Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiне олар алған лицензиялардың және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының шарттарына сәйкес келуiне тексерiстер жүргiзудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директораты 1999 жылғы 30 қыркүйек N 443. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 110 (V042845) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы  заңы  24-2-бабының 1 және 2-тармақтарын және Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағының 40) тармақшасын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) орталық аппаратының бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiне олар алған лицензиялардың және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының шарттарына сәйкес келуiне тексерiстер жүргiзу жөнiндегі жұмысын ұйымдастыру мақсатында Ұлттық комиссиясының Директораты қаулы етеді: 
      1. Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiне олар алған лицензиялардың және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының шарттарына сәйкес келуіне тексерiстер жүргiзудiң тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн (қоса берiлдi). 
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енгiзiлетiндiгі белгiленсін. 
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның назарына жеткiзсiн. 
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы: 
      1) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес лицензиялауға жататын бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары қауымдастықтарының мүшелерi болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткiзсiн; 
      2) жоғарыда аталған Нұсқаулықтың орындалысына бақылау жасасын. 
      5. Жоғарыда аталған Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап Ұлттық комиссияның 1996 жылғы 25 көкектегi N 40  қаулысымен  бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1996 жылғы 23 тамызда 194  нөмiрмен тiркелген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының тексерiстер жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулықтың күшi жойылған деп танылсын. 

       Ұлттық комиссияның Төрағасы  

                                       Қазақстан Республикасы
                                      Бағалы қағаздар жөнiндегi   
                                         ұлттық комиссиясы 
                                          Директоратының 
                                      1999 жылғы 30 қыркүйектегi  
                                      N 443 қаулысымен бекітілді

Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiне олар алған
лицензиялардың және Қазақстан Республикасының қолданылып 
жүрген заңдарының шарттарына сәйкес келуiне тексерiстер
жүргізудiң тәртiбi туралы 
Нұсқаулық  

      Осы Нұсқаулық "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ережеге сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы орталық аппаратының төменде аталған бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiне олар алған лицензиялардың және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының шарттарына сәйкес келуiне тексерiстер жүргiзудiң тәртiбiн белгілейдi: 
      1) бағалы қағаздардың кәсiпқой қатысушыларына; 
      2) бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға; 
      3) Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарына; 
      4) инвестициялық қорларға; 
      5) бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға.

1-тарау. Жалпы ережелер 

      1. Осы Нұсқаулықта пайдаланылған ұғымдар мынаны бiлдiредi: 
      1) "Жетекшiлiк жасайтын атқарушы директор (атқарушы директор, жетекшiлiк жасайтын)" - Ұлттық комиссияның Төрағасы немесе Ұлттық комиссия орталық аппаратының тиiстi бөлiмшесiне жетекшiлiк жасайтын Ұлттық комиссияның мүшесi - атқарушы директоры (оның iшiнде мiндетiн атқару схемасына сәйкес); 
      2) "Лицензиат" - бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензияны иеленген ұйым; 
      3) "Ұлттық комиссия" - Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы; 
      4) "Тексерiс" - бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiн олар алған лицензиялардың және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының шарттарына сәйкес келуiне тексеру; 
      5) "Лицензиялау және қадағалау басқармасы" - Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы; 
      6) "Заң басқармасы" - Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы. 
      2. Тексерiстер Ұлттық комиссия Төрағасының Лицензиялау және қадағалау басқармасына жетекшiлiк жасайтын атқарушы директормен келiсiм бойынша берiлген бұйрықтарының негiзiнде: 
      1) Тексерiстер жоспарына (жоспарлы тексерiстерге); 
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарына (өкiмдерiне) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе оның жекелеген Палаталарының қаулыларына, бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң шағымдарына, мемлекеттiк органдардың және өзге де ықтимал тұлғалардың өтiнiштерiне (сұрауларына), Ұлттық комиссияның немесе оның Директоратының шешiмдерiне (жоспардан тыс тексерiстер) сәйкес жүзеге асырылады. 
      3. Тексерiстер жоспарын Лицензиялау және қадағалау басқармасына жетекшiлiк жасайтын атқарушы директор аталған Басқарма бастығының ұсынуы бойынша бекiтедi. 
      Ұлттық комиссия Төрағасының Тексерiстер жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге құқығы бар. 
      4. Тексерiстiң нақты мiндеттерi және мәселелерi әрбiр жекелеген жағдайда оның Лицензиялау және қадағалау басқармасына жетекшiлiк жасайтын атқарушы директордың бекiтуiне жататын бағдарламасымен айқындалады. 
      Тексерiстiң бағдарламасы ретiнде Ұлттық комиссияның Директораты бекiткен бiрыңғай тексерiстер бағдарламасы пайдаланылуы мүмкiн. 
      Тексерiстер бағдарламасы, оның iшiнде бiрыңғай, "Қызметтiк пайдалану үшiн" санатындағы құжаттар болып табылады. Бұл мақсаттарда Лицензиялау және қадағалау басқармасы Тексерiстер бағдарламасымен танысуға құқығы бар және онымен танысқан тұлғалардың журналын жүргiзедi. 
      5. Тексерiстiң нысаны оны жүргізу жөнiндегі бұйрықпен айқындалады (ұсынылған құжаттарды қарау арқылы, заң бұзушылық фактiсi бойынша түсiнiктерiн тыңдау мақсатымен мүдделi тараптардың өкiлдерiн шақыру арқылы, лицензиаттың орналасқан жерi бойынша тексерiс жүргiзу арқылы). 

2-тарау. Тексеріс жүргізу  

      6. Тексерiстi Ұлттық комиссия Төрағасының оны жүргізу туралы бұйрығымен айқындалған комиссия (бұдан әрi "Тексерiс комиссиясы" деп аталады) жүзеге асырады. 
      Тексерiстiң мiндеттерiне және мәселелерiне байланысты Тексерiс комиссиясының құрамына Лицензиялау және қадағалау басқармасынан басқа Ұлттық комиссия орталық аппараты құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi (тиiстi жетекшілік жасайтын атқарушы директорлардың келiсулерi бойынша), сондай-ақ сарапшылар және консультанттар ретiнде - қазақстандық және шетелдiк мамандар енгiзiлуi мүмкiн. 
      Тексерiс комиссиясының құрамына кандидаттар ұсынуды олар тексерiстi тағайындау үшiн негiз болып табылатын құжаттармен таныстырғаннан және осындай құжаттарға алдын-ала талдау жасалғаннан кейiн Ұлттық комиссия орталық аппараты құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары жүзеге асырады. 
      Қажеттiлiгiне орай тексерiске қатыстырылу үшiн салық, қаржы қызметi органдарының және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi тартылуы мүмкін. 
      7. Тексерiс жүргізудiң мерзiмi Ұлттық комиссия Төрағасының оны жүргізу туралы бұйрығымен белгiленедi және осы тармақтың екiншi бөлiгiнде және осы Нұсқаулықтың 14-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда 30 күннен аспау керек. 
      Жекелеген жағдайларда тексерiс жүргізу мерзiмi Ұлттық комиссия Төрағасының Тексерiс комиссиясы мүшелерiнiң өтiнiшiнiң негiзiнде шығарылған бұйрығымен ұзартылуы мүмкiн. Аталған өтiнiштiң мазмұнында Тексерiс комиссиясының мүшелерi тексерiс жүргiзу мерзiмiн ұзартуға қажеттi деп санайтын себептер болу керек. 
      8. Тексерiс комиссиясының мүшелерiне осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасындағы үлгі бойынша уақытша куәлiктер берiледi. 
      Уақытша куәлiктер тек бiр тексерiс жүргiзу үшiн ғана қолданылады. 
      Уақытша куәлiк шығыс нөмiрi берiп және берiлген күнi көрсетiлiп мiндеттi тiркелуге жатады (шығыс хаттарын тiркеудiң қағидалары бойынша). Ұлттық комиссияның Төрағасы немесе оның мiндетiн уақытша атқарушы Ұлттық комиссияның атқарушы директоры қол қоймаған, Ұлттық комиссия мөрiнiң таңбасы қойылмаған немесе тiркелмеген уақытша куәлiктер жарамсыз болып табылады. 
      9. Тексерiс басталғанға дейiн Тексерiс комиссиясының мүшелерi Ұлттық комиссиядағы тексерiлетiн лицензиатқа қатысты құжаттарды, оның iшiнде: 
      1) лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттармен; 
      2) лицензиаттың бұрынғы тексерiстiң аяқталған сәтiнен басталатын кезеңдегі есептiлiгiн; 
      3) лицензиаттың лауазымды тұлғалары және қызметкерлерi, сондай-ақ осы тұлғаларға берiлген Ұлттық комиссияның бiлiктiлiк куәлiктерi және осы тұлғаларды аттестациялаудың (қайтадан аттестациялаудың) нәтижелерi туралы ақпаратты; 
      4) Ұлттық комиссияның бұрынғы тексерiстiң аяқталған сәтiнен басталатын кезеңдегi лицензиатпен жүргiзген хат алмасуын; 
      5) Ұлттық комиссияның бағалы қағаздар рыногының лицензиаттан басқан өзге де субъектiлерiмен осы лицензиатқа қатысты хат алмасуын; 
      6) лицензиатты тексеру мақсатында басқа тұлғалардан арнайы талап етiлген құжаттарды; 
      7) осы лицензиатқа қатысты өзге де ықтимал құжаттарды зерделеуге мiндеттi. 
      10. Тексерiс басталар алдында Тексерiс комиссияның мүшелерi оларға берiлген уақытша куәлiктердi тексерiлетiн лицензиаттың бiрiншi басшысына (алқалы атқарушы органның немесе атқарушы органның функциясын жеке дара атқаратын тұлғаға) немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаға не аталған тұлғалар жоқ болған кезде - тексерiлетiн лицензиаттың кез-келген лауазымы жоғары қызметкерiне ұсынуға мiндеттi. 
      Тексерiс комиссиясының мүшелерi уақытша куәлiктерiн ұсынған сәттен бастап тексерiс жүргiзуге кiрiсуге құқылы және мiндеттi. 
      Тексерiс комиссиясының мүшелерi тексерiс жүргiзудiң кез-кезген сәтiнде лицензиаттың қызметкерiне (олардың өтiнiшi немесе талап етуi бойынша) өздерiнің уақытша куәлiктерiн ұсынуға міндетті. 
      Лицензиаттарға уақытша куәлiктердiң көшiрмесiн түсiрiп алуға рұқсат етiледi. 
      11. Тексерiлетiн лицензиаттың лауазымды тұлғаларына және қызметкерлерiне тексерiстiң бағдарламасымен танысуға рұқсат етiлмейдi. 
      12. Тексерiс комиссиясының мүшелерi тексерiстi құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариальды куәландырылған көшiрмелерiнiң не олардың сәйкестiгi лицензиаттың бiрiншi басшысының немесе оның мiндетiн атқарушының және лицензиаттың бас бухгалтерiнiң және лицензиаттың мөр таңбасымен куәландырылатын көшiрмелерiнiң негiзiнде жүзеге асырады. 
      Тексерiлетiн лицензиаттың түсiнiктерi тексерiс мақсатына қажеттi лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерiнiң, сондай-ақ өзге де ықтимал жеке тұлғалардың барлық түсiнiктерi жазбаша түрде ресiмделуi және қол қою күнiн көрсете отырып осы тұлғалар қол қоюлары керек. 
      13. Тексерiлетiн лицензиаттың лауазымды тұлғалары және қызметкерлерi осы Нұсқаулықтың 12-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбаған жағдайда (ұсынбау себептерiне қарамастан) Тексерiс комиссиясының мүшелерi олардан осыларға жазбаша түсiнiк берудi талап етуге мiндеттi. Аталған түсiнiктi беруден бас тартылғанда тексерiс актiсiне тиiстi жазба жасалу керек. 
      14. Тексерiс комиссиясының мүшелерi тексерiс жүргiзу кезеңiнде тексерiлетiн лицензиаттың қызметi туралы қажеттi түсiнiктемелер алу үшiн мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдарға өтiнiш жасауға құқылы. Аталған өтiнiштерге (сұрауларға) Лицензиялау және қадағалау басқармасына жетекшiлiк жасайтын атқарушы директор не егер тексерiстi Тексерiс комиссиясының мүшелерi iс сапарда жүзеге асырса - оның Ұлттық комиссияның қызметкерi болып табылатын, лауазымы жоғары мүшесi қол қояды. Бұл ретте тексерiстi жүргiзу мерзiмi сұрау салынған органнан (сұрау салынған ұйымнан) жауап алынғанға дейiн ұзартылады. 

3-тарау. Тексерістің нәтижелерін ресімдеу 

      15. Тексерiстiң нәтижелерi тексерiс жүргiзiлген орында бес жұмыс күнi iшiнде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасындағы үлгi бойынша жасалатын тексерiс актiсiмен ресiмделедi. 
      Тексерiс актiсi екi данада жасалады және Тексерiс комиссиясының оның құрамының үштен екiсiн құрайтын мүшелерi қол қою керек. 
      16.Тексерiс актiсiне: 
      1) тексерiс барысында анықталған заң бұзушылықтарды не заң бұзушылықтардың жоқ екендiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерi (құжаттардың бөлiктерi); 
      2) осы Нұсқаулықтың 12-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген жазбаша түсініктер; 
      3) Тексерiс комиссиясының мүшелерi жасаған есептер, түсiнiктеме жазбалар, санықтамалар және тексерiс барысында анықталған заң бұзушылықтарды не заң бұзушылықтардың жоқ екендiгiн растайтын құжаттар; 
      4) тексерiс актiсiнiң мазмұнындағы тұжырымдардың негiзделгендiгiн растау үшiн қажеттi өзге де ықтимал құжаттар (құжаттардың көшiрмелерi) қоса берiлу керек. 
      17. Тексерiс актiсiнiң екiншi данасы осы дананы кiрiс құжаты ретiнде мiндеттi түрде тiркей отырып тексерiлген лицензиатта қалдырылады. Тексерiс актiсiнiң Тексерiс комиссиясының мүшелерiнде қалатын бiрiншi данасында оның екiншi данасының кiрiс нөмiрi және қабылданған күнi туралы жазба жасалу керек. 
      18. Тексерiстiң қорытындылары бойынша Ұлттық комиссияның қызметкерлерi Тексерiс комиссиясының мүшелерi Лицензиялау және қадағалау басқармасына жетекшiлiк жасайтын атқарушы директордың атына лицензиатқа Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген ықпал ету шараларын қолдану (заң бұзушылықтар анықталған жағдайда) жөнiндегi ұсыныстар жасалған қызметтiк хат жазады. 
      Бұл ретте, егер тексерiлген лицензиаттың тексерiс актiсiне жасалған ескертулерi мен қарсылықтары тексерiс актiсiнiң данасын лицензиат алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Тексерiс комиссиясының мүшелерiне тапсырылмаған немесе Ұлттық комиссия факсимальдық байланыс құралдары немесе қолдай алмаған жағдайда, аталған қызметтiк хат аталған күннен бастап он жұмыс күнiнiң аяқталуынан ерте емес уақытта ұсынылуы мүмкiн. 
      19. Заң бұзушылықтың сипатына және ауырлығына байланысты лицензиатқа мынадай әсер ету шаралары қолданылу мүмкiн: 
      1) мiндеттi түрде орындау үшiн анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнiндегi ұйғарым жiберу; 
      2) лицензиаттың Ұлттық комиссияның бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленген лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiн қайтадан аттестациялаудан өткiзу жөнiндегі мiндет қою; 
      3) лицензиаттың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiне берiлген Ұлттық комиссияның бiлiктiлiк куәлiктерiн қолдануды тоқтата тұру; 
      4) лицензиаттың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiне берiлген Ұлттық комиссияның бiлiктiлiк куәлiктердi қайтарып алу; 
      5) бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiнiң жекелеген шоттары ("депо" шоттары) бойынша және тiзiлiм бойынша тұтас бағалы қағаздар қозғалысын тоқтата тұру 
      6) лицензияны қолдануды тоқтата тұру; 
      7) лицензияны қайтарып алу; 
      8) материалдарды тиiстi шаралар қолдану үшiн құқық қорғау органдарына, соттарға және басқа да мемлекеттiк органдарға жiберу туралы шешiм қабылдау. 
      20. Анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы лицензиатқа жiберiлген ұйғарымға Лицензиялау және қадағалау басқармасына жетекшілік жасайтын атқарушы директор қол қояды. Ұйғарымда лицензиаттың анықталған заң бұзушылықтарды жоюға тиiстi мерзiм және одан кешiктiрмей лицензиаттың Ұлттық комиссияға анықталған заң бұзушылықты жою жөнiндегi шаралар туралы жазбаша хат ұсынуға мiндеттi күн белгiлену керек. 
      21. Осы Нұсқаулықтың 19-тармағының 2) - 7) тармақшаларында көрсетiлген мәселелер бойынша шешiмдердi Ұлттық комиссияның Директораты қабылдайды. 
      22. Материалдарды тиiстi шаралар қолдану үшiн құқық қорғау органдарына, соттарға және басқа да мемлекеттiк органдарға жiберу туралы шешiмдi Лицензиялау және қадағалау басқармасына жетекшiлiк жасайтын атқарушы директор (мiндеттi түрде Заң басқармасымен келiсе отырып) немесе Ұлттық комиссияның Директораты қабылдайды. 

       Ұлттық комиссияның Төрағасы  

                                    Қазақстан Республикасы Бағалы
                                      қағаздар жөнiндегі ұлттық
                                      комиссиясы Директоратының  
                                      1999 жылғы 30 қыркүйектегі 
                                     N 443 қаулысымен бекiтiлген
                                        Бағалы қағаздар рыногы
                                       субъектiлерiне олар алған 
                                          лицензиялардың және
                                       Қазақстан Республикасының
                                      қолданылып жүрген заңдарының
                                       шарттарына сәйкес келуiне
                                        тексерiстер жүргiзудiң 
                                       тәртібі туралы нұсқаулыққа  
                                                 1-қосымша

Уақытша куәлік 
(Ұлттық комиссияның хаттарға арналған бланкiсiнде ресiмделедi) 

      Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы Төрағасының ("ХХХХ жылғы ХХ ай" форматтағы күн) N__ бұйрығының негізiнде төменде аталған лицензиаттың қызметiне тексерiс жүргізу жүктелген* ____________________________________________________________берiлдi.
      * Барыс септігінде: бөлім атауын (бұндай болса) енгізе отырып Ұлттық комиссияның құрылымдық бөлімшесінің атауын көрсете отырып Тексеріс комиссиясы мүшесінің лауазымы, Тексеріс комиссиясы мүшесінің толық аты-жөні (тегі, аты, әкесінің аты). Егер, Тексеріс комиссиясының мүшесі Ұлттық комиссияның қызметкері болып табылмаған жағдайда (Тексеріс комиссиясының құрамына сарапшы немесе консультант негізінде енгізілсе), осы тұлғаның тұрақты атқаратын лауазымын көрсетудің орнына "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының сарапшысы" немесе "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының консультанты" деген жазба енгізіледі.
      Тексерiс объектiсi: (Ұлттық комиссиядағы Лицензиатты мемлекеттiк тiркеу(қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес лицензиаттың атауы және орналасқан жерi) 
      Тексерiс нысанасы: "Лицензиаттың оның алған лицензиясының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының шарттарын [тексерiстiң негізгі мiндеттерiнің тiзбесi) бөлiгiнде сақтауы" 
      Тексерiс жүргізу мерзiмi: ("ХХХХ жылғы ХХ ай" форматтағы тексерiстiң басталу күнi)-дан ["ХХХХ жылғы ХХ ай" форматтағы тексерiстiң аяқталу күнi)-ға дейiн. Егер, тексерiстiң басталу және аяқталу күнi бiр айға қатысты болған жағдайда, тексерiстiң басталу күнiнде ай аты көрсетiлмейдi. 

      Ұлттық комиссияның Төрағасы 

      М.О. 
                                      Қазақстан Республикасы Бағалы 
                                        қағаздар жөнiндегі ұлттық 
                                        комиссиясы Директоратының 
                                        1999 жылғы 30 қыркүйектегі 
                                        N 443 қаулысымен бекiтiлген
                                          Бағалы қағаздар рыногы
                                         субъектiлерiне олар алған
                                            лицензиялардың және
                                         Қазақстан Республикасының
                                        қолданылып жүрген заңдарының
                                         шарттарына сәйкес келуiне
                                          тексерiстер жүргiзудiң
                                         тәртібі туралы нұсқаулыққа
                                                 2-қосымша      

Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiн (лицензиатты)
олар алған лицензиялардың және Қазақстан Республикасының 
қолданылып жүрген заңдарының шарттарына
сәйкес келуiн
Тексеру актісі

(Жасалған күнi)*                                     (Жасалған жерi)
     *"XXXX жылғы XX ай" форматтағы     

 1-бөлiм. Тексеріс объектісі туралы мәліметтер      

     Лицензиат:
      Соңғы берiлген Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) куәлiгiне толық түрде сәйкес (әрiптердi жазу регистрiн, тыныс белгiлерiн және акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанын немесе үлгiсiн жазудағы анық қателердi қоспағанда мемлекеттiк тiркеу органы жiберген қателердi енгiзе отырып) және акционерлiк қоғамның үлгiсiн мiндеттi түрде көрсетiп (егер лицензиат акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс жасаса). 
      Лицензиаттың тiркелiп орналасқан жерi: 
      Соңғы Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) куәлiгiне және/немесе соңғы статистикалық карточкаға сәйкес лицензиаттың тiркелген орналасқан жерi. 
      Лицензиаттың нақты орналасқан жерi: 
      Лицензиаттың тiркелген және нақты орналасқан жерлерiнiң арасында айырмалар болған жағдайда көрсетiледi. 
      Лицензиаттың банктiк реквизиттерi: 
      Қызмет көрсететiн банктiң (банк филиалының) атауы, мекен-жайы және төлем реквизиттерi, лицензиаттың ағымдағы банктiк шотының нөмiрi. 
      Лицензиат қызметiнiң негiзгi түрлерi: 
      Лицензиаттың соңғы статистикалық карточкасына және/немесе жарғысына сәйкес. 
      Лицензиаттың өздерi дербес немесе аффилиирленген тұлғаларымен лицензиаттың жарғылық капиталының бес және одан да көп процентiн иеленген акционерлерi (қатысушылары) туралы мәлiметтер. 
      Өздерi дербес немесе аффилиирленген тұлғаларымен лицензиаттың жарғылық капиталының бес және одан да көп процентiн (шығарылған акциялардың жалпы санының) иеленген акционерлердiң (қатысушылардың) атауы және орналасқан жерi. Бұл мәлiметтер лицензиаттың акцияларын ұстаушылар тiзiлiмiнiң негiзінде немесе - егер, лицензиат акционерлiк қоғамнан өзге ұйымдық-құқықтық нысанда жұмыс жасаған жағдайда - құрылтай, бухгалтерлiк және өзге де ықтимал құжаттардың негізiнде жасалады. 

2-бөлiм. Тексеріс туралы мәліметтер  

      Тексерiс комиссиясының мүшелерi: 
      Бөлiм атауларын (бұндай болса) енгiзе отырып Ұлттық комиссияның құрылымдық бөлiмшелерiнiң атауларын көрсетумен Тексерiс комиссиясы мүшелерiнiң лауазымдары, Тексерiс комиссиясы мүшелерiнiң толық аты-жөндерi (тегi, аттары, әкесiнiң аттары). Егер, Тексерiс комиссиясының мүшесi Ұлттық комиссияның қызметкерi болып табылмаған жағдайда (Тексерiс комиссиясының құрамына сарапшы немесе консультант ретiнде енгiзiлсе), осы тұлғаның тұрақты атқаратын лауазымын көрсетудiң орнына "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының сарапшысы" немесе "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының консультанты" деген жазба енгізiледi: Тексерiс, комиссиясы мүшелерiнiң Уақытша куәлiктерiнiң тiркеу нөмiрлерi және күндерi. 
      Тексерiс негiзi: 
      "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Төрағасының ("ХХХХ жылғы ХХ ай" форматтағы күн) N (бұйрық нөмiрi) бұйрығы" деген жазба. 
      Тексерiс нысанасы: 
      Тексерiс комиссиясы мүшелерiнiң Уақытша куәлiктерiне сәйкес. 
      Тексерiс мерзiмi: 
      ("ХХХХ жылғы ХХ ай" форматтағы тексерiстiң басталу күнi)-дан ("ХХХХ жылғы ХХ ай" форматтағы тексерiстiң аяқталу күнi) дейiн деген жазба түрiндегi тексерiстiң нақты басталу және аяқталу күндерi туралы мәлiметтер. Егер, тексерiстiң басталу және аяқталу күнi бiр айға қатысты болған жағдайда, тексерiстiң басталу күнiнде ай аты көрсетiлмейдi.
     Тексерiс нысаны:
     Тексерiс нысанын көрсету (ұсынылған құжаттарды қарау арқылы, заң бұзушылық фактiсi бойынша түсiнiгін тыңдау мақсатында мүдделi тараптардың өкiлдерiн шақыру арқылы, эмитенттiң орналасқан жерi бойынша тексерiс жүргiзу арқылы).

3-бөлiм. Тексеріс барысын және нәтижелерін баяндау

     Тексерiс актiсiнiң осы бөлiгінде Тексерiс комиссиясы мүшелерiнiң заң бұзушылықтардың жоқ екендiгі немесе анықталған заң бұзушылықтар туралы (заң бұзушылықтарды толық сипаттай отырып) қорытындылар алу үшiн пайдаланған құжаттарды және әрекеттердi көрсете отырып тексерiс нәтижелерi ашылу керек.     

4-бөлiм. Қорытынды ережелер

      Жазба:
     "Осы Актiге жасалуы мүмкiн ескертпелер мен қарсылықтар жазбаша түрде ресiмделу керек және осы Актiнiң данасы оларды Тексерiс комиссиясының мүшелерiне тапсыру не Ұлттық комиссияның атына факсимальдi байланыс құралдары, пошта немесе тiкелей жiберу арқылы алынған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына ұсынылу (жiберiлу) керек.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады