Бюджеттік және бюджеттен тыс қаржының жұмсалуына алдын ала бақылау жүргізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімінің шешімі 1998 ж. 19 наурыздағы N 91 Павлодар облысының әділет басқармасында 1998.06.22. N 33 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2005 жылғы 14 тамыздағы N 191 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2005 жылғы 14 тамыздағы N 191 шешімімен.

            Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен мекемелердің бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыны тиімді де мақсатты пайдаланулары мақсатында:
      1. Бюджеттік және бюджеттен тыс қаржының жұмсалуына алдын ала бақылау жүргізу туралы Ереже бекітілсін /тіркеліп отыр/.
      2. Облыстың қаржы басқармасы мен облыс бойынша қаржы бақылау басқармасы бюджеттік және бюджеттен тыс қаржының жұмсалуы жөнінде анықталған ауытқушылықтарды жою жөнінде жан-жақты шаралар қолданатын болсын.
      3. Облыстың қазынашылық басқармасы алдын ала бақылауды іске асыру бойынша атқарылатын жұмыс туралы есебін әрбір айдың 5-не қарай облыс әкімі аппаратына беріп отырсын.
      4. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдардың бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыны жұмсауларын алдын ала тексеру жөнінде тиімді ережелерін дайындайтын және бекітетін болсын.
      5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсін.
 
      Облыс әкімі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады