Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 62 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 9 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1074. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 (V043400) қаулысымен (Қолданысқа ену тәртібін қаулының 2-тармағынан қараңыз).

     Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) нормативтiк құқықтық актiлерiн 2000 жылғы 01 қаңтардан бастан күшiне енгiзiлген "Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы заңының 13-тармағына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағының 3) тармақшасының негiзiнде Ұлттық комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

     1. Ұлттық комиссияның мынадай нормативтiк құқықтық актiлерiне толықтырулар енгiзiлсiн:
     1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 13 қазанда 389 нөмiрмен тiркелген "Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының, биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы" 1997 жылғы 29 қыркүйектегi N 152 қаулыға (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., II том, 118-бет):
     Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 13 қазанда 390 нөмiрмен тiркелген және жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының қызметін лицензиялаудың тәртiбi туралы ережеге (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., II том, 122-бет; "Рынок және құқық". "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 1999 ж., N 7(8), 5-бет):
     7-тармақта:
     з) тармақшасы "кiтапшаларының" деген сөзден кейiн "(олар бар болса) немесе жеке еңбек шарттарының не жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың үзiндi-көшiрмелерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
     Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 13 қазанда 391 нөмiрмен тiркелген және жоғарыда аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы ережеге (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., II том 125-бет; "Рынок және құқық". "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 1999 ж., N 7(8), 5-бет):
     7-тармақта:
     з) тармақшасын "кiтапшаларының" деген сөзден кейін "(олар бар болса) немесе жеке еңбек шарттарының не жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың үзiндi-көшiрмелерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
     2) күші жойылды ;
     3) "Инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялаудың, бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың уақытша ережелерiн және Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтердi есептеудiң және қолданудың тәртiбi туралы уақытша нұсқаулығын бекiту туралы" 1998 жылғы 12 маусымдағы N 7 қаулыға (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., II том, 199-бет):
     Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 29 маусымда 528 нөмірмен тiркелген және жоғарыда аталған қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті лицензиялаудың уақытша қағидаларына (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., II том, 142-бет):
     5-тармақта:
     14) тармақшасы "кiтапшаларының" деген сөзден кейiн "(олар бар болса) немесе жеке еңбек шарттарының не жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың үзiндi-көшiрмелерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
     Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 29 маусымда 529 нөмiрмен тiркелген және жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген Инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялаудың уақытша қағидаларына (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., II том, 200-бет):
     6-тармақта:
     13) тармақшасы "кiтапшаларының" деген сөзден кейiн "(олар бар болса) немесе жеке еңбек шарттарының не жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың үзiндi-көшiрмелерiн" деген сөздермен толықтырылсын.
     Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177 қаулысымен .

     2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.

     3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарына жеткiзсiн.

     4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектісі ретiндегi қызметiн, бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның назарына жеткiзсiн.

     5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
     1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногындағы тиiстi қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензия алуға ниет бiлдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
     2) Осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

     Ұлттық комиссияның Төрағасы
     Комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады