Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы N 19/221 қаулысымен бекiтiлген "учаскелiк, округтiк және тиiстi аумақтық сайлау комиссияларының дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамаларын жасау және беру жөнiндегi Нұсқаулығына" өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1999 жылғы 16 қазан N 39/264 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 22 қазанда тіркелді. Тіркеу N 950. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрайымының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 110/134 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 12, 40, 42 және 43 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қаулы етеді: 
      1. "Учаскелiк, округтiк және тиiстi аумақтық сайлау комиссияларының дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамаларын жасау және беру жөнiндегi Нұсқаулығына" мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      1) 1 тараудың 5 тармағы мынадай бөлiмдермен толықтырылсын: 
      Дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамалар сайлау учаскесiнiң үй-жайында дауыс беру аяқталғаннан кейiн дереу сиямен толтырылады; 
      2) 2 тараудың 10 тармағындағы 4 бөлiм мынадай редакцияда баяндалсын: 
      Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау жөнiндегi және саяси партиялар үшiн хаттамалар үш данада фельдбайланысы немесе арнаулы байланыс арқылы Орталық сайлау комиссиясына дереу жөнелтiледi; 
      3) 2 тараудың 15 тармағы мынадай бөлiмдермен толықтырылсын: 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлаудың нәтижелерi туралы учаскелiк сайлау комиссиялары хаттамаларының жалпы ведомостьтары округтер бойынша ұсынылған нысанға сәйкес бiр мезгiлде жасалады және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жөнелтiледi.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi тiркеген сәттен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      төрайымы 

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы

Қазақстан Республикасы   
Орталық сайлау комиссиясының
1999 жылғы 16 қазандағы  

N___сайлау округі бойынша 1999 жылғы 24 қазандағы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын
сайлау жөніндегі қайта дауыс берудің нәтижелері туралы
учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының
Жалпы ведомостары

Облыс атауы__________________

____________________________________________________________________
Сайлау участк. Округ бойынша   Сайлаушы. Сайлаушылардың  Сайлау 
     N         сайлаушылардың  лардың    қосымша тізімі  бюллетень.
               жалпы саны      жалпы     бюллетеньдерін  дерін   
                бойынша        тізімі    алған сайлаушы. алған сай.
                               бойынша   лардың саны     лаушылардың
                                                         саны
____________________________________________________________________
             |               |          |              |
____________________________________________________________________
             |               |          |              |           ____________________________________________________________________
             |               |          |              |
____________________________________________________________________
қорытынды    |               |          |              |
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
Дауыс беруге  Дауыс беруге     Дауыс беретін  Депутаттыққа кандидат
қатысқан сай. бұрынырақ қатыс. үй-жайдан тыс  тарға берілген дауыс.
лаушылардың   сайлаушылардың   жерде дауыс    тар
саны          саны                            ____________________ 
                               беруге қатыс.       Тегі,   |  Тегі,
                               қан сайлаушы.    аты-жөні   |аты-жөні
                               лардың саны                 |
____________________________________________________________________                                                |саны |  %   |саны |%

таблицаның жалғасы
______________________________
жарамсыз деп  |Барлық кандидат.
танылған бюл. |тарға қарсы дауыс
летеньдер саны|берілген бюллетень.
              |дер саны
______________________________
              |               |
_____________________________
              |               |
______________________________
              |               |
__________  __________________
қорытынды     | 

     Округтік сайлау комиссиясының
          төрағасы              _________________  Тегі, аты-жөні   

     Округтік сайлау комиссиясының
          хатшысы               _________________  Тегі, аты-жөні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады