Нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары Білім министрлігі 1999 жылғы 5 сәуір N 158. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 732 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 732 бұйрығымен.

-----------Бұйрықтан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 6 наурыздағы N 77-ө өкiмiне сәйкес бiлiм және ғылым мәселелерi бойынша заңға тәуелдi кесiмдерге тексерiс өткiзу барысында қолданыстағы заңнамаға қайшы келетiн актiлер анықталды. Ведомстволық нормативтiк базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күшi жойылды деп танылсын:
      ...
      2) N 756 тiркелген, "Нормативтiк-құқықтық актiлердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрiнiң 1999 жылғы 5 сәуiрдегi N 158 бұйрығы...

      Министрдің
      міндетін атқарушы

----------------------------------------    

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегi "Мемлекеттiк сатып алулар туралы"  Z970163_  Заңын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы "Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң тәртiбi туралы Нұскаулықты бекiту туралы" N 1268  P981268_  және 1998 жылғы 22 желтоқсандағы "Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын мемлекеттiк тапсырыс туралы үлгi ережелердi әзiрлеу жөнiндегi Нұскаулықты бекiту туралы" N 1314  P981314_  қаулыларын жүзеге асыру мақсатында Бұйырамын: 
      1. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалатын iргелi зерттеулер және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар бағдарламаларына берiлетiн мемлекеттiк тапсырыс туралы қоса берiлiп отырған Ережелер және республикалық нысаналы және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды конкурстық iрiктеу тәртiбi туралы Нұсқаулық бекiтiлсiн. 
      2. Мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламалар және оларды ресурстық қамсыздандыру департаментi (А.Төлебаев), Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптау және ақпараттық инфрақұрылым департаментi (В.Дробжев) бiр айлық мерзiмде бұрын бекiтiлген нормативтiк кұқықтық актiлердi осы Ережелерге сәйкес келтiретiн болсын.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Е.Ерғожинге жұктелсiн.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Ғылым және жоғары білім   
министрінің          
1999 жылғы 5 сәуірде     
N 158 бұйрығымен бекітілген 

Республикалық бюджет қаржылары есебiнен іргелі
зерттеулер мен қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар
мен жобаларды орындау үшiн мемлекеттiк тапсырыс беру
Қағидалары

I Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлігі немесе әкімші-мекемелер бағдарламалары тапсырыстары бойынша республикалық бюджет қаржыларының есебiнен орындалатын iргелi зерттеулер мен қолданбалы мемлекетаралық, халықаралық, республикалық мақсатты, салалық және салааралық, аймақтық ғылыми-техникалық бағдарламалар (бұдан әрi - бағдарламалар) мен жобалар мемлекетаралық, халықаралық, республикалық мақсатты, салалық және салааралық, аймақтық Ғылым қоры жобалары түрiнде ғылыми-техникалық өнiм мемлекеттiк сатып алу, беру мен жасау процесiнде пайда болатын құқылық қатынастарды реттеп отырады. 
      2. Осы Қағидалар нормалық құқықтық негiздерi мыналар болып табылады: 
      1) "Қазақстан Республикасы Ғылым және мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат туралы" 1992 ж. 15 ақпандағы N 1129-ХII Қазақстан Республикасының Заңы; 
      2) Қазақстан Республикасы "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" 1997 ж. 16 шiлдедегi N 163-1  Z970163_  Қазақстан Республикасының Заңы; 
      3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру бойынша iс-шаралар туралы" 1996 ж. 11 наурыздағы N 2895  U962895_  Жарлығы; 
      4) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Ғылымды және ғылыми-техникалық бағдарламаларды жоспарлау мен қаржыландыруды жетiлдiру бойынша iс-шаралар туралы" 1993 ж. 22 қаңтардағы N 61  P930061_  қаулысы; 
      5) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің "Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Ғылым қоры жайлы ережесiн бекiту туралы" 1993 ж. 19 наурыздағы N 218  P930218_  қаулысы; 
      6) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ғылыми-техникалық қызметтi ұйымдастыру және жүргiзу туралы" 1993 ж. 19 қыркүйектегi N 876  P930876_  қаулысы; 
      7) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Мемлекеттiк тауарлар, сатып алуды, жұмыстар мен қызметтi тәртiпке келтiру Нұсқауын бекiту туралы" 1998 ж. 10 желтоқсандағы N 1268  P981268_  қаулысын; 
      8) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Мемлекет бюджет-қаржысы есебiнен орындалатын мемлекеттiк тапсырыс туралы үлгi қағидасын дайындау нұсқауын бекiту туралы" 1998 ж. 22 желтоқсандағы N 1314  P981314_  қаулысын; 
      9) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын әкiмші-мекемелер бағдарламаларының мәселелерi" 1998 ж. 25 желтоқсандағы N 1335  P981335_  қаулысы; 
      10) Қазақстан Республикасы Yкiметiнің "Республикалық бюджет қаржысы есебiнен орындалатын қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламаларын дайындау және iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы" 1999 ж. 23 ақпандағы N 145  P990145_  қаулысы. 
      3. Осы Қағидада қолданылатын ұғымдар: 
      1) Ғылыми-техникалық өнiмге (сатып алу) (бұдан әрi - мемлекеттiк тапсырыс) - республикалық бюджет қаржылары есебiнен ғылыми-техникалық салада мемлекетке қажет ғылыми-техникалық өнiмдердi, жұмысты және қызметтi алуға бағытталған елiмiздiң дамуындағы әлеуметтiк-экономикалық басымдықтар бойынша орындауға Мемлекеттiк тапсырыс; 
      2) Мемлекеттiк тапсырысты орындау туралы келiсiм (шарт) - Мемлекеттiк сатып алулар туралы Заңы және басқа да нормативтiк құқылық актiлерге сәйкес орындаушы мен тапсырыс берушiнiң арасында жасалған азаматтық құқылық келiсiм; 
      3) Тапсырыс берушi - бекiтiлген басымдықтар деңгейiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің тапсырмалары бойынша және басқа да мемлекеттiк басқару органдарының өтiнiмдерi бойынша республикалық бюджет қаржылары есебiнен мемлекеттiк тапсырысты iске асыратын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi немесе әкiмшi-мекеме; 
      4) бағдарламалардың әкімші-мекемесi - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен анықталған министрлiк немесе агенттiк; 
      5) тендер-конкурс (бұдан әрi - конкурс) - әлеуеттi орындаушылар арасында болатын бәсекелестiктi көздейтiн және келiсiмнің ең тиімді шарттарын анықтауға бағытталған мемлекеттiк тапсырыстарды орналастыру тәсiлi; 
      6) орындаушы - тапсырыс берушiмен жасалған келiсiм негiзiнде ғылыми-техникалық салада қызмет көрсететiн немесе ғылыми-техникалық өнiм берудi жасауға бағытталған жеке тапсырмалар бойынша бағдарламалар мен жобаларды дайындау, iске асыру және үйлестiру жұмыстарын атқаратын заңды тұлға (ғылыми-зерттеу ұжымдары, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi - мемлекеттiк кәсiпорындарының жеке ғылымдары, жоғары оқу орындарының, ұлттық ғылыми-орталықтардың, меншiктілік түрiне қарамай, Жарғысында қарастырылған ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық, жобалау және технологиялық жұмыстар); 
      7) әлеуеттi орындаушы-келiсiм жасау мақсатыңда мемлекеттiк тапсырысты орналастыру процесiне қатысатын заңды тұлға; 
      8) мемлекеттiк тапсырысты орналастыру процесi - ғылыми-техникалық өнiм жасауға, ғылыми-техникалық салада мемлекет үшін жұмыстар және қызмет көрсетулер алуға, соның iшінде тапсырыс берушiнiң номенклатура мен көлем қалыптастыруға бағытталған барлық атқарылатын шаралардың кешенi; 
      9) ғылыми-техникалық (технологиялық) өнiм: 
      ғылыми-технологиялық салада iс-әрекеттi реттейтiн және ғылым мен техника саласында басқару процестерiн жетiлдiруге бағытталған нормативтi-техникалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк құжаттар; 
      iргелi және қолданбалы ғылыми, технологиялық және әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды, шешудi қамтамасыз ететiн, алынатын өнiмнің техникалық деңгейi мен сапасын көтеретiн және республикада ғылыми-техникалық алға басуды анықтайтын жаңа көзқарастағы техника мен технологиялық процестердi жетiлдiретiн және құратын ғылыми-зерттеу және тәжiрибелi-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерi: 
      бәсекеге түсе алатын өнiм мен уақытында оны жаңартуды қамтамасыз ететiн алға басу технологиялары, жоғары тиімді кешендер, машина, құралдар, жабдықтар, материалдар және конструкцияларды өндiрiсте игерудi құру және дайындаудың тәжiрибелi-конструкторлық, жобалық, технологиялық және эксперименталды жұмыстардың нәтижелерi; 
      ғылыми-техникалық қызмет осы заманғы жаңа техника, озық технологияларды игеруде өндiрiске сапалы дайындауды қамтамасыз ететiн ұйымдастыру-техникалық және ғылыми-әдiстемелiк шаралар; 
      10) ғылыми-сараптау органы - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi немесе әкімші-мекеме бағдарламасымен анықталған ғылыми-техникалық, проблемалық немесе басқа Кеңес және өз құзыретi шегiнде дайындау және орналастыру процестерiн реттейтiн, оның ішінде ғылыми-техникалық экспертиза (бағалау), ғылыми-зерттеу бағытына сәйкес мемлекеттiк тапсырысты орындайды; 
      iргелi зерттеулер бағдарламаларды - Iргелi зерттеулер кеңесi, ғылым бағытындағы проблемалық кеңестер; 
      республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды (бұдан әрi РҒТБО) - РҒТБО бойынша кеңестер, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлгінің Ғылыми-техникалық кеңесi; 
      халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалардың Қазақстан бөлiгiн, денсаулық сақтау және бiлiм салаларының ғылыми-техникалық бағдарламалары, аймақтық ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің Ғылыми-техникалық кеңесi, сондай-ақ басқа бағдарламаның әкімші-мекеме белгiлеген ғылыми кеңестерi; 
      салалық және салааралық ғылыми-техникалық бағдарламалары мен жобаларын-өнеркәсiп, энергетика, құрылыс, көлiк және коммуникацияның даму проблемалары бойынша Салааралық ғылыми-техникалық кеңес, агроөндiрiс кешенiнің ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесi немесе бағдарламалардың әкiмшi-мекеме белгiлеген басқа кеңестер; 
      Ғылым қоры жобаларын - Ғылым қоры кеңесi (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi 1993 ж. 19 наурыздағы N 218 қаулысына сәйкес).

2 Тарау. Процеске қатысушылардьң қызметтерi

      4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi: 
      1) Қазақстан Республикасы Президентi және Қазақстан Республикасы Yкiметi анықтаған елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы басымдықтарға сәйкес, мемлекет дамуындағы басым ғылыми-техникалық бағыттарды Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi Агенттiкпен анықтайды және келiседi; 
      2) басым бағыттар бойынша ғылыми-техникалық бағдарламалар мен тақырыптарды (жобаларды) орындауда республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемiнде қажеттiлiктi негiздеу үшiн Қазақстан Республикасы "Ғылыми-техникалық дамуы" бөлiмi бойынша дамуының стратегиялық және жылдың индикативтi жоспарларын қалыптастырады; 
      3) мемлекеттiк тапсырыстарды қалыптастыру және жолдамалау мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқылық актiлердi өз құзыретi шегiнде әзiрлеудi және бекiтудi iске асырады. 
      5. Тапсырыс берушi: 
      1) бағдарламалар мен жобалар конкурсын ұйымдастыру және өткiзу, оның нәтижелерiн бекiтедi; 
      2) орындаушылармен келiсiм жасайды және конкурс нәтижелерiне сәйкес бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруды iске асырады; 
      3) ұйымдастырушы-орындаушылардың ведомстволық тұрқына және меншiктілік нысанына қарамай, республикалық бюджет есебiнен өткiзiлетiн ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды үйлестiрудi қамтамасыз етедi; 
      4) ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың (тақырыптардың) iске асу барысын және ғылыми-техникалық өнiмнің мемлекеттiк қабылдауын бақылауды жүзеге асырады. 
      6. Өз өкiлеттiлiктерi шегiнде ғылыми-сараптау органы: 
      1) ғылым мен техниканың сәйкес салаларында дамудың басым бағыттарын анықтау бойынша ұсыныстар қалыптастырады; 
      2) конкурсқа түскен жобалар мен тақырыптардың ғылыми-сараптық бағасын (талдауын) конкурс комиссиясының тапсырмасы бойынша ұйымдастырады; 
      3) мемлекеттiк тапсырыс бойынша орындалған жұмыстар бойынша аралық және қорытынды ғылыми-техникалық есептердiң ғылыми-сараптық бағалауын (талдауын) тапсырыс берушiнің тапсырмасы бойынша ұйымдастырады. 
      7. Орындаушы: 
      1) әлеуеттi орындаушы сапасында мемлекеттiк тапсырысты орналастыру конкурсына қатысады; 
      2) келiсiм шарттарына сәйкес тапсырыс берушіге ғылыми-техникалық өнiмдi әзiрлейдi және өткiзедi.

3 Тарау. Ғылыми-техникалық өнiмге мемлекеттiк
тапсырысты қалыптастырудың тәртiбi

      8. Ғылыми-техникалық өнiмге мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен орналастыру және ғылыми зерттеулердiң қорытындыларын мемлекеттiк қабылдау Қазақстан Республикасы мемлекеттiк сатып алулар туралы заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады. 
      9. Ғылыми-техникалық өнiмге мемлекеттiк өтiнiмдеме беру процесiн iске асырудың басталуына тапсырыс берушi: 
      1) ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының бiрiншi кезектегi бағдарламалары мен жобалар тiзбесiн мына мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiседi (әкімші-мекеме бағдарламалары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiмен келiседi): 
      iргелi зерттеулер - Жоғары ғылыми-техникалық кеңес (бұдан әрi-ЖҒТК) Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы және мүдделi министрлiктер мен ведомстволар; 
      РҒТБО - Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігi және басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволар; 
      салалық және салааралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар - Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Көлiк, коммуникация және туризм министрлiгi, және Табиғи ресурстар қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және басқа мүдделi министрлiктер мен ведомстволар; 
      мемлекет аралық және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар - Сыртқы iстер министрлiгi, Энергетика, индустрия және сауда министрлігi, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және басқа мүдделi министрлiктер мен ведомстволар; 
      аймақтық ғылыми-техникалық бағдарламалар-облыстық әкiмдер; 
      денсаулық сақтау және бiлiм салаларының ғылыми-техникалық бағдарламалары - Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi және басқа мүдделi министрлiктер мен ведомстволар; 
      2) қажеттi қаржыландыру көлемiн негiздейдi және белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiстiредi; 
      3) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алулар" Заңына сәйкес (8-бап) анықтайды, тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге мемлекеттiк сатып алулар жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқаулықта белгiленген жағдайларда (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 ж. 10 желтоқсандағы N 1268 қаулысы) мемлекеттiк тапсырыстарды орналастыру жолдарын мемлекеттiк сатып алулар жөнiндегi өкiлеттi органмен келiседi; 
      4) ЖОҒТК бағдарлама (жоба) және басқа ғылыми-техникалық кеңес, бас ұйым ұсынуы бойынша анықталады; 
      5) конкурс комиссиясын құрады, конкурстық құжаттарды бекiтедi және конкурстық тапсырыстың сарапшы бағасы үшiн сәйкес ғылыми сарапшы органды (кеңес) анықтайды. 
      10. Ашық конкурс өткiзуде тапсырыс берушi осы конкурсқа қатысу өтiнiмдерiнiң түсуiнен бiр ай мерзiм бұрын республикалық баспасөзге хабарландыру бередi. 
      11. Жабық конкурс өткiзерде тапсырыс беруші тапсырыстарды қабылдау күнiне бiр ай бұрын қалғанда әлеуеттi орындаушыларға конкурсты өткiзу мерзiмi мен оның шарттарын көрсете отырып жазбаша хабарлама жiбередi. 
      12. Тапсырыс берушінің хабарламасындағы осы Ереженiң 10 және 11 т. бойынша кез келген өзгерiстер бөгелместен жариялануы керек (ашық конкурс жағдайында) немесе әлеуеттi орындаушылар жедел мәлiмделедi (жабық конкурс жағдайында). Бұл ретте конкурсқа өтiнiм қабылдау мерзімі есептеу соңғы өзгерiстер туралы мәлiмдеу күнiнен бастап есептеледi. 
      13. Әлеуеттi орындаушылар хабарландыруда немесе мәлiмдемеде көрсетiлген мерзiмде тапсырыс берушіге конкурсқа қатысуға конкурс талаптарына сай дайындалған өтiнiм түсiредi. 
      Конкурсқа қатысуға қабылданған өтiнiмдер қабылдау хаттамамен және сәйкес журналға тiркеу арқылы рәсiмделедi. 
      14. Конкурстық комиссия өтiнімдердi ұсыну уақыты аяқталған соң, конкурстық материалдары бар конверттi ашып, конкурс талаптарына сай екенiн, олардың толықтығын анықтайды. 
      15. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi қарауда жекелеген позициялар бойынша әлеуеттi орындаушыларға қосымша материалдар түсiруiн ұсынуына болады, ал бiрақ осы Ережелер мен конкурстар талабына жауап бере алмайтын өтiнiмдердi, осы талаптарға сай қайта түсiруге жол берiлмейдi. 
      16. Ғылыми-техникалық прогрестің басым бағыттарына республиканың ғылыми-техникалық дамуына сай емес және белгiленген уақыттан кеш өткiзген конкурстың шарттарына және осы Ережелер талаптарына сай рәсiмделмеген өтінімдер қаралмайды, қайтарылмайды, рецензияланбайды, бiрақ мәлiмет қорына мониторинг үшiн есепке алынады. 
      17. Тапсырыс берушi қабылданған өтiнiмдер ғылыми-сараптық бағалау және, қажет жағдайда, соның нәтижелерi бойынша сәйкес бағдарламалар қалыптастыру үшiн тиiстi ғылыми-сараптық органға жiбередi. 
      18. Ғылыми-сараптау органы (кеңес) конкурстық өтінімдемелердiң бағалау өлшемiнiң критерийiнің сәйкестiгiн анықтайды. 
      Бағдарламалар мен жобалардың (тақырыптың) бағалау өлшемiн тапсырыс берушi конкурстық құжаттардан анықтайды және ғылыми зерттеу бағытына сәйкес конкурс жөнiнде хабарлама жарияланады. 
      19. Тапсырыс берушi конкурстық комиссияның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 ж. 14 қыркүйектегi N 876 және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 ж. 23 ақпандағы N 145 қаулыларына сәйкес, бағдарламалар мен жеке жобалар (тақырыптар) және олар жөнiнде өтiнiмдер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптамаға (бұдан әрi - МҒТС) жiберiледi. 
      20. МҒТС нәтижелерi негiзiнде ғылыми-сараптау органы төмендегi хаттамалық шешiмдердiң бiрiн қабылдайды: 
      1) бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруға ұсыну; 
      2) жекелеген ұсыныстарды бiрiктiру және кешендiк бағдарлама қалыптастыру (бас ұйым ұсынысымен); 
      3) бағдарлама және жобаға түзету енгiзуге ұсыну (тапсырманы, қаржы сұрауды, iске асыру мерзімін өзгерту); 
      4) ұсынысты қабылдамауға ұсыну (нақты себебiн көрсете отырып). 
      21. Конкурс қорытындысын конкурс комиссиясының хаттамасымен рәсiмделедi. 
      22. Конкурстық комиссия бас ұйымды бағдарлама немесе жоба жөнiнде конкурс қорытындысын жазбаша түрде хабарлайды. 
      23. Конкурс қорытындысы бойынша бас ұйымдар дайындаған, конкурста жеңімпаз деп аталған бағдарламалар және жобалар Крзақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң немесе әкімші-мекеме бағдарламалары алқа мәжiлiсiнде қаралады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрi немесе әкiмші-мекеме бағдарламаларының басшысымен бекiтiледi. 
      24. Бағдарламалар мен жобаларды конкурстық iрiктеу процедурасы ғылыми зерттеулер бағдарламалары бойынша нұсқаулыққа сәйкес белгiленедi. 
      25. Белгiлi бiр себептермен конкурс өтпесе, немесе оның қорытындылары жеңімпазды анықтамаса, мемлекеттiк сатып алулар өкiлеттi органмен келiсiм бойынша, осы Қағиданың 4 бөлiмi бойынша аталған шешiм рәсiмделiп, мемлекеттiк тапсырыс орындаушылардың бiреуiне ("бiр көзден сатып алу") орналастырылуы мүмкiн.

4 Тарау. Мемлекеттiк тапсырысты бiр
орындаушыға қалдырудың тәртiбi

      26. Бiр орындаушыға мемлекеттiк тапсырыс конкурстық процедураларды өтпей-ақ орналастырады және ол мынадай жағдайларда қолданылады: 
      1) бұл жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң тек бiр ғана нақты әлеуеттi жабдықтаушыда (өнiм берушi) болуы не нақты бiр әлеуеттi жабдықтаушының осы жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау жөнінде ерекше құқығы бар екендiгi; 
      2) төтенше жағдайларға байланысты осы жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жедел орындау қажеттiлiгi туындаған кезде конкурстар өткiзудiң ретi келмей қалады; 
      3) бiр жабдықтаушыдан құрал-жабдық технология не қызмет көрсетулер сатып алған тапсырыс берушi сол жабдықтаушыдан тағы құрал-жабдық сатып алу жүйелеу, стандарттау тұрғысынан болмаса қолда бар құрал-жабдықпен, технологиямен не қызмет көрсетулермен үйлесiмдiктiң қажеттiгiне байланысты болады деп белгiлейдi. 
      27. Тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге мемлекеттiк сатып алулар жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулықтың 7 тармағында (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 ж. 10 желтоқсандағы N 1268 қаулысы) ескертiлген жағдайларды қоспағанда, бiр көзден мемлекеттiк сатып алулар жүргiзу мемлекеттiк сатып алулар жөнiндегi өкiлеттi органмен келiсiм бойнша жасалады. 
      28. Мемлекеттiк тапсырыс бiр орындаушыға берiлгенде, өтiнiш қаралудың барлық белгiленген кезеңiнен өтедi (осы Қағиданың 13-23 т.).

5 Тарау. Әлеуеттi орындаушыларға қойылатын
бiлiктiлiк талаптар

      29. Берiлген хабарландыруға сәйкес конкурсқа тiркелген өтiнiм құжаттарында әлеуеттi орындаушылардың бiлiктiлiк сипаттамалары көрсетiлуi керек және оған қоса мынадай мәлiметтер беруi керек: 
      1) заңды реквизиттерi (ұйымның толық және қысқа атауы, поштасы, телефоны, телефаксы); 
      2) тiркеу мерзiмi, орны және органы, ұйымдық-құқылық түрi; 
      3) лицензия берiлген жұмыс түрлерi, әрекет мерзiмi (лицензия көшiрмесi және ғылыми қызметтi iске асыруға құқылы екенiн растайтын Жарғыда бекiтiлген көшiрмесi, қоса берiлiп отыр); 
      4) зертханалық және эксперименттiк жабдықтың және қажеттi өндiрiстiк аудандардың барлығы және жағдайы жайлы мәлiметтер; 
      5) мамандар ресурсы (тiзiмдiк құрамы, бiлiктiлiгi, ұсынылған тақырыптты әзiрлеуге тартылған мамандар тәжiрибесi); 
      6) өтiнiм тақырыбы бойынша iстiң барлығы; 
      7) қаржылық жағдайы туралы мәлiметтер (әлеуеттi орындаушының қаржылық жағдайы туралы банктің анықтамасы, салық төлегенi және бюджетке басқа мiндеттi түрде төлемдiк мiндеттерiн орындағаны жайлы салық органының анықтамасы, Мемлекеттiк орталыққа зейнет төлемдерi және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру Қорына, Мiндеттi медициналық сақтандыру Қорына, жұмыспен қамтамасыз етуге көмек Қорына төлегендерi жайлы анықтама). Конкурс болатыны туралы хабарландыру мерзiмiнiң алдында анықтама мәлiметтерi соңғы айға ұсынылады; 
      8) өткен жылғы баланс есебi; 
      9) мемлекеттiк және коммерциялық құпия құрайтын мәлiметтердiң рұқсатсыз жариялануын болдырмау қажеттiгiне байланысты арнайы талаптарды сақтау мүмкiндiктерi. 
      30. Әлеуеттi орындаушы күмәндi ақпарат ұсынғаны үшiн заңға сәйкес жауапкершілік жүктеледi. 
      31. Өзiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына қатысы жоқ басқа талаптарды тапсырыс берушi әлеуеттi орындаушыға, сондай-ақ орындаушы да тапсырыс берушiге өзiне қатысы жоқ ақпарат бермеуiне құқылы.
      32. Егер бiлiктiлік талаптарына сай толық емес немесе күмәндi ақпарат берiлсе, тапсырыс берушi әлеуеттi орындаушыны конкурстан алып тастауға қақы бар. Түсiрiлетiн ақпараттың толымдылығы тапсырыс берушi бiлiктiлiк мәлiметтердi қабылдау сәтiнде анықталады, ал қажет жағдайда оның ақиқаттылығын тапсырыс берушi тексередi.
      33. Қажет жағдайларда тапсырыс берушi қосарлы орыңдаушы ұйымдардың бiлiктiлiк сипаттамасын талап етуiне болады.

6 Тарау. Конкурсқа қатынасуға өтінім беру

      34. Конкурсқа қатынасуға өтiнiм берудi әрбiр бағдарлама, жоба (тақырып) бойынша дайындау керек және ол ұсыныстардың нәтижелерi әлеуметтік, экологиялық, тағы басқа iске асатын және экономикалық және ғылыми-техникалық және де басқа тимдiлiгiнiң сараптық бағалау үшін жетерлiктей қажеттi ақпараты болуы қажет. Өтiнiм түрi конкурс туралы хабарландыруда берiледi және iрiктеу конкурсы нұсқауы туралы ғылыми-зерттеулер бағыттары бойынша сәйкес реттеледi.
      35. Өтiнiмге мынадай мiндеттi мәлiметтерi бар жоба (бағдарлама) қоса берiледi:
      1) бағдарламаның, жобаның толық атауы;
      2) бас ұйым және қосарлы атқарушы ұйымдар (орындаушылар);
      3) бағдарламаның, жобаның жетекшiсi (тегi, аты, әкесi);
      4) қоса орындаушы-ұйым атынан жұмыстың сәйкес бөлiгiн орындауға жауапты тұлға;
      5) тақырып жетекшiлерi туралы негiзгi мәлiметтер және олардың аталған тақырып төңiрегiнде атқарған жұмыстарының түсiнiгi; 
      6) бағдарлама, жоба бойынша жалпы жағдай; жұмыстың көкейкестiлiгi, ғылыми және практикалық мәнi; аталған тақырыпқа жақын, ұқсас тақырыптар, бәсеке бағыттағы Қазақстан, жақын және алыс шетел зерттеулерi, қорғану қабiлеттiлiгi (қорғану қабiлеттi нысандарды патенттеу жайы); 
      7) жобаның мақсаты, зерттеудiң міндетi; 
      8) ұсынылатын жұмыстардың мазмұны, жаңалығы, бiрегейлiгi; 
      9) күтiлетiн нәтижелер (сандық және сапалық нақтылануы), негiзгi көрсеткiштерiнiң ең жақсы отандық және шетелдiк iзденiстермен салыстырмалы мәлiметтерi; егер ұсыныс бағдарламаға енгiзiлетiн болса, онда бағдарламаның орындалуының барысы мен тұтас алғандағы күтiлетiн нәтижелерi; 
      10) әрбiр кезең бойынша күтiлетiн нәтижелер көрсетiлген жұмыстардың күнтiзбелiк жоспары; бұл орайда кезеңмен жеке бағалауға және өткiзу-қабылдауға жататын аяқталған жұмыстың бөлiгi деп түсiну керек; 
      11) жұмысты жүргiзудің және күтiлетiн нәтижелердi алу мумкiндiгiнiң техникалық-экономикалық негiзделуi; 
      12) қолда бар iс (негiзгi жарияланымдар, авторлық куәлiктер, патенттер және басқа тiзiмiнiң қосымша ретiнде тiркелуi); қолда бар құрал-жабдықтар және оның негiзгi параметрлерiн, стендтер мен басқа да жабдықтың, өндiрiстiк бөлмелерi оны ұсынылып отырған жобаның мiндеттерiн орындау үшiн пайдалану мүмкіндігін көрсету керек; 
      13) ұсыныста (жобада) сұрап отырылған қаржыландырылуы; жобаны жылдар бойынша бөлудiң жалпы құны және бiрiншi жылғы қаржыландырудың тоқсан бойынша бөлiнуi; жалпы құнды негiздеу; 
      14) маркетингтiк зерттеушiлердiң қорытындысы МҒТБО және қолданбалы бағдарламалар (жобалар) үшiн. 
      36. Әр тақырып бойынша өтiнiмге ұйым басшысы және әзiрлiк (тақырып (жоба), бағдарлама) жетекшiсi қол қояды. Қосарлы орындаушы-ұйымдар болған жағдайда, осы ұйымның өкiлi де қол қояды. 
      37. Конкурсқа қатысуға өтiнiмге қол қоярда әлеуеттi орындаушы, осы конкурстың жағдайларына келiсетiнiне кепiлдiк бередi, критерийiне қарап тапсырыс берушi жеңімпазды анықтайды және даулы мәселелердi шешуде мiндеттi түрде конкурс жүргiзудi реттейтiн нормативтi актiлерге сәйкес анықтаалады. 
      38. Өтiнiмдердің конкурсқа түсiрудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн, әлеуеттi орындаушы өтiнiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiне болады.

7 Тарау. Жұмыстары орындау келісімi

      39. Тапсырыс берушi мен орындаушының ара қатысын реттеп отыратын негiзгi құжат (бағдарлама үшiн бас ұйым) - ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындаудың және iске асырудың Мемлекеттiк шарты болып табылады. 
      40. Өзара шарт барлық жұмыс кешенiн, сондай-ақ оны одан әрi ғылыми-техникалық өнiмдi өндірiсте зерттеуден қолдануға дейiн немесе бағдарламаның жекелеген кезеңдерiн орындауға жасалуы мүмкiн. 
      41. Бас ұйым өз кезегiнде қоса орындаушылармен ғылыми-техникалық өнiм жасауға және беруге байланысты келiсiм жасайды. 
      42. Қоса орындаушы-ұйымдардың атауы, олардың атқаратын жұмыстарының мазмұны, көлемi және құны бағдарламада, ғылыми-техникалық өнiм әзiрлеудiң техникалық тапсырмасында және жұмыстардың күнтiзбелiк жоспарында көрсетiледi. 
      43. Келiсiмнiң өзегi болатын өнiмге ғылыми-техникалық, экономикалық және басқа талаптар техникалық тапсырмалар немесе оны алмастыратын басқа құжатпен қойылады. 
      Ғылыми-техниалық өнiмдi дайын етуге техникалық тапсырмалардың жасалу, келiсуi және бекiтiлуi жасалу тәртiбiне сәйкес нормативтiк құжаттармен анықталады. 
      44. Ғылыми-техникалық өнімнің бағалары ұсынылған калькуляциялық құн негiзiнде тапсырыс берушi мен орындаушы арасындағы жұмыс басталғанға дейiн ғылыми-техникалық өнiмнiң келiсiмдi бағасы туралы келiсiм хаттамасы дайындалады. 
      45. Тапсырыс берушiмен келiсiлмей жол берiлген, келiсiмi бағадан артып кеткен шығын орыңдаушының өз қаржысы есебiнен толтырылады. 
      46. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республика бюджетiн қысқарту жағдайында (секвестра) және (немесе) Қззақстан Республикасы Қаржы министрлiгi тапсырыс берушіге ғылымға бөлiнген қаржыны толық аудармаса, тапсырыс берушi орындаушы алдында жауапкершілігi нақты бөлiнген қаржыға сәйкес атқарылған жұмыстардың төлеу есебi деңгейiнде сақталады. 
      47. Егер жұмыс тапсырыс берушінің бастамасы бойынша тоқтатылса, онда ол орындаушының нақты атқарған жұмыс көлемi есебiнде төленедi. 
      48. Тапсырыс берушi орындаушымен есеп айырысуы ғылыми-техникалық өнiмнің пайызы актiлерi және өнiмдi беру - қабылдау негiзiнде жүредi. Жұмысты өткiзу-қабылдануын тек жұмыс кезеңдерi аяқталған соң немесе тұтас бiткен соң жүргiзiледi. 
      49. Тапсырыс берушi заңға сәйкес шарттардың орындалу барысы мен сапасын бақылауды iске асыруға құқылы. 
      50. Орындаушы шартты орындамаған жағдайда тапсырыс берушi келiсімдi бұзуға қүқылы. 
      51. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша орындалған ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық аяқталған жұмыстар (қызмет) қорытындысын қабылдау үшiн тапсырыс берушi Мемлекеттiк қабылдау туралы Нұсқаулыққа сәйкес комиссия құрады, немесе осы мақсат үшiн сәйкес ғылыми-сараптық органды (бағдарлама немесе жоба (тақырып) кешендi сипатта болған жағдайдағы-органдар) қатыстырады. Комиссия құрамына тапсырыс берушінің өкiлдерi, жетекшi ғалымдар, сәйкес бiлiм салаларының мамандары, сондай-ақ министрлiктер мен ведомстволардың, өндiрiстердiң мүдделi өкiлдерi енедi.
      52. Мемлекеттiк қабылдауға орындаушы ғылыми-зерттеу нәтижесiнiң нормативтiк құжаттар талабына сәйкес жасалған қорытынды есебiн, басқа ғылыми техникалық өнiмдi, келiсiм шартта белгiленген техникалық тапсырманы, сонымен қатар жұмыстың тапсыру - қабылдаудың актiсiн ұсынады.

8 Тарау. Қорытынды ережелер

      53. Келiсiм үрдiсiнде, шартты орындауда және аяқталған жұмыс қорытындысын қабылдау кезiнде тапсырыс берушi мен орындаушы арасындағы барлық даулы жағдайлар қазiргi қолданыстағы заңға сәйкес реттеледi.
      54. Iргелi және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды орындауда мемлекеттiк тапсырысты орналастыру және iске асыруда мемлекеттiк сатып алу туралы заңды бүзғаны үшiн қазiргi заңға сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi.

Қазақстан Республикасы     
Ғылым және жоғары бiлiм    
министрінің           
1999 жылғы 5 сәуiрде      
N 158 бұйрығымен бекiтiлген  

Республикалық нысаналы және қолданбалы ғылыми-техникалық
бағдарламалар бойынша ғылыми-зерттеу және инновациялық
жобаларды конкурстық реттеудң тәртiбi туралы
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Республикалық бюджет қаражаты есебiнен iргелi және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды орындауға берiлетiн мемлекеттiк тапсырыс туралы қағидаларға сәйкес республикалық нысаналы және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар (әрi қарай - бағдарламалар) бойынша ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды (әрi қарай - жобалар) конкурстық iрiктеудi ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн анықтайды. 
      2. Жоғарыда көрсетiлген қағидадағы ұғымдар осы Қағидаларда да пайдаланылады.

2. Жобаларды конкурстық iрiктеу

      3. Жобаларды конкурстық iрiктеу тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жұргiзудің тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 ж. 10.12. N 1268 қаулысымен бекiтiлген нұсқаулығына сәйкес және ғылыми-теникалық қызмет ерекшелiктерiн ескере отырып, екi кезеңде iске асырылады.

I-Кезең

      4. Конкурстық тапсырыстарды ұсыну мерзiмi аяқталғаннан кейiн 7 күн ішінде конкурстық комиссия конкурстық материалдарды ашып қарап, олардың жан-жақты толық және конкурс талаптарына сәйкестігін анықтайды. 
      Маңызды ескертусiз конкурс шарттарында көрсетiлген талаптарға сәйкес келетiн конкурстық тапсырыс талапқа сай деп саналады. Конкурстық тапсырыстың талаптарға сай екендiгiн конкурстық комиссия қосымша көздер негiзiнде емес, конкурстық тапсырысқа қарап белгiлеуi тиiс. 
      5. Белгiленген мерзiмi өтiп кеткеннен кейiн тапсырылған (конкурстық комиссияның алған күнi бойынша), немесе конкурс ережелерiне сай рәсiмделмеген және тиiстi кұжаттары толық емес материалдарды конкурстық комиссия әрi қарай қарап, талқылауға алмайды. 
      6. Потенциалды орындаушы толық емес, анықтығы жоқ, жалған және (немесе) бiлiктiлiк талаптарына сай келмейтiн ақпарат берген жағдайда, конкурсқа одан әрi қатысуға жiберiлмейдi, және оның конкурстық тапсырысы қабылданбайды. 
      7. Конкурстық комиссия потенциалды орындаушыларға жобаларды қарауды, оны бағалауды, салыстыруды жеңiлдету үшiн, жеке бағыттар бойынша қосымша материал берудi ұсынуға құқылы. Жобаларды қарау мен бағалаудың қай кезеңiнде болмасын конкурс талаптарына сай келмейтiн конкурстық тапсырыстарды талаптарға сәйкестендiру мақсатында сауал салуға рұқсат берiлмейдi.
      Түсініктеме туралы сауал және оған берiлген жауаптар жазбаша түрде берiлуi тиiс.
      8. Конкурстық комиссия тапсырыста мынадай жағдайлар болса да талаптарға сай деп қарауға құқылы:
      1) конкурстың талаптарына қайшы келмейтiн оның шарттарынан шамалы ауытқулардың болуы;
      2) конкурстық тапсырыстың негiзгi мәнiн бұзбай-ақ түзеуге болатын грамматикалық не арифметикалық қателер.
      9. Конкурстық бiрiншi кезеңiнің қорытындысы хаттама түрiнде рәсiмделіп, онда конкурстық тапсырыстардың қабылданбауының себептерi көрсетiледi.

II-Кезең

      10. Конкурстық материалдар конкурстық құжаттамалардың барлық талаптарына сай келетiн болса, және олардың потенциалды орындаушылары бiлiктiлiк талаптарын қанағаттандырған ретте конкурстық комиссия материалдарды жобаларды бағалау және салыстыру үшiн тиiстi бағдарлама (кiшi бағдарлама, тарау, бөлiм) бойынша құрылған ғылыми-сараптама кеңесiне (кеңестерiне) жiбередi. 
      Ғылыми-сараптама кеңестерiнiң құрамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрінің бұйрығымен бекiтiледi. Ғылыми-сараптама кеңестерiнiң жұмысын басқару конкурстық комиссия төрағасына жүктеледi. 
      11. Ғылыми-сараптама кеңесi конкурстық материалдары бар конверттердi конкурстық комиссия ашқан соң 10 күн мерзiмде жобалардың конкурс шарттарында айтылған баға беру өлшемдерiне сәйкестiгiн анықтайды. 
      Ғылыми-сараптама кеңестерi жұмысының қорытындылары хаттама түрiнде рәсiмделедi де конкурстық комиссияға табыс етiледi. 
      12. Ғылыми-сараптама кеңестерi жұмысының қорытындылары бойынша конкурстық комиссия конкурс талаптарына сәйкес келетiн жобаларды мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптауға (әрi қарай-МҒТС) жiберу туралы хаттамалық шешiм қабылдайды. 
      13. МҒТС әрбiр жоба жөнiнде конкурстық комиссияньң ұсынған материалдары негiзiнде бiр айлық мерзiмде мына шешімдердiң бiрiн қабылдайды: 
      1) бағдарламаға енгiзудi ұсыну; 
      2) жобаны қабыл алмауды ұсыну. 
      14. Конкурстық комиссия мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама қорытындыларын ескере отырып әрбiр жоба жөнiнде мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды: 
      1) бағдарламаға енгiзiлсiн; 
      2) түзету енгiзiлген соң жобаны бағдарламаға кiргiзу; 
      3) жобаны қабылдамау (нақты себебiн көрсете отырып). 
      Конкурстық комиссияның шешiмi хаттама түрiнде рәсiмделедi. 
      15. Конкурстың қорытындыларын шығарғаннан кейiнгi үш күн ішінде конкурстық комиссия бағдарлама бойынша бас ұйымды оның нәтижелерi туралы жазбаша хабардар етiп, оған конкурста жеңiп шыққан жобалардан бағдарлама құруды тапсырады. 
      16. Бағдарлама жөнiндегi бас ұйым конкурстық комиссияның жазбаша хабарламасын алған соң үш күн ішінде потенциалды орындаушыларды олардың жобалары бағдарламаға кiргiзiлетiнiн жазбаша ескертедi. 
      17. Бас ұйым құрастырған бағдарлама Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң алқа мәжiлiсiнде қарауға белгiленген тәртiппен енгiзiледi. 
      18. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi алқасының қаулысына сәйкес бағдарлама Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

3. Қорытынды ережелер

      19. Конкурсқа қатысушы автор (ғылыми жетекшi) мен бiрлесiп атқарушылар конкурстық тапсырыстарды ашып көрген сәттен басып, конкурс жеңімпаздары анықталғанға дейiн конкурстық тапсырысқа қатысты мәселелер бойынша осы нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетiлген жағдайды қоспағанда конкурстық комиссия мүшелерi және сарапшылармен байланысуға рұқсат етiлмейдi. 
      20. Автор (ғылыми жетекшi) не орындаушы ұйым және бiрлесiп атқарушы жағынан конкурстық материалдарды қарауға, оларды бағалауға, салыстыруға, конкурс жеңiмпаздарын анықтауға байланысты конкурс комиссиясының шешiмiне қандай болмасын ықпал жасауға әрекет етсе, оның конкурстық тапсырысы қабылданбайды.
      21. Конкурстық iрiктеу процесiнде туындаған барлық келiспеушiлiктер тек қана конкурсты өткiзудi реттейтiн нормативтiк актiлерге сәйкес шешiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады