1998 жылдың 15 тамыздағы N 03-1 ОД бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Бұйрық Қазақстан Республикасы Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агентігі 1999 жыл 17 мамыр N 27-ОД

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Z980213_ Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының 28 бабын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiнiң Төрағасы - Қазақстан Республикасының Министрiнiң 1998 жылдың 15-шi тамыздағы N 03-1 ОД бұйырығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылдың 5 қарашадағы 639 V980639_ нөмiрмен тiркелген Табиғи монополия субъектiлерiнiң тендерлiк негiзде материалдық және қаржылық ресурстарды, жабдықтарды және өндiрiстiк қажеттерi үшiн қызметтердi сатып алуы ережелерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      3-шi тармақтың 4-шi азат жолы "қызметтер" деген сөзден кейiн "және сақтандыру компанияларының қызметтерi" сөздерiмен толықтырылсын;
      25 тармақ мынадай редакцияда берiлсiн:
      "25. Отандық әлуеттi жеткiзушiлер (мердiгерлер) және тауар өндiрушiлер, оның iшiнде кiшi кәсiпкерлiктiң субъектiлерi де бар, конкурстық өтiнiштер бергенде басқалай бiрдей жағдайларда өтiнiште аталғаннан тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) аз көлемiн жеткiзу туралы ұсыныстарын енгiзуiне құқылы.".
      2. Табиғи монополияларды реттеу департаментi (Попандопуло Е.Н.) осы

бұйрықтың белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әділет 
министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуін қамтамасыз етсін.
     3. Ұйымдық-кадрлар бөлімі (Герасимова Е.Н.) осы бұйрықты аумақтық 
комитеттерге және Мемлекеттік тізімнің республикалық тарауына енгізілген 
табиғи монополия субъектілеріне жеткізсін.
     4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары Е.А. 
Пушкареваға жүктелсін.
     
     Төраға
     
Оқығандар:     
          Умбетова А.М.
          Нарбаев Е.А.          
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады