Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 20 қарашадағы N 402 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 112 қаулысымен

       Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2007.09.24.  N 112  (қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қызметінің бірден бір түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдардың қаржы тұрақтылығын нығайту және жұмыс тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері 250 мың теңге болып бекітілсін.

      2. Жұмыс істеп тұрған уәкілетті ұйымдарға, сондай-ақ осы қаулы күшіне енгізілгенге дейін мемлекеттік тіркелуге рұқсат алған уәкілетті ұйымдарға өздерінің жарғылық капиталын 2000 жылдың 1 сәуіріне дейін осы қаулының 1-тармағындағы талаптарға сәйкес келтіру міндеттелсін.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап 10 күннен кейін күшіне енгізілсін.

      4. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны Ұлттық Банк облыстық филиалдарына жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Сембиев Н.К.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Ғ.Құдышевке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады