекiтiлген нысан бойынша жасап, оны тиiстi органдарға белгiленген мерзiмдерде өткiзудi жүзеге асырады. 
      16. Интернат үйiне орналасуға келген әрбiр қарт пен мүгедек адамға: 
      жеке iс қағазы арналады, онда МӘСК-ның өтiнiшi (N 1 қосымша) жолдамасы, мүгедектiк тобы туралы анықтамасы, төлқұжаты сақталады; 
      бүкiл медициналық құжаттары - оған ауру тарихынан көшiрме, интернатқа орналасу үшiн құжаты рәсiмделетiн қарт адамның (мүгедектiң) ауру тарихынан көшiрме, оның медициналық картасы (N 2 қосымша) тiркеледi, онда аясы тар мамандықтағы дәрiгердiң қорытындысы мен нұсқамасы, емдеу-алдын алу мекемесi рәсiмдеген дәрiгерлiк кеңес комиссиясының интернат үйiнiң түрi көрсетiлген анықтамасы тiгiледi. 
      Жеке iс қағазы Интернат үйiнiң кеңсесiнде, жанбайтын арнайы шкафта, ал ауру тарихы дәрiгердiң кабинетiнде сақталады. 
      17. Интернат үйiнiң әкiмшiлiгi жалпы үлгiдегi Интернат үйiнде тұратын, қамқорлық пен қорғаныш жасауды қажет ететiн, қозғалыс икемдiлiгi шектелген адамдарды қамқорлыққа алу мен қорғаныш жасау мiндетiн заң белгiлеген тәртiпте атқарады. 
      Астаналық, облыстық және Алматы қалалық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары интернат үйлерiндегi қамқорлықтағы адамдарға күтiм жасалу, қамтамасыз етiлу, оларға қызмет көрсетiлу сапасына бақылау жасау үшiн қоғамдық, кәсiподақтық және дiни ұйымдар қатарынан (кемiнде 5 адамнан тұратын) қорғаныш кеңесiн құрады. 

           3. Интернат үйiне қабылдаудың, онда күтiм жасаудың 
                     және одан шығарудың шарттары 

      18. Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi Интернат үйiне жалғызiлiктi, жасы зейнеткерлiкке жеткен азаматтар, сондай-ақ жалғызiлiктi адамдар арасындағы 18 жастан асқан I-II топтардағы мүгедектер қабылданады. 
      19. Интернат үйiне қабылдау "Интернат үйiне қабылдаудың медициналық және медицинаға қайшы айғақтамалары туралы" Нұсқамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, Астаналық, облыстық және қалалық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының жолдамасымен интернат үйiне қабылдау туралы өтiнiштiң (N 1 қосымша), емдеу-алдын алу мекемесi ресiмдейтiн интернат-үйiнiң түрi көрсетiлген медициналық картаның, мүгедектiгi туралы (зейнеткерлiк жасқа жетпеген адамдар үшiн) МӘСК-ның анықтамасы негiзiнде жүргiзiледi. 
      Ұлы Отан соғысының мүгедектерi, қатысушылары және жеңiлдiк жағынан оларға теңестiрiлген адамдар Интернат үйiне бiрiншi кезекте қабылданады. 
      20. Жасы кәмелетке толмаған еңбекке жарамды балалары бар және оларды заң бойынша бағып тәрбиелеуге мiндеттi, бiрақ олармен бiр отбасында тұра алмайтын жекелеген қарттар мен мүгедектер интернат үйiне құны толық төленiп орналастырылуы мүмкiн. 
      21. Интернат үйлерiнде тұратын адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақылар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төленедi.<*> 
       Ескерту: 21-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 21-O бұйрығымен V001086_  
      22. Интернат үйiнде тұратын азаматтарға жеке меншiк заттарын пайдалану құқына, сондай-ақ азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген барлық құқыларына, соның iшiнде дiнге сенуде еркiндiк құқына кепiлдiк берiледi. 
      23. Интернат үйiне келiп түскен азаматтардың қымбат заттары мен жинақ банкiне салынбаған бағалы қағаздарын интернат әкiмшiлiгi олардың қалауы бойынша өзiнiң сақтауына оның иесi немесе оған мұрагерлiк ие болу құқы туралы Заң тәртiбiмен берiлген куәлiгi бар адам сұратқанға дейiн қабылдайды. Осы аталған құнды заттарды қабылдап алудың, сақтаудың, және оны қайтып берудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жүйесiнiң мекемелерi мен ұйымдарында ақ жаймаларды, төсек орындарды, киiм-кешектер мен аяқкиiмдердi есепке алу жөнiндегi нұсқаулық белгiлейдi. 
      24. Интернат үйiнде тұрушылар МӘСК-ның еңбек нұсқамасына және Интернат үйi дәрiгерiнiң қорытындысына сәйкес емдеу-алдын алу шеберханалары мен қосалқы шаруашылық жұмыстарына, өзiне өзi қызмет көрсетуге қатысады. 
      Интернат үйiнiң емдеу-алдын алу шеберханалары мен қосалқы шаруашылықтары айналымдағы қаражатқа және қолданыстағы заңға сәйкес табыстан алынған түсiмдер бойынша бюджетке төленетiн салықтардан босатылады. 
      Шеберханалар мен қосалқы шаруашылықтарда жұмыс істегенi үшiн мүгедектерге еңбек заңдарына сәйкес жалақы төленедi.<*> 
       Ескерту: 24-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 21-O бұйрығымен V001086_  
      25. Интернат үйiнде тұратын қарттар мен мүгедектер қолданыстағы заңға сәйкес егер жұмысы олардың денсаулығына зиян келтiрмейтiн болса кiшi қызмет көрсетушi және жұмысшы ретiнде жұмысқа алынады және оларға iстеген жұмысына қарай тепе-тең мөлшерде еңбекақы төленедi. 
      26. Жалпы үлгiдегi интернат үйiнен қарттар мен мүгедектер психикалық-жүйке аурулары үйiне психиатриялық ауруларды қарайтын мекемелердiң берген дәрiгерлiк қорытындысына және жоғары ұйымдардың өкiмiне сәйкес ауыстырылады. 
      27. Қарттар мен мүгедектерге жеке басының себептерiне байланысты интернат үйiнен алып жүрген зейнетақысын 100% алып уақытша үш айға шейiн кетуiне рұқсат берiледi. 
      Қабiлетi шектеулi адамдарға дәрiгердiң қорытындысымен, алып кетуге келген туысының немесе мүгедектi бағып, қараймын деген адамның жазбаша түрдегi мiндеттемесi бойынша уақытша кетуiне рұқсат берiледi. 
      28. Директор қарттар мен мүгедектердi интернат-үйiнен интернат үйiнiң мәдени-тұрмыстық комиссиясының шешiмi бойынша: 
      - қарт адам мен мүгедектiң жазбаша өтiнiшiмен, олардың басында баспанасы болып, өзiн өзi асырай алатын жағдайда немесе жұмыс iстейтiн және оны күтiп баға алатын туыстары болған жағдайда; 
      - үшiншi топтағы мүгедек екендiгi белгiлi болғанда; 
      - iшкi тәртiп ережелерiн үнемi бұзған жағдайда шығара алады. 
      29. Интернаттан өз бетiмен шығып кеткен және үш айдан астам уақыт қайтып келмеген қарттар мен мүгедектер мемлекеттiк қамтамасыз етiлуден босатылады және қайтадан жалпы негiздерде ғана орналастырылуы мүмкiн. 
      30. Жақындарына және туысқандарына барып келуiне байланысты шығынды қамқорлыққа алушылар өтемейдi. 
      31. Интернат үйiнен шығарар кезде қарт адамға немесе мүгедекке жеке өзiне берiлген маусымдық киiм-кешектер мен аяқкиiмдер, олардың мекемеде сақталуы тұрған құнды заттары, сондай-ақ интернат үйiнде болған уақыты көрсетiлген анықтама берiледi. 

               4. Интернат үйiне басшылық жасау 

      32. Интернат үйiн Астананың, облыстардың және Алматы қаласының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары тағайындап, босататын директор басқарады. 
      33. Директор интернат үйiнiң жұмысына, оның санитарлық-гигиеналық жағдайына, қарттар мен мүгедектердiң онда ұсталу және оларға күтiм жасалу сапасына, сондай-ақ қамқорлықтағы адамдардың жоғарыда көрсетiлген мекемелер мен кәсiпорындарда мертiгу немесе қазаға ұшырау жағдайлары үшiн жауап бередi. 
      34. Директор интернат үйiнiң атынан сенiм хатсыз-ақ жұмыс iстейдi, мекемелер мен ұйымдарда оның мүддесiн көрсетедi, интернат үйiнiң мүлiктерi мен арнайы құралдарына заң белгiлеген тәртiпте ие болады, келiсiм-шарттар жасасады, сенiмхаттар, соның iшiнде қайта сенiмхаттарын бередi, банктерде интернат үйiнiң есеп шотын ашады. 
      35. Директор еңбек заңына сәйкес интернат үйi бойынша бұйрықтар шығарады, қызметкерлердi жұмысқа қабылдап, жұмыстан шығарады, интернат үйi қызметкерлерiне тәртiпке шақыру жөнiнде жазалар қолданады және оларды жақсы жұмыстары үшiн мадақтайды. 
      Интернат үйiнiң директоры қызметкерлердi қарттар мен мүгедектерге жоғары деңгейде қызмет еткенi және медициналық көмек көрсеткенi, сонда тұратындарға мәдениеттi түрде қызмет еткенi үшiн белгiленген тәртiпте мадақтап, оларға сыйлықақы бередi. 
      Директор интернат үйiнiң қамқорындағыларды, еңбек процесiне белсендi қатысушыларды арнайы қаражат (еңбекпен емдеу шеберханалары, қосалқы шаруашылық) есебiнен мадақтауға құқылы.
      36. Интернат үйiнiң әкiмшiлiгi:
      - үлгiлi ережелерге сәйкес қарттар мен мүгедектер үшiн iшкi тәртiп ережесiн белгiлейдi;
      - тұрғын үй мен мекемелердi бөледi;
      - интернат үйiнде тұратындарға мәдени-тұрмыстық комиссияның және қамқорлық жасаушы кеңестiң қатысуымен тұрмыстық және мәдени қызмет көрсетудi ұйымдастырады.
      37. Интернат үйiнiң жұмысын тексеру, қаржы-шаруашылық жұмысын реквизициялау белгiленген тәртiпте жүргiзiледi, бiрақ жылына бiр реттен аспауға тиiс.

                                                      N 1 Қосымша

       (Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi ресiмдейдi)

___________________________________________________________________
                    (әлеуметтiк қорғау бөлiмi)
Қарт адамнан немесе мүгедектен ____________________________________
___________________________________________________________________
төлқұжаты: сериясы ________N ________________________________берiлдi
тiркелiм жерi _____________________________________________________
Туған жерi: күнi __________айы ___________жылы ____________________
Бiлiмi ____________________________________________________________
Мамандығы _________________________________________________________
Зейнетақы түрi және мөлшерi _______________________________________
Мүгедектiк тобы ___________________________________________________
Қайта куәландыру мерзiмi __________________________________________
Соңғы жұмыс орны __________________________________________________
Тұрғын үй жағдайы _________________________________________________
              (жеке меншiк үй, пәтер, жатақханадағы бөлмесi т.т.)
Ет жақын туыстары бар ма __________________________________________
                         (туысқандық қатысы, жасы, отбасы жағдайы,
___________________________________________________________________
әлеуметтiк мәртебесi, еңбек ақысы, тұратын мекен-жайы)

                            А  Р  Ы  З

     Жалпы үлгiдегi интернат үйiне менi тұрақты (уақытша) тұруға
қабылдауларыңызды өтiнемiн, тұрмыстық ______________________________
                                        (себебi көрсетiлсiн)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
қызмет көрсетуге және бағып-қағуға мұқтажбын
     Интернат үйiне қабылдау, бағу және одан шығару туралы
жағдайлармен оқып таныстым.

     __________________                       _____________________
         (күнi)                                     (қолы)

Төлқұжаты және зейнеткерлiк iс қағазы жөнiндегi мәлiметтi тексердiм
___________________________________________________________________
                (аты-жөнi, қызметi)

199__ж. " "  _______________ арызы тiркелдi.

Маман _________________                    " " _____________199__ж.
          (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады