Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметінің арасындағы еркін сауда туралы келісімді және 1999 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметінің арасындағы еркін сауда туралы келісімге Еркін сауда режимінен алулар туралы хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 13 желтоқсан N 114-II.


Ескерту. ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1295  

P991295_

  
         Хаттаманы жасау туралы қаулысын қараңыз. 
     
     Астанада 1999 жылғы 2 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасының 
Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметінің арасындағы еркін сауда туралы 
келісім және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасы 
Үкіметінің арасындағы еркін сауда туралы келісімге Еркін сауда режимінен 
алулар туралы хаттама бекітілсін. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
                  Қазақстан Республикасының Yкіметi мен
                Армения Республикасы Yкiметiнiң арасындағы
                            еркiн сауда туралы
                                 Келісім* 
     
     2002 жылғы 3 қаңтардан бастап күшіне енді - ҚР халықаралық 
              шарттары бюллетені, 2002 ж., N 4, 38-құжат 
     
     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен 
Армения Республикасының Yкiметi,


      теңдiк пен өзара пайданың негiзiнде Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,
      ТМД мемлекеттерiнiң басшылары кеңесiнiң 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмiн басшылыққа ала отырып,
      сауданың халықаралық нормалары мен ережелерiне сәйкес сауда-экономикалық байланыс саласындағы екi жақты қарым-қатынасты дамытуға құлшыныс бiлдiре отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:
                                   1-бап




      1. Тараптар бiр Тарап мемлекетiнiң кедендiк аумағынан шығатын және екiншi Тарап мемлекетiнiң кедендiк аумағына арналған тауарлардың экспорты мен импортына кеден баждарын, сондай-ақ оған баламды қолданымы бар салықтар мен алымдарды қолданбайды. Келiсiлген тауарлар номенклатурасы бойынша осы сауда режимiнен алу, егер мұны Тараптар қажет деп тапса, бөлек Хаттамамен ресiмделедi.
      2. Осы Келiсiмнің мақсаты үшiн және оның қолданылу кезеңiнде тауарлар шығатын ел ТМД үкiметтерiнiң басшылары кеңесiнiң 1993 жылғы 24 қыркүйектегi шешiмiмен бекiтiлген Тауарлардың шығу елiн айқындаудың ережесiне: сәйкес айқындалады. Тараптар мемлекеттерiнің кедендiк аумағында шығарылған тауарлар ретiнде:
      а) Тараптардың аумағында шығарылған немесе;
      б) үшiншi елдерде шығарылған шикiзаттарды, материалдарды және жинақтаушы бұйымдарды пайдалану арқылы Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында өңдеуге ұшыраған және осыған байланысты төрт бастапқы белгiлердiң кемiнде бiреуi бойынша Тауарлардың сипаттамасы мен оларды кодтаудың үйлестiрiлген жүйесiнiң жiктемесi бойынша тиесiлiлiгi өзгерген;
      в) "б" тармақшасында көрсетiлген шикiзаттар, материалдар және жинақтаушы бұйымдар пайдаланылуы арқылы жасалған тауарлар ұғылады.
      Тауарлардың шығуының егжей-тегжейлi ережесiн Тараптар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке құжатта келiсетiн болады.
                                   2-бап




      Тараптар:
      - осы Келiсiмнiң қолданылуына жататын тауарларға осындай iшкi өндiрiс тауарларына немесе үшiншi елдерде шығарылған тауарларға салынатын тиiстi салықтар мен алымдардан артық тiкелей немесе жанама iшкi салықтар немесе алымдар салмайтын;
      - осы Келiсiмнiң қолданылуына түсетiн тауарлардың импортына немесе экспортына қатысты осындай жағдайларда осындай iшкi өндiрiстiң тауарларына немесе үшiншi елдерде шығарылатын тауарларға қолданылмайтын қандай да болмасын арнаулы шектеулер мен талап етулердi енгiзбейтiн;
      - Тараптардың мемлекеттерiнде шығарылған тауарларды қалап қоюға, тиеуге, сақтауға, тасымалдауға қатысты, сондай-ақ төлемдер мен аудару төлемдерiне осындай жағдайларда өз тауарларына немесе үшiншi елдерде шығарылатын тауарларға қатысты қолданылатындардан өзгеше тәртiп қолданбайтын болады.
                                   3-бап




      1. Тараптар бiр-бiрiне қатысты кемсiту шараларын қолданудан, осы Келiсiмнiң шеңберiнде тауарлардың экспортына және/немесе импортына сандық шектеулер немесе оған баламды шаралар енгiзуден тартынатын болады.
      2. Осы баптың 1-тармағында айтылған шектеулер тек:
      аталған тауардың iшкi рынокта өткiр тапшылығы жағдайларында - рыноктағы жағдай тұрақтандырылғанға дейiн;
      төлем балансының өткiр тапшылығы жағдайында - төлем балансымен жағдай тұрақтандырылғанға дейiн;
      егер қандай да болмасын тауар Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң аумағына осындай немесе тiкелей бәсекелестiктi тауарларды отандық шығарушыларға залал келтiретiн немесе залал келтiру қаупiн төндiретiн осындай өскелең көлемде немесе осындай жағдайда импортталатын жағдайларда ғана орынды шектерде және қатаң айқындалған мерзiмге бiржақты тәртiппен белгiлене алады.
      3. Осы баптың 2-тармағында айтылған шектеу қажет болған жағдайда осы Келiсiмге жекелеген Хаттамамен ресiмделуi мүмкiн.
      4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес шектеу қолданған Тарап көрсетiлген шектеулердi енгiзгенге дейiн енгiзудiң себептерi, айтылған шектеулердi қолданудың нысандары мен мүмкiн болатын мерзiмдерi туралы қажеттi ақпарат, сондай-ақ екiншi Тараптың сұрау салуы бойынша қосымша ақпарат ұсынады.
      5. Қорғаныш шараларын қабылдауға ниет бiлдiрген Тарап күнi бұрын, бiрақ жоспарланып отырған шараларды енгiзуге дейiн 30 күннен кешiктiрмей ол туралы екіншi Тарапқа хабарлайды.
      6. Осы бапта көрсетiлген қорғаныш шараларын таңдау кезiнде Тараптар олардың осы Келiсiмнiң мақсаттарына қол жеткiзуге неғұрлым аз керi әсер ететiндерiне басымдық беретiн болады.
                                   4-бап




      Тараптардың арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша барлық есеп айырысулар мен төлемдер Тараптардың уәкiлеттi банктерiнiң арасындағы есеп айырысуларды ұйымдастыру туралы тиiстi банкаралық келiсiмдердiң негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.
                                   5-бап




      Осы баптың мақсаттары үшiн қайта экспорттау ретiнде бiр Тараптың кедендiк аумағында шығарылған тауарды екiншi Тараптың үшiншi елге экспорттау мақсатында соңғысының кедендiк аумағынан тысқары әкетуi ұғылады.
      Әрбiр Тарап, мемлекетiнiң аумағынан осы тауарлар шығарылған екiншi Тарап экспортына қатысты тарифтiк және/немесе тарифтiк емес реттеу шараларын қолданатын тауарларды қайта экспорттауға жол бермейдi. Тараптар қайта экспорттауға тыйым салынған тауарлардың тiзбесiн белгiлейдi, сондай-ақ тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың тiзiмдерiн алмасады.
      Мұндай тауарлардың үшiншi елдерге қайта экспорты аталған тауардың шығу елi болып табылатын мемлекеттiң жазбаша келiсiммен және оның уәкiлеттi органы айқындайтын шарттарда ғана жүзеге асырыла алады. Осы Ереже орындалмаған жағдайда мүдделерi бұзылған Тарап осындай шаралар енгiзбек ниетi туралы алдын ала хабарлағаннан және қажет жағдайда өзара консультациялар өткiзгеннен кейiн заңсыз қайта экспорттауға жол берген

Тарап мемлекетiнiң аумағына тауарлар шығаруды реттеу жөнiнде бiржақты 
тәртiппен шаралар енгiзуге құқылы.
                                   6-бап
     Тараптар ұдайы негiзде кеден мәселелерi жөнiнде ақпарат, оның iшiнде 
толық көлемде осы Келiсiмнiң нысанасына жататын қолда бар кедендiк 
статистика алмасатын болады.
                                   7-бап


      1. Тараптар еркiн сауда саласында үшiншi елдермен жасалған - өздерiнiң халықаралық шарттары туралы ақпараттар алмасатын болады.
      2. Тараптар өздерiнiң мемлекетiндегi қолданылып жүрген кедендiк тарифтердегi барлық өзгерiстер туралы бiр-бiрiне хабарлайды.
                                   8-бап




      Тараптар өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес атап айтқанда мыналарда:
      - бәсекелестiкке бөгет жасауды немесе оны шектеудi немесе Тараптар мемлекеттерiнiң аумағындағы оған арналған жағдайды бұзуды өзiнiң мақсаты тұтатын кәсiпорындармен, олардың бiрлестiктерiмен арада шарттар жасалумен;
      - оның көмегiмен бiр немесе бiрнеше кәсiпорындар Тараптар мемлекеттерiнiң бүкiл аумағында немесе едәуiр бөлiгінде бәсекелестiктi шектей отырып өзiнiң үстемдiктi жағдайын пайдаланатын iс-әрекеттер жасауымен бiлдiрiлетiн адал емес iскерлiк практикасын осы Келiсiмнiң мақсатына сыйымсыз деп таниды.
                                   9-бап




      Тараптар екiжақты экономикалық қатынастарды тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын жүзеге асыру кезiнде статистикалық ақпараттар алмасу, кеден ресiмдерiн жүргiзу үшiн Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың тауарлардың сипаттамасы мен кодтанудың үйлестiрiлген жүйесi мен Аралас тарифтiк-статистикалық номенклатурасына негiзделген ТМД-ның сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тоғыз мәндi тауар номенклатурасын (ТМД СЭҚ ТН) пайдалануға келiстi. Бұл ретте Тараптар өз мемлекеттерiнiң мұқтажы үшiн қажет жағдайларда Тауар номенклатураларын дамытуды жүзеге асырады.
                                   10-бап




      Әр Тарап екiншi Тарап мемлекетiнiң немесе үшiншi елдердiң кедендiк аумағында шығарылған және екiншi Тарап мемлекетiнiң немесе үшiншi мемлекеттердiң кедендiк аумағына арналған тауарларға мемлекетiнiң аумағы арқылы еркiн транзиттi қамтамасыз етедi және мұндай транзиттi жүзеге асырушы экспортшыларға, импортшыларға немесе тасымалдаушыларға кез келген үшiншi мемлекеттiң экспортшыларына, импортшыларына, ұлттық тасымалдаушыларына ұсынылатын сондай қаражаттар мен қызмет көрсетулерден нашар емес, оның ішінде қаржылық жағдайларда, транзиттi қамтамасыз ету үшiн қолда бар және қажеттi қаражат пен қызмет көрсетулер ұсынатын болады.
      Әр Тарап екiншi Тараптың кедендiк аумағында шығарылған транзиттiк тауарларды кедендiк баждар мен транзиттiк алымдар салудан босатуға кепiлдiк бередi және ол жеке Келiсiммен ресiмделедi.
      Тиеу-түсiру жұмыстарына арналған тарифтердi қоса алғанда көлiктiң кез

келген түрiмен транзитке арналған тарифтер экономикалық жағынан 
негiзделген болады және пайданың орынды нормасын қоса есептегенде қалыпты 
пайдалану шығыстарынан аспайтын болады.
                                   11-бап
     1. Осы Келiсiм кез келген Тараптың халықаралық практикада жалпы 
қабылданған сыртқы экономикалық байланыстар саласында ол өзi қатысушысы 
болып табылатын немесе болуға ниеттенген халықаралық шарттарды орындау 
үшiн қажеттi деп санайтын мемлекеттiк реттеу шараларын қабылдау құқығына, 
егер бұл шаралар:
     қоғамдық мораль мен қоғамдық тәртiптi қорғауға;
     адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғауға;
     жануарлар мен өсiмдiктердi қорғауға;
     қоршаған ортаны қорғауға;
     ұлттық игiлiктi құрайтын көркем, археологиялық және тарихи
құндылықтарды қорғауға;
     өнеркәсiптiк және интеллектуалдық меншiктi қорғауға;
     алтынмен, күмiспен немесе өзге де қымбат бағалы металдармен және 
тастармен саудаға;
     толықтырылмайтын табиғи ресурстарды сақтауға;


      мемлекеттiк қолдау бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесiнде осы өнiмге арналған iшкi баға дүниежүзiлiк бағадан төмен болған жағдайда өнiмдердiң экспортын шектеуге;
      төлем балансының бұзылуына қатысты болса кедергi жасамайды.
      2. Осы Келiсiмде ештеңе де кез келген Тараптың мемлекеттiк реттеудiң ол қажеттi деп санайтын кез келген шараларын қабылдау құқығына, егер бұл шаралар:
      мемлекеттiк құпияға жататын құпия ақпараттардың таралуының алдын алуды қоса алғанда ұлттық қауiпсiздіктi қамтамасыз етуге;
      қару-жарақ, әскери техникалар, оқ-дәрiлер сатуға, әскери сипаттағы қызметтер көрсетуге, қару-жарақтар мен әскери техникаларды шығару үшiн және басқа да мақсатта технологиялар беруге және қызметтер көрсетуге;
      радиоактивтi заттардың ыдырайтын материалдары мен көздерiн беруге,

радиоактивтi қалдықтарды ұқсатуға;
     соғыс уақытында немесе халықаралық қатынастағы басқа да төтенше 
жағдайларда қолданылатын шараларға;
     БҰҰ-ның Жарғысының негiзiнде халықаралық бейбiтшiлiк пен 
қауiпсiздiктi сақтау үшiн мiндеттемелердi орындауға арналған iс-қимылдарға 
қатысты болса кедергi жасамайды.
                                   12-бап
     Осы Келiсiмнiң ережелерi соңғысы алғашқысымен қандайлық шамада не 
сыйымсыз не онымен бiрдей болса сондай шамада Тараптардың арасында бұрын 
жасалған Келiсiмдердiң ережелерiн алмастырады.
                                   13-бап


      Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар бұрын үшіншi елдермен жасасқан басқа да халықаралық келiсiмдерге, оның iшiнде Тараптар қатысушысы болып табылатын ТМД-ның шеңберiнде жасасқан келiсiмдерге сәйкес Тараптар қабылдаған мiндеттемелердi қозғамайды.
                                   14-бап




      Осы Келiсiмде ештеңе де Тараптардың кез келгенiнiң бұл қатынастар осы Келiсiмнiң мақсаттары мен шарттарына қайшы келмеуi шартымен үшiншi елдермен, сондай-ақ олардың бiрлестiктерiмен және халықаралық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатуына кедергi жасамайды.
                                   15-бап




      Осы Келiсiмнiң мақсаттарына сүйене отырып және екi мемлекеттiң

арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жетiлдiру жөнiнде ұсыным 
жасау үшiн Тараптар Қазақстан-Армян комиссиясын құруға келiстi.
     Комиссияның мәжiлiсi Тараптардың бiрiнiң ұсынысы бойынша, бiрақ 
жылына кемiнде бiр рет Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасында 
кезек өткiзiледi.
     
                                   16-бап
     Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмiмен өзгерiстер мен толықтырулар 
енгiзiлуi мүмкiн. Кез келген түзету Тараптар мұндай түзетудi күшiне енгiзу 
үшін қажеттi рәсiмдердi орындағаны туралы хабарлағаннан кейiн күшiне енуi 
тиiс.
                                   17-бап
     Осы Келiсiмнiң түсiндiрiлуiне және орындалуына байланысты барлық 
даулы мәселелердi Тараптар консультациялар мен келiссөздер жолымен шешетiн 
болады.
                                   18-бап


      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердiң

орындалғандығы туралы соңғы жазбаша құлақтандыру алынғаннан кейiн күшiне 
енедi және Тараптардың бiрi жазбаша түрде 6 ай бұрын екiнші Тарапқа оның 
қолданылуын тоқтату туралы өзiнiң ниетiн хабарлағанға дейiн қолданылатын 
болады.
     1999 жылғы 2 қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ, армян және 
орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада жасалды әрi барлық мәтiндердiң 
бiрдей күшi бар. Осы Келiсiмнiң түсiндiрiлуiне, қолданылуына немесе 
орындалуына байланысты Тараптардың келiспеушiлiгi пайда болған жағдайда, 
Тараптар Келiсiмнiң орыс тiлiндегi мәтiнiн басшылыққа алатын болады.
     Қазақстан Республикасының            Армения Республикасының
          Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін 
     
     
               1999 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының
              Yкiметi мен Армения Республикасы Yкiметiнің арасындағы
               еркiн сауда туралы келiсiмге Еркiн сауда режимiнен
                                алулар туралы
                                   ХАТТАМА
     Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi 
мен Армения Республикасының Үкiметi мына төмендегiлер туралы осы Хаттамаға 
қол қойды:
                                   1-бап


      1995 жылғы 2 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Үкiметi арасындағы еркiн сауда туралы Келiсiмнiң (бұдан әрi "Келiсiм") 1-бабында көзделген алу Қосымшада келтiрiлген тауарларға қолданылады.
                                   2-бап




      1. Тараптар осы Хаттаманың 1-бабына сәйкес еркiн сауда режимiнен алулар қолданылатын тауарларға қатысты бiр бiрiне:
      - мұндай салықтар мен алымдарды алудың әдiстерiн қоса алғанда экспорт кезiнде (Қосымшада аталған тауарларға қатысты) алынатын салықтар мен алымдарға;
      - транзиттi, тасымалдауды, талап қоюды, қайта тиеудi және басқа да осындай қызмет көрсетулердi кедендiк ресiмдеуге қатысты ережелерге;
      - төлем мен төлемдердi аударудың әдiстерiне;
      - экспорттық және импорттық лицензиялар беруге;
      - тауарларды iшкi рынокта сатуға, сатып алуға, тасымалдауға, бөлуге және пайдалануға қатысты ережелерге қатыстылар туралы неғұрлым қолайлы режим ұсынады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережесi:
      - Кеден одағын немесе еркiн сауда аймағын құру мақсатында не мұндай одақты немесе аймақты құрудың нәтижесiнде Тараптардың кез келгенi үшiншi елдерге ұсынатын басымдықтарға;
      - Тараптардың заңдарына сәйкес дамушы елдерге ұсынылатын басымдықтарға;
      - шекара маңындағы сауданы оңайлату мақсатында көршi елдерге ұсынылатын басымдықтарға қолданылмайды.
                                   3-бап




      1. Осы Хаттама Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Армения

Республикасы Yкiметiнiң арасындағы еркiн сауда туралы келiсiмнiң ажырамас 
бөлiгi болып табылады және аталған Келiсiммен бiр уақытта күшiне енедi.
     2. Осы Хаттама Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Армения 
Республикасы Yкiметінiң арасындағы еркiн сауда туралы келiсiмнiң 1-бабына 
сәйкес бiр жыл мерзiмге жасалды.
     1999 жылғы 2 қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ, армян және 
орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң 
бiрдей күшi бар.
     Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру мақсаты үшiн орыс тiлiндегi мәтiн 
пайдаланылады.
     Қазақстан Республикасының             Армения Республикасының
          Yкiметi үшiн                          Yкiметi үшiн 
     


                                      1999 жылғы "___" қыркүйектегi

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Армения Республикасы Yкiметiнiң арасындағы келiсiмге еркiн сауда режимiнен алулар туралы хаттамаға ҚОСЫМША


           Еркiн сауда режимiнен алуға жататын Армениядан Қазақстан

                  Республикасына экспортталатын тауарлардың
                                ТIЗБЕСI
     ----------------------------------------------------------------
                  Тауардың атауы      !          СЭҚ ТН коды
     ----------------------------------------------------------------
     Алкогольдi және алкогольсiз                 22-топ
     сусындар
     
     Темекi және темекiнi өндiрiстiк             24-топ
     алмастырушылар
     ----------------------------------------------------------------
     
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Жұманазарова А.Б. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады