Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер электр энергетикалық жүйелерiнің қатар жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шартты бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 5 шілде N 66


     Мәскеуде 1998 жылғы 25 қарашада жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер 
Достастығына қатысушы мемлекеттер электр энергетикалық жүйелерiнiң қатар 
жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шарт бекiтiлсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
           Президенті
     
                       Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына
                 қатысушы мемлекеттердiң электр энергетикалық 
             жүйелерiнiң қатар жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету туралы
                                     Шарт
     
                                                 Ресми расталған мәтін

          Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
                 электр энергетикалық жүйелерiнiң қатар жұмыс
                         iстеуiн қамтамасыз ету туралы
                                     Шарт
     
     Осы Шартқа қатысушы мемлекеттер, бұдан әрi Тараптар деп аталатын өз 
үкiметтерiнің атынан


      өз мемлекеттерiнiң экономикасын дамыту, халқының әл-ауқаты мен әлеуметтiк қамтамасыз ету деңгейiн көтерудегi электр энергетикасының үлкен маңызын ескере отырып,
      электр энергетикалық жүйелердiң қатар жұмыс iстеуiнiң экономикалық, техникалық және технологиялық артықшылықтарын пайдалану негiзiнде халық шаруашылығы мен халықты электр энергиясымен қамтамасыз етудiң сенiмділігiн және үнемділiгiн арттыру мақсатында,
      тең құқықтық, өзара тиiмдiлiк, энергетикалық объектiлер мен ресурстарға деген егемендiк құқықтарды сақтауға негiзделген электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастыққа өзара ұмтылысын назарға ала отырып,
      Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң энергетикалық қауiпсiздiгiн арттыру мақсатында,
      1991 жылғы 17 желтоқсандағы Энергетикалық Хартияның және 1994 жылғы 17 желтоқсандағы Энергетикалық хартия Шартының ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының 1992 жылғы 14 ақпандағы электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қарым-қатынастарды үйлестiру туралы үкiметаралық Келiсiмдi негiзге ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
                                    1-бап



      Осы Шарттың мақсаты үшiн онда қолданылатын терминдер мына мағыналарды бiлдiредi:
      осы Шартқа қатысушы мемлекеттердiң электр энергетикалық жүйелерiнiң қатар жұмыс iстеуi - осы Шартқа қатысушы мемлекеттердiң бiркелкi жиілiктегi электр энергетикалық жүйелерiнiң бiрлескен жұмысы;
      мемлекеттiң электр энергетикалық жүйесi - электр энергиясын өндiрудің, берудің және бөлудің бiрыңғай процесiмен байланысты электр энергетика объектiлерiнің, оларды пайдалану және басқару құралдарының жиынтығы;
      электр энергиясының /қуатының/ ағыны - бақылауға алынған қиылыстардағы бiр немесе бiрнеше электр жеткiзу желiлерi бойынша электр энергиясын /қуатын/ тасымалдау;
      авария, авариялық жағдай - жекеленген элементтердiң зақымдануы кезiнде туындайтын электр энергетикалық жүйелердiң режимi, бұл жағдайда Тараптардың бiр немесе бiрнеше электр энергетикалық жүйелерiнiң қатар жұмыс iстеуi мүмкiн болмай қалады.
                                    2-бап



      Тараптардың электр энергетикалық жүйелерiнің қатар жұмыс iстеуi электр энергетикасы саласында өзара тиiмдi ынтымақтастық базасын жасайтын, тараптардың электр энергетикалық жүйелерiнің сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн маңызды фактор болып табылады.
                                    3-бап



      Осы Шартқа қатысушы мемлекеттердiң электр энергетикалық жүйелерiнiң қатар жұмыс iстеуiнiң негiзгi принциптерi:
      мемлекеттердiң электр энергетикалық жүйелерінің әрқайсысында кез келген уақытта өз электр станцияларының есебінен немесе электр энергиясын басқа мемлекеттердiң энергетикалық жүйелерiнен шарттық негiзде жеткiзу есебiнен электр энергиясы мен қуатқа деген сұранымды қанағаттандыру;
      мемлекеттердiң электр энергетикалық жүйелерiнiң әрқайсысында өз энергия көздерiнiң есебінен және /немесе/ басқа мемлекеттердiң электр энергетикалық жүйелерiнен шығатын ағын есебiнен келiсiлген диапазондағы стандартты жиiлiктi ұстап тұру;
      өзара тиiмдi негiзде электр энергиясының ағындарына ықпал ету;
      мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерiнің әрқайсысындағы қалыпты резервтi ұстап тұру және резервтiң жетпей тұрған бөлiгiн басқа мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерiмен Шарт жасасу негiзiнде қамтамасыз ету;
      электр қуатының авариялық резервтегi қажеттiлiгiн екi және көпжақты жекелеген келiсiмдер негiзiнде қысқарту;
      жұмыс сенiмдiлiгiнiң келiсiлген талаптарын орындау;
      Тараптардың электр энергетикалық жүйелерiнiң қызмет процесi кезiнде осы Шартқа қатысушы басқа мемлекеттердiң электр энергетикалық жүйелерiне зиян келтiрмеуi;
      мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерiнің әрқайсысының өз тұтынушыларын электрмен қамтамасыз етудегi және өздерiне алған мiндеттемелерiн орындаудағы толық жауапкершiлiгi болып табылады.
                                    4-бап



      Мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерiнің қатар жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн Тараптар бiрiн-бiрi жаңа нормативтiк құжаттаманың енгiзiлгенi және қолданылуы туралы дер кезiнде хабардар ете отырып, өздерiнiң энергетикалық жүйелерiнiң қатар жұмыс iстеуiнің қажеттi өзара келiсiлген режимдiк, техникалық және технологиялық шарттарын, регламентін, ережелерi мен тәртiптерiн әзiрлейдi және оларды сақтайды.
      Электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қарым-қатынастарға қатысты нормативтiк және әдiстемелiк құжаттарды дайындау мен келiсудi үйлестiру Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Электр энергетикалық кеңесiне жүктеледi.
                                    5-бап



      Тараптар өз электр энергетикасы жүйелерiн осы Шартқа қатысушы мемлекеттердiң электр энергетикалық жүйесінің құрамында тұрақты қатар жұмыс iстеуi үшiн жеткiлiктi ауқымда ұстап тұру мен дамытуды қамтамасыз етедi.
                                    6-бап



      Тараптар электр энергетикасын дамытудың өз жоспарлары мен ұзақ мерзiмдi келешектегi мүдделерiн есепке ала отырып, осы Шартқа қатысушы мемлекеттердiң электр энергетикасын дамытудың стратегиясын бiрлесiп жасайды және оның өз электр энергетикалық жүйелерiне қатысты бөлiгiнің iске асырылуын қамтамасыз етедi.
                                    7-бап



      Тараптар осы Шартқа қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасында өзара есеп айырысу тетiгiн жасайды, олардың iске асырылуын және электр энергиясының өзара жеткiзiлiмiне дер кезiнде төлем жасауды қамтамасыз етедi.
                                    8-бап



      Тараптарға осы Шартқа қатысушы мемлекеттердің энергия жүйелерiнен шығатын электр энергиясы мен қуатының ағындарына, ал электр өткiзудің мемлекетаралық желiлерiндегi және/немесе Тараптардың электр энергетикалық жүйелерiнің қатар жұмыс iстеуiне ықпал ететiн жүйе жасаушы объектiлердегi авариялық жағдайларда оны жою үшiн қажеттi энергия ресурстары және басқа да өнiм түрлерi мен көрсетiлетiн қызмет жеткiзiлiмдерiне кеден бажын салмайды.
                                    9-бап



      Тараптар жасалған Шарттардың және транзит төлемiнің өзара келiсiлген жағдайлары негiзiнде өз желiлерi арқылы олардың өткiзу мүмкiндiктерi шегiнде электр энергиясын кедергiсiз тасымалдауды қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
      Электр энергиясы мен оның қуатын тасымалдау тәртiбi Тараптардың бөлек келiсiмiмен белгiленедi.
                                    10-бап



      Тараптар осы Шартқа қатысушы мемлекеттердiң электр энергетикалық жүйелерінің тұрақты түрде қатар жұмыс iстеуi үшін келiсілген ауқымда ресурстар резервiн жасауға және оны сол ауқымда ұстап тұруға шаралар қолданады.
      Резервтер жасау және оларды пайдалану тәртiбi Тараптардың бөлек келiсiмiмен белгiленедi.
                                    11-бап



      Тараптар авария, дүлей апат болған жағдайларда және басқа да төтенше жағдайларда бiр-бiрiне жедел көмек көрсетедi.
      Мұндай көмек көрсету тәртiбi мен көрсетiлген қызметке төленетiн қаржы есебi Тараптардың бөлек келiсiмiмен белгiленедi.
                                    12-бап



      Электр энергиясы мен қуатының мемлекетаралық ағынын қамтамасыз ететiн объектiлердегi/электр беру желiлерi, қосалқы станциялар т.б,/аварияны тексеру және оған объективтi талдау жасау, оны болғызбау жөнiнде шаралар жасау және жүзеге асыру үшiн мүдделi Тараптар қажет болған жағдайда тиiстi комиссиялар құра алады.
      Мұндай комиссиялар туралы үлгi ереженің жобасын әзiрлеу және бекiту Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Электр энергетикалық кеңесiне жүктеледi.
                                    13-бап



      Тараптар осы Шартқа қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерiнің базасында электр энергиясы мен қуатының ашық және бәсекеге қабiлеттi мемлекетаралық рыногын қалыптастыруға және оны дамытуға бағытталған шаралар қабылдайды.
                                    14-бап



      Осы Шарттың Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы салалық ынтымақтастығының үкiметаралық органдары тарапынан орындалуы жөнiндегi жұмысын үйлестiру Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Электр энергетикалық кеңесiне жүктеледi.
                                    15-бап



      Осы Шарт ережелерiн iске асыру мақсатында оған қатысушы мемлекеттер екiжақты және көпжақты келiсiмдер жасай алады.
                                    16-бап



      Осы Шарт Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардың ережелерiне әсер етпейдi.
                                    17-бап



      Осы Шарт күшiне енген күннен бастап 5 жыл бойы қолданылады. Егер Шартқа қатысушы мемлекеттер басқа шешiм қабылдамайтын болса, осы мерзiмi бiткеннен кейiн Шарт әр жолы өздiгiнен жаңа 5 жылдық мерзiмге ұзартылады.
                                    18-бап



      Осы Шарттың қолданылуына және түсiндiрiлуiне байланысты даулы мәселелер мүдделi Тараптар арасындағы консультациялар және келiссөздер жолымен шешiледi. Даулы мәселелердi келiссөздер жолымен реттеу мүмкiн болмаған жағдайда Тараптар төрелiк етушi органдарға немесе басқа да халықаралық сот инстанцияларына жүгінедi.
                                    19-бап



      Әрбiр Тарап Шарттың қолданылуы кезiнде туындаған өз мiндеттемелерiн орындап болған соң, осы Шарттан шығатыны жөнiнде депозитарийге алты ай бұрын жазбаша хабарлама жiбере отырып, одан шыға алады.
                                    20-бап



      Осы Шарт барлық Тараптардың келiсiмiмен депозитарийге қосылу туралы құжат беру жолымен оның мақсаты мен принциптерiн бөлiсетiн басқа мемлекеттердің қосылуы үшiн ашық. Мұндай қосылуға келiсiм бергендiгi жөнiнде соңғы хабарды депозитарий алған күннен бастап қосылу күшiне енген болып есептеледi.
                                    21-бап



      Тараптардың келiсiмiмен Осы Шартқа жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн, осы Шарттың 22-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
                                    22-бап



      Осы Шарт қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi, ал заң бойынша оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекеттiк iшкi рәсiмдердің орындалуы талап етiлетін мемлекеттер үшін депозитарийге тиiстi құжаттар тапсырылған күннен бастап күшiне енедi.

     Тараптар мұндай рәсiмдердiң қажеттiлiгi туралы осы Шартқа қол 
қойылған күннен бастап үш ай iшiнде депозитарийдi хабардар етедi.

     1998 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында орыс тiлiнде түпнұсқалық бiр 
дана болып жасалды. Түпнұсқалық дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының 
Атқарушы Хатшылығында сақталады ол осы Шартқа қол қойған әрбiр мемлекетке 
Шарттың расталған көшiрмесiн жiбередi.
     
     Әзiрбайжан Республикасының                 Молдова Республикасының
            Yкiметi үшiн                              Үкіметі үшін

     Армения Республикасының                    Ресей Федерациясының
            Yкiметi үшiн                              Үкіметі үшін

     Беларусь Республикасының                   Тәжікстан Республикасының
            Yкiметi үшiн                              Үкіметі үшін

     Грузия Yкiметi үшiн                        Түрікменстан Үкіметі үшін

     Қазақстан Республикасының                  Өзбекстан Республикасының
            Yкiметi үшiн                              Үкіметі үшін

     Қырғыз Республикасының                     Украина Үкіметі үшін
            Yкiметi үшiн
     
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады