Бағалы қағаздар эмитенттерінің қызметіне тексерістер жүргізудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы директораты 1999 жылғы 30 қыркүйек N 442. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 110 (V042845) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы  заңының  24-2-бабының 1-ші және 2-тармақтарын және Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженің 4-тармағының 16-18) тармақшаларын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы орталық аппаратының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) бағалы қағаздар эмитенттерінің қызметін тексеру жөніндегі жұмысын ұйымдастыру мақсатында Ұлттық комиссияның Директораты қаулы етеді: 
      1. Бағалы қағаздар эмитенттерінің қызметіне тексерістер жүргізудің тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін (қоса берілді). 
      2. Жоғарыда аталған Нұсқаулықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енетіндігі белгіленсін. 
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасы: 
      1) Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасымен бірлесе отырып жоғарыда аталған Нұсқаулықты (ол күшінен енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің назарына жеткізу жөніндегі барлық ықтимал шараларды қабылдасын; 
      2) жоғарыда аталған Нұсқаулықтың орындалысына бақылау жасасын. 

       Ұлттық комиссияның Төрағасы  

Қазақстан Республикасы      
Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық
комиссиясы Директоратының 1999 
жылғы 30 қыркүйектегі N 442  
қаулысымен бекітілді     

Бағалы қағаздар эмитенттерінің қызметіне тексерістер
жүргізудің тәртібі туралы 
Нұсқаулық  

      Осы Нұсқаулық "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ережеге сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы орталық аппаратының бағалы қағаздар эмитенттерiнiң қызметiне тексерiстер жүргiзуiнiң тәртiбiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқауда қолданылған ұғымдар мыналарды бiлдiредi: 
      1) "Жетекшiлiк жасайтын атқарушы директор (атқарушы директор, жетекшiлiк жасайтын)" - Ұлттық комиссияның Төрағасы немесе Ұлттық комиссияның Ұлттық комиссия орталық аппаратының тиiстi бөлiмшесiне жетекшiлiк жасайтын мүшесi (оның iшiнде қызметтi уақытша атқару схемасына сәйкес); 
      2) "Ұлттық комиссия" - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы; 
      3) "Тексерiс" - бағалы қағаздар эмитентiнiң қызметiн тексеру; 
      4) "Корпоративтiк қаржылар басқармасы" - Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасы; 
      5) "Заң басқармасы" - Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы. 
      2. Тексерiстер Ұлттық комиссия Төрағасының Корпоративтiк қаржылар басқармасына жетекшiлiк жасайтын атқарушы директормен келiсу бойынша шығарылатын бұйрықтарының негізiнде: 
      1) Тексерiстер жоспарына (жоспарлы тексерiстер); 
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын (өкiмдерiне), Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе оның жекелеген Палаталарының қаулыларына, акционерлердiң (инвесторлардың) арыздарына, мемлекеттiк органдардың немесе тексерiстер жүргiзуге мүдделi өзге де ықтимал тұлғалардың өтiнiмдерiне (сұрауларын) Ұлттық комиссияның немесе оның Директоратының шешiмдерiне (жоспардан тыс тексерiстер) сәйкес жүзеге асырылады. 
      3. Тексерiстер жоспарын Корпоративтiк қаржылар басқармасына жетекшiлiк жасайтын атқарушы директор аталған Басқарма бастығының ұсынысы бойынша бекiтедi. Аталған ұсыныс Заң басқармасының бастығымен және/немесе аталған Басқармаға жетекшілік жасайтын атқарушы директормен келісілу керек. 
      Ұлттық комиссия Төрағасының Тексерiстер жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге сөзсiз құқығы бар. 
      4. Тексерiстер бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында жүзеге асырылады. 
      Тексерiстiң нақты мақсаттары және мәселелерi әрбiр жекелеген жағдайда оның Корпоративтiк қаржылар басқармасына жетекшiлiк жасайтын атқарушы директордың бекiтуiне жататын бағдарламасымен айқындалады. 
      Тексерiс бағдарламасы ретiнде Ұлттық комиссияның Директораты бекiткен бiрыңғай тексерiстер бағдарламасы қолданылуы мүмкiн. 
      Тексерiстер бағдарламалары, оның iшiнде бiрыңғай, "Қызметтiк қолдануға арналған" санатының құжаттары болып табылады. Бұл мақсаттарда Корпоративтiк қаржылар басқармасы Тексерiстер бағдарламаларымен танысуға құқығы бар және олармен танысқан тұлғалардың журналын жүргiзедi. 
      5. Тексерiстiң нысаны (ұсынылған құжаттарды қарау арқылы, заң бұзушылық фактiсi бойынша түсiнiгiн тыңдау мақсатында мүдделi тараптардың өкiлдерiн шақыру арқылы, эмитенттiң орналасқан жерi бойынша тексерiс жүргiзу арқылы) оны жүргiзу туралы бұйрықпен айқындалады.

2-тарау. Тексеріс жүргізу 

      6. Тексерiстi Ұлттық комиссия Төрағасының оны жүргiзу туралы бұйрығымен айқындалған комиссия (бұдан әрi "Тексерiс комиссиясы" деп аталады) жүзеге асырады. 
      Тексерiстiң мақсаттары мен мәселелерiне қарай Тексерiс комиссиясының құрамына Корпоративтiк қаржылар басқармасы қызметкерлерiнен басқа, Ұлттық комиссия орталық аппараты құрылымдық бөлiмшелерiнiң өзге де қызметкерлерi (тиiстi жетекшiлiк жасайтын атқарушы директормен келiсу бойынша), сондай-ақ - сарапшылар мен консультанттар ретiнде - қазақстандық және шетелдiк мамандар енгізiлуi мүмкiн. 
      Тексерiс комиссиясының құрамына кандидатураларды ұсынуды Ұлттық комиссия орталық аппараты құрылымдық бөлiмшелерiнiң жетекшiлерi олар тексерiстi белгiлеу үшiн негiз болып табылатын құжаттармен танысқаннан және осындай құжаттарға алдын-ала талдау жасағаннан кейiн жүзеге асырады. 
      Қажеттiлiгiне орай тексерiс жүргізуге қатысу үшiн салық қызметi органдарының, қаржы және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi тартылуы мүмкiн. 
      7. Тексерiс жүргізу мерзiмi Ұлттық комиссия Төрағасының оны жүргiзу туралы бұйрығымен белгiленедi және осы тармақтың екiншi бөлiгiнде және осы Нұсқаулықтың 14-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, 30 күннен аспау керек. 
      Жекелеген жағдайларда тексерiс жүргiзу мерзiмi Ұлттық комиссия Төрағасының Тексерiс комиссиясы мүшелерiнiң өтiнiмдерiнiң негізiнде шығарылған бұйрығымен ұзартылуы мүмкiн. Аталған өтiнiмде Тексерiс комиссиясының мүшелерi тексерiс жүргiзу мерзiмiн ұзартуға қажеттi деп санайтын себептер болу керек. 
      8. Тексерiс комиссиясының мүшелерiне осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасындағы үлгi бойынша уақытша куәлiктер берiледi. 
      Уақытша куәлiк тек бiр эмитентке тексерiс жүргізу үшiн ғана берiледi. 
      Уақытша куәлiк шығыс нөмiрi берiлiп және берiлген күнi көрсетiлiп мiндеттi түрде тiркелуге (шығыс хаттарын тiркеу ережелерi бойынша) жатады. Ұлттық комиссияның Төрағасы немесе оның қызметiн уақытша атқаратын Ұлттық комиссияның атқарушы директоры қол қоймаған, Ұлттық комиссияның мөр таңбасы қойылмаған немесе тiркелмеген уақытша куәлiктер жарамсыз болып табылады. 
      9. Тексерiстi бастағанға дейiн Тексерiс комиссиясының мүшелерi Ұлттық комиссиядағы тексерiлетiн эмитентке қатысты құжаттармен, оның iшiнде тексерiс мақсаты үшiн басқа тұлғалардан талап етiлген құжаттармен танысуға мiндеттi. 
      10. Тексерiстiң басталар алдында Тексерiс комиссиясының мүшелерi оларға берiлген уақытша куәлiктердi тексерiлетiн эмитенттiң бiрiншi басшысына (алқалы атқарушы органның басшысына немесе атқарушы органның функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаға) немесе оның қызметiн уақытша атқарушы тұлғаға не - аталған тұлғалар болмаған кезде - тексерiлетiн эмитенттiң қызметi жоғары кез келген қызметкерiне ұсынуға мiндеттi. 
      Уақытша куәлiктерiн ұсынған сәттен бастап Тексерiс комиссиясының мүшелерi тексерiс жүргiзуге құқылы және мiндеттi. 
      Тексерiс жүргiзудiң кез келген сәтiнде Тексерiс комиссиясының мүшелерi эмитенттiң қызметкерлерiне (олардың өтiнiш немесе талап етуi бойынша) өздерiнiң уақытша куәлiктерiн ұсынуға міндетті. 
      Эмитенттерге уақытша куәлiктердiң көшiрмелерiн түсiрiп алуға рұқсат етiледi. 
      11. Тексерiлетiн эмитенттiң лауазымды тұлғаларына және қызметкерлерiне тексерiс бағдарламасымен танысуға тыйым салынады. 
      12. Тексерiс комиссиясының мүшелерi тексерiстi құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариальды куәландырылған көшiрмелерiнiң не олардың түпнұсқасына сәйкестiгi эмитенттiң бiрiншi басшысының немесе оның қызметiн уақытша атқаратын тұлғаның және эмитенттiң бас бухгалтерiнiң қолдарымен және эмитент мөрiнiң таңбасымен куәландырылатын көшiрмелерiнiң негiзiнде жүзеге асырады. 
      Тексерiлетiн эмитенттiң лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерiнiң, сондай-ақ түсiнiктерi тексерiс мақсатына қажеттi өзге ықтимал жеке тұлғалардың барлық түсiнiктерi жазбаша түрде ресiмделу және аталған тұлғалар қол қою күнiн көрсете отырып қол қою керек. 
      13. Тексерiлетiн эмитенттiң лауазымды тұлғалары және қызметкерлерi осы Нұсқаулықтың 12-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбаған жағдайда (ұсынбау себептерiне қарамастан) Тексерiс комиссиясының мүшелерi олардан жазбаша түсiнiктер талап етуге мiндеттi. Аталған түсiнiктердi беруден бас тартқан кезде тексерiс актiсiне тиiстi жазба жазылу керек. 
      14. Тексерiс жүргізу барысында Тексерiс комиссиясының мүшелерi тексерiлетiн эмитенттiң қызметi туралы қажеттi түсiнiктемелер алу үшін мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдарға өтiнуге құқылы. Аталған өтiнiшке (сұрауға) Корпоративтiк қаржылар басқармасына жетекшiлiк жасайтын атқарушы директор не - тексерiстi Тексерiс комиссиясының мүшелерi iссапарда жүрiп жүзеге асырған жағдайда - оның қызметi жоғары, Ұлттық комиссияның қызметкерi болып табылатын мүшесi қол қояды. Бұл ретте сұралған органнан (сұралған ұйымнан) жауап алынғанға дейiн тексерiс жүргізу мерзiмi ұзартылады.

3-тарау. Тексеріс нәтижелерін ресімдеу  

      15. Тексерiс нәтижелерi тексерiс жүргiзiлген орында бес жұмыс күнiнен аспайтын күн iшiнде осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасындағы үлгi бойынша жасалуға тиiстi тексерiс актiсiмен ресiмделедi. 
      Тексерiс актiсi екi дана жасалады және Тексерiс комиссиясы құрамының кемiнде үштен екiсiн құрайтын мүшелерi қол қою керек. 
      16. Тексерiс актiсiне: 
      1) тексерiс барысында анықталған заң бұзушылықтарды не заң бұзушылықтардың жоқ екендiгін растайтын құжаттардың (құжаттардың бөлiгiнiң) көшiрмелерi; 
      2) осы Нұсқаулықтың 12-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген жазбаша түсiнiктер; 
      3) осы Нұсқаулықтың 13-тармағында көзделген жазбаша түсiнiктер; 
      4) Тексерiс комиссиясыының мүшелерi жасаған есептер, түсiндiрме хаттар, анықтамалар және тексерiс барысында анықталған заң бұзушылықтарды не заң бұзушылықтардың жоқ екендiгiн растайтын өзге де ықтимал құжаттар; 
      5) тексерiс актiсiндегi қорытындылардыдың негізделгендiктерiн растау үшiн қажеттi өзге де ықтимал құжаттар қоса берiлу керек. 
      17. Тексерiс актiсiнiң екiншi данасы кiрiс құжаты ретiнде мiндеттi түрде тiркелiп тексерiлген эмитентке қалдырылады. Тексерiс актiсiнiң Тексерiс комиссиясының мүшелерiнде қалған бiрiншi данасында оның екiншi данасының кiрiс нөмiрi және қабылдау күнi туралы жазба жазылу керек. 
      18. Тексерiс қорытынды бойынша Ұлттық комиссияның қызметкерлерi - Тексерiс комиссиясының мүшелерi эмитентке Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген ықпал ету шараларын қолдану жөнiндегi ұсыныстармен (заң бұзушылықтар анықталған жағдайда) Корпоративтiк қаржылар басқармасына жетекшiлiк жасайтын атқарушы директордың атына қызметтiк хат жазады. 
      Бұл ретте, егер тексерiлген эмитенттiң тексерiс актiсiне жасаған ескертпелерi мен қарсылықтары тексерiс актiсiнiң данасын эмитент алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Тексерiс комиссиясының мүшелерiне берiлмеген немесе Ұлттық комиссия факсимальдi байланыс құралдарымен немесе тiкелей алмаған жағдайда, аталған қызметтiк хат аталған датадан бастап он жұмыс күнi аяқталғаннан ерте берiле алынбайды. 
      19. Анықталған заң бұзушылықтардың сипатына және ауырлығына қарай эмитентке мынадай ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкiн: 
      1) анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнiндегi мiндеттi түрде орындау үшiн ұйғарым жiберiлдi; 
      2) бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінің жекелеген жеке шоттары бойынша және тiзiлiм бойынша тұтас бағалы қағаздар қозғалысын тоқтата тұрылды; 
      3) кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк және/немесе қылмыстық жазаға тарту қажеттiлiгі туралы шешiм қабылданды. 
      20. Аталған заң бұзушылықтарды жою жөніндегі эмитентке жіберілетін ұйғарымға осы ұйғарым Заң басқармасымен міндетті түрде келісілгеннен кейін Корпоративтік қаржылар басқармасына жетекшілік жасайтын атқарушы директор қол қояды. Ұйғарыммен эмитенттің заң аталған бұзушылықтарды жоятын мерзім белгілену керек. 
      21. Бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімнің жекелеген жеке шоттары бойынша және тізілім бойынша тұтас бағалы қағаздар қозғалысын тоқтата тұру туралы шешімді Ұлттық комиссияның директораты қабылдайды. 
      22. Кінәлі тұлғаларды әкімшілік және/немесе қылмыстық жазаға тарту қажеттілігі туралы шешімді Корпаративтік қаржылар басқармасына жетекшілік жасайтын атқарушы директор (Заң басқармасымен міндетті түрде келісе отырып) немесе Ұлттық комиссиясының директораты қабылдайды. 

 
       Ұлттық комиссияның Төрағасы  

Қазақстан Республикасы Бағалы   
қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы
Директоратының 1999 жылғы     
30 қыркүйектегi N 442 қаулысымен  
бекiтiлген             
Бағалы қағаздар эмитенттерiнiң  
қызметiне тексерiстер жүргізудiң 
тәртiбi туралы нұсқаулыққа   
1-қосымша             

Уақытша куәлік
(Ұлттық комиссияның хаттарға арналған бланкiсiнде ресiмделедi)

     Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы Төрағасының ["ХХХХжылғыХХай"форматтағыкүн] N__ бұйрығының негізiнде төменде аталған эмитенттiң қызметiне тексерiс жүргізу жүктелген*
     _______________
     _____________________________________ берiлдi.

     Тексерiс объектiсi:    [Ұлттық комиссиядағы бар Эмитенттi
                            мемлекеттiк тiркеу(қайта тiркеу) туралы
                            куәлiктiң көшiрмесiне сәйкес немесе
                            бұндай көшiрме болмаған жағдайда Бағалы
                            қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне
                            сәйкес эмитенттiң атауы және орналасқан
                            жерi]     

     Тексерiс нысанасы:     "Эмитенттiң Қазақстан Республикасы
                            заңының нормаларын [тексерiстiң негізгi
                            мақсаттарының тiзбесi] сақтауы"     

     Тексерiс жүргiзу мерзiмi: ["ХХХХ жылғы ХХ ай" форматтағы
                               тексерiстiң басталу күнi]-дан Х ай"
                               форматтағы тексерiстiң аяқталу күнi]
                               дейiн. Егер, тексерiстiң басталу
                               және аяқталу күнi бiр айға қатысты
                               болған жағдайда, тексерiстiң
                               басталу күнiнде ай аты көрсетiлмейдi.

     Ұлттық комиссияның Төрағасы     

     М.О.
     __________________
     * Барыс септiгiнде: бөлiм атауын (бұндай болса) енгiзе отырып Ұлттық комиссияның құрылымдық бөлiмшесiнiң атауын көрсете отырып Тексерiс комиссиясы мүшесiнiң лауазымы, Тексерiс комиссиясы мүшесiнiң толық аты-жөнi (тегi, аты, әкесiнiң аты). Егер, Тексерiс комиссиясының мүшесi Ұлттық комиссияның қызметкерi болып табылмаған жағдайда (Тексерiс комиссиясының құрамына сарапшы немесе консультант ретiнде енгізiлсе), осы тұлғаның тұрақты атқаратын лауазымын көрсетудiң орнына "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының сарапшысы" немесе "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының консультанты" деген жазба енгізiледi.     

                             Қазақстан Республикасы Бағалы 
                             қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы
                             Директоратының 1999 жылғы 30
                             қыркүйектегi N 442 қаулысымен
                             бекiтiлген                     

                             Бағалы қағаздар эмитенттерiнiң
                             қызметiне тексерiстер жүргiзудiң
                             тәртiбi туралы нұсқаулыққа
                             2-қосымша     

Бағалы қағаздар эмитентiнiң қызметiн
Тексеру актісі

     [Жасалған күні]*                            [Жасалған жерi]   

           1-бөлiм. Тексеріс объектісі туралы мәліметтер      

     Эмитент:
      Соңғы берiлген Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) куәлігіне толық түрде сәйкес (әрiптердi жазу регистрiн, тыныс белгiлерiн және акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанын немесе үлгiсiн жазудағы анық қателердi қоспағанда мемлекеттiк тiркеу органы жiберген қателердi енгiзе отырып) және акционерлiк қоғамның үлгісiн мiндеттi түрде көрсетiп (егер эмитент акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс жасаса). 
      Эмитенттiң тiркелген орналасқан жерi: 
      Соңғы Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) куәлiгiне және/немесе соңғы статистикалық карточкаға сәйкес эмитенттiң тiркелген орналасқан жерi. 
      Эмитенттiң нақты орналасқан жерi: 
      Эмитенттiң тiркелген және нақты орналасқан жерлерiнiң арасында айырмалар болған жағдайда көрсетiледi. 
      Эмитенттiң банктiк реквизиттерi: 
      Қызмет көрсететiн банктiң (банк филиалының) атауы, мекен-жайы және төлем реквизиттерi, эмитенттiң ағымдағы банктiк шотының нөмiрi. 
      Эмитент қызметiнiң негiзгi түрлерi: 
      Эмитенттiң соңғы статистикалық карточкасына және/немесе жарғысына сәйкес. 
      Эмитенттiң өздерi дербес немесе аффилиирленген тұлғаларымен эмитенттiң жарғылық капиталының бес және одан да кеп процентiн иеленген акционерлерi (қатысушылары) туралы мәлiметтер. 
      Өздерi дербес немесе аффилиирленген тұлғаларымен эмитенттiң жарғылық капиталының бес және одан да көп процентiн (шығарылған акциялардың жалпы санының) иеленген акционерлердiң (қатысушылардың) атауы және орналасқан жерi. Бұл мәлiметтер  эмитенттiң акцияларын ұстаушылар тiзiлiмiнiң негізiнде немесе - егер, эмитентакционерлiк қоғамнан өзге ұйымдық-құқықтық нысанда жұмыс жасаған жағдайда - құрылтай, бухгалтерлiк және өзге де ықтимал құжаттардың негiзiнде жасалады.

     _______________
     * ХХХХ жылғы ХХ ай" форматтағы.     

                    2-бөлім. Тексеріс туралы мәліметтер

      Тексерiс комиссиясының мүшелерi:
      Бөлiм атауларын (бұндай болса) енгізе отырып Ұлттық комиссияның құрылымдық бөлiмшелерiнiң атауларын көрсетумен Тексерiс комиссиясы мүшелерiнiң лауазымдары, Тексерiс комиссиясы мүшелерiнiң толық аты-жөндерi (тегі, аттары, әкесiнiң аттары). Егер, Тексерiс комиссиясының мүшесi Ұлттық комиссияның қызметкерi болып табылмаған жағдайда (Тексерiс комиссиясының құрамына сарапшы немесе консультант ретiнде енгiзiлсе), осы тұлғаның тұрақты атқаратын лауазымын көрсетудiң орнына "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының сарапшысы" немесе Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының консультанты" деген жазба енгiзiледi: Тексерiс комиссиясы мүшелерiнiң Уақытша куәлiктерiнiң тiркеу нөмiрлерi және күндерi. 
      Тексерiс негiзi: 
      "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Төрағасының ["ХХХХжылғыХХай"форматтағыкүн] N [бұйрықнөмiрi] бұйрығы" деген жазба. 
      Тексерiс нысанасы: 
      Тексерiс комиссиясы мүшелерiнiң Уақытша куәлiктерiне сәйкес. 
      Тексерiс мерзiмi: 
      ["ХХХХжылғыХХай"форматтағытексерiстiңбасталукүнi]-дан Х ай" форматтағы тексерiстiң аяқталу күнi] дейiн деген жазба түрiндегі тексерiстiң нақты басталу және аяқталу күндерi туралы мәлiметтер. Егер, тексерiстiң басталу және аяқталу күнi бiр айға қатысты болған жағдайда, тексерiстiң басталу күнiнде ай аты көрсетiлмейдi. 
      Тексерiс нысаны: 
      Тексерiс нысанын көрсету (ұсынылған құжаттарды қарау арқылы, заң бұзушылық фактiсi бойынша түсiнiгiн тыңдау мақсатында мүдделi тараптардың өкiлдерiн шақыру арқылы, эмитенттiң орналасқан жерi бойынша тексерiс жүргізу арқылы). 

3-бөлiм. Тексеріс барысын және нәтижелерін баяндау 

      Тексерiс актiсiнiң осы бөлiгiнде Тексерiс комиссиясы мүшелерiңiң заң бұзушылықтардың жоқ екендiгi немесе анықталған заң бұзушылықтар туралы (заң бұзушылықтарды толық сипаттай отырып) қорытындылар алу үшiн пайдаланған құжаттарды және әрекеттердi көрсете отырып тексерiс нәтижелерi ашылу керек. 

4-бөлiм. Қорытынды ережелер  

     Жазба:
     "Осы Актiге жасалуы мүмкiн ескертпелер мен қарсылықтар жазбаша түрде ресiмделу керек және осы Актiнiң данасын оларды Тексерiс комиссиясының мүшелерiне беру не Ұлттық комиссияға факсимальдi байланыс құралдары, пошта немесе тiкелей жiберу арқылы алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына ұсынылу (жiберiлу) керек.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады