Қазақстан Республикасындағы биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы Ереже

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 1997 жылғы 29 қыркүйек N 152. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 13 қазанда тіркелді. Тіркеу N 391. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 (V043400) қаулысымен (Қолданысқа ену тәртібін қаулының 2-тармағынан қараңыз).

     Биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметiн лицензиялау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - БҚҰК) Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногындағы биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметiн лицензиялауының, сондай-ақ лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасауды жүзеге асыруының тәртiбiн және шарттарын белгiлейдi.

I. Жалпы ережелер

     1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Z970077_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 көкектегi "Лицензиялау туралы" заң күшi бар N 2200 Z952200_ Жарлығының негiзiнде әзiрлендi.
     2. Биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметiн лицензиялауды биржадан тыс рыноктың лицензия алған баға кесу ұйымдарының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзетiн БҚҰК жүзеге асырады. Аталған тiзiлiмге лицензияны берудiң, тоқтата тұрудың және қайтарып алудың барлық фактiлерi туралы мәлiметтер енгiзiледi.
     3. Биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметтерiн жүзеге асыруларына лицензия (бұдан әрi - лицензия) тұрақты болып табылады.
     4. Лицензия алуға арналған бiлiктiлiк талаптары Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
     5. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын, күшiне енгiзiлген халықаралық келiсiмдерi бар басқа да мемлекеттердiң аумағында қолданылады.

II. Лицензияны берудiң шарттары

     6. Лицензия алуға үмiткер заңды тұлғаға мынадай талаптар қойылады:
     6.1. Өтiнушiнiң штатында БҚҰК берген, қолданылып жүрген бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленген, оның iшiнде бiрiншi санатты (бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) кемiнде үш және екiншi санатты (бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi орындау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) кемiнде екi маман болуы керек.<*>
     Мамандардың мынадай санаттары қолданылып жүрген заңмен белгiленген тәртiпте мiндеттi аттестациялауға жатады:
     а) атқарушы директорлар (басқарушы және оның орынбасарлары);
     б) бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауды және орталық депозитариймен және есеп айырысу жүйесiмен өзара әрекеттестiктi қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң басшылары;
     в) бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауды қамтамасыз ететiн мамандар.
     ЕСКЕРТУ. 6.1-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.04.20. N 30 V990782_ қаулысымен .
     6.2. Қызметiн жүзеге асыру кезiнде лицензиаттың өз капиталының жеткiлiктi деңгейi БҚҰК белгiлеген талаптарға сәйкес болу керек.
     6.3. Өтiнушiде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ережелер әзiрлену керек.
     6.4. Биржадан тыс баға кесу ұйымының қызметi тиiстi түрде жүзеге асырылуы қамтамасыз етiлетiн үй-жай және бағдарламалық-техникалық құралдар болу керек.
     6.5. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есепке алуды және есеп берудi жүргiзуге iшкi бақылау жасаудың бекiтiлген жүйесi болу керек.

III. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар

     7. Лицензия алу үшiн БҚҰК мынадай құжаттар ұсынылуы қажет:
     а) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген үлгi бойынша өтiнiш;
     б) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
     в) барлық өзгерiстерiмен және толықтыруларымен қоса, тiгiлген және нотариальды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
     г) өтiнушiнiң соңғы аяқталған қаржы жылындағы және лицензия алу үшiн БҚҰК-ға құжаттар ұсыну алдындағы тоқсандағы, өтiнушiнiң бiрiншi басшысы (өтiнушiнiң алқалы атқарушы органының басшысы немесе өтiнушiнiң алқалы атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және бас бухгалтерi қол қойған және оның мөрiнiң таңбасымен расталған қаржылық есеп берушiлігін және өтiнушiнiң соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есеп берушілігiне аудиторлық есептi;<*>
     д) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз капиталының есебiн және жарғылық қорды құруды растайтын қаржылық құжаттарды;
     е) 6.3, 6.5-тармақтардың талаптарына сәйкес, тiгiлген және өтiнушiнiң лауазымды тұлғасы қол қойған, биржадан тыс баға кесу ұйымының қызметiн реттейтiн құжаттар (екi дана);
     ж) 6.1-тармақтың тiзбесiне сәйкес мамандардың бiлiктiлiк куәлiктерiнiң көшiрмелерi;
     з) өтiнушiнiң бiлiктiлiк куәлiктерi бар мамандарының еңбек кiтапшаларының көшiрмелерi (олар бар болса) немесе жеке еңбек шарттарының не жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың үзiндi-көшiрмелерiн;<*>
     и) үй-жайлар және пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдар туралы мәлiметтер;
     к) лицензиялық алымды төлегендiгi туралы төлем тапсырысының көшiрмесi.
     Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 62 V001074_ қаулысымен .   
     Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 V011515_ қаулысымен .  
     8. Өтiнушi өзiнiң қызметi туралы ақпаратты қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жария етуге мiндеттi.
     9. Лицензиаттың жоғарыда аталған барлық құжаттарға қол қойған лауазымды тұлғасына ұсынылған құжаттардағы мәлiметтердiң анық еместiгi үшiн заңмен белгiленген жауапкершiлiк жүктеледi.
     10. Құжаттар БҚҰК ұсынылған күннен бастап 30 күн iшiнде қаралады.

IV. Лицензия бергендiк үшiн алым

     11. Лицензиялық алымның мөлшерiн және оны төлеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

V. Лицензияны беруден бас тарту

     12. Егер:
     - субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға заң актiлерiмен тыйым салынса;
     - осы Ереженiң 3-бабына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтiнушi аталған кедергiлердi жойғанда өтiнiшi жалпы негiздерде қаралады;
     - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия бергендiк үшiн алым төленбесе;
     - өтiнушi қолданылып жүрген заңдармен белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе;
     - өтiнушiге қатысты, оған қызметтiң осы түрiмен шұғылдануға тыйым салатын соттың шешiмi болса, лицензия берiлмейдi.
     13. Лицензия беруден бас тартқан кезде өтiнушiге жазбаша түрде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде дәлелдi жауап бередi.
     14. Лицензия берудiң мерзiмдерi бұзылса немесе лицензия беруден бас тартылса өтiнушi бiр ай мерзiмде БҚҰК әрекетi жөнiнде сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

VI. Лицензия беру

     15. Ұсынылған құжаттар қолданылып жүрген заңдардың және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келсе, лицензия берiледi. Лицензия бекiтiлген үлгi бойынша ресiмделедi. Өтiнушiнiң iшкi ережелерiне лицензиялаушы органның штампы қойылады. Аталған ережелердiң бiр данасы өтiнушiге қайтарылады. Екiншi данасы лицензиялаушы органда сақталады.
     16. Лицензия басшыға немесе лицензиаттың уәкiлеттi өкiлiне (сенiмхат негiзiнде) берiледi.

VII. Лицензияны қолдануды тоқтату

     17. Лицензия:
     а) лицензияны қайтарып алған;
     б) лицензия берiлген заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда өзiнiң күшiн тоқтатады.
     18. Лицензияны қолдануды тоқтатуға байланысты даулар сот тәртiбiмен шешiледi.

VIII. Лицензияны қайтарып алу және оны
қолдануды тоқтата тұру

     19. Лицензия:
     а) лицензиядағы талаптарды лицензиат орындамаған;
     б) лицензияны қолдануды тоқтата тұру себептерi жойылмаған;
     в) лицензиатқа оның иеленген лицензия бойынша жүзеге асыратын қызметтiң түрiмен шұғылдануына сот тыйым салған жағдайларда қайтарып алынуы мүмкiн.
     20. Лицензияны қолдану:
     а) лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттарда анық емес ақпараттар анықталған;
     б) осы Ереженiң 29 және 30-тармақтарының талаптары бұзылған;
     в) өз капиталының жеткiлiктi деңгейi БҚҰК белгiлеген талаптарға сәйкес келмеген;
     г) лицензия берiлген сәттен бастап бiр жыл iшiнде, онда көрсетiлген қызмет жүзеге асырылмаған;
     д) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдары бұзылған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
     Лицензиаттың лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы жазбаша ескертпенi алғаннан кейiнгi қызметi заңсыз болып саналады және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапкершiлiкке соғады.
     21. Лицензиар тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып лицензияны қолдануды алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
     22. Лицензияны қолдану тоқтата тұрылған жағдайда лицензиат анықталған заң бұзушылықтарды жоюға мiндеттi, одан кейiн лицензияны қолдану БҚҰК жазбаша ескертпесi бойынша жаңаруы мүмкiн.
     23. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда, лицензиат ресми жазбаша ескертпе алған сәттен бастап он күн iшiнде лицензияны БҚҰК қайтару керек.
     24. БҚҰК лицензияны қайтарып алу немесе қолдануды тоқтата тұру туралы шешiмi жөнiнде сот тәртiбiмен шағымдануға болады.

IХ. Лицензиялық ережелердiң сақталысына
бақылау жасау

     25. Лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасауға:
     а) лицензиаттардың қызметiне және қызметтерiнiң iшкi ережелерiне олардың қолданылып жүрген заңдармен қызметтiң осы түрiне қойылатын талаптарға сәйкестiлiгiн тексеру;
     б) лицензияда көрсетiлген талаптарға лицензиаттың қызметiнiң сәйкестiлiгiн тексеру;
     в) есепке алудың есеп берудiң және ұсынылатын талаптарға бақылау жасаудың жайын тексеру кiредi.
     26. Бақылау жасауды мерзiмдiлiк және лицензиаттарды тексерiстермен қамту көзделетiн берiлген күнтiзбелiк жұмыс жоспары бойынша БҚҰК жүзеге асырады.
     27. Қолданылып жүрген заңды лицензиаттың бұзғандығы туралы ақпараттар келiп түскен жағдайда жоспардан тыс тексерiстер жүргiзiлуi мүмкiн.
     28. Тексерiстердiң нәтижелерi актiмен ресiмделедi.
     29. Лицензиаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарымен белгiленген тәртiпте БҚҰК есептер беруi, сондай-ақ осы Ереженiң 7, 8-тармақтарына сәйкес лицензиялауға ұсынылған құжаттардағы өзгерiстер туралы он күндiк мерзiмде БҚҰК жазбаша нысанда ескертуi керек.
     30. БҚҰК талап етуi бойынша лицензиаттар лицензияда көрсетiлген қызмет туралы барлық қажеттi ақпаратты сұрауды алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде беруге мiндеттi. Айрықша жағдайларда БҚҰК ақпараттар берудiң мерзiмiн ұзартуға құқылы.
     БҚҰК әрекетi жөнiнде сот тәртiбiмен шағым жасауға лицензиаттың құқығы бар.

Положение о порядке лицензирования деятельности котировочных организаций внебиржевого рынка в Республике Казахстан

Утверждено Постановлением Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 29 сентября 1997 г. N 152. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 октября 1997 г. N 391. Утратило силу - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 декабря 2004 года N 373 (V043400)

      Положение "О порядке лицензировании деятельности котировочных организаций внебиржевого рынка" (далее - Положение) устанавливает порядок и условия лицензирования Национальной комиссией Республики Казахстан по ценным бумагам (далее - НКЦБ) деятельности котировочных организаций внебиржевого рынка на рынке ценных бумаг в Республике Казахстан, а также осуществления контроля за соблюдением лицензионных правил.

                          I. Общие положения

      1. Настоящее Положение разработано на основе Гражданского кодекса Республики Казахстан K941000_  (общая часть), Закона Республики Казахстан от 5 марта 1997г. Z970077_  "О рынке ценных бумаг", Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 17 апреля 1995 г. N 2200 Z952200_  "О лицензировании".
      2. Лицензирование деятельности котировочных организаций внебиржевого рынка осуществляется НКЦБ, которая ведет единый реестр котировочных организаций внебиржевого рынка, получивших лицензии. В указанный реестр включаются сведения о всех фактах выдачи, приостановления действия, прекращения действия и отзыва лицензий.
      3. Лицензия на осуществление деятельности котировочными организациями внебиржевого рынка (далее - Лицензия) является постоянной.
      4. Квалификационные требования для получения лицензии определяются законодательством Республики Казахстан.
      5. Действие лицензии распространяется на всей территории Республики Казахстан, а также на территории других государств при наличии вступивших в силу международных соглашений, участником которых является Республика Казахстан.

                     II. Условия выдачи лицензии

      6. К юридическому лицу, претендующему на получение лицензии, предъявляются следующие требования:
      6.1. Наличие в штате заявителя специалистов, которые обладают действующими квалификационными свидетельствами, выданными НКЦБ, в том числе первой категории (с правом допуска к выполнению работ по заключению сделок с ценными бумагами) - не менее трех и второй категории (с правом допуска к выполнению работ по исполнению и регистрации сделок с ценными бумагами) - не менее двух.
      Обязательной аттестации в установленном действующим законодательством порядке подлежат следующие категории специалистов:
      а) исполнительные директора (управляющий и его заместители);
      б) руководители подразделений, обеспечивающих заключение сделок с ценными бумагами и взаимодействие с центральным депозитарием и расчетной системой;
      в) специалисты, обеспечивающие заключение сделок с ценными бумагами. <*>
      Сноска. Пункт 6.1 - с изменениями и дополнениями, внесенными постановлением НКЦБ РК от 20.4.99г. N 30 V990782_  .
      6.2. Уровень достаточности собственного капитала лицензиата при осуществлении деятельности должен соответствовать требованиям, установленным НКЦБ.
      6.3. У заявителя должны быть разработаны внутренние правила в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      6.4. Наличие помещения и программно-технических средств, надлежащим образом обеспечивающих осуществление деятельности котировочной организации внебиржевого рынка.
      6.5. Наличие утвержденной системы внутреннего контроля за информационными потоками и документооборотом, ведением учета и отчетности.

         III. Документы, необходимые для получения лицензии

      7. Для получения лицензии необходимо представить в НКЦБ следующие документы:
      а) заявление по форме, установленной Правительством Республики Казахстан;
      б) копию свидетельства о государственной регистрации юридического лица;
      в) копии учредительных документов со всеми изменениями и дополнениями, прошитые и нотариально удостоверенные;
      г) финансовую отчетность заявителя за последний завершенный финансовый год и на конец последнего квартала, предшествующего представлению документов в НКЦБ для получения лицензии, подписанную первым руководителем (руководителем коллегиального исполнительного органа заявителя или лица, единолично осуществляющего функции исполнительного органа заявителя) и главным бухгалтером заявителя и заверенную оттиском его печати, и аудиторский отчет к финансовой отчетности заявителя за последний завершенный финансовый год;
      д) расчет собственного капитала в соответствии с действующим законодательством и финансовые документы, подтверждающие формирование уставного капитала;
      е) документы, регламентирующие деятельность котировочной организации внебиржевого рынка согласно требованиям пунктов 6.3, 6.5, прошитые и подписанные должностным лицом заявителя (в двух экземплярах);
      ж) копии квалификационных свидетельств специалистов согласно перечня пункта 6.1;
      з) копии трудовых книжек (при их наличии) или индивидуальных трудовых договоров либо выписок из приказов о приеме на работу специалистов заявителя, имеющих квалификационные свидетельства;
      и) сведения о помещениях и используемых программно-технических средствах;
      к) копии платежных поручений об оплате лицензионного сбора. <*>
      Сноска. Пункт 7 - с изменениями и дополнениями, внесенными постановлением НКЦБ РК от 26.02.2000 N 62 V001074_ ; постановлением НКЦБ РК от 20 апреля 2001 года N 106 V011515_  .
      8. Заявитель обязан раскрывать информацию о своей деятельности в соответствии с действующим законодательством.
      9. Должностные лица лицензиата, подписавшие все перечисленные выше документы, несут установленную законом ответственность за недостоверность данных, содержащихся в представленных документах.
      10. Документы рассматриваются в течение 30 дней с момента представления их в НКЦБ.

                     IV. Сбор за выдачу лицензии

      11. Размер лицензионного сбора и порядок его уплаты определяются законодательством Республики Казахстан.

                      V. Отказ в выдаче лицензии

      12. Лицензия не выдается, если:
      - осуществление определенного вида деятельности запрещено для данной категории субъектов законодательными актами;
      - не представлены все документы согласно перечня, указанного в статье 3 настоящего Положения. При устранении заявителем указанных препятствий заявление рассматривается на общих основаниях;
      - не внесен сбор за выдачу лицензии в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      - заявитель не отвечает установленным в соответствии с действующим законодательством квалификационным требованиям;
      - в отношении заявителя имеется решение суда, запрещающее ему занятие данным видом деятельности.
      13. При отказе в выдаче лицензии заявителю выдается мотивированный ответ в письменном виде в сроки, установленные для выдачи лицензии.
      14. При нарушении сроков выдачи лицензии или отказе в выдаче лицензии заявитель вправе в месячный срок обжаловать действия НКЦБ в судебном порядке.

                        VI. Выдача лицензии

     15. Лицензия выдается при соответствии представленных документов требованиям действующего законодательства и настоящего Положения.
     Лицензия оформляется по утвержденной форме. На внутренних правилах заявителя ставится штамп лицензирующего органа. Один экземпляр указанных правил возвращается заявителю. Второй экземпляр хранится в лицензирующем органе.
     16. Выдача лицензии производится руководителю или уполномоченному представителю лицензиата (на основании доверенности).

                 VII. Прекращение действия лицензии

     17. Лицензия прекращает свое действие в случаях:
     а) отзыва лицензии;
     б) реорганизации или ликвидации юридического лица, которому выдана лицензия.
     18. Споры, связанные с прекращением действия лицензии, разрешаются в судебном порядке.

         VIII. Отзыв лицензии и приостановление ее действия

      19. Лицензия может быть отозвана в случаях:
      а) неисполнения лицензиатом требований, содержащихся в лицензии;
      б) неустранения причин, по которым лицензиар приостановил действие лицензии;
      в) запрещения судом лицензиату заниматься тем видом деятельности, на осуществление которого он обладает лицензией.
      20. Действие лицензии может быть приостановлено в следующих случаях:
      а) выявления недостоверной информации, содержащейся в документах, представленных для получения лицензии;
      б) нарушения требований пунктов 29 и 30 настоящего Положения;
      в) несоответствия уровня достаточности собственного капитала требованиям, установленным НКЦБ;
      г) неосуществления деятельности, указанной в лицензии в течение одного года с момента ее выдачи;
      д) нарушения законодательства Республики Казахстан о рынке ценных бумаг.
      Деятельность лицензиата после получения письменного уведомления о приостановлении действия лицензии считается незаконной и влечет ответственность, установленную законодательством Республики Казахстан.
      21. Лицензиар вправе приостановить действие лицензии на срок до шести месяцев с указанием причины приостановления.
      22. В случае приостановления действия лицензии лицензиат обязан устранить выявленные нарушения, после чего действие лицензии может быть возобновлено по письменному уведомлению НКЦБ.
      23. В случае отзыва лицензии, лицензиат обязан в течение десяти дней с момента получения официального уведомления возвратить лицензию в НКЦБ.
      24. Решение НКЦБ об отзыве или приостановлении действия лицензии может быть обжаловано в судебном порядке.

           IХ. Контроль за соблюдением лицензионных правил

      25. Контроль за соблюдением лицензионных правил включает:
      а) проверку деятельности и внутренних правил деятельности лицензиатов на их соответствие предъявляемым действующим законодательством требованиям к данному виду деятельности;
      б) проверку соответствия деятельности лицензиата требованиям, указанным в лицензии;
      в) проверку состояния учета, отчетности и контроля предъявляемым требованиям.
      26. Контроль осуществляется НКЦБ по утвержденному календарному плану работ, предусматривающему периодичность и охват проверками лицензиатов.
      27. В случае поступления информации о нарушениях лицензиатом действующего законодательства возможно проведение внеплановых проверок.
      28. Результаты проверки оформляются актом.
      29. Лицензиаты должны предоставлять отчеты НКЦБ в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан о рынке ценных бумаг, а также в письменной форме в десятидневный срок уведомлять НКЦБ об изменениях в документах, представленных на лицензирование, согласно пунктов 7, 8 настоящего Положения.
      30. По требованию НКЦБ лицензиаты обязаны предоставить всю необходимую информацию об указанной в лицензии деятельности в течение десяти рабочих дней с даты получения запроса. В исключительных случаях НКЦБ вправе продлить срок предоставления информации.
      Лицензиат имеет право обжаловать действия НКЦБ в судебном порядке.