Шағын өлшемді кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) тіркеу, есепке алу және техникалық қадағалау және кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына аттестаттау ЕРЕЖЕЛЕРІ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН 1998 жылғы 10 тамыз N 172. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 1 қыркүйек N 593 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 14 наурыздағы N 99-І бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шағын өлшемді кемелер жөніндегі инспекциясының міндеттері мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясына тапсыруын қарастыратын "Қазақстан Республикасының Шағын өлшемді кемелері жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10.02. N 88 Қаулысының  негізінде БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы су қоймаларында, ішкі теңіз және аумақтық суларда шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін белгілейтін мына ережелер мен нұсқаулықтар бекітілсін:
      - шағын өлшемді кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) тіркеу, есепке алу мен техникалық қадағалау және кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына аттестаттау Ережелері;
      - шағын өлшемді кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану Ережелері;
      - шағын өлшемді кемелерді тіркеу тәртібі туралы нұсқаулық;
      - техникалық қадағалау бойынша нұсқаулық;
      - Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының қадағалауындағы шағын өлшемді кемелердің, олардың база-тұрақтарының, өткелдердің күйін бағалау бойынша нұсқаулық;
      - Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының қадағалауындағы шағын өлшемді кемелермен апаттық оқиғаларды есепке алу бойынша нұсқаулық;
      - кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына аттестаттау бойынша нұсқаулық;
      - Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының кемелерін пайдалану бойынша нұсқаулық;
      - шағын өлшемді кемелерді жүргізушілерді әзірлеу бойынша курстарды тіркеу және кемелер жүргізушілерді оқытуда бақылау-әдістемелік қадағалауды жүргізу бойынша нұсқаулық.
      Көлік инспекциясы (С.Ш. Есенов) және заңгерлік жұмыс бөлімі (О.Е. Ахметжанов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін нормативтік құқықтық актілерді белгіленген тәртіпте ұсынсын.

      Министрдің м.а.

Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы үшін Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының қадағалауындағы кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) тіркеу, есепке алу, борт нөмірлерін беру, техникалық қадағалау тәртібін, сондай-ақ кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына аттестаттау тәртібін белгілейді.
      Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының қадағалауындағы кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) тіркеуге, есепке алуға, борт нөмірлерін беруге, техникалық қадағалауға, осындай кемелерді жүргізушілерді аттестаттауға қатысты нұсқаулықтар және өзге нормативтік актілер осы Ережелердің талаптарында негізделуі тиіс.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының тіркеуіне, есепке алуына және техникалық қадағалауына мына кемелер жатады:
      - меншік түріне қатыссыз заңды тұлғаларға тиесілі 75 а.к. қуатты басты қозғалтқыштары бар өзі жүзетін кемелер және жалпы сыйымдылығы 80 регистрлік тоннадан кем өз бетімен жүзбейтін кемелер (мемлекеттік әскери кемелерден, ІІМ органдары кемелерінен, сондай-ақ спорт кемелерінен басқа);
      - азаматтарға тиесілі моторлы кемелер (қозғалтқыш қуатына қатыссыз), желкенді кемелер және өз бетімен жүзбейтін кемелер, ескіш қайықтар, байдаркалар мен жүк көтергіштігі 100 және одан көп килограмм үрмелі кемелер.
      Шекаралық аумақта, сондай-ақ Мемлекеттік шекараға іргелес қалалық, поселкелік, ауыл әкімшіліктерінің аумағында және шекаралық аумақ белгіленбеген шекаралық әскермен күзетілетін жағалауда шағын өлшемді кемелердің жүзуіне мына кезде рұқсат етіледі:
      - осы кемелерді шекаралық әскер бөлімшелерінде белгіленген тәртіпте тіркеген кезде, бұл туралы кеме билетінде арнайы мөртабан қойылады;
      - шекаралық әскермен келісілген шағын өлшемді кемелердің тұрағы үшін белгіленген базаларда (құрылыстарда) кемелерді тіркеу кезінде.
      3. Кемелерді тіркеу және техникалық куәландыру, кеме жүргізушілерді аттестаттау және білімін тексеру үшін және Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясымен орындалатын басқа жұмыстар үшін төлем Қазақстан Республикасының Мемлекеттік баға және монополияға қарсы саясат комиссиясымен бекітілген анықтамалыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Осы Ережені бұзған тұлғалар қолданылатын заңдарға сәйкес жауап береді.

Кемелерді тіркеу

      5. Заңды тұлғалар меншік түріне қатыссыз облыстардың Көлік инспекцияларында оларға тиесілі кемелерді, техникалық күйіне қатыссыз, сатып алу (алу), құру немесе оларды қайта тіркеуге әкеп соқтыратын жағдайлардың пайда болу сәтінен бастап, техникалық күйіне, жыл мезгіліне және кеменің тұрақтану орнына қатыссыз, 10 тәулік ішінде тіркеуге (қайта тіркеуге) міндетті.
      6. Кемелер заңды тұлғаларға олардың тұрақты орны бойынша тіркеледі. Азаматтардың жеке меншігіндегі кемелер иесінің атына оның тұрақты тіркелім орны бойынша тіркеледі.
      7. Кемелерді тіркеу немесе есепке қою кезінде оның иесі немесе осыған сенімхаты бар тұлға төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын құжат көрсетуге міндетті.
      8. Кемелерді тіркеу мыналарды көрсетуі бойынша жүргізіледі:
      - кеменің негізгі техникалық мәліметтері, оның тұрағының орны, атауы және заңды мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты жері, жеке иесінің жұмыс орны көрсетілетін иесінің жазбаша өтінішін;
      - кемелерді немесе, егер кеме өз күшімен құрылған болса, материалдарды алуының немесе сатып алуының заңдылығын растайтын құжаттар (есептер, дүкендердің тауарлық чектері, материалдарға анықтамалар, алу-сату шарттары, сыйға беру актілері, мұраға алуы туралы куәліктер, сот шешімдер және т.т.);
      - бастапқы техникалық куәландыру және кемені тіркеу үшін төлемі туралы, сондай-ақ кеме иелерінен тұрғылықты жері (тіркелімі) бойынша белгіленген мемлекеттік алымды төлеуі туралы түбіртекті;
      - зауытта құрылған кеменің техникалық төлқұжаты және оларды сатуы жөнінде сататын ұйымның белгісімен қозғалтқыштың техникалық төлқұжатын, ал жеке құрылған немесе қайта жабдықталған кемелер үшін - бөлшектерді (материалдарды) сатып алғанын растайтын құжаттар және Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының техникалық талаптарына сәйкес кемені құруға техникалық құжаттаманы.
      9. Өзі жүзетін кемені тіркегенде оған борттық нөмір беріледі және кеме иесіне кеме билеті тапсырылады. Берілген борттық нөмір орыс әліпбиінің үш әрпінен (литерінен) төрт саннан құрылады. Бірінші әріп - "К" Қазақстан Республикасына қатыстылығын білдіреді, екіншісі және үшіншісі Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясымен белгіленген тәртіпте орнатылады және тіркеу облысын, қаласын білдіреді. Сандар кеме кітабындағы тіркеудің реттік нөміріне сәйкес болады. Әрбір серия 0001-ден 9999-ға дейінгі төртбелгілі сандардан құрылады және флоттың 9999 бірлігін қамтиды.
      Жалға берілетін, ескіш және желкенді қайықтарға бояудың түстері, бір әріптен литера және реттік нөмір белгіленеді.
      10. Борттық нөмір кеменің екі бортында да форштевеннен корпус ұзындығының 1/4 қашықтықта қарама-қарсы түсті бояумен бір жолға
түсіріледі. Әріптер мен сандардың биіктігі кемінде 100-150 мм, әріптер мен сандар сызығының ені кемінде 15-20 мм болуы тиіс.
      11. Кемелерді тіркеу 18 жасқа толған тұлғалардың атына, мұра бойынша ауысқан кемелерден басқа, жүргізіледі. Кемені 18 жасқа толмаған мұрагерге тіркегенде тіркеу карточкасында ата-анасының немесе қорғанышының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі және ата-анасының немесе қорғаншы органдарының келісімінсіз есептен алуға тыйым салынатыны туралы жазу жасалады.    

Кемелерді қайта тіркеу

      12. Кемелерді қайта тіркеу мына жағдайларда жүргізіледі:
      - иесінің тұрғылықты жерінің өзгеруі (кәсіпорынның басқа орынға көшуі);
      - қатыстылығының (иесінің) өзгеруі;
      - кемені қайта жабдықтау салдарынан кеме билетіне енгізілген техникалық мәліметтердің өзгеруі.
      13. Кемелерді қайта тіркеу кеме билеті және төлқұжаты немесе оны алмастыратын басқа құжат иесінің жазбаша өтінішінің негізінде жасалады.
      14. Кемелерді қайта тіркеу кезінде иесіне кемеге жаңа борттық нөмір берумен жаңа кеме билеті беріледі.
      15. Кемелерді қайта тіркеу тіркеу құнын кеменің жүзуге жарамдылығын техникалық куәландыруды төлегені жөнінде түбіртекті көрсету бойынша жүргізіледі.
      16. Кеме билетін жоғалтқанда, бүлдіріп алғанда кеме иесіне кеменің жүзуге жарамдылығын кезектен тыс техникалық куәландырудан және белгіленген алымды төлегеннен кейін оның өтінішінің негізінде кеме билетінің көшірмесі беріледі.

Кемелерді есепке алу

      17. Кемелерді тіркеу және қайта тіркеу кезінде олар туралы барлық қажетті мәліметтер кеме кітабына (реестрге) жазылады.
      18. Кеме кітаптары (реестр) заңды және жеке тұлғаларға тиесілі моторлы және ескіш кемелерге жеке жүргізіледі.
      Кеме кітаптары (реестр) өндірістік мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бекітілген нысандар бойынша жүргізіледі.
      19. Әрбір тіркелген кемеге тіркеу карточкасы ашылады.
      20. Республикаға, облысқа уақытша келген кемелер кеме кітабына (реестрге) кіргізілмейді.

Кемелерді есептен шығару

      21. Кемелерді есептен шығару мына жағдайларда иесінің жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі: кеме иесінің ауысуы (бір баланстан екінші балансқа тапсыру, сату, сыйға беру, мұраға алу), актімен немесе басқа құжатпен расталған иесінің жаңа тұрғылықты жерге көшуі, кеменің толық тозуы, кеменің күйреуі.
      22. Иесінің жаңа тұрғылықты жерге көшуіне байланысты кемелерді есептен шығару кезінде кеме билетінде есептен алу туралы белгі соғылады және кеме кітабында тиісті жазумен борттық нөмір жойылады. "Өтелген" мөртабаны бар кеме билеті иесіне кемені тіркеу үшін қайтарылады.
      23. Иесінің ауысуына байланысты есептен шығару кезінде "Өтелген" мөртабаны бар кеме билеті кемені тұрақты орны немесе жаңа иесінің тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін жаңа иесіне беріледі.
      24. Толық техникалық тозуға бола кемені есептен шығару арнайы техникалық қарау акті бойынша жүргізіледі, ал оның күйреуіне байланысты кемені есептен шығару кезінде кеме кітабында және тіркеу карточкасында тиісті жазулар жасалады. Осындай жағдайларда кеме билеті жойылады және Инспекцияда сақталады.
      25. Есептен шығарылған кеменің борттық нөмірі бес жыл ішінде ешқандай жүзу құралына берілмейді.
      26. Тұрақты тіркеу орнын өзгертусіз уақытша басқа республикаларға, облыстарға шығатын немесе жалға берілетін заңды және жеке тұлғалардың кемелері есептен шығарылмайды.

Кемелерді техникалық қадағалау

      27. Кемелерді техникалық қадағалау және оларды жіктеу Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясының қолданылатын стандарттарына, нормативтері мен талаптарына сәйкес жүргізіледі және ҚР Көлік инспекциясының су көлігі мамандығы бойынша орта немесе жоғарғы білімі бар қызметкерлерімен жүзеге асырылады.
      Техникалық қадағалау жүзуге жарамдылығына техникалық бастапқы және жыл сайынғы куәландырудан және ҚР Көлік инспекциясының кемелерді арнайы қарауларынан құрылады.
      28. Жүзуге жарамдылығына бастапқы техникалық куәландыру кезінде жүзу ауданы, кеме жүзуі мүмкін толқын биіктігі, қозғалтқыштардың шекті қуаты мен саны, желкендердің рұқсат етілетін ауданы, жүк көтергіштігі, жолаушы сыйымдылығы, суда отыруы, су бетіндегі ең аз борты бойынша пайдалану қауіпсіздігінің шарттары мен нормалары белгіленеді; кеменің құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал оттарымен, навигациялық және басқа жабдықпен жабдықталуы қалыптастырылады.
      Жүзуге жарамдылығына жыл сайынғы техникалық куәландыру кезінде кеменің негізгі элементтерінің өзгертілмегені, оның техникалық күйі, белгіленген нормаларға сәйкес жабдықтар мен құралдардың бар-жоғы тексеріледі, пайдалану шарттары нақтыланады және кеме билетінде белгі соғылады немесе кеменің жүзуге жарамдылығын анықтайтын орындалуға міндетті шарттар мен нормалар жазылатын акті құрылады.
      Сонымен қатар кеме иелері кеме билетін, кемені жүргізу құқығына куәлігін, шағын өлшемді кемелердің жеке иелерімен тұрғылықты жері (тіркелімі) бойынша белгіленген алымды төлеуі туралы түбіртекті көрсетуге міндетті.
      29. Кемелерді техникалық кезектен тыс қараулар апат, құрылу, қайта жабдықтау, жөндеу және т.т. кезінде жүргізіледі.
      30. Жүзуге жарамдылығына техникалық бастапқы және жыл сайынғы Жүзуге жарамдылығына техникалық пен кемелерді кезектен тыс қараулар инспекциямен белгіленген мерзімдерде заңды және жеке тұлғалардың тұрақты орны немесе жеке иесінің тұрғылықты жері (тіркелімі) бойынша жүргізіледі.
      31. Кейбір жағдайларда жүзуге жарамдылығына кезекті жыл сайынғы техникалық куәландыруларға дейін кемінде 2 ай бұрын кеме тіркелген инспекцияның аумақтық органымен жүзуге жарамдылығына техникалық куәландыруларды кеменің уақытша пайдалану және тұрақтану орны бойынша өткізуге рұқсат берілуі мүмкін.

Кемелердің тұрағы үшін базаларды
(құрылыстарды) техникалық куәландырулар

      32. Кемелердің тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) техникалық куәландырулар ҚР Көлік инспекциясының қолданылатын стандарттарына, нормативтері мен талаптарына сәйкес қауіпсіз пайдалану және қоршаған ортаны қорғау шарттары мен нормаларын анықтау үшін жыл сайын жүргізіледі.
      33. Базаларды (құрылыстарды) техникалық куәландырулар кезінде олардың құрылуының заңдылығы, техникалық құжаттама, жағалау және жүзетін құрылыстардың техникалық күйі, жағалау аумағы, отындар үшін қоймалар, акватория, құтқару постары мен шығару тәртібінің ұйымдастырылуы, өртке қарсы, судан қорғану жабдықтарымен және тиісті құрылғылармен жабдықталғаны тексеріледі.
      34. Базаларды (құрылыстарды) техникалық куәландырулардың қорытындылары тиісті актімен ресімделеді.

Кеме жүргізушілерді кемелерді жүргізу
құқығына аттестаттау және білімін тексеру

      35. Кеме жүргізушілерді ҚР Көлік инспекциясының қадағалауындағы моторлы және желкенді кемелерді жүргізу құқығына аттестаттау олардың тұрақты тұрғылықты жері бойынша емтихандардың негізінде жүргізіледі. Емтиханның қорытындысы емтихандық комиссияның хаттамасымен ресімделеді.
      36. Өндірістік емес мақсат үшін кемелерді дербес жүргізу құқығына емтихан тапсыруға 18 жасқа толған, белгіленген тәртіпте осы кемелерді жүргізуге денсаулығы бойынша жарамды танылған, арнайы теориялық әзірлігі бар және шағын өлшемді кемелерді жүргізушілерді дайындау бойынша жалпыодақтық бағдарламаға сәйкес кемелерді жүргізу бойынша сынау мерзімін өткен тұлғалар жіберіледі.
      37. Шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына емтихан тапсыруға кіру үшін мына құжаттар ұсынылады:
      - кеме жүргізушінің белгіленген үлгідегі жеке өтініші (карточкасы);
      - емтихан тапсырушының денсаулығы бойынша шағын өлшемді кемені жүргізуге жарамдылығы жөнінде медициналық анықтама;
      - теориялық әзірлігі және кемелерді жүргізу бойынша сынау мерзімін (тәжірибеден) өткені жөнінде құжаттар;
      - емтихандарды қабылдау үшін бағалардың қолданылатын анықтамалығына сәйкес төлем жасағаны туралы түбіртек;
      - 3х4 өлшемді үш фотосурет.
      38. Емтихандық комиссияның құрамына ҚР Көлік инспекциясының қызметкерлері және су көлігі мамандығы бойынша жоғарғы орта немесе білімі бар білікті мамандар кіргізіледі, соның ішінде:
      - Ішкі кеме жүзу жолдары бойынша жүзу ережелері, өзен лоциясы, өзендерде, көлдерде және су қоймаларында шағын өлшемді кемелерді техникалық пайдалану және жүргізу бойынша - "Өзенде кеме жүргізу" мамандығы бойынша инженерлер мен техниктар кеме жүргізушілер;
      - Халықаралық кемелердің теңізде соқтығысуының алдын алу ережелері, навигация, теңіз лоциясы, Қазақстан Республикасының аумақтық суларында шағын өлшемді кемелерді техникалық пайдалану және жүргізу бойынша - "Теңізде кеме жүргізу" мамандығы бойынша инженерлер мен техниктар кеме жүргізушілер.
      39. Емтихандық комиссия мүшелерінің сандық құрамы кемінде 3 адам.
      40. Емтихандар мына тәртіптер бойынша тапсырылады:
      - кеме жүргізу (лоция, навигация, гидрометеорология);
      - кеме практикасы (навигациялық қасиеттер және шағын өлшемді кемелерді жүргізу), Ішкі кеме жүзу жолдары бойынша жүзу ережелері, Шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану ережелері;
      - адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қоса кеменің құрылғысы және техникалық пайдалану.
      41. Әрбір тәртіп бойынша емтихандар Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясымен белгіленген талаптарға сәйкес кеме санатына, қозғалтқыш қуатына, желкендер аудандарына және жүзу ауданына қатысты шағын өлшемді кемелерді жүргізушілерді дайындау бойынша жалпыодақтық бағдарлама көлемінде мәселелер кешенін қамтуы тиіс.
      42. Бір тәртіптен "сынақтан өтпеді" алған тұлғалар басқа тәртіптер бойынша емтихандар тапсыруды бұдан әрі жалғастыруы мүмкін емес. Тапсырылмаған тәртіптер бойынша емтихандарды 7 күннен ерте тапсыру рұқсат етілмейді.
      43. Емтихандық комиссия қорытындысының негізінде емтиханды тапсырған тұлғаларға кеменің санатын, қозғалтқыштың қуатын, желкендердің аудандарын және жүзу ауданын көрсетумен шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік беріледі.
      Ескерту: шағын өлшемді кемелерді жүргізуде практикалық өтілі жоқ тұлғаларға қуаты 25 а.к. дейін кемелерді жүргізу құқығына куәлік беріледі.
      Қозғалтқышы қуаттылау, желкендерінің аудандары үлкенірек немесе басқа жүзу ауданымен басқа санаттағы шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына ұсыну білімін қосымша тексергеннен кейін және жүзуге рұқсаты бар болғанда жүргізіледі.
      Шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікке ескерту талоны беріледі.
      44. Куәлікте жүзу ауданы бағдарламаның теңіз немесе өзен тәртіптері бойынша оның емтихандар тапсыруы қорытындысымен мына түрде анықталады:
      - егер емтихан тапсырушы шағын өлшемді кемелерді теңізде жүргізу жөніндегі тәртіп бойынша емтихан тапсырса, онда оған Халықаралық кемелердің теңізде соқтығысуының алдын алу ережелері қолданылатын аумақтық суларда және ішкі суларда кемелерді жүргізу құқығы беріледі, бұл жағдайда куәлікте "МП" белгісі соғылады.
      - егер емтихан тапсырушы Қазақстан Республикасының ішкі кеме жүзу жолдары бойынша жүзу ережелері қолданылатын ішкі кеме жүзу жолдарында шағын өлшемді кемелерді жүргізу үшін тәртіп бойынша емтихан тапсырса, онда бұл жағдайда куәлікте "ВВП" белгісі соғылады;
      - егер емтихан тапсырушы шағын өлшемді кемелерді аумақтық суларда және ішкі суларда жүргізу үшін тәртіп бойынша емтихан тапсырса, онда бұл жағдайда куәлікте "МП" және "ВВП" екі белгі соғылады;
      - егер емтихан тапсырушы ішкі кеме жүзу жолдарының тізбесіне кірмейтін ішкі суларда кемені жүргізуге емтихан тапсырса, онда куәлікте географиялық шекараларды көрсетумен жүзу ауданын шектеу туралы жазу жасалады және сонда қолданылатын жүзу ережелері туралы белгі соғылады "МП", "ВВПР" - өзен учаскелері үшін және "ВВПО" - көл учаскелері үшін.
      45. Кеме жүргізушілер мамандығының инженерлері мен техниктары, сондай-ақ кеме жүргізушілер кәсібін қоса істейтіндер, кеме жүргізушілер қызметіне орналасуға құқығына күші бар жұмыс дипломдарын (куәліктерін) көрсеткен және олардың көшірмесін тапсырған механиктер шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті әңгімелесуден кейін алады. Сонымен қатар төлем куәлік бланкінің құнына ғана жасалады.
      Теңізде кеме жүргізушінің шағын өлшемді кемелерді ішкі су жолдарында жүргізуге немесе өзенде кеме жүргізушінің осындай кемені теңізде жүргізуге ынтасы болса олармен бағдарламаның сәйкес бөлімдері бойынша әңгімелесу жүргізіледі және рұқсат етілген жүзу ауданы туралы тиісті белгі соғылады.
      46. Кеме жүргізушілердің білімін тексеру (мерзімдік және кезектен тыс) шағын өлшемді кеменің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүргізу дағдысын игергенде жүргізіледі.
      47. Білімін мерзімдік тексеру кеме жүргізушілердің шағын өлшемді кемелерді құқығына білімін растау мақсатымен үш жылда бір рет жүргізіледі.
      48. Білімін кезектен тыс тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:
      - шағын өлшемді кемелерді пайдалану ережелерін дөрекі бұзу жасағаннан кейін;
      - куәлікті немесе ескертулер талонын жоғалтқанда;
      - жүзу ауданын және кемеде орнатылған қозғалтқыштың қуатын өзгерткенде;
      - құқығынан айыру мерзімі біткеннен кейін.
      49. Білімін кезектен тыс тексеру білімін мерзімдік тексеруді алмастырмайды.
      50. Өндірістік мақсаттар үшін қозғалтқыштарының қуаты 75 а.к. кем және жалпы сыйымдылығы 80 регистрлік тоннадан кем шағын өлшемді кемелерді жүргізушілерді аттестаттау және білімін тексеру Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінде
қолданылатын Ережелерге сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады