Халық пайдаланатын электр энергиясының есебiн және төлемiн жетiлдiру туралы

Жаңа

Атырау облысы Әкiмiнiң шешiмi 1998 жылғы 20 қарашадағы N 748 Атырау облысының әділет басқармасында 1999 жылғы 25 қаңтарда N 43 тіркелген

      1998 жылдың бiрiншi қарашасына халықтың пайдаланған электр энергиясы үшiн бережағы 142,1 млн. теңге, мұның өзi жалпы борыштың 32 % құрайды. Сонымен қатар электр энергияны ұрлау және электр жүйелерiне өз бетiмен қосып алу фактiлерi орын алуда.
      "Атыраулық ЭТЖК" АҚ халықтың төлем мүмкiндiгiн арттыру мақсатында бiраз шараларды iске асырды.
      Бақылаушылар штаты ұлғайтылып, тұрмысты бақылаудың деңгейi 62,3 %-ке, борышты адамдардың үйiн жүйеден айыру 36,6 %-ке жеткiзiлдi. Ескерту, талап ету жұмыстары белсендiлiкпен жүргiзiлдi.
      Электр энергияның есептесу жүйесiнде жаңа бағдарлама жасалып, iске кiрiсе бастады. Кей аудандарда қосымша есептеу құралдары қойылып, төлем ақыны баяу жүргiзетiн аудандарды анықтау қолға алынды, алдын-ала төлеу жүйесiн қолдану әдiсiмен жұмыс iстейтiн есептегiштер қондырылуда, т.б.
      Алайда электр энергияның коммерциялық жоғалуы, халықтың борышын азаю деңгейiнде түбегейлi жақсаруға қол жетпей тұр.
      Халық борышының өсу деңгейiн тежеу мақсатында, электр энергияны есепсiз пайдалану мен жою мақсатында шешiм етемiн:
      1. "Атыраулық ЭТЖК" АҚ ұсынып отырған әдiс бойынша электр энергия жүйелерiн үй және пәтер иелерiнiң сыртына шығарып есептеудiң топтық түрiн (ГПУ) орнатуға.
      2. "Атыраулық ЭТЖК" АҚ (Горюханов А.А.) есептеудiң топтық приборларын орнату бағдарламасын жасақтап, оларды орнату жүзеге асырсын.
      1-шi кезең. Атырау қаласы, жеке үйлер аудандары, мерзiмi - 1998 жыл желтоқсаны - 2000 ж.ж.
      2-шi кезең. Облыс аудандары, мерзiмi - 2000-2001 ж.ж.
      3. "Атыраулық ЭТЖК" АҚ-ға;
      - есептеудiң топтық приборларын (ГПУ) халыққа жiберiлген электр энергия үшiн есептеуге бақылау приборлары ретiнде санауға;
      - ГПУ-ларды қасақана зияндау немесе электр жүйелерiне өз бетiмен қосылу фактiлерi байқалған жағдайда энергия тұтынушымен есептесу талап етiлiп тұрған мерзiмге сәйкес тұрмыстағы электр приборының бекiтiлген қуатымен есептелiнедi;
      - тұтынушы айыппұлды төлеуден бас тартқанда немесе ереженi қайталап бұзғанда электр энергияны 6 айға дейiн энергия жүйесiнен толық айырып тастауға;
      - электр энергиясын өз бетiмен қосып алғаны байқалса, сүйтiп ол рұқсат етiлген жүктемеден (3 квт) асып кеткен жағдайда және мұның өзi сол аумақты электр энергиямен қамтамасыз етуге және оның қауiпсiздiгiн төмендеткендей болса (электр қазандары, жылыжай, тiркелмеген кәсiпкерлiк қызмет) қажеттi құжаттарды жасақтап қылмыстық жауапкершiлiк қылмыстық қорғау органдарына беруге рұқсат етiлсiн.
      4. "Атыраулық ЭТЖК" АҚ аталған топтық есептегiштердi және электр сымдарын өткiзу нақты шығынын электр энергия тарифын қараған кезде әр тоқсанға бөлiп орналастыру Атырау облыстық табиғи монополияны реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiне жүктелсiн.
      5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Н. Борисенкоға жүктелсiн.

      Облыс әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады