Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 24 маусым N 36. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысымен (V032484).

      Зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алуға рұқсат етiнген қаржы құралдарының тiзбесiн кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
      1. Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1998 жылғы 12 қарашада 642 нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      1) 2-тармақ мынадай мазмұнды 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздар (оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес эмиссияланған), осы бағалы қағаздардың "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның сауда жүйелерiнде айналысқа жiберу және зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алуға Ұлттық комиссия Директоратының рұқсат ету шартымен, - 5%-тен көп емес;";
      2) 3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-2. Компания шетелдiк эмитенттердiң мынадай мемлекеттiк емес бағалы қағаздарын сатып алуға құқылы:
      1) рейтингтiк бағалануы "АА" ("Standart & Poor және "Fitch IBCA жiктелу бойынша) немесе "Аа" ("Мооdу's" жiктелу бойынша) төмен болмайтын борыштық бағалы қағаздарын;
      2) борыштық бағалы қағаздарының рейтингтiк бағалануы "АА" ("Standart & Рооr's және "Fitch IBCA жiктелу бойынша) немесе "Аа" ("Moody's" жiктелу бойынша) төмен болмайтын эмитенттердiң акцияларын;
      3) несиелiк рейтингтiк бағалануы "АА" ("Standart & Poor's және "Fitch IBCA жiктелу бойынша) немесе "Aa" ("Мооdу's" жiктелу бойынша) төмен болмайтын эмитенттердiң бағалы қағаздарын.".
      2. Осы Қаулының қабылданған күннен бастап күшiне енетiндігі белгiленсiн.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы осы Қаулыны мемлекеттiк тiркеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберсiн.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
      1) осы Қаулыны зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегі комитетiнiң назарына жеткiзсiн;
      2) осы Қаулыны зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға ниет бiлдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн;          
     3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
     5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның (оған осы Қаулыны өзiнiң мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып) және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның назарына жеткiзсiн.       

     Ұлттық комиссияның Төрағасы
     Комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады