Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстанның Даму Банкі қызметінің мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 25 сәуір N 179-II

      Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне толықтырулар енгізілсін:
      1. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Z952444_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 жылғы 13 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 12 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-баптың 3-тармағы "Өзге" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 17-баптың 2-тармағының бірінші сөйлемі "бола алады" деген сөздерден кейін ", ал Қазақстанның Даму Банкінің акционерлері болып облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары да қатыса алады." деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "Мемлекеттік баж туралы" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Z960065_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 23-24, 420-құжат; 1998 ж., N 23, 417-құжат; 1999 ж., N 23, 932-құжат):
      9-бап мынадай мазмұндағы ч-2) тармақшасымен толықтырылсын:
      "ч-2) Қазақстанның Даму Банкі республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қайтарымды негізде берілген кредиттер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы; мүліктен өндіріп алу туралы; сыртқы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген заемдар, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен берілген заемдар бойынша борышкерлер өз міндеттемелерін орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талаптар берген кезде;".
      3. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару

туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  

Z010148_

  Заңына 
(2001 жылғы 3 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 30 қаңтарда 
"Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған): 
     27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен 
толықтырылсын: 
     "22-1) Қазақстан Даму Банкінің жарғылық капиталына қатысады.". 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады