Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлеуді жүзеге асыру үшін алушылар ұсынған құжаттарды қарау тәртібі туралы нұсқаулық

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің бұйрығымен бекітілген 1998 жылғы 9 маусым N 73-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 2 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 597. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 6-Ө бұйрығымен. ~V001069

      "Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Z970136_ Қазақстан Республикасының 20 маусымдағы Заңына және "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 P971355_ қаулысына сәйкес бұйырамын:
      1. "Зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру үшін алушылар ұсынған

құжаттарды жинақтаушы зейнетақы қорларының қарау тәртібі " туралы 
Нұсқаулық бекітілсін.
     2. Заң бөлімі (Семейская Н.А.) "Зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге 
асыру үшін алушылар ұсынған құжаттарды жинақтаушы зейнетақы қорларының 
қарау тәртібі" туралы Нұсқаулықты мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
     
     Директор
                                                                           
     
  Келісілген:                  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
  ҚР Еңбек және халықты        министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің
  әлеуметтік қорғау министрі   1998 жылғы "9" маусымдағы N 73-П бұйрығымен
  __________________                          бекітілген:



             Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы
            төлеуді жүзеге асыру үшін алушылар ұсынған
                 құжаттарды қарау тәртібі туралы
                           нұсқаулық

      Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдерді жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Z970136_ 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 P971355_ қаулысына сәйкес әзірленген.
      Нұсқаулық алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған құжаттарды қараудың тәртібі мен құжаттардың тізбесін белгілейді.

                           1. Жалпы ереже

      1.1. Алушы немесе оның уәкілеттігі Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес ресімделген сенімді адамы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқы пайда болған күнге дейінгі бір ай бұрын зейнетақы Қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы Қорға өтінішпен баруға құқылы. Қор алушының өтінішін өтініш түскен күннен бастап бір ай мерзім ішінде қарауға тиіс.
      1.2. Қор кез келген жағдайда зейнетақы төлемдерін алуға ұсынылған, осы Нұсқаулықта көзделген барлық құжаттардың сақталуын жүзеге асырады.

         2. Зейнетақы төлемдерін алу үшін ұсынылған құжаттарды
                          қарау тәртібі

      2.1. Зейнетақы төлемдерін алу үшін зейнет жасына келгенде алушы бұрын жасалған зейнетақы шартының негізінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру туралы Қорға өтінішпен барады, зейнет жасына келгенін растау үшін жеке басының куәлігін (төл құжатын), салымшының есеп кітапшасын, зейнетақы шартын көрсетеді.
      2.2. Қазақстан Республикасының зейнетақы Заңдарында белгіленген зейнет жасына келгеннен кейін одан әрі еңбек етіп жүрген алушы (жұмыс істеп жүрген, зейнеткер) жинақталған зейнетақысын алу үшін Қорға өтініш береді, салымшының есеп кітапшасын, зейнетақы шартын және жеке басының куәлігін (төл құжатын) көрсетеді.
      2.3. Қор алушының өтініші негізінде зейнетақы төлемдерін алудың бір айда бір реттен жиі емес кезеңділігін және заң актісі белгілеген айлық есептік көрсеткіштен төмен емес айлық төлемдердің сомасын белгілейді. Жинақталған зейнетақы мөлшері айлық төлемнен кем болған жағдайда, зейнетақы төлемдері бүкіл сомасымен бірден төленеді.
      2.4. Бір алушыға бір ай үшін 36 (отыз алты) айлық есептік көрсеткіштен жоғары зейнетақы сомасын төлегенде, бақылауды жүзеге асыру үшін Компанияға тапсырыспен бірге Ұлттық зейнетақы агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) алушылардың тізімдері мен есептелген күнгі жағдай бойынша олардың жеке шоттарынан үзінді беріледі.
      2.5. Қор зейнетақы төлемдерін салымшылардың банкте ашылған шоттарына төлем тапсырмасымен аудару арқылы жүзеге асыруға құқылы.
      2.6. Қор алушыға төленуге тиісті жинақталған зейнетақы сомасын белгілейді және Компанияға түскен өтініштердің жалпы сомасына қосады. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырғанда, Қор осымен бір мезгілде зейнетақы төлемдерінен ұсталатын табыс салығын аударуға арналған төлем тапсырмасын кастодиан банкке (бұдан әрі - Кастодиан) тапсыруға міндетті.

        3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға
            кеткенде жинақталған зейнетақыны алып тастау үшін
                  тапсырылатын құжаттарды қарау тәртібі

      3.1. Қазақстан Республикасынан басқа елге визалық тәртіп бойынша тұрақты тұруға кетуіне байланысты жинақталған зейнетақыны алып тастау үшін алушы өтініш береді және Қорға зейнетақы шартын, салымшының есеп кітапшасын, сондай-ақ мыналардың нотариус куәландырған көшірмесін көрсетеді:
      1) баратын елдің құзыретті органдарының тұрақты тұруға берген шақыруы (шақырып алуы);
      2) рұқсат берілген жазбасы бар төл құжаты, жазбаға шақыруды рәсімдеген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық және облыстық басқармаларының төлқұжат және визалық жұмыс басқармасының (бөлімінің) лауазымды адамы қол қойып, оны нөмірлі мөрмен бекітіп куәландырады.
      3.2. Қазақстан Республикасынан тыс басқа елге визасыз тәртіп бойынша тұрақты тұруға кетуіне байланысты жинақталған зейнетақыны алып тастау үшін алушы өтініш береді және Қорға зейнетақы шартын, салымшының есеп кітапшасын, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген нысандағы мекен-жайлық кету парағының нотариус куәландырған көшірмесін көрсетеді.
      3.3. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шет елде тұрақты тұратын (оның ішінде уақытша кетіп қалып, тұрақты тұруға қалып қойған) салымшы/алушы осы Нұсқаулықтың 3.1. және 3.2-тармақтарында көрсетілген құжаттардың орнына Қорға оны консульдық есепке қойғаны туралы белгісі бар төл құжат бетінің куәландырылған көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқадағы құжатты тапсырады.
      3.4. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, республика аумағында контракт бойынша жұмыс жасайтын салымшы/алушы контракт мерзімі біткеннен кейін жинақталған зейнетақыны алу үшін Қорға арыз, зейнет шартын, салымшының есеп кітапшасын, төл құжатын, контракт көшірмесін және салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасын тапсырады.
      3.5. Алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы шартын бұзғанға дейін 15 (он бес) күннен кешіктірмей Қорға зейнетақы шартын бұзу туралы өтінішін тапсырады.
      3.6. Қор алушыға төленуге тиісті жинақталған зейнетақының сомасын белгілейді және оны өтініштің жалпы сомасына Компанияға қосады. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырғанда, Қор осымен бір мезгілде зейнетақы төлемдерінен ұсталатын табыс салығын аударуға арналған төлем тапсырмасын Кастодианға тапсыруға міндетті. Жинақталған зейнетақы алушыға шарт бұзылған күнге дейін төленуге тиіс.

             4. Алушы қайтыс болған жағдайда төлемдерді жүзеге
               асыру үшін тапсырылған құжаттарды қарау тәртібі

      4.1. Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасының мүшесіне немесе жерлейтін адамға жерлеу үшін берілетін біржолғы төлемді алу үшін өтініш, алушының қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариус куәландырған көшірмесі, жерлейтін адамның жеке басының куәлігі Қорға тапсырылады.
      4.2. Алушы қайтыс болған жағдайда жинақталған зейнетақының мұраға қалдырған бөлігін алу үшін Қорға өтініш, мұраға құқық туралы куәліктің нотариус куәландырған көшірмесі, мұрагердің жеке басының куәлігі тапсырылады.
      4.3. Қор алушының өтініші негізінде Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес жерлеуге арналған зейнетақы төлемдерінің сомасын белгілейді. Төлем өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) банктік күннен кешіктірілмей төленеді.
      4.4. Жинақталған зейнетақы мұрагерлерге өтініш берілген күннен бастап 30 (отыз) күннен кешіктірілмей, жеке зейнетақы шотындағы қалдық ақша шегінде төленеді.
      4.5. Қор алушыға төленуге тиісті жинақталған зейнетақы сомасын анықтайды және оны Компанияға түсетін өтініштердің жалпы сомасына қосады. Қор осымен бір мезгілде зейнетақы төлемдерінен ұсталатын табыс салығын аударуға арналған төлем тапсырмасын Кастодианға тапсыруға міндетті. Алушыға жинақталған зейнетақы шарт бұзылған күнге дейін төленуге тиіс.

              5. Мүгедектігі бойынша зейнетақы төлеуді жүзеге
                     асыруға арналған құжаттарды қарау

      5.1. Мүгедек болып қалған жағдайда зейнетақы төлемдері ерікті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақыдан төленеді. Алушы өтініш береді, халықты әлеуметтік қорғау органдары берген зейнеткерлік куәлігін, салымшының есеп кітапшасын, зейнетақы шартын ұсынады.
      5.2. Қор алушының өтініші негізінде зейнетақы төлемдерін алудың бір

айда бір реттен жиі емес кезеңділігін және заң актісі белгілеген айлық 
есептік көрсеткіштен төмен емес айлық төлемдердің сомасын белгілейді.
     5.3. Қор алушыға төленуге тиісті жинақталған зейнетақы сомасын 
анықтайды және оны Компанияға түсетін өтініштердің жалпы сомасына қосады. 
Қор осымен бір мезгілде зейнетақы төлемдерінен ұсталатын табыс салығын 
аударуға арналған төлем тапсырмасын Кастодианға тапсыруға міндетті. 
Жинақталған зейнетақы алушыға шарт бұзылған күнге дейін төленуге тиіс.
     
  

Оқығандар:     
          Багарова Ж.А.
          Икебаева А. Ж.  
   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады