Тіркеушілерге қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 7 қыркүйектегі N 13 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 607. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 52 қаулысымен. ~V021851

      Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Төрағасының және мүшелерінің Қазақстан Тізілім Ұстаушылар Қауымдастығы (бұдан әрi "ҚТҰҚ" деп аталады) Кеңесінің мүшелерімен 1998 жылғы 04 қыркүйекте өткен кездесудің нәтижелеріне сәйкес және бағалы қағаздар рыногын реттеуді жетілдіру мақсатында Ұлттық комиссия
                        ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тіркеушілерге қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 05 маусымдағы N 5 V980563_ қаулысына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 06 тамызда 563 V980563_ нөмірімен тіркелген) өзгерістер енгізу мақсатында ҚТҰҚ толық құқықты және нақты мүшелері - тіркеушілер үшін бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қажетті жеткілікті өз капиталының ең төменгі деңгейіне мынадай талаптар белгіленсін:
      1) 1998 жылдың 01 қазанына және 1999 жылдың 01 қаңтарына дейін -

15.000 айлық есепті көрсеткіш;
     2) 1999 жылдың 01 қаңтарына және 1999 жылдың 01 көкегіне дейін - 
23.000 айлық есепті көрсеткіш;
     3) 1999 жылдың 01 көкегіне және одан әрі - 30.000 айлық есепті 
көрсеткіш.
     2. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
тіркелгеннен кейін күшіне енетіндігі белгіленсін.
     3. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының 
Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы орталық аппаратының 
Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін.
     
     Комиссияның Төрағасы
     
     Комиссияның мүшелері
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады