Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агент қызметін көрсету жөніндегі қызмет туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 30 қыркүйек N 43. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 273 қаулысымен

  -----------------Қаулыдан үзінді----------------

       Бағалы қағаздар нарығының мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) қаулы етеді:
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын...

      Төраға

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылған
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      2. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының   "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығындағы трансфер-агенттің қызметін көрсету жөніндегі қызмет туралы" 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 43 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 956 нөмірмен тіркелген, ол 2001 жылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы бойынша нормативтік құқықтық және нормативтік актілерінің жинағында жарияланған, ІV том)...

____________________________      

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 658  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасында Бағалы қағаздар рыногын дамытудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженің 4-тармағының 7) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы(бұдан әрі -"Ұлтты комиссия" деп аталады) 
                           Қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агент қызметін көрсету жөніндегі қызмет кәсіби қызмет болып табылатындығы белгіленсін. 
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін. 
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының лицензиялау және қадағалау басқармасы 1999 жылғы 01 желтоқсанға дейінгі мерзімде: 
     1) Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агент қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын;
     2) Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агент қызметін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың қағидаларын әзірлесін.
     4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының назарына жеткізсін.

      Комиссияның Төрағасы
      Комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады