Облыс кенттерi, ауылдары (селолары) және ауылдық (селолық) округтерi әкiмдерiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

1999 жылғы 8 сәуiрдегі Павлодар облысы әкімінің N 61 шешімі Павлодар облысының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 23 сәуірде N 139 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 3 шешімімен.

      Облыс кенттерi, ауылдары (селолары) және ауылдық (селолық) округтерi әкiмдерiнiң тиiстi аумақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында шешім қабылдаймын:
      1. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi облыс кенттерi, ауылдары (селолары) және ауылдық (селолық) округтерi әкiмдерiнiң заңмен берiлген құзырларын тиiмдi орындау үшiн қажеттi жағдай жасау жөнiндегi шаралар қабылдасын. Бiр ай мерзiм iшiнде кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң атқарушы органдарының мүлкiн түгендеп, оларды материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру мүмкiндiгiн iздестiретiн болсын.
      2. Облыс мемлекеттiк қызмет департаментi (М.М. Серғазин): бiр ай мерзiм iшiнде кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң атқарушы органдарын нормативтiк және ұйымдастыру-реттеу құжаттарымен қамтамасыз етсiн;
      кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiн мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi мекемелерiнде үздiксiз оқытуды ұйымдастырсын.
      3. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi, облыс бойынша қаржы басқармасы (С.Ө. Есiмханов) облыс кенттерi, ауылдары (селолары) және ауылдық (селолық) округтерi әкiмдерiнiң салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жинауды жақсарту жөнiндегi қызметiн қаржыландырудың үлгi тәртiбiн (қоса тiркелiп отыр) қолдану және экономикалық жағынан ынталандыру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.
      4. Облыс тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаментi (Ю.Н. Шкреба) облыс қалалары мен елдi мекендерiн көрiктендiру, санитарлық жай-күйiн және олардың аумақтарында жас көшеттердi қорғауды қамтамасыз ету ережелерiн 1999 жылғы 1 маусымға дейiн жасап, оны белгiленген тәртiпте облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгiзетiн болсын.
      5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсiн.
 
      Облыс әкiмi
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы
"8" сәуiр N 61 шешiмiне қосымша
 
 
         Облыс кенттерi, ауылдары (селолары) және ауылдық (селолық)
         округттерi әriмдерiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа
        мiндеттi төлемдердi жинау жөнiндегi қызметiн қаржыландырудың
                   және экономикалық ынталандырудың
                            ҮЛГI ТӘРТIБI
 
      Осы тәртiп кенттердiң, ауылдардың (селолардың) және ауылдық (селолық) округттер әкiмдерiнiң қызметiн салықтардың жиналу деңгейiне сәйкес қаржы жағынан ынталандыру мақсатымен жасалды.
      Тиiстi мәслихаттар бюджет көлемдерiн бекiткеннен кейiн аудандық қаржы бөлiмдерi 10 күн мерзiм iшiнде кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер бойынша кiрiстер түрлерi жөнiндегi жазба жоспарын жасап, аудан әкiмiнiң, салық комитетiнiң және кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң назарына жеткiзедi.
      Салық комитеттерi ай сайын, есеп беру айынан кейiнгi әр айдың 5-нен кешiктiрмей, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер бойынша төлемдердiң түсу жоспарының орындалуы туралы мәліметтердi сыйақы беру және көрiктендiруге қаржы бөлу мәселелерiн шешу үшiн аудан әкiмiне берiп отырады.
      Кенттердiң, ауылдардың (селолардың) және ауылдық (селолық) округтер әкiмдерi салықтар жинауды жақсарту жөнiндегi жұмыстың ұйымдастырылуы туралы ай сайын аудан әкiмi алдында есеп бередi.
 
                          Сыйақы беру шарттары
 
      Салықтар жөнiндегi жоспар толық көлемiнде (100 %) орындалса, заңда көзделген ай сайынғы сыйыақы төленедi.
      Сыйақы салықтар жөнiндегi жоспардың асыра орындалуына байланысты төленедi - асыра орындалған әрбiр процент үшiн ынталандыру төлемi сыйақы қорының 10 процентi мөлшерiнде өседi;
      Салықтар жөнiндегi жоспар орындалмаса, орындалмаған әрбiр процент үшiн ай сайынғы сыйақы мөлшерi кемiтiледi, бiрақ 10 проценттен көм емес.
      Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша кiрiстер түсiмнiң жоспары орындалмаса, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк үшiн смета бойынша бөлiнетiн қаржы мөлшерi есеп беру кезеңiнде жоспардың орындалу процентiне сәйкес өзгертiледi. Көрiктендiру жұмыстарын қаржыландыру шарттары Салықтар жөнiндегi жоспардың асыра орындалуы қамтамасыз етiлсе, кентке, ауылға (селоға), ауылдық (селолық) округке есеп беру кезеңiнде көрiктендiру жұмыстарына смета бойынша көзделінген қаржының 20 процентiне дейiн елдi мекендi көрiктендiруге жұмыстарына бөлiнетiн қаржы мөлшерi салықтар жинау жөнiндегi жоспардың орындалмаған процентi мөлшерiнде азайтылады. (исп. А.Татарков)
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады