Шығыс Қазақстан облысының бақылаушы қызметтерiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тексерудi жүргiзудiң тәртiбi туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облыстық маслихатының 1998 жылғы 18 наурыздағы № 16/8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет басқармасында 1998 жылғы 3 cәуірде № 3 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 10/115-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 14.04.2017 № 10/115-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Заңның 41 бабы негiзiнде облыстық Мәслихат шешедi:
      Шығыс Қазақстан облысының бақылаушы қызметтерiнiң шаруашылық жүргiзудiң тәртiбi бекiтiлсiн /қосымша берiлген/.
      Сессия төрағасы А.Визе
      Облмәслихаттың хатшысы В.Ахаев

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫ ҚЫЗМЕТТЕРIНIҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГIЗУШI СУБЪЕКТIЛЕРДI ТЕКСЕРУДI ЖҮРГIЗУДIҢ ТӘРТIБI

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

      Осы тәртiп Қазақстан Республикасының Конституциясына (39 бап), Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне (10 бап) "Кәсiпкерлiк iс-қимылдардың ерiктiлiгiне Мемлекеттiк кепiлдiктi жүзеге асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Президенттiң Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Заңды актiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Үкiметi және бақылау қызметтерiн жүзеге асырушы Мемлекеттiк органдар бекiткен ережелер мен нұсқаулар негiзiнде талданып жасалды.
      Осы құжаттың мiндетi облыстың барлық бақылаушы қызметтерi орындауы және қолдануы үшiн мiндеттi Заңды және жеке тұлғалардың қаржылық және шаруашылық қызметтерiн тексерулердiң жалпы мәселелерiн регламенттеу болып табылады.

II. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГIЗУШI СУБЪЕКТIЛЕРДIҢ IС-ҚИМЫЛДАРЫН ТЕКСЕРУДI ҰЙЫМДАСТЫРУ

      2.1. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық-шаруашылық қызметiн тексеру жылына бiр рет жүргiзiледi, егер басқасы қолданылып жүрген заңдылықта көзделмесе. Бұрын ашылған бұзушылықтарды жою үшiн бақылау жасауды жүргiзу жеке тексеру деп саналмайды.
      2.2. Басқа тексерулер (сауда тәртiбiн, санитарлық - эпидемиологиялық, техникалық жағдайларды сақтау және басқалары) тиiстi қызметтердiң нормативтi құжаттары белгiлеген мерзiмдiлiкте жүргiзiледi.
      2.3. Қаржыландыру көздерi бюджет болып табылатын кәсiпорындар мен ұйымдардың бюджеттiк қаражаттарды жұмсауының дұрыстығын тексерудi Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау комитетiнiң басқармасы нормативтi құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
      2.4. Жоспарсыз тексерулер жоғарғы бақылаушы органдардың жазбаша рұқсатымен (немесе үшiншi адамның нақты бұзушылықты көрсеткен жазбаша өтiнiшi бойынша) жүргiзiледi. Егер жоспарсыз тексеру нақты бұзушылық фактiсiн анықтамаса, сол субъектiнi сондай мәселе бойынша кезектi жоспарлы тексеру жүргiзiлмейдi.
      2.5. Сабақтас салаларда iс-қимылдарды жүзеге асырушы бақылаушы органдар мен қызметтер бiрлескен кешендi тексерулер жүргiзудiң жоспарларын жыл сайын бекiтсiн.

III. ТЕКСЕРУЛЕРДI ЖҮРГIЗУ ТӘРТIБI

      3.1. Тексеру жүргiзу кезiнде қатаң есептiк бланкаларында ресiмделген арнайы нұсқаманы мiндеттi шығару қажет, оның көшiрмесi мыналарды көрсетумен тексерушiге мiндеттi түрде берiлуi тиiс:
      - тексеру объектiсiн;
      - негiздерiнде тексеру жүргiзiлетiн заңдылық актiнi, ережелер мен нұсқауларды;
      - тексерудi жүргiзу мерзiмдерiн (күнiн);
      - тексерiлетiн мәселелердi;
      - тексерушiнiң фамилиясы, аты-жөнi және лауазымы.
      Кешендi тексерулердi жүргiзу кезiнде (2.5 тармақ) бiрыңғай нұсқаманы басып шығаруға жол берiледi.
      Тексерушi жолдамамен қатар қызметтiк куәлiгiн ұсынуға мiндеттi.
      3.2. Жоспарлы тексерудi ұйымдастыру кезiнде әрбiр бақылаушы қызмет тексеруге жататын мәселелер шеңберiн (тексеру бағдарламасын) әзiрлейдi. Тексерушi тексеру басталғаннан бұрын немесе тексеру барысында тексерiлушiнi бағдарламамен тапсыруға мiндеттi.
      3.3. Тексерулердi жүргiзген кезде тексерушi келу есебiнiң Кiтабына лауазымын, фамилиясын, тексеру мақсаты мен нәтижелерiн көрсетiп тексерулердi өткiзу фактiсi туралы белгi соғуы керек.
      3.4. Тексерудi жүргiзу кезiнде тексерушiнiң тексеру бағдарламасымен және сол бақылаушы қызмет туралы Заңдылық ережелерiмен белгiленген шектен шығуға құқысы жоқ.
      3.5. Тексеру аяқталғаннан кейiн екi данада актi жасалады, оның бiреуi тексерушiде қалады. Актiге екi жақ қол қояды. Тексерушiнi қол қоюдан бас тартқан кезде актiге тиiстi жазу жазылады.
      Актiнiң бiр данасы мiндеттi түрде қолхат беру арқылы тексерушiде қалады, егер басқасы Заңда көзделмесе.

IV. ТЕКСЕРIЛУШIНIҢ ҚҰҚЫСЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

      4.1. Тексерудiң нәтижелерi бойынша ауызша және жазбаша түсiнiктеме беруге.
      4.2. Тексерудiң барысында бұзушылық ашылған жағдайда тескерiлушi тексеру аяқталғанға дейiн оларды жою жөнiнде барлық шараларды қолдануға құқылы.
      4.3. Осы Тәртiптiң 4.1. және 4.2 тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынбаған бақылаушы қызмет қызметкерiне тексеруге жол берiлмейдi.
      4.4. Жоспарлы тексерулердi жүргiзу кезiнде нұсқамада белгiленген шектен шығатын құжаттарды және басқа ақпаратты беруден бас тартылсын.
      4.5. Тексерушiлердiң әрекеттерi жөнiнде жоғарғы бақылаушы органдарға, сондай-ақ сот арқылы шағым берiлсiн.

  ҚОСЫМША

БАҚЫЛАУ ЖАСАУҒА ҚҰҚЫСЫ БАР МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР

      ҰҚК, IIМ, кеден қызметiнiң, салық полициясының органдары "Оперативтi-iздестiру қызметi туралы" Заңға және Қазақстан Республикасының Заңдылықтарына сәйкес жүргiзетiн оперативтi-iздестiру шаралары тексеру болып табылмайды және осы Тәртiппен регламенттелмейдi.
      Шығыс Қазақстан облысының аумағында жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың қаржылық және шаруашылық iс-қимылдарын тексерудi жүзеге асыруға құқысы бар Мемлекеттiк органдар мыналар болып табылады:
      1.1. Салық қызметi (салық комитетi және салық полициясы) - кәсiпорынның қаржылық-шаруашылық жұмысын тексеру, салықтарды бюджетке дер кезiнде және дұрыс аударуға бақылау жасау.
      "Салық және бюджетке басқа мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi № 2235 Заң күшi бар Жарлығы, 171, 172 баптар.
      "Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң салық қызметiнiң салық полициясында қызметтен өту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 сәуiрдегi қаулысы, 67 тармақ.
      1.2. Қаржылық бақылау комитетiнiң Шығыс Қазақстан Комитетi - бюджеттiк қаражаттарды пайдалануға бақылау жасау.
      "Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң қаржылық бақылау комитетi туралы Ереже" жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1781 қаулысы.
      1.3. Санитарлық заңдылықты сақтау үшiн, азаматтардың денсаулығын қорғауға және қауiпсiз өнiмдердi пайдалануға құқысын қамтамасыз ету үшiн бақылау жасау жөнiндегi қызметтер:
      1.3.1. Санитарлық қызметтер:
      - санитарлық-эпидемиологиялық станса;
      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игiлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 8 шiлдедегi Заңы.
      "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы № 111-1 _ Заңы.
      "Әкiмшiлiк құқы бұзушылық туралы" Қазақ КСР Кодексi.
      - ветеринария комитетi;
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 шiлдедегi № 2376 _ Заң күшi бар Жарлығы, 10, 12, 19, 20 баптар.
      - карантиндiк инспекция;
      "КСРО Мемлекеттiк агроөнеркәсiбiнiң өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Қазақ КСР-i бойынша Мемлекеттiк инспекциясын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлiгi жанындағы өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекциясы етiп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 тамыздағы № 676 Қаулысы, 4, 10, 11, 13 тармақтар.
      "Әкiмшiлiктiк құқы бұзушылықтар туралы" Қазақ КСР-iнiң Кодексi".
      - астық инспекциясы;
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлiгi жанындағы Республикалық астық инспекциясы туралы Ереже туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 30 маусымдағы № 900 Қаулысы, 8, 9 тармақтар.
      1.3.2. Шығыс Қазақстан стандарттау және метрология орталығы - стандарттар талаптары мен техникалық шарттарды сақтауға мемлекеттiк бақылау жасау, өнiм сапасының мәселелерi, тұтынушылардың мүдделерi мен құқыларын қорғауды қамтамасыз ету.
      "Стандарттау және сертификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 18 қаңтардағы Заңы, 15, 16 баптар.
      "Қазақстан Республикасында стандарттар мен техникалық шарттарды сақтау үшiн Мемлекеттiк қадағалау туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 мамырдағы № 410 Қаулысы, 3, 6, 9, 10 тармақтар.
      1.3.3. Шығыс Қазақстан облыстық экология және биоресурстар басқармасы - облыста қоршаған табиғи ортаны қорғауға бақылау жасау.
      "Қазақстан Республикасында қоршаған табиғи ортаны пайдалану және қорғау үшiн мемлекеттiк бақылау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 18 желтоқсандағы № 785 Қаулысы, 6, 7 тармақтар.
      "Экологиялық сараптау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы № 85-13 Заңы, 14, 20 баптар.
      "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы, 10, 20, 77 баптар.
      1.4. Шығыс Қазақстан облысы бойынша баға және монополияға қарсы саясат комитетi.
      1. Сақтау үшiн бақылау жасау:
      - монополияға қарсы заңдылықты (бәсекелестiк рынок және табиғи монополия саласы);
      - тұтынушылардың заңды құқыларын.
      2. Баға құрылымын реттеу, табиғи бәсекелестердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiндегi шығындар мен кiрiстер резервтерiнiң нақтылы құрамына
      бақылау жасау.
      Нормативтi-құқықтық актiлер
      "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк iс-әрекеттердi шектеу туралы" Қазақ КСР-нiң 1991 жылғы 11 маусымдағы Заңы.
      "Тұтынушылардың құқыларын қорғау туралы" Қазақ КСР-нiң 1991 жылғы 5 маусымдағы Заңы.
      "Табиғи монополистердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 11 маусымдағы № 1171 Қаулысы.
      "Бағалардың мемлекеттiк тәртiбiн бұзғаны үшiн экономикалық санкцияларды қолдану тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 наурыздағы Қаулысы.
      Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөнiндегi Агенттiктiң монополияға қарсы орталық комитет бойынша 1998 жылғы 23 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекiтiлген Шығыс Қазақстан облысы бойынша баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi Мемлекеттiк комитет туралы Ереже.
      "Басқарудың облыстық органдарының құрылымын тәртiпке келтiру туралы" Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 1996 жылғы 26 маусымдағы өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" 1996 жылғы 22 шiлдедегi № 2-15ө өкiмдерi.
      "Басқарудың облыстық органдарының құрылымын тәртiпке келтiру туралы" № 2-11ө.
      1.5. Техникалық қызметтер-канализация, жылумен, сумен, электрмен жабдықтау желiлерiн пайдалану тәртiбiне және олардың техникалық жағдайына бақылау жасау.
      1.6. Жердi пайдалану және сәулет талаптарын сақтау үшiн бақылау жасау:
      1.6.1. Жер қатынастары және жерге орналастыру комитетi
      "Жердi пайдалану және қорғау үшiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 ақпандағы № 235 қаулысы.
      1.6.2. Шығыс Қазақстан облысының сәулеттiк-құрылыс институтының мемлекеттiк кәсiпорны.
      "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қазандағы Заңы, 36 бап.
      "Тұрғын және азаматтық үйлердi жоспарлау мен жаңғырту үшiн бақылау жасау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 1997 жылғы 19 наурыздағы № 7-34ө өкiмi.
      "Тұрғын және қоғамдық үйлердi жаңғырту үшiн бақылау жасау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 18 тамыздағы № 7-13ө өкiмi.
      1.6.3. Сәулет және қала құрылысы басқармасы
      "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қазандағы Заңы, 16 және 19 баптар.
      1.7. Өртке қарсы қызмет - өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарын сақтау үшiн қадағалау жасау.
      "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы № 48-1 Заңы, 6, 11, 14, 15 баптары;
      "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi Мемлекеттiк Комитетiнiң өртке қарсы Мемлекеттiк қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегi № 430 Қаулысы, 6-бабы.
      1.8. Шығыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасы жанындағы табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция басқармасы.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық iзгiлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
      "Облыстың қалалары мен елдi мекендерiнде көркейту, санитарлық жағдайды, жердi және жасыл ағаштарды қорғауды қамтамасыз ету тәртiбi туралы" Шығыс Қазақстан облыстық Мәслихатының 1996 жылғы 30 мамырдағы № 9/4 шешiмi.
      "Шығыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасы жанындағы табиғатты қорғау және Ветеринарлық полиция туралы" 1997 жылғы 30 шiлдедегi Ереже.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады