Облыс аумағында азаматтардың жекелеген санаттарына автобустарда тегiн жол жүру жеңiлдiктерiн беру және оларға байланысты шығындарды өтеу тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі № 471 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1997 жылғы 05 мамырда № 9 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 1365 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 527 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына автобустарда тегін жол жүру жеңілдіктерін беру және оларға байланысты шығындарды өтеу тәртібі бекітілсін /қоса беріліп отыр/.

      2. Аудан және Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық өнеркәсіп, көлік және сауда, қаржы басқармалары, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ба басқармасы осы бекітілген тәртіптің сақталуына бақылау орнатуды қамтамасыз етсін.

      Әкім Б. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады