Банк-агентіктің филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері арқылы мемлекеттік мекемелер өкілдерінен, жеке тұлғалардан бюджетке және мемлекеттік мекемелерді шоттарына есептеу үшін қолма-қол ақшаны қабылдау Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Департаментінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі N 167 бұйрығы. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 41 бұйрығымен.

  ---------------Бұйрықтан үзінді--------------

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      2) "Банк-агенттіктің филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері арқылы мемлекеттік мекемелер өкілдерінен, жеке тұлғалардан бюджетке және мемлекеттік мекемелердің шотына есептеу үшін қолма-қол ақшаны қабылдау Ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 27 сәуірдегі N 167 (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеуінде N 2969 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органда нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 1999 жыл N 10)...

      Төрайым
____________________________________________ 

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік мекемелер өкілдерінен, жеке тұлғалардан Банк-агенттің филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері арқылы бюджетке және мемлекеттік мекемелердің шоттарына есептеу үшін қолма-қол ақшаны қабылдау Ережелері бекітілсін. 
      2. Ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімі (А.С.Мұқашев) белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Ережелердің деректерін мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      3. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап әрекет етеді.     

       Қазынашылық
      комитетінің төрағасы

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі   
Қазынашылық комитетінің 
Бұйрығымен бекітілген 
1999 ж. 27 сәуір N 167 

Банк-агенттің филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері арқылы
мемлекеттік мекемелер өкілдерінен, жеке тұлғалардан бюджетке және
мемлекеттік мекемелердің шоттарына есептеу үшін қолма-қол ақшаны
қабылдау
Ережелері

1. Жалпы ережелер

       1. Осы ережелер Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң мәселелерi" 1998 жылғы 9 қазандағы N 1028  P981028_  қаулысына сәйкес әзiрлендi және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Банк-агенттiң филиалдары мен қүрылымдық бөлiмшелерi арқылы мемлекеттiк мекемелер үшiн қолма-қол ақшаны қабылдау мен төлеу жөнiнде айқындалған мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер өкiлдерiнен (бұдан әрi - мемлекеттiк мекемелер) және жеке тұлғалардан бюджетке және Қазынашылықтың аумақтық органдарында (бұдан әрi Қазынашылықтың АО) ашылған мемлекеттiк мекемелердiң шоттарына есептеу үшiн қолма-қол ақшаны қабылдаудың тәртiбiн айқындайды. 
      2. Банк-агенттiң филиалдарында Қазынашылықтың АО атына белгiленген тәртiпте мемлекеттiк мекемелердiң өкiлдерiнен, жеке тұлғалардан салықтарды және басқа да төлемдердi бюджетке және бюджетттiк шоттарға, сондай-ақ "Уәкiлеттiлердiң ағымдағы шоттары және төленбеген аударымдар" және мемлекеттiк мекемелердiң "мақсатты қаржыландыру үшiн" N 724 шоттарына қабылданған қолма-қол ақшаны есептеу үшiн жеке транзиттік шот (908) ашылады. 
      Осы орайда Қазынашылықтың АО Банк-агенттiң тиiстi филиалына жазбаша түрде мемлекеттiк мекемелердiң "мақсатты қаржыландыру үшiн" шоттарының тiзбесiн хабарлайды. 
      3. Мемлекеттік мекемелердiң өкiлдерiнен және жеке тұлғалардан бюджетке және мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк шоттарына есептеу үшiн қолма-қол ақшаны қабылдау жөнiндегi Банк-агенттiң қаржылық қызметiне ақы төлеудiң, сондай-ақ мiндеттемелердi орындамағаны үшін айыппұл санкцияларының мөлшерi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Банк-агент арасында жасалатын Агенттiк келiсiммен айқындалады. 
      4. Қазынашылықтың АО ашылған шоттары бар (NN 120, 130, 132, 724 және "мақсатты қаржыландыру үшiн" шоттарынан басқа) мемлекеттiк мекеме Банк-агенттiң тиiстi филиалымен жеке тұлғалардан түсiмдер мен төлемдердi тиiстi шоттарға есептеу үшiн қабылдауға арналған дербес шарт жасасады, онда Банк-агенттiң қаржылық қызметiне ақы төлеудiң көзi мен тәртiбi көрсетiледi. Бұл орайда көрсетiлген шартта айтылған Банк-агенттiң қаржылық қызметiне төленетiн ақының мөлшерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Банк-агент арасында жасалған Агенттiк келiсiмде белгiленген мөлшерден аспауға тиiс. 

2. Мемлекеттiк мекеме өкiлдерiнен бюджетке және мемлекеттiк 
мекемелердiң бюджеттiк шоттарына қолма-қол ақшаны 
қабылдаудың тәртiбi 

      5. Мемлекеттiк мекемелердiң өкiлдерiнен бюджетке және мемлекеттiк мекемелердiң шоттарына есептеу үшiн қолма-қол ақшаны қабылдау қажеттi барлық деректемелер (төлеушiнiң атауы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бұдан әрi - СТТН), алушының атауы және алушының СТТН-i, төлемдi белгiлеу және бюджетке және бюджеттiк шоттарға тапсыру кезiнде - бюджеттiк сыныптаманың коды) көрсетiлетiн "Қолма-қол жарнаға арналған хабарландыру" N 0402001 нысандағы iс-парақты ресiмдей отырып, Банк-агенттiң филиалдары мен қүрылымдық бөлiмшелерi арқылы жүзеге асырылады. 
      Мемлекеттік мекемелер өкiлдерiнiң жарнаға арналған құжаттарда бюджеттiк шоттарға (кассалық шығыстарды қалпына келтiру кезiнде - 120, 130, 132) қолма-қол ақшаны тапсырған кезде мiндеттi түрде бюджеттiк сыныптама шығыстарының он таңбалы коды көрсетiледi. 
      6. Банк-агенттiң филиалдарының мемлекеттiк мекеме өкiлдерiнен қолма-қол ақшаны қабылдауы жергiлiктi уақыт бойынша 9-дан 13-ке дейiн жүргiзiледi. Қабылданған қолма-қол ақшаның бүкiл сомасы дәл сол күнi тиiстi шоттарға есептеу үшiн Қазынашылықтың АО корреспонденттiк шотына аударылады. 

3. Жеке тұлғалардан бюджетке және мемлекеттiк мекемелердiң 
бюджеттiк шоттарына қолма-қол ақшаны қабылдаудың тәртiбi  

      7. Жеке тұлғалардан бюджетке және мемлекеттiк мекемелердiң шоттарына есептеу үшiн қолма-қол ақшаны қабылдау қажеттi барлық деректемелер (төлеушiнiң аты-жөнi, тегi, салық төлеушiнiң СТТН-i, алушының атауы және алушының СТТН-i, алушы банктiң МФО, төлемдi белгiлеу және бюджетке және бюджеттiк шоттарға тапсыру кезiнде - бюджеттiк сыныптаманың коды) көрсетiлетiн 4-ПД нысанындағы iс-парақты ресiмдей отырып, Банк-агенттiң филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерi арқылы жүзеге асырылады. 
      8. Банк-агенттің филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерi жеке тұлғалардан қолма-қол ақша қабылдауды бүкiл жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады. 
      9. Банк-агенттiң филиалдарының операциялық бөлiмдерiнiң жеке тұлғалардан қабылдаған қолма-қол ақшаларының сомалары жұмыс күнiнiң соңында Қазынашылықтың АО транзиттiк шотына (908) есепке алынады және келесi күннен кешiктiрмей төлемдердiң түрлерiне қарай тиiстi шоттарға есептеу үшiн Қазынашылықтың АО корреспонденттiк шотына аударылады. 
      10. Банк-агенттiң құрылымдық бөлiмшелерi жеке тұлғалардан қабылдаған қолма-қол ақшаның сомасы Банк-агенттiң филиалының күнделiктi есебi алынғаннан және тексерiлгеннен кейiн Қазынашылықтың АО транзитпк шотына (908) есепке алынады және транзиттiк шотқа есептелгеннен кейiнгi келесi күнi төлемдердiң түрлерiне қарай тиiстi шоттарға есептеу үшін Қазынашылықтың АО корреспонденттiк шотына аударылады. 

4. Қолма-қол ақшаны қабылдау және оларды бюджетке және
мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк шоттарына есептеу жөнiнде
Банк-агенттiң филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерiнiң қаржылық 
қызметке ақы төлеу тәртiбi 

      11. Банк-агенттiң мемлекеттiк мекеменiң өкiлдерiнен және жеке тұлғалардан салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi төлеуге және мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк шоттарына (кассалық шығыстарды қалпына келтiру кезiнде NN 120, 130 және 132, сондай-ақ N 724 және "мақсатты қаржыландыру үшiн" шоттарына) қолма-қол ақшаны қабылдау жөнiндегi Банк-агенттiң қаржылық қызметiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттен орталықтандырылған түрде ақы төлейдi. 
      12. Жеке тұлғалардан түсiмдер мен төлемдердi тиiстi шоттарға (NN 120, 130, 132, 724 және "мақсатты қаржыландыру үшін" шоттарынан басқа) есептеу үшiн қабылдау жөнiндегi қаржылық қызметке ақы төлеудi мемлекеттiк мекеме Банк-агенттiң филиалымен жасалған шартқа сәйкес осы қаражат есебiнен дербес жүргiзiледi. 

5. Банк-агенттiң қаржылық қызметiне ақы төлеу үшiн бюджетке және
мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк шоттарына қабылданған қолма-қол 
ақша мен аударылған қаражат туралы ақпаратты тапсырудың тәртiбi  

      13. Қазынашылықтың облыстық, Алматы қалалық басқармаларында, Қазынашылықтың Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша басқармасында ай сайын Банк-агенттiң филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қолма-қол ақшамен қабылданған бюджетке және мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк шоттарына есептелген қаражаттың шоттың әрбiр түрi бойынша аудандар бойынша Тiзiмдемесi (1-қосымша) және Банк-агенттiң филиалдары мен қүрылымдық бөлiмшелерi арқылы қолма-қол ақшамен қабылданып, есептелген қаражаттың алушылардың шоттарының үлгiлерi бойынша Жиынтық тiзiмдемесi жасалады. 
      14. Облыс бойынша ай сайын есептi кезеңнен кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн Банк-агенттiң облыстық филиалдарында Банк-агенттің филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерi арқылы мемлекеттiк мекеменiң өкілдерiнен және жеке тұлғалардан қолма-қол ақшамен бюджетке және мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк шоттарына қабылданған және есептелген қаражат туралы Анықтама жасалады (3-қосымша). 
      15. Қазынашылықтың облыстық, Алматы қалалық басқармалары, Қазынашылықтың Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша басқармасы Банк-агенттiң филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерi арқылы мемлекеттiк мекеменiң өкiлдерiнен және жеке тұлғалардан қолма-қол ақшамен қабылданып, есептелген қаражаттың Жиынтық тiзiмдемесi негiзiнде (2-қосымша) Банк-агенттiң филиалдары мен қүрылымдық бөлiмшелерi арқылы мемлекеттiк мекеменiң өкiлдерiнен және жеке тұлғалардан қолма-қол ақшамен қабылданып, есептелген қаражат туралы Мәлiметтер жасайды (4-қосымша), және оны есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiне (бұдан әрi - Қазынашылық) тапсырады. 
      16. Қазынашылықтың облыстық, Алматы қалалық басқармаларынан, Қазынашылықтың Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша басқармасынан алынған Банк-агенттің филиалдары мен қүрылымдық бөлiмшелерi арқылы мемлекеттiк мекемелердiң өкiлдерiнен және жеке тұлғалардан қолма-қол ақшамен қабылданып, есептелген қаражат туралы Мәлiметтердiң негiзiнде (4-қосымша) Қазынашылық республика бойынша тұтастай алғанда және облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша Банк-агенттің филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерi арқылы бюджетке және мемлекеттiк мекемелердiң шоттарына қабылданған қолма-қол ақша мен есептелген қаражаттың сомасы туралы Жиынтық анықтама жасайды (5-қосымша). 
      17. Банк-агент есептi айдан кейiнгi әр айдың 15-күнiне дейiн республика бойынша тұтастай алғанда және облыстар мен Астана және Алматы қ.қ. бойынша Қазынашылыққа Банк-агенттiң филиалдары мен қүрылымдық бөлiмшелерi арқылы мемлекеттiк мекемелердiң өкiлдерiнен және жеке тұлғалардан қолма-қол ақшамен қабылданған қаражатты бюджетке және мемлекеттiк мекемелердiң шоттарына есептеу жөнiндегi Жиынтық салыстыру актiсiн (6-қосымша) тапсырады. 
      18. Қазынашылық Банк-агенттiң филиалдары мен құрылымдық бөлiмшелерi арқылы мемлекеттiк мекемелердiң өкiлдерiнен және жеке тұлғалардан қолма-қол ақшамен қабылданған қаражатты бюджетке және мемлекеттiк мекемелердiң шоттарына есептеу жөнiндегi Жиынтық салыстыру актiсiнде (6-қосымша)көрсетiлген Банк-агенттiң қаржылық қызметiне ақы төлеуге арналған соманы Қазынашылық жасаған Жиынтық анықтамамен салыстырады, және алшақтық болмаса, төлеу үшiн көрсетiлген соманы куәландырады және төлеуге арналған Жиынтық актiнi (6-қосымша) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiбередi. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Жиынтық актiнi алған күннен бастап 4 банктiк күн iшiнде Банк-агентке тиесiлi соманы оның корреспонденттiк шотына аударады. 
      19. Банк-агент тапсырған Жиынтық актiсi деректерiнiң (6-қосымша) Қазынашылық жасаған Жиынтық анықтама деректерiмен (5-қосымша) алшақтығы болса, еркiн нысандағы Алшақтық актiсi жасалады. Алшақтық актiсiнде Банк-агент тапсырған және екi Тарап қол қойған күннен бастап 4 банктiк күн iшiнде аударылатын, Қаржымин төлеуге қабылдаған сома көрсетiледi.      

                            Қазынашылық комитетінің
                           1999 ж. "___"__________
                          N___ бұйрығымен бекітілген
                      "Мемлекеттік мекемелер өкілдерінен,
                        жеке тұлғалардан бюджетке және
                      мемлекеттік мекемелердің шоттарына
                           есептеу үшін қолма-қол
                         ақшаны қабылдау Ережелеріне"
                                  N1 қосымша

      ______________________________________
    Қазынашылықтың облыстық басқармасының атауы     

   1999 ж.____ үшін N______________ баланс шоты бойынша
  ___________ банктің филиалдары арқылы қолма-қол ақшамен
  (банктің атауы)
             қабылданып есептелген қаражаттың
                        Тізбесі

 _________________________________________________________
|Қазынашылық     | МФО | Төлем саны, |  Жалпы сомасы,     |
|филиалының атауы|     |   дана      |   (теңге)          |
|________________|_____|_____________|____________________|
|________________|_____|_____________|____________________|
|________________|_____|_____________|____________________|
|Жиыны:          |     |             |                    |
|________________|_____|_____________|____________________|

   Жауапты атқарушы:_____________________

                             Қазынашылық комитетінің
                            1999 ж. "___"__________
                           N___ бұйрығымен бекітілген
                      "Мемлекеттік мекемелер өкілдерінен,
                        жеке тұлғалардан бюджетке және
                      мемлекеттік мекемелердің шоттарына
                           есептеу үшін қолма-қол
                        ақшаны қабылдау Ережелеріне"
                                N 2 қосымша

         ______________________________________
       Қазынашылықтың облыстық басқармасының атауы
    1999 ж.____ үшін N______________ баланс шоты бойынша
  ___________ банктің филиалдары арқылы қолма-қол ақшамен
  (банктің атауы)
              қабылданып есептелген қаражаттың
                      Жиынтық тізбесі
 _________________________________________________________
|Есептеу шоты    |    Төлем саны,    |  Жалпы сомасы,     |
|                |       дана        |   (теңге)          |
|________________|__________________ |____________________|
|________________|__________________ |____________________|
|________________|__________________ |____________________|
|Жиыны:          |                   |                    |
|________________|__________________ |____________________|

   Жауапты атқарушы:_____________________          

 _____________________________________
  Банктің облыстық филиалының атауы        Қазынашылық комитетінің
                                           1999 ж. "___"__________
                                           N___ бұйрығымен бекітілген
                                           "Мемлекеттік мекемелер өкілдерінен,
                                           жеке тұлғалардан бюджетке және
                                           мемлекеттік мекемелердің шоттарына
                                           есептеу үшін қолма-қол
                                           ақшаны қабылдау Ережелеріне"
                                            N 3 қосымша     

         Облыс бойынша 199 ___ж.________ үшін________________
     банктің филиалдары арқылы мемлекеттік өкілдерінен және жеке
  тұлғалардан қолма-қол ақшамен қабылданған бюджетке және мемлекеттік
 мекемелердің бюджеттік шоттарына қабылданған және есепке алынған қаражат
                              туралы 
                             Анықтама

  

                                                               (теңге)
 ________________________________________________________________________    
|рет|  Төлемнің түрі        | Қабылданғаны |Қаражаттың есепке алынғаны   |
|N  |                       |              |_____________________________|
|   |                       |              |барлығы| облыс  | басқа      |
|   |                       |              |       |бойынша |облыстарда  |
|___|_______________________|______________|_______|________|____________|
| 1 |          2            |      3       |   4   |   5    |      6     |
|___|_______________________|______________|_______|________|____________|
| 1 |Мемлекеттік мекемелер. |              |       |        |            |
|   |дің бюджеттік шоттарына|              |       |        |            |
|___|_______________________|______________|_______|________|____________|
| 2 |Бюджеттің кірісіне     |              |       |        |            |
|   |(080 шотқа)            |              |       |        |            |
|___|_______________________|______________|_______|________|____________|
|   | Жиыны:                |              |       |        |            |
|___|_______________________|______________|_______|________|____________|

       __________________________ресімделген актілердің күні мен сомасы
      (айыппұл санкциялары бойынша)     

     ___________________________ банктің облыстық филиалының директоры     

     Бас бухгалтер     

     М.О.

                           Қазынашылық комитетінің
                           1999 ж. "___"__________
                          N___ бұйрығымен бекітілген
                      "Мемлекеттік мекемелер өкілдерінен,
                        жеке тұлғалардан бюджетке және
                      мемлекеттік мекемелердің шоттарына
                           есептеу үшін қолма-қол
                         ақшаны қабылдау Ережелеріне"
                                  N 4 қосымша

                ______________________________________
             Қазынашылықтың облыстық басқармасының атауы     
        199__ ж.____ үшін ______________ банктің филиалдары
    арқылы мемлекеттік мекемелер өкілдерінен және жеке тұлғалардан
  қолма-қол ақшамен қабылданған бюджетке және мемлекеттік мекемелердің
           бюджеттік шоттарына есепке алынған қаражат туралы
                             Мәліметтер

________________________________________________________________________
|рет N|    Төлемнің түрі                         | Есептелгені           |
|_____|__________________________________________|_______________________|
|  1  |                   2                      |            3          |
|_____|__________________________________________|_______________________|
|  1  |Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік        |                       |
|     |шоттарына Барлығы:                        |                       |
|     |оның ішінде аудандар бойынша:             |                       |
|_____|__________________________________________|_______________________|
|  2  |Бюджеттің кірісіне (080 шотқа)            |                       |
|_____|__________________________________________|_______________________|
|           Жиыны:                               |                       |
|________________________________________________|_______________________|    

     ____________________________ ресімделген актілердің күні мен сомасы
     (айыппұл санкциялары бойынша)
     ____________________________ банктің облыстық филиалының директоры     

     Бас бухгалтер     

     М.О.

                           Қазынашылық комитетінің
                           1999 ж. "___"__________
                         N___ бұйрығымен бекітілген
                     "Мемлекеттік мекемелер өкілдерінен,
                       жеке тұлғалардан бюджетке және
                     мемлекеттік мекемелердің шоттарына
                          есептеу үшін қолма-қол
                       ақшаны қабылдау Ережелеріне"
                              N 5 қосымша     

        199__ ж.____ үшін ______________ банктің филиалдары
    арқылы мемлекеттік мекемелер өкілдерінен және жеке тұлғалардан
  қолма-қол ақшамен қабылданған бюджетке және мемлекеттік мекемелердің
            бюджеттік шоттарына есепке алынған қаражат туралы
                             жиынтық анықтама

 ________________________________________________________________________
|рет| Облыстың атауы|  Ай ішінде   |Оның ішінде қаражаттың есепке        |
|N  |               |есепке алынған|алынғаны                             |
|   |               | қаражаттың   |                                     |
|   |               |  барлығы     |_____________________________________|
|   |               |              |   бюджеттің   |  мем. мекеменің     |
|   |               |              |    кірісіне   | бюджеттік шотына    |
|   |               |              |  (080 шотқа)  |                     |
|___|_______________|______________|_______________|_____________________|
| 1 |       2       |       3      |       4       |         5           |
|________________________________________________________________________|
| Жиыны:            |              |               |                     |
|___________________|______________|_______________|_____________________|

  Республикалық бюджет есебінен
  қаржылық қызметтердің сомасы
  ________ құрады     

  Республикалық бюджеттің кірісіне есептеуге
  жататын айыппұл санкцияларының
  сомасы _____________     

  Ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
  бөлімінің бастығы _________________

                           Қазынашылық комитетінің
                           1999 ж. "___"__________
                         N___ бұйрығымен бекітілген
                      "Мемлекеттік мекемелер өкілдерінен,
                       жеке тұлғалардан бюджетке және
                       мемлекеттік мекемелердің шоттарына
                           есептеу үшін қолма-қол
                        ақшаны қабылдау Ережелеріне"
                                N 6 қосымша

       199__ ж.____ үшін ______________ банктің филиалдары
    арқылы мемлекеттік мекемелер өкілдерінен және жеке тұлғалардан
  қолма-қол ақшамен қабылданған бюджетке және мемлекеттік мекемелердің
         бюджеттік шоттарына есепке алынған қаражат туралы
                           жиынтық акт

 ________________________________________________________________________
|рет| Облыстың атауы|  Ай ішінде   |Оның ішінде қаражаттың есепке        |
|N  |               |есепке алынған|алынғаны                             |
|   |               | қаражаттың   |                                     |
|   |               |  барлығы     |_____________________________________|
|   |               |              |   бюджеттің   |  мем. мекеменің     |
|   |               |              |    кірісіне   | бюджеттік шотына    |
|   |               |              |  (080 шотқа)  |                     |
|___|_______________|______________|_______________|_____________________|
|  1|       2       |      3       |        4      |          5          |
|________________________________________________________________________|
| Жиыны:            |              |               |                     |
|___________________|______________|_______________|_____________________|

  Республикалық бюджет есебінен
  қаржылық қызметтердің сомасы
  ________ құрады

  Бюджеттің кірісіне есептеуге
  жататын айыппұл санкцияларының
  сомасы____________________   

  Банк басқармасы Төрағасының
  Бірінші орынбасары ___________     

  Ақша айналысы және кассалық операциялар
  департаментінің директоры ___________

  Төлеуге барлығы ________________

  ҚР Қаржы министрлігі
  Қазынашылық комитетінің
  төрағасы     

  Ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
  бөлімінің бастығы _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады