Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2007.12.27 N 38 Шешімімен
Астық өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдауды одан әрi күшейту, астық сатуды тиiмдi басқару және облыстың элеваторлары мен астық қабылдау пункттерiнiң әкiмшiлiктерiне оларды сақтау мен өңдеулерiне iс жүзiнде көмектер көрсету, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы Заң күшi бар "Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы" Жарлығының 18-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып және шаруашылық жүргiзудiң арнайы тәртiбiн белгiлеу мақсаттарында облыс әкiмi шешiм шығарды:
1. Шаруашылық жүргiзу құқындағы "Солтүстiк Қазақстан астық комитетi" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны құрылсын.
2. Шаруашылық жүргiзу құқындағы "Солтүстiк Қазақстан астық комитетi" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның Жарғысы бекiтiлсiн (қоса берiледi).
3. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.Қ. Қалиевқа жүктелсiн.
Облыс әкiмi
"БЕКIТЕМIН"
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
-------------------Д. Ахметов
1998 ж.--------------------------
/1998 жыл 25 мамырдағы
N 125 шешiмге қосымша/
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң уәкiлеттi органы,
шаруашылық жүргiзу құқындағы Солтүстiк Қазақстан
астық комитетi мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның
ЖАРҒЫСЫ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң уәкiлеттi органы, шаруашылық жүргiзу құқындағы Солтүстiк Қазақстан астық комитетi мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны" iлгерiде "Комитет" мемлекеттiк бағдарламаның орындалуын есепке ала отырып, агроөнеркәсiп кешенi салаларының дамуын түзету жөнiндегi функцияларды жүзеге асыру үшiн құрылды.
1.2. Комитет өзiнiң оңашаланған мүлкi бар және сол мүлiкпен өзiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атынан мүлiктiк және мүлiктi емес құқықтар мен мiндеттер алады және оны жүзеге асырады, соттарда iзденушi /талапкер/ және жауапкер бола алады, меншiктi балансы, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде бейнеленген мөрi, мөртабаны болады, Қазақстан Республикасының банктерiнде есеп-шот аша алады.
1.3. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , ҚР Азаматтық кодексiн , ҚР Заңдарын, ҚР Президентiнiң Жарлықтарын, Заң күшi бар Жарлықтарын, Қаулыларын және нормативтiк актiлерiн, облыс әкiмiнiң шешiмi мен өкiмдерiн, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
1.4. Комитет ------------------------------------------- 19--------- " -----------" N--------------------- құрылды.
Комитетiнiң мекен-жайы: -------------------------------------
-------------------------------------------------------------
1.5. Комитет астық рыногiне қатысушылардың күштерiн бiрiктiру және қызметтерiн үйлестiру, сондай-ақ олардың мүдделерiн қорғау үшiн құрылды.
1.6. Астық рыногiнiң қатысушыларына негiзгi қызмет түрi ретiнде астық және өнiмдерiн өндiру, оны сатып алу, сақтау, өңдеу, тасымалдау, сату, экспорттау және импорттау жөнiндегi операцияларды және басқа қызмет түрлерiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасындағы астық рыногiн дамытуға мүмкiндiк жасайтын кәсiпорындар, ұйымдар мен шаруа және фермерлiк шаруашылықтар жатады.
1.7. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi, iлгерiде "Құрылтайшы" шаруашылық жүргiзу құқында басқаруға берiлген "Комитеттiң" мүлiк иесi болып табылады.
2. Комитеттiң мақсаты мен мiндеттерi
2.1. Комитет мына мақсаттар үшiн құрылады:
- астық өндiрушiлердi қолдау үшiн қажеттi ұйымдық, экономикалық құқықтық және әлеуметтiк жағдайлар туғызу, уәкiлдiк ету және олардың Қазақстан мен шет елдердiң астық рыноктарындағы мүдделерiн қорғау;
- элеваторлар мен АҚП-нiң әкiмшiлiгiне астықты сақтауға қажеттi жағдайлар туғызу, астықты сақтау кезiндегi сапаны басқару жүйесiн әзiрлеуге көмектер көрсету;
- барынша мүмкiн пайда алуды қамтамасыз ететiн баға бойынша астық сатуды ұйымдастыру және оны сату жөнiндегi тәуелсiз болып табылады;
- астық рыногiн дамыту туралы ақпараттар жинауды, өңдеудi және оны ұйымдастыру;
- астық саласына инвестиция тартуға көмектер көрсету, астықты сақтау жөнiндегi алдыңғы қатарлы технология, ғылым мен техника жетiстiктерiн ендiру.
2.2. Комитет өзiнiң қызмет мақсаттарына сәйкес төмендегi негiзгi мiндеттердiң атқарылуын қамтамасыз етедi:
- меншiктi астық иелерiнiң мүддесiне қарай тендерлiк негiзде жасалған келiсiм-шарттар негiзiнде iшкi және сыртқы рыноктарда астық сатуға жәрдем көрсетедi;
- мемлекеттiк ресурстарды және басқа да тұтынушыларды астықпен жабдықтау жөнiнде тендерлер ұйымдастырылады;
- басқа да мүдделi ұйымдармен және ведомстволармен бiрлесе отырып, облыстың АҚП-де астық қабылдау, өңдеу, сақтау жөнелту және де басқа операциялар, сондай-ақ астықты сертификаттау, элеватор лабораториялау, элеваторда астық сақтау кезiндегi сапаны басқару жүйесiн аттестациялау жөнiндегi қызметтер көрсету кезiнде меншiктi астық иелерiнiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;
- меншiк иелерiнiң тапсырыстары бойынша, меншiк иелерiнiң қаржысы есебiнен қажеттi тауарлық-материалдық ресурстар сатып алу;
- маркетингтiк зерттеулер жүргiзу, рынок конъюнктурасын зерделеу;
- астықты және астық өнiмдерiн сатудың халықаралық рыногiне шығу.
2.3. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру үшiн қаржы қалыптастыру:
- заңды актiлерге сәйкес кiрiс енгiзетiн қызметтердi жүзеге асыру.
3. Комитеттiң құқы мен мiндеттерi
3.1. Комитет мыналарға құқылы:
- астық сатуға және оларды өзара тиiмдi жағдайларда астық өндiрушiлермен келiсiм-шарттар /контрактiлер/ жасауға;
- астықты сатудың iшкi және сыртқы рыноктарында мемлекеттi ресурстарды немесе басқа тұтынушыларды астықпен жабдықтауға контрактiлер жасауға;
- халықаралық астық рыноктарда "Сатушы" рөлiн атқаруға;
- облыстық АҚП-дегi астық өнiмдерiнiң сапасына, олардың меншiк, шаруашылық жүргiзу нысандарына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бұл мақсаттар үшiн стандарттау, мемқадағалау, астық инспекциясынан, малдәрігерлiк және фитосанитарлық инспекциялардан мамандар тартуға;
- облыс әкiмiнiң және дауыл шаруашылық департаментiнiң қарауына облыстың АҚП-гi астық пен астық өнiмдерiн сақтау және жөнелту жөнiндегi процесстерiн технологиясын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
- баспа өнiмдерiн шығаруға;
- шет ел инвестициясы мен жеке меншiк капитал тартуға.
3.2. комитет мыналарға мiндеттi:
- тұрақты ақпарат жинау мен сараптау, тұтынушылар сұранысын, сату рыногiн анықтау, тұтынушылармен және делдалдармен мәмiле жасау;
- экспорт жөнiнде ұсыныстар дайындауға қатысу;
- осы заманғы шет елдiк технология сатып алуды ұйымдастыру мәселелерiнде сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыру;
- облыстың АҚП-нiң өндiрiстiк-шаруашылық және экономикалық жағдайларына сараптауларды жүзеге асыру және олардың функциясын көтеру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
- облыста маркетингтiк және ауылшаруашылық өнiмдерiне зерттеулердi жүзеге асыру және ҚР заңды актiлерiмен рұхсат етiлген басқа да әрекеттер.
4. Мүлiк және қорлар
4.1. Шаруашылық жүргiзу құқы "Комитеттiң", меншiк иесiнiң қаржысы есебiнен қаржыландырылатын және меншiк иесiнен мүлiк алған және өзiнiң қызмет мақсатына, мүлiктiң тағайындалуына сәйкес заңды актiлермен белгiленген шеңберде жүзеге асыратын және мүлiк құқына, ол мүлiкке билiк жүргiзудiң заттық құқы болып табылады.
4.2. "Комитеттiң" мүлкiн құны дербес баланста көрсетiлетiн негiзгi және айналым қорлары құрайды.
4.3. "Комитеттiң" мүлкi мыналар есебiнен қалыптастырылады:
- оған меншiк иелерi берген мүлiктен;
- қолданып жүрген заңдарға сәйкес кiрiс енгiзетiн қызметтердi жүзеге асырудан алынған кiрiстерден;
- заңдармен тыйым салынбаған басқа көздерден.
4.4. Кәсiпорынның жарғылық капиталының көлемi оның Құрылтайшысымен қалыптастырылады, алайда кәсiпорынға берiлетiн мүлiктiң жалпы құнынан аспайды және тiркелетiн күнi белгiленген 10000 есептiк көрсеткiштен кем болмайды.
Құрылтайшы Жарғылық капиталын 6400000 теңгеден /алты миллион төрт жүз мың теңге/ қалыптастырады.
4.5. Кәсiпорын бұл мақсатқа өз билiгiнде қалатын пайданың кемiнде 5 пайызын бағыттай отырып, резервтiк қор белгiленген көлемге жеткенше, жарғылық қорының 10 пайызы көлемiнде резервтiк қор қалыптастыруға мiндеттi. Резервтiк қордың қаржысы тек залалдарды /шығындарды/, бюджет алдындағы мiндеттемелердi орындау, кредиттердi өтеу және кәсiпорынның басқа қаржысы жетпеген жағдайда олар бойынша пайыздық өсiмдi төлеуге ғана пайдаланады.
4.6. Егер, жекелеген кәсiпкерлiк қызмет түрлерi туралы заңды актiлермен жарғылық және резервтiк қорлардың көлемi мен қалыптастырудың басқа тәртiптерi белгiленген болса, онда кәсiпорын осы актiлермен көлемде қалыптастырады.
4.7. "Комитет", "Құрылтайшының" келiсiмісiз банк кредиттерiн пайдалануға хақылы емес.
4.8. "Комитеттiң" шаруашылық қарауына жататын мүлiктiң меншiктi иесi заңды актiлерге сәйкес оның қызметiнiң мазмұны мен мақсатын анықтау мәселелерiн шешедi, "Комитеттiң" заңды тағдырын айқындау құқын иеленедi.
4.9. Құрылтайшы "Комитетiнiң" оларға берiлген мүлiктi тиiмдi пайдалануға және сақтығына бақылауды жүзеге асырады.
4.10. "Комитет" оларға смета бойынша бөлiнген қаржы есебiнен сатып алынған, оларға бекiтiлген мүлiктi аластатуға немесе басқаша билiк жүргiзуге хақылы емес.
4.11. "Комитет" Құрылтайшының келiсiмiмен филиалдар мен өкiлдiктер ашуға хақылы.
4.12. Жалақы төлеу қоры, лауазымдық айлықақының тарифтiк сеткасын Құрылтайшы белгiлейдi.
5. Басқару және бақылау органдары
5.1. Комитетке Құрылтайшымен тағайындалатын және босатылатын төраға басшылық етедi. Төраға "Комитетке" ағымдағы басшылық жасайды, кадрларды таңдайды, орналастырады және еңбек ұжымдарымен дербес келiсiм-шарт жасайды, шаруашылық қызметтерiн жүзеге асыруға сенiмхат бередi, комитет құрылымы жұмысының ағымдағы тәртiбiн және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлердiң барлық санаттарына лауазымдық нұсқаулықтарды бекiтедi.
5.2. "Комитет" төрағасы барлық мемлекеттiк және жеке кәсiпорын, мекемелермен үйлестiру қызметiн атқарады, қолданылып жүрген заңдарға көзделген тәртiпке және шеңберде басқа да қызметтердi жүзеге асырады.
5.3. "Комитет" төрағасы облыс әкiмi алдында астықты сату, астықпен жабдықтау жөнiнде тендерлердi ұйымдастыру, элеваторлар АҚП-не астықты сақтау жөнiндегi жағдайлар туғызуға көмек көрсету және маркетингтiк зерттеулер жүргiзу жөнiндегi Заңдар мен заң негiзiндегi актiлердiң орындалуы үшiн облыс әкiмi алдында дербес жауапкершiлiк ұстайды.
6. Заңды тұлғалар мен құрылтайшылар, әкiмшiлiк пен еңбек ұжымдары араларындағы қарым-қатынас
6.1. "Комитет" құрылтайшымен бiрегей құрылым құрайды, өзiнiң қызметiн оған құрылтайшы жүктеген өкiлеттiк шеңберiнде ұйымдастырады.
6.2. "Комитет" қолданылып жүрген заңдарға сәйкес контрактiлiк келiсiм-шарт жасауға хақылы, сондай-ақ келiсiм-шарт негiзiнде олармен қарым-қатынастары еңбек туралы заңдылықтағы сәйкес реттелетiн қызметкерлер тартуға хақылы.
6.3. "Комитеттiң" жұмыс режимiн төраға еңбек туралы заңдарға сәйкес белгiлейдi.
7. Жауапкершiлiк
7.1. "Комитеттiң" шаруашылық қарауындағы мүлiктi өндiрiп алу үшiн заңның 30 бабына сәйкес жалпы тәртiпте шағымданады.
7.2. "Комитет" өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билiгiндегi мүлкiмен жауап бередi. "Комитет" мүлкi жетiспеген мүлiк иесi ұстайды.
7.3. "Комитетке" меншiк құқы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда, "Комитет" оған тиесiлi мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқын сақтап қалады.
7.4. Кәсiпорын меншiк иесiнiң мiндеттемесi бойынша оның мүлкi үшiн жауап бермейдi.
7.5. Мемлекет Құрылтайшының /өкiлеттi органның/ әрекеттерiнен туындаған банкроттық жағдайлардан басқа жағдайда, кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Мұндай жағдайда, мемлекеттiк соңғының кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн қаржысы жетпеген жағдайда кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауап бередi. Заңды актiлермен кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн басқа да жағдайлар белгiленуi мүмкiн.
8. Комитеттi қайта ұйымдастыру және қызметiн тоқтату
8.1. "Комитеттi" қайта ұйымдастыру /бiрiгу, қосылу, бөлiну, бөлiнiп шығу, қайта құрылу/ Құрылтайшының немесе оның өкiлеттi органының шешiмдерi, болмаса заңды актiлерде қарастырылған жағдайларда соттың шешiмi бойынша жасалады.
8.2. "Комитеттi" тарату үшiн мүлiктiң меншiктi иесiнiң шешiмi болмаса, банкроттық жағдайда соттың шешiмi, тiркеу заңды болып табылмаған, жүйелi түрде жарғылық мақсаттарға қайшы келетiн қызметтердi жүзеге асыру, талапқа сай емес лицензия бойынша қызметiн жасау, болмаса өз қызметiн жасау, болмаса өз қызметiн заңдарды өрескел бұза отырып жүргiзу жағдайлары негiз болып табылады.
8.3. Қайта ұйымдастыру болмаса, таратуды жүзеге асыру азаматтық заңдармен реттеледi.
9. Осы Жарғының күшiне енуi
9.1. Осы Жарғы Құрылтайшымен бекiтiлуi тиiс және ол әдiлет органдарында Мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енедi.
9.2. Құрылтайшының немесе оның құзыреттi уәкiлiнiң шешiмiмен, Жарғыға мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен ғана заңды күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Солтүстiк Қазақстан
астық комитетiнiң
төрағасы