Алматы қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық реформаларының барысы туралы

Күшін жойған

Алматы қалалық Мәслихатының І-сайланған XVIII сессияның 1998 жылғы 25 наурыздағы шешімі. Алматы қалалық әділет басқармасымен 1998 жылғы 24 сәуірде N 16 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының ІI сайланған VIII сессияның 2004 жылғы 29 шілдедегі N 76 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының ІI сайланған VIII сессияның 29.07.2004 N 76 шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабына сәйкес Алматы қалалық Мәслихаты оның хатшысы Ж.С.Төрегельдиновтың "Алматы қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық реформаларының барысы туралы" баяндамасын тыңдап талқылай келе, қаланың жекешелендірілген тұрғын үй қорының тұрғын үй-коммуналдық реформасының тұрғындардың негізгі бүқарасын тұрғын үйді күтіп үстау мен басқаруға тартуға, заң бойынша жеңілдік алған адамдарға осы жеңілдікті берудің дербестігі жүйесін енгізуге, үй басқармаларын пәтер иелері кооперативтеріне айналдыруға (олардың саны - 568), тұрғын үй қорына, тұрғындарға қызмет көрсететін қызметтерді акционерлік, жеке кәсіпорындарға айналдыруға, ПИК-тің қалалық және аудандық ассоциацияларының құрылуына мүмкіндік бергендігін атап өтеді.

      Сонымен қатар, реформа мәселені реттейтін нормативтік құқықтық актілердің толық көлемде орындалмауы, оны жүргізудің жоғарғы қарқыны құрамында 20 пәтері бар шағын кооперативтерді, 10000-нан аса пәтерді біріктіретін алып кооперативтердің құрылуына себеп болды. Алып кооперативтердегі пәтердің көптігі барлық пәтер иелеріне тұрғын үйді басқаруға, күтіп ұстауға қатысуға, қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесіне ықпал етуге мүмкіндік бермейді, соның салдырынан бірқатар ПИК басшыларына қарсы қылмысты іс қозғалды, ПИК төрағаларын, бухгалтерлерін, тексеру комиссиясы мүшелерін даярлаудың міндетті жүйесі жоқ, есеп беру-сайлау жиналыстары ПИК мүшелерінің толық қатысуынсыз өтеді, ұжымдық және жеке өлшеу приборлары баяу орнатылуда, тұрғындардың коммуналдық қызметтер үшін қарыздары барған сайын өсіп келеді, І сайланған Алматы қалалық Мәслихаты

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Алматы қаласында тұрғын үй-коммуналдық реформаларын одан әрі тереңдету және дамыту туралы" Бағдарлама бекітілсін, беріліп отыр.
      2. Пәтер иелерінің кооперативтеріне қалалық, аудандық ПИК ассоциацияларымен бірлесе отырып қала аудан әкімдері аппараттарының белсенді көмегімен біріккен пәтерлердің саны, ПИК мүшетұрғындарының жалпы сайлау жиналыстарын өткізу, онда ПИК қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі бойынша басқарма басшылығының жеке жауапкершілігін көтеру бөлігінде ПИК Жарғысын қайта қарау, тұрғындардын коммуналдық қызметтері үшін төлемді өз уақытында төлеу, бухгалтерлік есепті реттеу, ПИК тексеру коммисиялары төрағалардың, бухгалтерлері мен басқарма мүшелерін даярлау және қайта даярлау, қалалық және аудандық ПИК ассоциациялары арқылы ПИК жұмысты тәртіпке келтіру бойынша шараларды жүзеге асыру үсынылсын.
      3. Халықтың аумақтың өзін-өзі басқару мәселесі жөніндегі тұрақты депутаттық комиссия, депутаттар сайлау округтерінде тұрғын үй-коммуналдық реформаларын жүргізуді реттеу мәселесі бойынша заңдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Мәслихат, қала және аудан әкімдерінің шешімдерін толық көлемде қолдану жөнінде тұрғындармен жұмысты жалғастыратын болсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аумақтық өзін-өзі басқару мәселесі жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсін (Ветлугина Н.М.).

      І-сайланған Алматы
      қалалық Мәслихаты
      XVIII сессиясының
      төрағасы                               В. Громов

      І-сайланған Алматы
      қалалық Мәслихаттының
      хатшысы                                Ж.Төрегелдинов

1998 жылғы 25 наурыздағы
І-сайланған Алматы қалалық
Мәслихаты XVIII сессиясының
Шешіміне
Қосымша

Алматы қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық
реформаларын одан әрі дамыту туралы іс-қимыл
БАҒДАРЛАМАСЫ

      - ПИК қаржы-шаруашылық қызметін тексеру жөніндегі қалалық тексеру комиссиясын кұру, оны қаржыландыру жөніндегі мәселесін әзірлеу. Қаладағы ПИК қызметінің, оның ішінде тұрғындардан жиналатын пәтерді күтіп үстауға арналған қаражаттың мақсатқа пайданаланылуына тексеру жүргізу, ПИК бухгалтерлік есебін реттеу.
      жыл бойында           аудан, қала әкімдерінің аппараттары,
                            әділет басқармасы, қалалық, аудандық
                            салық инспекциялары, ПИК аудандық
                            ассоциациялары, ПИК басқармасы

      - ПИК төрағалары мен басқарма мүшелерінің сайлауының заңдылығы бойынша қаладағы барлық пәтер иелерінің кооперативтеріне тексеріс жүргізу, ПИК жарғыларын толық көлемде орындалу мақсатында ПИК құрамына кіретін пәтерлер саны бойынша талдамалық баға беру.
      жыл бойында           Әділет басқармасы, қала, аудан
                            әкімдерінің аппараттары, қалалық Мәслихат
                            депутаттары аудандық ПИК ассоциациялары.

      - Пәтер иелерінің ПИК пен ПИК-тің қызмет көрсетушілермен және мердігерлермен шарт жасау жөніндегі жұмыс жағдайын, оның тиімділігін талдау.
      жыл бойында           Қала, аудан әкімдерінің аппараттары, ПИК
                            ассоциациялары, баға және монополияға
                            қарсы саясат жөніндегі қалалық комитет.

      "Алматы қаласының мәребесі және оны бұдан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес тұрғын үйдің сейсмоберіктілігі жөнінде жоспарлы жұмыс ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Үкіметіне қала тұрғын үй қорының сейсмоберіктілігін күшейту үшін процентсіз кредит беру туралы усыныс жасау.
      жыл бойында           Құрылыс, сәулет және аумақтарға құрылыс
                            салу басқармасы, Алматы қалалық төтенше
                            жағдайлар жөніндегі басқарма, қаржы
                            басқармасы, қала, аудан әкімдерінің
                            аппаратары, ПИК басқармалары.

      - Өнеркәсіпшілер одағының пікірлерін ескере отыра мамандардың, коммуналдық қызметті көрсетушілер мен тұтынушылардың, ПИК ассоциацияларының қатысуымен коммуналдық қызметтердің тарифтерін әзірлеу мен бекітудің нақты жүйесін жасау, қалалық баспасөзде жариялай отырып тарифтердегі шығын бөлігі үшін тендерлер өткізу және тарифтердің негізділігі үшін коммуналдық қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін арттыру.
      1998 жылғы шілде      Алматы қаласы әкімінің аппараты қалалық
                            баға және монополияға қарсы саясат
                            жөніндегі комитет.

      - Қала әкімінің жанындағы Ұйлестіру Кеңесінің қала ПИК-терімен, жергілікті басқару органдарымен өзара байланысы бойынша жұмыстарын жандандыру.
      1998 жылғы сәуір      Қала, аудан әкімдерінің аппараттары,
                              ПИК ассоциациялары басқармалары.

      - ПИК пен тексеру комиссияларының төрағаларының, ПИК баскармасы мен тексеру комиссиясы мүшелерін, бухгалтерлерін қайта даярлау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін оқу орталығын құру. Жоғарыда аталған қызметкерлер санасын жыл сайын оқытуды, тәжірибе алмасуы мен аттестациялануын қамтамасыз ету, бұдан бас тартқан жағдайда оларды қайта сайлау туралы ПИК жалпы жиналысына ұсыныс жасау.
      жыл бойында           Қала, аудан әкімдерінің аппараттары,
                             ПИК ассоциациялары.

      - Алматы қаласы тұрғын үйінің сақтандыру қорының құру мүмкіндігін пысықтау және қала тұрғындарын осы қорға кіру үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.
      жыл бойында           Қала, аудан әкімдерінің аппараттары, ПИК
                             ассоциациялары.

      - Суық, ыстық су, газ шығынын есептейтін приборларды орнатудың жалпы қалалық бағдарламасын жүзеге асыру.
      жыл бойында           Қала, аудан әкімдерінің аппараттары,
                             ПИК ассоциациялары, басқармалары,
                             коммуналдық қызмет көрсетушілер.

      - Үйлерін жалға беріп пайда табатын пәтер иелерін бақылау жүйесін әзірлеу, осы арқылы бюджетті толықтыру.
      жыл бойында           Салық инспециясы, ПИК басқармасы.

      - ПИК жанынан қызмет көрсетуші фирмалар, тұрмысы нашар адамдар үшін төмен бағамен азық-түлік сататын тапсырыс нүктелерін ұйымдарстыру. Етпен, сүтпен көшедегі сауда мәселесін шешу.
      жыл бойында           Қала, аудан әкімдерінің аппараттары,
                             ПИК ассоциациялары, басқармалары.

      - Жертөлелерді пайдалана отырып, ересектер мүддесі жөніндегі және балалар клубтарын құруды, отбасы дәрігерлерін, дәрігерлік нүктені, қоғамдық тәртіп нүктесін және жергілікті өзін өзі басқарудың басқа элементтерін ашуды ұйымдастыру.
      жыл бойында           Қала, аудан әкімдерінің аппараттары,
                             ПИК ассоциациялары, басқармалары.

      - Алматы қалалық аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұрғын үйді күтіп ұстау шығындарына, оның күрделі жөндеуі мен жапсарлас аумақты көріктендіруге үлестік қатысу мәселесі бойынша ПИК басқармалары мен жалгерлердін өзара қарым-қатынасын реттеу жөніндегі ғимараттарды жалға беру туралы шарттарды заң актілеріне сәйкестікке келтірсін.
      жыл бойында           Қала, аудан әкімдерінің аппараттары,
                             Алматы қалалық аумақтық мемлекеттік
                             мүлік және жекешенлендіру комитеті
                             ПИК басқармалары.

      - ПИК тұрғын үйлері бойынша техникалық құжаттаманы беруді жеделдету.
      жыл бойында           Қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу
                            жөніндегі басқарма, құрылыс, сәулет және
                            аумақтарға құрылыс салу басқармасы.

      - ПИК жұмысының оң тәжірибелерін зерттеу және енгізу.
      ұдайы                 Қала, аудан әкімдерінің аппараттары,
                             ПИК ассоциациялары басқармалары.

      - Тұрғын үй-коммуналдық реформаларын одан әрі тереңдету мен дамытуға бағытталған қолданыстағы заңдарға, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Қазақстан Республикасы Парламенті мен Үкіметіне ұсыныс жасау.
      1998 жылғы мамыр      Алматы қалалық Мәслихаты, Алматы
                            қаласы Әкімінің аппараты.

      І-сайланған Алматы
      қалалық Мәслихаты
      XVIII сессиясының төрағасы               В.Громов

      І-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы                     Ж.Төрегелдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады