Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі шартты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 26 маусым N 216-II


     Астанада 2000 жылғы 31 тамызда жасалған Тәжікстан Республикасы, 
Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы 
арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі шарт бекітілсін.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
          
        ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ, ҚАЗАҚСТАН
          РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ИСМАИЛИТТЕР ИМАМАТЫ АРАСЫНДАҒЫ
                    ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТIН
                        ҚҰРУ ЖӨНIНДЕГІ ШАРТ
     
     ОСЫ ШАРТ ("Шарт"):
     ТӘЖIКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, Тәжiкстан Республикасының Президентi атынан;
     ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ, Қырғыз Республикасының Президентi атынан;
     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, Қазақстан Республикасының Президенті атынан;
     Жоғарыда санамаланған республикалардың әрқайсысы бұдан әрi 
"Құрылтайшы Мемлекеттер" деп аталады;
     ЖӘНЕ
     ИСМАИЛИТТЕР ИМАМАТЫ арасында


      Шии Имами Исмаили мұсылмандарының 49-ы мұрагер Имамы Ұлы Мәртебелi Ага Ханның ("Исмаилиттер Имаматы") атынан жасалды.

      Құрылтайшы Мемлекеттер мен исмаилиттер Имаматы бұдан әрi ұжымдық түрде "Құрылтайшылар" деп аталады.

      Памир, Қарақорым, Гиндукуш, Гималай, Тянь-Шань, Алатау, Алтай, Копетдаг ретiнде белгiлi Алтай мен Кавказ таулары ауданы арасындағы биiк таулы аймақтар бойынша өтетiн шекте және шекараларда орналасқан мемлекеттердi, егемендi аймақтарды қамтитын Орталық Азия Таулы Аймақ халықтарының табиғи және мәдени мұрасын сақтайтын және жақсартатын экономикалық даму, әлеуметтiк және мәдени бастамалар, осы заманғы бiлiм беру сондай-ақ байланыс құралдары арқылы Орталық Азия Таулы Аймағын (жоғарыда айқындалған) экономикалық, әлеуметтiк және мәдени дамытуға қажеттiлiктiң бар екендiгiн ескере отырып;

      Орталық Азия Таулы Аймағының өзiн-өзi қамтамасыз етуi мен игiлiгi аймақтың елдерi арасындағы байланыстарды нығайтатын бiрлескен акциялар арқылы және ұжымдық оқытудың тәжiрибесiн тиiмдi бөлiсу арқылы жақсартылуы мүмкiн болатындығын, өйткенi Орталық Азия Таулы Аймағының экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына қажеттiлiктi қанағаттандыру, атап айтқанда, тау халықтарының алдында тұрған жалпы даму проблемаларымен айналысатын жоғары оқу орындарын құру арқылы жеделдетiлуi мүмкiн екендiгiн ескере отырып;

      Орталық Азия Таулы Аймағы адамдарының осы заманғы дағдылар алуына және олардың тұрмыс ахуалының сапасын жақсарту, сондай-ақ қоғамның өндiрушi мүшелерi болып қалыптасуы үшiн оларды жаңа мүмкiндiктерге жол ашатын жоғары бiлiммен қамтамасыз ету мақсатында Құрылтайшылардың халықаралық бiлiм беру ұйымын (халықаралық бiлiм беру мекеме) ("Университет") құруға ұмтылысын ескере отырып және қызметi бүкiл Орталық Азия Таулы Аймағының экономикалық, әлеуметтiк және мәдени дамуына бағытталатын мұндай шығармашылық жоғары оқу орнының халықаралық сипат алуына, көптеген егемендi ұлттарда жұмыс істеуiне және әлемдiк сапа стандарттарына жауап беруiне деген ұмтылысты ескере отырып;

      Исмаилиттер Имаматы Ага Ханның даму жөнiндегi ұйымын ("АКДН") қоса алғанда, исмаилиттер Имаматы құрған, көптеген халықаралық даму жөнiндегi агенттiктер мен ұйымдар арқылы жұмыс істейтiн, Орталық Азия Таулы Аймағында экономикалық, әлеуметтiк және мәдени салалардағы бастамаларды алға жылжытуға септiгiн тигiзетiн мекеме болып табылатынын ескере отырып;

      Жоғарыда аталған жоба исмаилиттер Имаматы мен Тәжiкстан Республикасы

Душанбеде 1995 жылғы 23-мамырда ("АКДН-нiң Тәжiкстан Республикасымен 
келiсiмi") қол қойған, Даму жөнiндегi Ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 
ережелерiне сәйкес исмаилиттер Имаматының бастамасы бойынша құрылғандығын 
ескере отырып;
     
     Құрылтайшылардың Орталық Азия Таулы Аймағында және басқа да 
аймақтарда Университеттi дамытуға қатысуға басқа да елдердi ("Қатысушы
Мемлекеттер") тартуға және оларды рухтандыруға деген тiлегiн ескере отырып;
     
     ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАР ТӨМЕНДЕГIЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:
     
                         1-БАП: УНИВЕРСИТЕТ
     
     Құрылтайшылар, осы құжатпен төмендегi тiлдерде аталатын, халықаралық
бiлiм беретiн ұйым (халықаралық білiм беру мекеме) ретiнде осы  
Университеттiң негiзiн қалап отыр: 

     тәжiк тiлiнде:      Донишгохи Осиеи Марказй
     қырғыз тiлiнде:     Борбардук Азия Университети
     қазақ тiлiнде:      Орталық Азия Университетi
     орыс тiлiнде:       Университет Центральной Азии
     ағылшын тiлiнде:    University of Central Asia
     


      Университет мемлекеттiк емес (жекеменшiк), автономды, коммерциялық емес (пайда алу мақсатын көздемейтiн) және Университеттiң Жарғысында (төменде баяндалғандай) қалыптастырылған бiлiм беру мақсаттарында құрылған, өзiн-өзi басқаратын халықаралық жоғары бiлiм беру ұйымы (халықаралық бiлiм беру мекеме) болып табылады және оның өзiнiң мақсаттарына жетуi үшiн толық академиялық бостандығы бар.

      Университет берген барлық дәрежелер, сертификаттар, дипломдар мен басқа да академиялық атақтар Тәжiкстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Қазақстан Республикасында танылады.
      Университет жынысына, дiнiне, нәсiлiне, этникалық, ұлттық ерекшелiгiне және тұрғылықты жерiне қарамастан Университет ұсынған оқу курсын өту үшiн академиялық тұрғыдан бiлiктi тiлек білдірушiлер үшiн ашық. Жынысының, дiнiнiң, нәсiлiнiң, ұлтының, этникалық ерекшелiгiнiң немесе тұрғылықты жерiнiң себебi бойынша ешкiмге де Университет жеңiлдiктерін беруден бас тартылуы мүмкiн емес.
      Университеттің мақсаттарына қол жеткiзу үшiн бiлiктiлiгi, адалдығы мен жұмыс тиiмдiлiгi жоғары деңгейде танылған үмiткерлердiң қасиеттерi Университеттiң академиялық және әкiмшiлiк штатын iрiктеудiң өлшемi болып табылады;
      Университеттiң академиялық штатына сөз бостандығы мен өздерiнiң зерттеулерiн және әрбiр академиялық еңбектерiн тарату бостандығы Университеттiң мiндеттерiн жүзеге асыру мақсатында берiлген. Осы зерттеулер мен академиялық еңбектер баспа, электронды ақпарат құралдары және басқа да жарияланым нысандары арқылы басылып шығарылуы мүмкiн.
      Университет Шартта және осы Шартқа А Толықтыруы ретiнде қоса тiркелiп отырған Университеттiң Жарғысында ("Жарғы") жан-жақты баяндалған, Құрылтайшылар осы құжатпен растаған және мақұлдаған түрлi артықшылықтарды, жеңiлдiктер мен босатуларды пайдаланады.

                   2-БАП: УНИВЕРСИТЕТТIҢ МӘРТЕБЕСI
                        А - ЗАҢДЫҚ МӘРТЕБЕ

      2.1 Университет бiлiм беретiн халықаралық ұйым болып табылады және Құрылтайшы Мемлекеттердiң заңдарына сәйкес олардың әрқайсысында жұмыс iстеу құқығы бар дербес заңды тұлға болып есептеледi. Университет тұрақты негiзде жұмыс iстейді, оның өз қызметiн жүзеге асыруға, Құрылтайшы Мемлекеттердiң заңдарына және Университет пен, әрбiр Құрылтайшы Мемлекет арасында жасалған Ынтымақтастық туралы кез келген Келiсiмге, сондай-ақ Жарғыға сәйкес әрбiр Құрылтайшы Мемлекеттегi өз қызметiнде Шартты басшылыққа алуға құқығы бар.
      2.2 Университет тиiстi Құрылтайшы Мемлекетте Шарт күшiне енген күннен бастап әрбiр Құрылтайшы Мемлекетте заңды тұлға ретiнде танылады. Университет әрбiр Құрылтайшы Мемлекеттегi заңды тұлғалардың Мемлекеттік Тiзiлiмiнде тiркелетiн болады және содан кейiн өзiнiң қызметiн бастайды.
      2.3 Университет зиялы, мемлекеттiк емес (жеке меншiк), автономды, коммерциялық емес (пайда алу мақсатын көздемейтiн) және осы Жарғыда көрсетiлген мақсаттарды көздейтiн, өзiн-өзi басқаратын бiлiм берудiң халықаралық ұйымы (халықаралық бiлiм беру мекеме) болып табылады. Құрылтайшы Мемлекеттердiң ұлттық заңдарына сәйкес Шарт бекiтiлгеннен (күшке енгеннен) кейiн Құрылтайшы Мемлекеттер Университетке лицензия беруге кепiлдiк бередi. Мұндай лицензия тұрақты лицензия немесе ақылға қонымды белгiлi бiр мерзiмге берiлген уақытша лицензия нысанында берiлетiн болады және Құрылтайшы Мемлекеттердiң тиiстi ұлттық заңдарына сәйкес Университет өтiнiш бергеннен кейiн уақытша лицензия тұрақты лицензиямен алмастырылатын болады. Университет тағайындаған дәрежелер, атақтар, дипломдар және басқа да сертификаттар танылады және Құрылтайшы Мемлекеттердiң танылған университеттерi тағайындайтын дәрежелерге, атақтарға, дипломдар мен басқа да сертификаттарға барабар деп есептеледi.
      2.4 Университет өзiнiң атынан келiсiмдер жасасуға және жердi пайдалану құқығы мен өзге де мүлiктiк құқықтарды алуға, өзiне мiндеттемелердi қабылдауға, соттарда, төрелiк және аралық соттарда талапкер мен жауапкер болуға, оқыту мен зерттеу үшiн құрал-жабдықтарды орнатуға, Құрылтайшы Мемлекеттiң аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде әкiмшiлiк кеңселерiнiң және қосалқы қызметтердiң негiзiн салуға құқылы. Құрылтайшы Мемлекеттер заңдарында белгiленуi мүмкiн, қандай да болсын жер құқығын шектеуге қарамастан Университетке университеттiң кампустары орналасқан жердi пайдалануына құқық берiлетiн болады.
      2.5 Университеттің өзiнiң қызметiне байланысты техниканы, құрал-жабдықтарды, құрылыс материалдарын, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтi әкелудi және әкетудi жүзеге асыруға, сондай-ақ жоғарыда баяндалғандарға байланысты кез-келген Құрылтайшы, Мемлекет аумағында кедендiк декларацияларды толтыруға және оларға қол қоюға құқығы бар. Құрылтайшы Мемлекеттердiң ұлттық заңдарында белгiленген қару-жарақ, улы заттар, есiрткi құралдары және радиоактивтi материалдар мен қосарланған мақсатта пайдаланылатын материалдар сияқты тауарлар мен заттардың арнайы санаттарына қатысты осы Баптың ережелерi Құрылтайшы Мемлекеттердiң рұқсаттары (лицензиялары) арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
      2.6 Университеттiң ақша қаражатын қарызға алуға және заемға беруге құқығы бар. Университет өзiнiң активтерi мен меншiгiн ішiнара немесе тұтас кепiлге сала алады және аталған активтер мен меншiктi несиеге алмастыру ретiнде мiндеттемелерiн қамтамасыз етудiң өзге де түрлерi үшiн, сондай-ақ Университеттiң өзге де мiндеттемелерiне байланысты пайдалана алады.
      2.7 Университеттiң Құрылтайшы Мемлекеттердiң кез келген елiнiң ұлттық валютасында, сондай-ақ Қорғаншылар Кеңесiнiң шешiмiнде белгiленгенi сияқты кез келген өзге валютада банк шоттарын ашуға, ұстауға және пайдалануға құқығы бар.
      2.8 Университет Құрылтайшы Мемлекеттердiң заңдық нормаларына (реттейтiн талаптарына) сәйкес түсiм келтiретiн кез келген қызметпен айналысуға құқығы бар.
      2.9 Егер Университеттiң кiрiсi қашан болсын оның шығысынан асып кететiн болса, онда айырмасы, Университет мiндеттерiнiң шеңберiнде одан арғы бiлiм беруге, зерттеулерге және көрсетiлетiн қызметтерге бағытталатын болады.
      2.10 Университеттiң, түрi Қорғаншылар Кеңесiнiң шешiмiмен белгiленетiн, мөрi болады.
      2.11 Әрбiр Құрылтайшы Мемлекеттегi Университеттiң тiркелген кеңсесiнiң мекен-жайы Университет үй-жайларының орналасқан орны болып табылады. Осы мекен-жай тиiстi елдердегi заңды тұлғалардың Мемлекеттік Тiркеушiсiне хабарланады. Университеттiң сондай-ақ Ага Ханның даму жөнiндегi ұйымының Женевадағы Бас кеңсесiнде, Швейцария, халықаралық мекен-жайы болады.
      2.12 Университет тиiстi Құрылтайшы Мемлекеттердiң заңдарына сәйкес заңды тұлғаның барлық өзге де құқықтары мен өкiлеттiлiктерiн иемденедi.

                        Б - ҚАРЖЫ МӘРТЕБЕСI

      2.13 Университет Құрылтайшы Мемлекеттерде Университеттiң құрылуына және жұмыс істеуiне байланысты төлемнен, сондай-ақ алымдардан және барлық қолданылып жүрген немесе болашақта қолданылатын ұлттық, аймақтық, аудандық және қалалық тiкелей әрi жанама нысандағы төлемдерден босатылады. Университеттiң мақсаттарынан тыс жүзеге асырылған, пайда әкелетiн кез келген қызметке Құрылтайшы Мемлекеттердiң заңдарына сәйкес салықтар салынады.
      Университеттiң мемлекеттiк мекемелердегi және университеттердегi коммуналдық қызметтерге қатысты қолданылатын басымдықтарға, ставкаларға және алымдарға қарағанда қолайлылығы одан кем емес басымдықтарды, ставкалар мен алымдарды пайдалану құқығы бар.
      2.14 Құрылтайшы Мемлекеттерде жұмыс істейтiн, олардың азаматтары немесе тұрақты резиденттерi болып табылмайтын Университеттiң барлық қызметкерлерi оның шетелдiк қызметкерлерi болып есептеледi. Университеттiң жоғарыда аталған барлық шетелдiк қызметкерлерi әлеуметтiк қамтамасыз ету жүйесiне жарналар төлеуден босатылады. Университеттiң шетелдiк қызметкерлерiнiң Университеттегi жұмысына байланысты кiрiстерiне Құрылтайшы Мемлекеттерде салық салынбайды және соның iшiнде барлық мемлекеттiк, аймақтық, муниципалдық және жергiлiктi салықтардан босатылады. Жоғарыда аталған шетелдiк қызметкерлердiң Университетте тапқан өз кiрiстерiн шектеусiз әкетуге құқығы бар. Құрылтайшы Мемлекеттерде Университеттiң шетелдiк қызметкерлерiнiң басқа көздерден алған кiрiстерiне, Университетте тапқан кірісiн қоспағанда, тиiстi Құрылтайшы Мемлекеттерде салық салынады.
      Университеттiң шетелдiк қызметкерлерiнiң жеке басына пайдаланатын және үй тiрлiгiне керек-жарақтарын Құрылтайшы Мемлекеттерге әкелуiне құқығы бар. Бұл заттар Университеттiң әрбiр шетелдiк қызметкерiнiң жеке пайдалануына арналған бiр автомобильдi қамтуы мүмкiн және осы заттар Құрылтайшы Мемлекетке Университеттiң шетелдiк қызметкерi тұңғыш рет келгеннен кейiн алты ай iшiнде әкелiнген немесе сатып алынған жағдайда, сатуға арналған салықты және Қосымша құнға арналған салықты қоса алғанда, барлық әкелу баждарынан босатылады. Университеттiң шетелдiк қызметкерлерiнiң Құрылтайшы Мемлекеттен кететiн уақытысында да жеке басына пайдаланатын заттарды әкетуi кезiнде жоғарыда аталғандарға ұқсас жеңiлдiктерi болады, бұл орайда шетелдiк қызметкерлер өздерiне қажет емес жеке басына пайдаланатын заттарды және үй тiрлiгiнiң бұйымдарын кез келген уақытта сатуға құқығы бар.
      Осы Баптың ережелерi өздерi азаматтары болып табылатын Мемлекеттерде жұмыс істеген уақытта Құрылтайшы Мемлекеттердiң азаматтарына қолданылмайды.
      2.15 Жарғыда аталған халықаралық ұйымдар, оның ішiнде АКДН агенттiктерi мен ұйымдары және барлық халықаралық екiжақты және көпжақты донорлар, даму жөнiндегi агенттiктер мен мекемелер, қорлар Университетке немесе халықаралық үкiметке бағынбайтын ұйым болып табылатын, Швейцарияның заңдары бойынша (АКУФ) құрылған және жұмыс істеп тұрған Ага Хан Университетiнiң Қорына және ол Университет қызметiне қатысты құрған кез келген қайырымдылық қорына берiлген, (немесе беруге септiгін тигiзген), өйткенi АКУФ Университеттiң осы қорын басқарады, материалдық, техникалық және интеллектуальдық меншiктiң барлық нысандарына арналған салықтарды өндiрiп алудан шектеусiз босатылады.
      2.16 Жеке тұлғалардың тiрi кезiнде және мұрагерi ретiнде Университеттiң сыйлықтар, жарналар мен қайырмалдықтарды Университеттiң мақсаттары мен мiндеттерi үшiн қолма-қол ақша түрiнде және заттай алуға құқығы бар. Заңды және жеке тұлғалардан алынған барлық осындай сыйлықтар тиiстi Құрылтайшы Мемлекеттердегi донорлардың немесе қайырмалдық берушiлердiң кiрiсiнен шектеусiз толық алынып тасталынады.
      2.17 Құрылтайшы Мемлекеттердiң азаматтарына салық салу мен оларды әлеуметтiк қорғау Құрылтайшы Мемлекеттердiң тиiстi ұлттық заңдарына сәйкес реттелетiн болады. Мұндай жағдайларда тиiстi ұлттық салықтарды Университет ұстап қалады және тиiстi Құрылтайшы Мемлекеттерге төлейтiн болады.

               3-БАП: УНИВЕРСИТЕТТIҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРI

      Университет өзiнiң негiзгi кампусын Хорог қаласында, Тәжiкстан Республикасының Таулы Бадахшан автономиялы облысында ұйымдастырады. Университеттiң ажырамас бөлiктерi ретiнде академиялық бағдарламалары мен үй-жайлары, сондай-ақ Қырғыз Республикасында және Қазақстан Республикасында ұйымдастырылуы мүмкiн.

                    4-БАП: ҚОРҒАНШЫЛАР КЕҢЕСI

      Университеттi одан әрi дамыту, тұрақты қаржылық қолдауға кепiлдiк беру, оның материалдық-техникалық базасын нығайту және қызметiн Жарғыда баяндалған мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес жалғастыру үшiн Университеттiң Қорғаншылар Кеңесi болады.
      Университеттiң Қорғаншылар Кеңесi Университеттi басқаруды және басқаруға жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы, өзiнiң күллi іс-қимылына, қаражаттарына және қай жерде орналасқанына қарамастан жылжымайтын мүлiктерiне қатысты Университеттің саясатын айқындауы және жүзеге асыруы тиiс.

                5-БАП: МӘРТЕБЕНIҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

      Құрылтайшы Мемлекеттердiң заңдарындағы қандай да бiр өзгерiстер Университеттiң мiндеттерiн, қаржылық, заңдық немесе академиялық мәртебесiн немесе барлық жарналарға, ақшалай қайырмалдықтарға және кез келген жеке тұлғалар, компаниялар мен халықаралық ұйымдар тарапынан Университеттiң қызметiн қамтамасыз ету құқықтарын нашарлатуға ықпал ете алмайды. Осы Баптың ережелерi Құрылтайшы Мемлекеттердiң бiрiншi дәрежелi болып табылатын Конституцияларына сәйкес орындалуы тиiс.

                    6-БАП: ҚАРАЖАТТАРДЫ ҚОРҒАУ

      Құрылтайшы Мемлекеттер Университеттің кез келген меншiгiн, активтерi мен қорларын национализациялауды немесе тәркiлеудi жүргiзбейтiн немесе национализациялау немесе тәркiлеу сияқты салдары бар қандай да бiр iс-әрекеттердi жасамайтын болады. Айрықша жағдайларда осы баптың ережелерi Құрылтайшы Мемлекеттердiң ұлттық мүдделерiн ескере отырып, олардың тиiстi заңдарына сәйкес орындалады.

                          7-БАП: ТYЗЕТУЛЕР

      Жарғының 16-бабында егжей-тегжейлi баяндалған ережелердi есептемегенде, Құрылтайшылардың әрқайсысының бiрауызды жазбаша мақұлдауынсыз Шарт пен Жарғыға түзетулердiң енгiзiлуi мүмкiн емес. Мұндай түзетулер заңдық тұрғыдан мiндеттi болып саналады және барлық үш Құрылтайшы Мемлекет бекiткеннен соң күшiне енедi.

                         8-БАП: ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ

      Осы Шартты орындауға байланысты барлық келiспеушiлiктер Құрылтайшылар арасындағы келiссөздер жолымен достық сипаттағы келiсiм арқылы шешiлетiн болады. Осындай келiссөздердi жүргiзу кезiнде Құрылтайшылар Құрылтайшылардың да мүдделерiн, сондай-ақ Университеттiң де мүдделерiн ескеруi тиiс. Құрылтайшылар Құрылтайшылар мен Университет арасындағы iзгi қатынастарды сақтау мақсатында олардың арасындағы келiспеушiлiктер адал

ниеттi әрi әдiлеттi негiзде реттелуi үшiн мүмкiн нәрсенiң бәрiн де жасауы 
қажет.
     
                          9-БАП: ТIЛДЕР
     
     Осы Шартты Құрылтайшылар тәжiк, қырғыз, қазақ, орыс және ағылшын
тiлдерiнде бес түпнұсқа данадан жасады, олардың әрқайсысының заңдық
тұрғыдан күшi бiрдей. Осы Шартты түсiндiру кезiнде пiкiр алшақтығы
туындаса, ағылшын тiлiндегi нұсқасы бастысы болып табылады.
     
                        10-БАП: ШАРТҚА ҚОСЫЛУ
     
     Университеттi дамытуға салым салуды немесе оның бағдарламаларын не
қызметтерiн пайдалануды қалайтын кез келген басқа мемлекет Жарғының
15-бабының ережелерiне сәйкес Қатысушы Мемлекет бола алады.
     
                       11-БАП: ШАРТ КҮШІН ТОҚТАТУ
     


      Осы шартты әр құрылтайшы өз халық заңдар және Парламент мақұлдау бойынша күшiн тоқтату мүмкiндiгi бар. Бұл жағдайда Мемлекет-Құрылтайшы басқа құрылтайшыларды, жазылған түрде ойланған күш тоқтату мезгiлiнен екі жыл бұрын ескерту қажет.

                            12-БАП: КYШIНЕ ЕНУІ

      Жарғы осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады. Осы Шарт пен Жарғы заңдық тұрғыдан мiндеттi болады және кем дегенде екi Құрылтайшы Мемлекетте бекiтiлгеннен кейiн күшiне енедi. Осы Шарт пен Жарғы заңдық тұрғыдан мiндеттi болады және үшiншi Құрылтайшы Мемлекетте бекiтiлгеннен кейiн осы мемлекетте де күшiне енедi.

     АКДН-нiң Тәжiкстан Республикасымен келiсiмi осы Келiсiмге қол қойған
Тәжiкстан Республикасымен және Исмаилиттер Имаматына мiндетті болып 
табылады.
     
                           13-БАП: Даналар
     
     Осы Шарт бес данада жасалатын болады, олардың әрқайсысы түпнұсқа 
болып есептеледі, бірақ олардың бәрі белгілі бір құжатты құрайды, бұл 
ретте әрбір данаға Исмаилиттер Имаматы қол қояды.
     
     ОСЫ ШАРТҚА Құрылтайшылар өздерінің тиісті қолдарымен көрсеткен 
қалаларда және күндерде ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ, ал шарт жасасу күні болып соңғы қол 
қою күні саналатын болады.
     
     Тәжікстан Республикасынан          Қырғыз Республикасынан 
     
     _____________________________      _______________________________ 
     Президент                          Президент 
     Душанбе қаласы                     Бішкек қаласы 
     Күні: 28 тамыз, 2000               Күні: 30 тамыз, 2000 
         
     Қазақстан Республикасынан          Исмаилиттер Имаматынан 
     
     _____________________________      _______________________________ 
     Президент                          49-Мұрагер Имам 
     Астана қаласы                      Астана қаласы 
     Күні: 31 тамыз, 2000               Күні: 31 тамыз, 2000 
     
     
                          "А" ҚОСЫМШАСЫ
     
                    ТӘЖIКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
                     ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ
                    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
            ЖӘНЕ ИСМАИЛИТТЕР ИМАМАТЫ НЕГIЗIН САЛҒАН
             ОРТАЛЫҚ-АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТIНІҢ ЖАРҒЫСЫ
     


      Орталық Азия Университетi Орталық Азия Университетi Құрылтайшыларының 2000 ж. 31-тамызында қол қойылған Шартына сәйкес Тәжiкстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен шии Имами исмаили мұсылмандарының 49-ы мұрагер Имамы Ұлы Мәртебелi Ага Хан уәкiлi болып отырған Исмаилиттер Имаматы негiзiн салған, халықаралық бiлiм беретiн ұйым (халықаралық бiлiм беру мекеме) болып табылады.

                             КIРIСПЕ

      Университет халықаралық бiлiм беретiн ұйым (халықаралық бiлiм беру мекеме) болып, бiлiм беру, зерттеу және Орталық Азия Таулы Аймағындағы (төменде айқындалған) жалпы алғанда тау тұрғындарының экономикалық және әлеуметтiк жағдайларын ұзақ мерзiмдi жақсартуға, қоршаған табиғи орта мен олар ұстанатын мәдени құндылықтарды сақтау мен дамытуға тiкелей

жәрдемдесетiн жоғарғы халықаралық сапаға сай келетiн қызметтер көрсету 
бойынша бағдарламалар ұсыну мақсатындағы халықаралық ұйым ретiнде 
құрылғанын назарға ала отырып;
     сондай-ақ
     Құрылтайшылардың осы халықаралық Университетті құру мен дамытуға 
Орталық Азия Тау Аймағындағы елдердi тартқысы және рухтандырғысы келетiнiн 
назарға ала отырып:
     
                    1-БАП: ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАР
     
     1.1. Университет Құрылтайшылары:
     Тәжiкстан Республикасы, Тәжiкстан Республикасының Президентi атынан;
     Қырғыз Республикасы, Қырғыз Республикасының Президентi атынан;
     Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының Президентi атынан;
     сондай-ақ
     Исмаилиттер Имаматы атынан, шии Имами исмаили мұсылмандарының 49-ы 
мұрагер Имамы Ұлы Мәртебелi Ага Хан - болып табылады.
     1.2. Университеттің атауы:
     тәжiкше:      Донишгохи Осиеи Марказй
     қырғызша:     Борбардук Азия Университети
     қазақша:      Орталық Азия Университетi
     орысша:       Университет Центральной Азии
     ағылшынша:    University of Central Asia
     


      1.3. Университет өзiнiң негiзгi кампусын Тәжiкстан Республикасының Таулы Бадахша автономиялы облысындағы Хорог қаласында ұйымдастырып отыр. Университеттiң ажырамас бөлiктері ретiнде академиялық бағдарламалары мен үй-жайлары, сондай-ақ Қырғыз Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қатысушы Мемлекеттерде де ұйымдастырылуы мүмкiн.

                      2-БАП: АНЫҚТАМАЛАР

      Осы Жарғыда қолданылатын бас әрiппен жазылған сөздер 2-бапта анықталатын мағыналарға ие.
      2.1. "АКДН" исмаилиттер Имаматы құрған және Ага Хан Қорын, Бiлiм беру жөнiндегi Ага Хан қызметiн, Денсаулық сақтау жөнiндегi Ага Хан қызметiн, Жоспарлау және құрылыс жөнiндегi Ага Хан қызметiн, Ага Ханның Университетiн, Ага Ханның мәдениет жөнiндегi басқармасын және Ага Ханның Экономикалық даму Қорын қамтитын "Аганың Даму жөнiндегi ұйымы" ретiнде белгiлi даму жөнiндегi халықаралық агенттiктер мен ұйымдардың желiсiн бiлдiредi;
      2.2. "Кеңес" 10-бапта аталатын Университеттiң Қорғаншылар Кеңесiн бiлдiредi;
      2.3. "Орталық Азия Таулы Аймағы" егемендi аумағы Памир, Сарақорым, Хинду Куш, Гималай, Тянь-Шань, Алатау, Алтай, Копетдаг ретiнде белгiлi Алтай мен Кавказ таулары ауданының аралығындағы биiк таулы аймақтардың iшiнде орналасқан немесе солармен шектесетiн мемлекеттердi қамтиды;
      2.4. "Канцлер " 7-бапта аталатын Университеттiң Канцлерiн бiлдiредi;
      2.5. "Қорғаншыр-Құрылтайшылар" 5-бапта аталатын Тәжiкстан Республикасының Президентiн, Қырғыз Республикасының Президентiн және Қазақстан Республикасының Президентiн бiлдiредi;
      2.6. "Құрылтайшылар" Тәжiкстан Республикасын, Қырғыз Республикасын, Қазақстан Республикасын және Исмаилиттер Имаматын бiлдiредi;
      2.7. "Құрылтайшы Мемлекеттер" Тәжiкстан Республикасын, Қырғыз Республикасын және Қазақстан Республикасын бiлдiредi;
      2.8. "Халықаралық ұйымдар" АКДН агенттiктерi мен ұйымдарын және басқа да халықаралық даму жөнiндегi ұйымдарды, қайырымдылық ұйымдарын, оқу ұйымдарын, көп жақты қаржы мекемелерiн және басқа да халықаралық ұйымдарды, Бiрiккен Ұлттар Ұйымын, Еуропалық Одақтың Комиссиясын, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiн, Азиялық Даму Банкiн, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкiн, Ислам Даму Банкiн, олардың агенттiктерiн және басқа да осындай, халықаралық органдарды бiлдiредi;
      2.9. "Қатысушы Мемлекет" 16-бапта аталған, Университетпен ынтымақтастық туралы келiсiм жасасқан, өзiнiң ынтымақтастық туралы заңдарына және осы Жарғыға сәйкес осы Жарғыны сақтауға келiскен және осындай келiсiмге заңды күшiн беруге қажеттi барлық шараларды қолданатын кез келген мемлекеттi бiлдiредi;
      2.10. "Қорғаншы" 5-бапта аталған Қорғаншыларды бiлдiредi;
      2.11. "Вице-Канцлер" 8-бапқа сәйкес тағайындалған Университет Канцлердiң орынбасарын бiлдiредi;
      2.12. "Ректор" 9-бапқа сәйкес тағайындалған Университеттiң Ректорын бiлдiредi;
      2.13. "Шарт" Тәжiкстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен шии Имами исмаили мұсылмандарының 49-ы мұрагер Имамы Ұлы Мәртебелi Ага Хан өкiлi болып отырған Исмаилиттер Имаматы арасында жасалған халықаралық шарт болып табылатын Құрылтайшылардың Орталық Азия Университетiнiң 2000 жылдың 31 тамызындағы шартын бiлдiредi;
      2.14. "Университет" Орталық Азия Университетiн бiлдiредi.

           3-БАП: УНИВЕРСИТЕТТIҢ МIНДЕТI МЕН ҚЫЗМЕТI

      Университеттiң мiндетi мен қызметi мына төмендегiлердi қамтиды:
      3.1. Таулы аймақтар мен олардың халықтарын, сондай-ақ Университет өзiнiң шешiмiмен айқындай алатын меңгерiлуi дәрежелер, дипломдар, сертификаттар және өзге де академиялық атақтар берумен расталатын бiлiмнiң өзге де салаларын дамыту мақсатында бiлiмдi, технологияны таратуға жәрдемдесу және оқытуды, ғылыми зерттеулердi, кадрларды даярлауды және көрнекi әдiстерiмен оқытуды қамтамасыз ету;
      3.2. Жынысына, сенетiн дiнiне, нәсiлiне, этникалық ерекшелiгiне, ұлтына, және тұрақты тұрғылықты жерiне қарамастан Университеттiң есiгi барлық тiлек бiлдiрушiлерге, мұндай адамдар Университетте оқытылатын пәндердi оқу үшiн академиялық даяр болған жағдайда ашық; осы талапты қанағаттандыратын адамдардың ешқайсысы жынысына, дiнiне, нәсiлiне, этникалық ерекшелiгiне, ұлтына, тұрақты тұрғылықты жерiне қарай Университетке қол жеткiзуден айырылуы мүмкiн емес.
      3.3. Университет өзiнiң мақсаттарына жетуге бағытталған өзiнiң оқыту қызметiн еркiн, қандай да бiр шектеулерсiз басқаратын толық дербес мекеме болып табылады, атап айтқанда:
      3.3.1 Студенттердi ірiктеу мен олардың бiлiмiн тексеру;
      3.3.2 Ғылыми дәрежелердi, дипломдарды, сертификаттарды және өзге де үздiк белгiлердi беру;
      3.3.3 Оқытушылар құрамын және басқа да қызметкерлердi ірiктеу, тағайындау, қызмет сатысымен жоғарылату және жұмыстан шығару;
      3.3.4 Таулы аймақтар мен олардың тұрғындарының даму проблемаларын, сондай-ақ Университеттің қарауы бойынша басқа да мәселелердi зерттеу үшiн қажеттi оқыту курстарын айқындау;
      3.3.5 Оқу ақысын және басқа да алымдардың мөлшерiн белгiлеу және анықтау, сондай-ақ ықтимал жеңiлдiктердiң мөлшерiн белгiлеу;
      3.3.6 Зерттеу жұмысын жүргізу;
      3.3.7 Халықты жұмыспен қамтудың түр-түрiнiң санын көбейту мақсатында ғылыми-зерттеу стансаларын, үздiксiз оқыту орталықтарын, сырттай оқыту орталықтарын, ұйымдары мен өндiрiстiк жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзуге арналған орталықтарды құру мен дамыту;
      3.3.8 Консультациялық қызметтi көрсету, өкiлдiк функцияларды жүзеге асыру, маркетингтiк зерттеулердi жүргiзу және жеке адамдар мен ұйымдарға қызмет көрсету;
      3.3.9 Басқа да ұйымдарға қосылу немесе қауымдастықтар құру және Тәжiкстан Республикасында, Қырғыз Республикасында, Қазақстан Республикасында немесе Қатысушы Мемлекеттерде (егер осындайлар бар болса) өздерiнiң функциялары мен мiндеттерiн орындауды жақсарту үшiн факультеттердi, институттар мен бағдарламаларды құру;
      3.3.10 Бiлiм беру және өзге де бағдарламалардың анағұрлым тиiмдiлiгiне жету мақсатында оқытудың әдiстерi мен стратегиясын анықтау;
      3.3.11 Ең бастысы ағылшын тiлiнде, сондай-ақ Орталық Азия Таулы Аймағының тiлдерiнде және басқа да тiлдерде оқытуды жүзеге асыру;
      3.3.12 Басылымдық және электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттарды жариялау мен тарату, оның ішiнде Интернетте Wеb-сайттарын құру;
      3.3.13 Интернетке шығару-беру жөнiндегi қызметтер көрсету, сырттай оқыту және Университеттiң басқа да бiлiм беру мақсаттарына жету үшiн Құрылтайшы-Мемлекет және Қатысушы-Мемлекеттердiң тиiстi ережелерiне және нормаларына сәйкес радио- және теледидар станцияларына, электронды құралдар мен құрылғылардың басқа да түрлерiн иелену, құру және басқару.

      3.4. Университеттiң оқытушылық және әкiмшiлiк персоналы:
      3.4.1. Негiзiнен әкiмшiлiк қызметкерлерi және мамандары Орталық Азия Таулы Аймағында тұратын тұрғындардан болады деп күтiлуде, сонымен қатар Университеттiң бұл ретте таулы аймақтар және олардың халықтарының дамыту проблемаларының саласында жұмыс тәжiрибесi немесе аралас салаларда тәжiрибесi бар адамдарды қоса алғанда басқа елдерден жетекшi педагогтарды, зерттеушiлердi, әкiмшiлiк қызметкерлерi мен сарапшыларды шақыруға және жалдауға құқы бар;
      3.4.2. Университеттiң мақсаттарына жету үшiн құзыреттiлiгi, адалдығы және тиiмдiлiгi жоғары деңгейде болатын кандидаттардың қасиеттерiн сұрыптау негiзiнде жүргiзедi;
      3.4.3. Университеттің мақсаттарына жету үшiн өздерiнiң зерттеулерi және академиялық қызметi туралы ақпараттарды баспалық, электронды және басқа да жолдармен жариялау және тарату үшiн сөз бостандығын пайдаланады.
      3.5. Университет жеке қасиеттерi, жетiстiктерi, тәжiрибесi және тұратын елiнiң тұрғыны екендiгiн еске ала отырып, сол негiздерде жұмысқа қабылдауға қажеттi ережелер, реттiлiк, шарттарға байланысты жұмысқа қабылдау саясатын белгiлеуге және қолдануға құқы бар.
      3.6. Университет зерттеулер, оқыту және өзге де академиялық қызмет үшiн Ага Ханның дамыту жөнiндегi ұйымын қоса алғанда кез келген ұйымның құрал-жабдықтары мен қызметшiлерiн өзiнiң қарауы бойынша пайдалана алады.
      3.7. Университет өзiнiң мақсаттарына жету және өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн үкiметтермен, ұйымдармен, мекемелермен және жеке адамдармен келiсiмдер, келiсiм-шарттар және Уағдаластықтар жасай алады, сондай-ақ өзiнiң мақсаттарына жетуге қажеттi өзге де актiлерге отыра.
      3.8. Университеттiң барлық қызметкерлерi, Университеттiң лауазымды адамдары, Қорғаншылар Кеңесi мүшелерi, оқытушылар құрамы, студенттер мен Университеттiң жұмысына тартылған барлық қызметшiлерi, штаттық жұмыс істейтiндер, келушiлер, ерiктi қызметкерлер, консультанттар, сарапшылар, агенттер және мердiгерлiк қызметшiлер, олармен шектеусiз барлық қызметкерлердi қоса алғанда, сол тұлғалар халық заңдарға және халықаралық заңдар нормаларына сәйкес кез келген жерiне барып-қайту бостандығын пайдаланады. Осыған байланысты Құрылтайшы Мемлекеттер және Қатысушы Мемлекеттер Университеттiң қызметшiлерiне өз мемлекетiнiң аумағына кiру мен одан шығуға рұқсат бередi және Университеттiң талабымен тиiстi шығу, транзиттік және кiру визаларын және өз мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес сол елде тұруға қажетті рұқсаттар бередi.
      3.9. Университет Құрылтайшы Мемлекеттер және Қатысушы Мемлекеттердiң тиiстi заңдарына сәйкес жердi пайдалануға құқығын ала алады және сондай-ақ қызметтi жүзеге асыруға және жоғарыда аталған мақсаттарға жетуге қажеттi құрылымдар мен ғимараттарды жобалауға, салуға, кеңейтуге және пайдалануға құқылы.
      3.10. Әр Құрылтайшы Мемлекет пен Қатысушы Мемлекеттiң қолданымдағы

заңдарына сәйкес Университеттің өз мақсаттарын жүзеге асыруына лицензия 
керек болатын қызметтiң барлық түрлерiне лицензияларды алу үшiн өтiнiш 
жасауға және сол лицензияны алуға құқы бар.
     3.11. Университет өзiнiң мақсаттарына жетуге бағытталған кез келген
заңды қызметтi жүргiзе алады.
     
                 4-БАП: УНИВЕРСИТЕТТIҢ МӘРТЕБЕСI
     
                     А - ЗАҢДЫЛЫҚ МӘРТЕБЕ
     


      4.1. Университет халықаралық бiлім беретiн ұйым (халықаралық бiлiм беру мекеме) болып табылады және Құрылтайшы Мемлекеттер мен Қатысушы Мемлекеттердiң заңдарына сәйкес олардың әрқайсысында жұмыс істеу құқығына ие дербес заңды тұлға болып есептеледi. Университет тұрақты негiзде жұмыс істейдi, оның әр Құрылтайшы Мемлекет пен Қатысушы Мемлекетте өз қызметiн жүзеге асыруға және Құрылтайшы Мемлекеттердiң заңдарына және Университет пен әр Құрылтайшы Мемлекет және Қатысушы Мемлекет арасында жасалған Ынтымақтастық туралы кез келген Келiсiмге, сондай-ақ Жарғыға сәйкес өз қызметiн жүзеге асыру барысында аталмыш Келiсiмшартты басшылыққа алуға құқығы бар.
      4.2. Әр Құрылтайшы Мемлекетте Шарт күшiне енген (ратификацияланған) сәттен бастап, Университет сол Құрылтайшы Мемлекетте заңды тұлға ретiнде танылады. Университеттiң әр Құрылтайшы Мемлекет пен Қатысушы Мемлекетте заңды тұлғалардың Мемлекеттiк реестрiнде тiркелуiне құқығы бар және тiркелгеннен кейiн өзiнiң қызметiн жүзеге асыра бастайды.
      4.3. Университет жекеменшiк (Мемлекеттiк емес), дербес, коммерциялық емес (пайда алу мақсатын көздемейтiн) және осы Жарғыда көрсетiлген мақсаттарды көздейтiн, өзiн өзi басқаратын халықаралық жоғары бiлiм беруді мақсат ететiн зиялы ұйым (халықаралық бiлiм беру мекеме) болып табылады. Құрылтайшы-мемлекеттер Шарт Құрылтайшы-мемлекеттердiң заңдарына сәйкес ратификацияланғаннан (күшке енгеннен) кейiн Университетке лицензия беретiндiгi туралы кепiлдiк бередi. Аталмыш лицензия тұрақты нысанда берілетiн болады немесе ақылға қонымды белгiлi бiр мерзiмге берiлген уақытша лицензия түрiнде берiледi, осыдан кейiн, Құрылтайшы-мемлекеттердiң қолданымдағы заңдарына сәйкес, Университет тұрақты лицензия үшiн өтiнiш және тапсырыс берген соң, сол тұрақты лицензияны алуы тиiс. Университет тағайындаған дәрежелер, атақтар, дипломдар және басқа да сертификаттар Құрылтайшы Мемлекеттер немесе Қатысушы Мемлекеттерде танылады және сол мемлекеттердiң университеттерi тағайындаған дәрежелерге, атақтарға, дипломдар және басқа да сертификаттарға барабар деп есептеледi.
      4.4. Университет өзiнiң атынан келiсiмдер жасасуға және жердi пайдалану құқығын және өзге де мүлiктiк құқықтарды алуға, өзiне мiндеттер қабылдауға, соттарда, төрелiк және аралық соттарда талапкер және жауапкер болуға, оқыту мен зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн құрал-жабдықтарды орнатуға, Құрылтайшы Мемлекеттiң аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерде әкiмшiлiк офистерiнiң және қосалқы қызметтердiң үй-жайын салуға құқығы бар. Құрылтайшы Мемлекеттер немесе Қатысушы Мемлекеттердiң заңдарында болуы мүмкiн, жерге қатысты құқықтардың шектелуiне қарамастан Университетке университет кампустары орналасатын жерді пайдалану құқығы берiлетін болады.
      4.5. Университет техниканы, құрал-жабдықтарды, құрылыс материалдарын, тауарлар мен өзiнiң қызметiмен байланысты қызмет түрлерiн әкелудi және әкетудi жүзеге асыру, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлгендей кез келген Құрылтайшы Мемлекет және Қатысушы Мемлекеттiң аумағында кедендiк декларацияларды толтыру және оларға қол қоюға құқығына ие болады. Құрылтайшы Мемлекеттер мен Қатысушы Мемлекеттердiң қолданымдағы ұлттық заңдарына сәйкес қару-жарақ, улы заттар, есiрткi заттары және радиоактивтi материалдар мен қосалқы мақсаттағы материалдар ретiнде анықталған тауарлар мен заттарға қатысты осы баптың ережелерi Құрылтайшы Мемлекет пен Қатысушы Мемлекеттiң тек рұқсаты (лицензиясы) арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
      4.6. Университет ақшаны қарызға алуға және қарызға беруге құқылы. Университет өз активтерi мен меншiгiн толығымен немесе бөлшектеп кепiлдiкке бере алады және аталмыш активтер мен меншiгiн несиеге ауыстыруға қажеттi мiндеттемелерiн қамтамасыз етудiң басқа түрлерi, сонымен қатар Университеттiң басқа да мiндеттемелерi үшiн пайдаланады.
      4.7. Университет Құрылтайшы Мемлекеттер мен Қатысушы Мемлекеттердiң кез келгенiнде сол мемлекеттердiң ұлттық валютасы, сондай-ақ Қорғаншылар Кеңесi анықтаған шешiмге сай кез келген шет елдiк валюта түрiндегi банк шоттарын ашуға, басқаруға және пайдалануға құқығы бар.
      4.8. Құрылтайшы Мемлекеттердiң заңдары реттейтiн талаптарына, (заңдық нормаларына) сәйкес Университет пайда алу мақсатында кез келген қызмет түрiн жүзеге асыруға құқығы бар.
      4.9. Университеттiң кiрiсi шығысынан қандай да бiр уақытта асып кететiн болса, оның айырмасы, Университет мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырылатын, одан арғы бiлiм беру, зерттеулер жүргiзу ісiне және қызметтердiң қажетiне жұмсалатын болады.
      4.10. Университет, үлгiсi Қорғаншылар Кеңесiнiң шешiмi арқылы бекiтiлетiн мөрге ие.
      4.11. Университет үй-жайларының орналасқан жерi әр Құрылтайшы Мемлекет немесе Қатысушы Мемлекеттегi Университеттiң тiркелген кеңсесiнiң мекен-жайы болып табылады. Осы мекен-жай тиiстi елдердегi заңды тұлғалардың Мемлекеттiк регистрiне хабарланады. Университет сондай-ақ Швейцария мемлекетiнiң Женева қаласында орналасқан, Ага Ханның дамыту жөніндегi ұйымының Бас офисi ретiндегi халықаралық мекен-жайға ие.
      4.12. Университет әр Құрылтайшы Мемлекет пен Қатысушы Мемлекеттердiң қолданымдағы заңдарына сәйкес, заңды тұлғаға тиесілi барлық басқа да құқықтар мен өкiлеттiлiктерге ие.
      4.13. Құрылтайшылар Университет мiндеттерi алдында жауапты болмайды.

                         Б - ҚАРЖЫЛЫҚ МӘРТЕБЕСI

      4.14. Университет Құрылтайшы Мемлекеттер мен Қатысушы Мемлекеттерде Университеттiң құрылуы және жұмыс істеуi үшiн қолданылып жүрген немесе қолданылатын жалпы мемлекеттiк, аймақтық, аудандық және қалалық тiкелей және болашақта қолданылатын, жанама нысанындағы барлық салықтарды төлеуден, сондай-ақ жинаудан және төлеуден босатылады. Университет мақсаттарынан тыс жүзеге асырылған, пайда әкелетiн кез келген қызмет үшiн, Университетке Құрылтайшы Мемлекеттердiң және Қатысушы Мемлекеттердiң заңдарына сәйкес салықтар салынады.
      Университет мемлекеттiк мекемелерге және университеттерге қатысты қолданылатын артықшылық құқықтардан, ставкалар мен алымдардан қолайлылығы кем емес коммунальдық қызметтерге берiлетiн, ставкаларға және алымдарға қатысты басымшылық құқықтарды пайдаланады.
      4.15. Жұмыс істеп жүрген, Құрылтайшы Мемлекеттер және Қатысушы Мемлекеттердiң азаматтары немесе тұрақты резиденттерi болып табылмайтын барлық қызметкерлер Университеттiң шетелдiк қызметкерлерi болып есептеледi. Жоғарыда аталған Университеттің барлық шетелдiк қызметкерлерi әлеуметтiк қамтамасыз ету жүйесiне сай, жарналар төлеуден босатылады. Университеттегi шетелдiк қызметкерлердiң Университетте жұмыс істеуiне байланысты кiрiстерi Құрылтайшы Мемлекеттер мен Қатысушы Мемлекеттерде салық салудан, оның ішiнде барлық ұлттық, аймақтық, муниципалдық және жергiлiктi салықтардан босатылады. Жоғарыда көрсетiлген шетелдiк қызметкерлер Университетте өздерiнiң еңбегiмен алған табыстарын шектеусiз алып кету құқығына ие болады. Құрылтайшы Мемлекеттер немесе Қатысушы Мемлекеттердегi Университеттің шетелдiк қызметкерлерiнiң Университетте алынатын кiрiстi қоспағандағы, басқа көздерден алған кiрiстерiне тиiсті Құрылтайшы Мемлекеттер немесе Қатысушы Мемлекеттердiң заңдарына сай салық салынады.
      Университеттiң шетелдiк қызметкерлерiнiң Құрылтайшы Мемлекеттер аумағында тұру барысында, жеке басына қажетті және үй тiрлiгiне керек керек-жарақтарын әкелу құқығы бар. Бұл заттардың қатарына Университеттiң әр шетелдiк қызметкерiнiң жеке пайдалануына берiлетiн бiр автомобилі жатқызылуы мүмкiн және Университеттiң шетелдiк қызметкерi тиiстi Құрылтайшы Мемлекеттерге бiрiншi рет келгеннен кейiнгi алты ай iшiнде әкелiнген немесе сатылып алынған заттары, олар барлық әкелу кезiндегi баж салықтарынан босатылады. Шетелдiк қызметкерлердiң өздерiне керек емес, жеке басына қолданатын және үй тiрлiгiне керек-жарақтарын кез келген уақытта сатуға құқығы бар екенiн ескере отырып, Құрылтайшы Мемлекеттен кететiн жайда, олар жеке басына қолданатын заттарды әкету кезiнде сол заттарды әкелген уақыттағыдай жеңiлдiктерге ие болады.
      Осы Баптың ережелерi Құрылтайшы Мемлекеттердiң немесе Қатысушы Мемлекеттердiң азаматтарына қатысты, егер сол азаматтар өз мемлекеттерiнде, қызмет атқаратын болса, қолданылмайды.
      4.16. Халықаралық ұйымдар, оның ішiнде АКДН агенттіктерi мен ұйымдары және барлық халықаралық екi жақты және көп жақты донор-агенттiктер, - дамыту жөнiндегi агенттiктер мен мекемелер, сондай-ақ қорлар Университетке немесе Швейцарияның заңдары бойынша (АКUҒ) құрылған және сол негiзде жұмыс істейтiн, халықаралық үкiметке бағынбайтын ұйымы болып табылатын Ага Хан Университетiнiң Қорына және оның жанында құрылған кез келген қайырымдылық қорына берiлген (немесе беруге септiгiн тигiзгендер), материалдық, техникалық және интеллектуалдық меншiктiң барлық нысандары, АКUҒ Университеттiң осы қорын басқаратындығына орай, Университеттің қызметiне қатысты салықтарды төлеуден шектеусiз босатылады.
      4.17. Университет өзiнiң мақсаттары мен мiндеттерi үшiн жеке тұлғалардан, олардың тiрi кездерiнде және солардың мұрагер ретiнде жарналарды, қайырымдылықпен берiлетiн заттарды, қолма-қол және ақшаны және заттай сыйлықтарды алуға құқылы. Заңды және жеке тұлғалардан алынған осындай барлық сыйлықтар, шектеусiз немесе толық түрде, тиесiлi Құрылтайшы Мемлекеттердегi және Қатысушы Мемлекеттердегi донорлардың немесе қайтарымсыз берушiлердiң табысына жатқызылмайды.
      4.18. Құрылтайшы Мемлекеттердiң және Қатысушы Мемлекеттердiң

азаматтарына салық салу және оларды әлеуметтiк қорғау Құрылтайшы 
Мемлекеттер мен Қатысушы Мемлекеттердiң тиiстi ұлттық заңдарына сәйкес 
реттелетiн болады. Университет осындай жағдайларда тиiстi ұлттық 
салықтарды ұстап қалады және Құрылтайшы Мемлекеттерге төлейдi.
     
                 5-БАП: УНИВЕРСИТЕТ ҚОРҒАНШЫЛАРЫ 
     
     5.1. Университеттiң Қорғаншы Құрылтайшылары: 
     Аса Жоғары Мәртебелi Эмомали Шарипович Рахмонов, Тәжiкстан 
Республикасының Президентi; 
     Аса Мәртебелi Жоғары Асқар Ақайұлы Ақаев, Қырғыз Республикасының 
Президентi; 
     Аса Жоғары Мәртебелi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев, Қазақстан
Республикасының Президентi. 
     5.2. Тәжiкстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Қазақстан 
Республикасының кейiнгi Президенттерi де Қорғаншысы бола алады. 
     5.3. Әр Қатысушы Мемлекеттiң Мемлекет басшысы Қорғаншы болып 
табылады. 
     
            6-БАП: УНИВЕРСИТЕТТIҢ ШТАТТЫҚ ЛАУАЗЫМДАРЫ 
     
     Университеттiң штаттық лауазымдарына мыналар кiредi: 
     6.1.1. Канцлер; 
     6.1.2. Канцлердiң орынбасары; 
     6.1.3. Ректор; 
     6.1.4. Қорғаншылар Кеңесi ұсынатын және Канцлер мақұлдаған басқа да 
жауапты атқарушылар. 
     
                   7-БАП: УНИВЕРСИТЕТ КАНЦЛЕРI 
     


      7.1. Ұлы Мәртебелi Ага Хан, шии Имами исмаилиттер мұсылмандарының Имамы Университеттiң Бiрiншi Канцлерi болып табылады. Оның Имам ретiнде тағайындаған мұрагерi Университеттiң келесi Канцлерi болады. Одан әрi де шии Имами исмаилиттер мұсылмандарының әр мұрагер Имамы осылайша Университеттiң Канцлерi болып тағайындалып отырады. Құрылтайшы Мемлекеттердiң заңдарына сәйкес Имам кәмелеттік жасына толғанға дейiнгi кезде Имамға кәмелеттiк жасына толғанша көмектесу үшiн Имамның жазбаша нысанда iзбасары болып арнайы тағайындалған адам осы құжатта Имамға жүктелген құқықтарды атқара алады.
      7.2. Канцлер Университеттiң жиналыстарына өзi қатысып отыратын болса, Университеттiң iстерi шешiлетiн осындай жиналыстарға төрағалық етуге тиiстi.
      7.3. Құрметтi дәреженi беру туралы Қорғаншылар Кеңесiнiң әр ұсынысын Канцлер мақұлдауы тиiстi.

                   8-БАП: КАНЦЛЕРДIҢ ОРЫНБАСАРЫ

      8.1. Канцлер өзiнiң қарауы бойынша Канцлердiң Орынбасарын өзi анықтайтын шарттарға сай және өзi анықтайтын мерзiмге тағайындайды.
      8.2. Канцлер қызметiнде жоқ болғанда немесе өзiнiң мiндеттерiн орындауға қабiлетсiз болған жағдайда, Канцлердiң Орынбасары Канцлердiң мiндеттерiн атқаратын болады.
      8.3. Канцлердiң Орынбасары Канцлердiң оған тапсыратын басқа да барлық мiндеттерiн мүлтiксiз орындайтын болады.

                          9-БАП: РЕКТОР

      9.1. Канцлер таңдауға ұсынылған бiрнеше адамдардың тiзiмiнен, Қорғаншылар Кеңесiнiң ұсынысы бойынша, өзiнiң қарарымен анықтайтын шарттар негiзiнде және өзi анықтайтын мерзiмге Университет Ректорын тағайындайды. Ректор өз елiндегi немесе шетелдегi әйгiлi ғалым немесе әкiмшiлiк қызметi саласындағы бiлiктi сарапшы болуы тиiс.
      9.2. Ректор Университеттiң басты академиялық лауазымды адамы болып табылады және Қорғаншылар Кеңесi басқа мақсатты көздемесе, ол Университеттiң Басты әкiмшiлiк тұлғасы болады. Ректор Қорғаншылар Кеңесi белгiлеген негiзгi бағдарлар мен жалпы саясатқа сәйкес, сонымен қатар, Қорғаншылар Кеңесiнiң шешiмдерi мен саясатын орындау үшiн Университет бағдарламасының орындалуы және жүзеге асырылуы жауапты. Атап айтқанда Ректорға мынадай істердi атқару жүктеледi:
      9.2.1. Қорғаншылар Кеңесiнiң қарауына жұмыс жоспарларын және бюджет жобасын ұсыну;
      9.2.2. Оқыту бағдарламаларын, даярлау курстарын, зерттеулердi, көрнектi оқыту құралдарын әзiрлеудi, қызмет көрсетудi орындауға байланысты қызметтi басқару, көрсетiлетiн қызметтердi, сонымен қатар, Қорғаншылар Кеңесi мақұлдаған, бюджетте көзделген шығыстарды пайдалануға рұқсат беру;
      9.2.3. Тағайындалған адамдардың неғұрлым жоғары интеллектуалдық және өнегелiк қасиеттерiн қамтамасыз ету мақсатында, Қорғаншылар Кеңесi мақұлдаған әдiстерге және тәртiпке сәйкес, Университет оқытушыларын және әкiмшiлiк Қызметкерлерiнiң штаттық құрамын тағайындау;
      9.2.4. Қорғаншылар Кеңесi белгiлеген тәртiппен Қорғаншылар Кеңесiне Университеттiң қызметi туралы есептер беру;
      9.2.5. Университет жұмысының тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн регламенттер мен ережелердi әзiрлеу және қайта қарау;
      9.2.6. Университетке және Қорғаншылар Кеңесiне Қорғаншылар Кеңесi белгiлеген тәртiппен кез келген басқа қызметтер көрсету.

                    10-БАП: ҚОРҒАНШЫЛАР КЕҢЕСI

      10.1. Қорғаншылар Кеңесiнiң құрамына мыналар кiредi:
      10.1.1. Канцлер тағайындайтын Төраға;
      10.1.2. Әр Құрылтайшы Мемлекеттен тағайындалатын, өз елiнде және шет елде кеңiнен танымал әйгiлi ғалым немесе көрнектi қайраткер болып табылатын Қорғаншының бiр өкiлi;
      10.1.3. Әр Қатысушы Мемлекеттен тағайындалатын, өз елiнде және шет елде әйгiлi ғалым ретiнде танымал немесе көрнектi қайраткер болып табылатын Қорғаншының бiр өкiлi және де Қорғаншылар Кеңесiне кiретiн Қатысушы Мемлекеттердiң өкiлдерi, олардың саны ешбiр жағдайда екiден аспауы керек, ал егер Қатысушы Мемлекеттердiң саны екiден көп болса, онда әр Қатысушы Мемлекеттiң Қорғаншылар өкiлдерi Қорғаншылар Кеңесiне алмастыру қағидасы бойынша кiредi және жеребе тастау негiзiнде анықталады;
      10.1.4. Ага Ханның Дамыту жөнiндегi ұйымының алты өкiлi (ұлттық немесе халықаралық беделi бар ғалымдар немесе көрнектi қайраткерлер) және де Ага Ханның Қоры немесе Ага Ханның Дамыту жөнiндегi ұйымының басқа да агенттiгi тағайындаған өкiлдерiнiң бiр бөлігi Орталық Азияның Тау Аймағынан болуы мүмкiн;
      10.1.5. Ректор;
      10.1.6. Өздерiнiң тәжiрибесi мен жетiстiктерiнiң арқасында халықаралық беделге ие болған, 10.1.1-10.1.5-тармақтары ережелерiне сай мүшелiкке сайланатын, сонымен қатар, кандидатураларын Канцлер бекiтетiн тұлғалардың саны әрi кеткенде үшеу болады.
      10.2. Қорғаншылар Кеңесi Университеттiң барлық қызметiне жалпы қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады, үй-жайларын қай жерде орналасқанына қарамастан, төменде көрсетiлген функцияларды шектеусiз түрде қоса алғанда, Университеттiң жұмысына қатысты саясатын, анықтайды және бағыттайды, атап айтқанда:
      10.2.1. Университеттiң меншiгiн, қорларын және ресурстарын иелену, бақылау, басқару, займдарды алу және Университеттiң мақсаттарына сәйкес қажетті қамтамасыз ету кепiлiмен қаражаттарды алу;
      10.2.2. Оқытушылар құрамы, өздерiнiң зерттеулерiнде және оқыту барысында академиялық бостандықты пайдаланатындай етiп, Университет қызметiнiң жүзеге асырылуына негiзделген қағидаттарды, саясатты және жоспарларды қалыптастыру және бекiту;
      10.2.3. Университет қызметiнiң мейлiнше жоғарғы тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн, регламенттер мен ережелердi аракiдiк әзiрлеу және қайта қарау;
      10.2.4. Университеттiң жұмысына жәрдемдесу немесе оны жетiлдiруге қажетті колледж, факультет, институт, бағдарламалар, тұрақты комитеттер, кеңестер және басқа да әкiмшiлiк ұйымдар сияқты Университеттің кез келген тұрақты құрамдас бөлiгiн құруды қарастыру және бекiту, ал осы құрамдас бөлшектер жеке заңды тұлғалар болып танылмайды;
      10.2.5. Ректор ұсынатын Университеттің жұмыс жоспарын және жылдық бюджетiн бекiту;
      10.2.6. Оқу ақысының және басқа да алымдардың мөлшерiн белгiлеу және айқындау, сондай-ақ берiлуi мүмкiн жеңiлдiктердiң ауқымын белгiлеу;
      10.2.7. Ректор ұсынатын, Университеттiң қызметi және жұмыс жоспарларының орындалуы туралы есептердi талап ету және қарау, сондай-ақ Ректордан Қорғаншылар Кеңесiнiң назарын аударатын, кез келген мәселе жайлы есептердi сұрастыру;
      10.2.8. Университеттiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажеттi оқытушы немесе әкiмшiлiк лауазымдарды құру немесе тарату және осындай лауазымдарға тағайындалғандарды бекіту;
      10.2.9. Университеттiң болашақтағы қызметiнiң тиiмдiлiгi мен дәйектiлігiне және Университеттiң даралылығын сақтауға жауапкершiлiктi қоса алғанда Университеттiң қаржылық жағдайы үшiн жауапкершiлiкте болу;
      10.2.10. Олар арқылы, ұйымдар немесе жеке адамдар Университетпен байланыса алатын барлық филиалдардың немесе басқа да осы түрдегi ұйымдардың құрылуын бекіту;
      10.2.11. Өзiнiң құрамынан немесе кеңесшiлер мен консультанттарды тарта отырып, комитеттердi және кiшiгірiм комитеттердi құру және жұмысты анағұрлым тиiмдi етуге ықпал еткiзу мақсатымен кеңесшiлер мен консультанттарды тағайындау;
      10.2.12. Университеттің басқарылуы мен жұмыс істеуiн неғұрлым тиiмдi етудi қамтамасыз етуге қажеттi немесе орынды болатын бастамаларды көтеру.
      10.3. Ректорды қоспағанда Қорғаншылар Кеңесiнiң мүшелерi үш жыл бойы Қорғаншылар Кеңесiнде қалады және осы мерзiм аяқталғаннан кейiн олар қайта тағайындалуы мүмкiн; бұл орайда Ректорды қоспағандағы, жеребе көмегiмен айқындалған, Жарғыға сәйкес құрылған Қорғаншылардың бiрiншi Кеңесiнiң үштен бiрі Қорғаншылардың бiрiншi Кеңесi құрылған алғашқы жылдан кейiн Қорғаншылардың Кеңесiнен шығады; Қорғаншылар Кеңесiнiң жеребе көмегiмен айқындалған мүшелерiнiң басқа бөлiгi Қорғаншылардың бiрiншi Кеңесi құрылғаннан кейiнгi екi жылдан соң Қорғаншылар Кеңесiнiң құрамынан шығады, ал Қорғаншылар Кеңесiнiң жеребе көмегiмен айқындалған басқа мүшелерiнiң соңғы бөлiгi Қорғаншылардың бiрiншi Кеңесi құрылғаннан кейiнгi үш жылдан соң Қорғаншылар Кеңесiнiң құрамынан шығады.
      10.4. Қорғаншылар Кеңесiнiң мүшесi қызметтен кетуге өтiнiш беретiн болса, немесе дәлелдi себептерсiз Қорғаншылар Кеңесiнiң қатар өткен үш жиналысына қатыспаса, немесе оның кандидатурасын ұсынған адам оны өзгертсе, оның орны босатылады.
      10.5. Қорғаншылар Кеңесi мүшесiнiң орны босаған жағдайда, оның орнын шығып кеткен адамның кандидатурасын ұсынған адам немесе ұйым алады.
      10.6. Қорғаншылар Кеңесі жұмыс реттiлiгiн белгiлейдi және оны арагiдiк өзгертiп отыра алады.
      10.7. Жиналыс Төрағасы, жиналыста осы Жарғымен анықтайтын кворумы бар деп мәлiмдесе, және Кеңестiң бiрде-бiр мүшесi заң тәртiбімен жиналыстың үстiнде осындай мәлiмдемеге қарсы шықпаса, Кеңестiң қабылдаған барлық шешiмi, бiр немесе бiрнеше мүшенi заңсыз тағайындалды деген мәлiмдемеге немесе кворумға байланысты не кез келген басқа себептерге негiзделген жоққа шығаруды қоса алғанда, қандай да бiр себепке орай кворумның жеткiлiксiз болғандығына сай негiздер бойынша, жоққа шығарылмайтын болады.
      10.8. Канцлер бiрiншi Төрағаны тағайындағанға дейiн Қорғаншылар Кеңесiнiң іс-әрекеттерi мен шешiмдерiнiң күшi болмайды.

            11-БАП: ҚОРҒАНШЫЛАР КЕҢЕСІНIҢ МӘЖIЛІСТЕРI

      11.1. Қорғаншылар Кеңесi кезектi немесе жоспарланған жиналыстарды кем дегенде жылына бiр рет өткiзедi, ол сондай-ақ Төраға шақырған ерекше жиналысты кез келген уақытта немесе Корғаншылар Кеңесiнiң кемiнде алты мүшесiнiң жазбаша талабы бойынша Төраға тағайындаған жерде өткiзе алады. Қорғаншылар Кеңесiнiң арнайы жиналысында барлық мүшелердiң өздерi отырып қатысуы қажет емес, мұндай жиналысты телефондық конференция немесе теле/бейнебайланыс арқылы өткiзуге де болады және ол үшiн 11.3-тармақта баяндалған талаптардың сақталуы шарт. Қорғаншылар Кеңесінiң барлық мүшелерiне жазбаша нысанда жiберiлетiн және олар қабылдайтын жазбаша қарардың күшi Қорғаншылар Кеңесiнiң отырысында қабылданған шешiмiнiң күшiмен бiрдей.
      11.2. Қорғаншылар Кеңесiнiң жиналысы туралы хабарлама Қорғаншылар Кеңесiнiң барлық мүшелерiне, мәжiлiс өткiзу күнiнен кемiнде он бес күн бұрын жеткiзiлуi тиiс, ал мәжiлiстiң күн тәртiбi осындай хабарламаға қоса тiркелген, күн тәртiбi құжатында аталған мәселелермен шектеледi. Хабарламаның мерзiмi Қорғаншылар Кеңесi барлық мүшелерiнiң бiр ауыздан жазбаша келiсiмi арқылы азайтылуы немесе оның күшi уақытша тоқтатылуы мүмкiн.
      11.3. Қорғаншылар Кеңесi мүшелерiнiң жартысы кворумды құрайды.
      11.4. Қорғаншылар Кеңесiнiң шешiмдерi Қорғаншылар Кеңесiнiң жиналысына қатысып отырған, дауыс беретiн мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң пiкiрiн бiлдiруi тиiс; егер Қорғаншылар Кеңесi мүшелерiнiң пiкiрi дәл екiге бөлiнсе, Төрағаның дауысы екiншi немесе шешушi болады.
      11.5. Төраға болмаған кезде, Қорғаншылар Кеңесiнiң мүшелерi өздерiнiң арасынан дауысы екiншi немесе шешушi болатын, мәжiлiстiң төрағасын сайлай алады.

                     12-БАП: УНИВЕРСИТЕТ ҚАРЖЫСЫ

      12.1. Университет өзiнiң қызметiн өзiнiң қорларынан қаржыландырады, оның қатарына оқыту ақысы, сыйақылар, басқа да төлемдер, АКUҒ және оның филиалдарынан келетiн гранттар, салымдар, ақшалай қайырымдылық көмектер, гранттар, несиелер, Университет үшiн құрылған қайырымдылық қорлар, сондай-ақ олардан немесе кез келген басқа да заңды көздерден алынған кiрiстер жатады.
      12.2. Қорғаншылар Кеңесi өзiнiң қарауымен Университетке арналған кез келген жарналарды, сыйлықтарды немесе гранттарды қабылдай алады, сондай-ақ, егер Университет үшiн тiкелей немесе жанама қаржылық мiндеттеме туғызуы мүмкiн немесе алыну көзi, қызмет түрi немесе бағдарламасы Қорғаншылар Кеңесiнiң пiкiрi бойынша орынсыз болса, олардан бас тарта алады.

                     13-БАП: АУДИТ ЖӘНЕ ЕСЕП ЖҮРГІЗУ

      13.1. Университеттегi есеп беру iсi Қорғаншылар Кеңесi айқындайтын нысанда және сол тәртiппен жүргiзiледi және Университеттiң қаржылық жылы аяқталғаннан кейiнгi алты айда жыл сайын аудиторлық тексеруден өткiзiлуi тиiс. Аудиттi Қорғаншылар Кеңесi тағайындаған халықаралық деңгейдегi бухгалтерлiк фирма жүргiзедi.
      13.2. Есеп және тексерiс жасаған аудиторлық фирмасының қорытындысы Қорғаншылар Кеңесiнiң мақұлдануына ұсынылады.
      13.3. Аудиторлық қорытынды, аудитордың аудиторлық тексерудi халықаралық аудит стандарттарына және халықаралық бухгалтерлiк қағидаларына сәйкес орындағанын растайды.
      13.4. Қорғаншылар Кеңесi кез келген уақытта тәуелсiз аудиторды тағайындай алады. Ол аудиторлық тексеру немесе сараптама жасағаннан кейiн Қорғаншылар Кеңесi белгiлеген үлгiде есеп бередi. Тәуелсiз аудитор Қорғаншылар Кеңесi тағайындайтын халықаралық деңгейдегi бухгалтерлiк фирмалардың қызметкерлерiнiң арасынан тағайындалады.

                     14-БАП: ЮРИСДИКЦИЯСЫН ШЕКТЕУ

      Канцлер немесе Қорғаншылар Кеңесi қолданылып жүрген заңдардың шегiнде қабылданған ешбiр шешiм немесе iс-қимыл немесе акт Құрылтайшы Мемлекеттердiң немесе Қатысушы Мемлекеттердiң, соттарды есепке алмағанда, кез келген құзыретті органдарының қарарына берiлмеуi тиiстi.

                     15-БАП: ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР

      Университеттiң дамуына жәрдемдесудi немесе оның бағдарламаларына немесе қызметтерiне септiк тигiзудi қалайтын кез келген өзге мемлекет, Қорғаншылар Кеңесiнiң және Канцлердiң мақұлдауымен, Қорғаншылар Кеңесi айқындаған, Қатысушы Мемлекетпен келiсiлетiн шарттар және ережелер бойынша Қатысушы Мемлекет құрамына кiре алады.

                        16-БАП: ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      16.1. Құрылтайшы Мемлекеттер мен Исмаилиттер Имаматының бiрауыздан келiскен жағдайларын қоспағанда, осы Жарғының 3, 4, 6, 7, 8, 9, 15 және 16 баптары ешбiр жағдайда өзгертуге жатпайды.
      16.2. Жоғарыдағы 16.1 тармақ ескерiле отырып, Жарғыға қатысты басқа да өзгерiстер мен толықтырулар, Құрылтайшы Мемлекеттер Қорғаншыларының және Канцлердiң қарауына ұсынылуы мүмкiн. Осындай өзгерiстер Қорғаншылар Кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының кем дегенде үштен екi бөлiгiмен қарары кезiнде қолдануы тиiс. Жарғыға енгiзiлетiн мұндай түзетулер мен толықтырулар екi Қорғаншының және Канцлердiң келiсiмiмен және әр Құрылтайшы Мемлекет пен Катысушы Мемлекеттегi заңды тұлғалардың Мемлекеттiк регистрiнде тiркелгеннен кейiн ғана күшiне енедi.
      16.3. Осы Жарғының ережелерiн орындауда, немесе Жарғыдағы

проблемаларды шешуде, немесе Жарғының ескерiлмей кеткен ережелерiн қалпына 
келтiру барысында мәселелер туындалған жағдайда, ол туралы шешiм 
Канцлердiң қарарына ұсынылады, оның шешiмi түпкiлiктi және орындауға 
мiндеттi болып табылады. 
     16.4. Тәжiк, қырғыз, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде дайындалған 
осы Жарғыны Құрылтайшылар растайды және мақұлдайды, және аталған әр 
тiлдегi нұсқалардың заңдық күшi бiрдей. Осы Жарғыны түсiндiруде 
келiспеушiлiктер орын алған жағдайда ағылшын тiлiндегi нұсқасы негiзгi 
болып табылады. 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады