"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 15 Заңы

       1-бап.  "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж, N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      1) 16-баптың 1-тармағындағы "(қалалық)" деген сөз "(облыстық маңызы бар қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "19-1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының жалпы лимитi шегiнде белгiлейдi және оны аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiкке жеткiзедi;";

      3) 31-бапта:
      1-тармақта:
      6) және 21) тармақшалардағы "(қалалық)" деген сөз "(облыстық маңызы бар қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) тармақшадағы "(қалалық)" деген сөз "(облыстық маңызы бар қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "(қалалық)" деген сөз "(облыстық маңызы бар қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 35-баптың 3-тармағындағы "(қалалық)" деген сөз "(облыстық маңызы бар қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 38-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын тиісті әкімдік бекітеді.".

       2-бап.  Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Если Вы обнаружили на странице ошибку, выделите мышью слово или фразу и нажмите сочетание клавиш Ctrl+Enter

 

поиск по странице

Введите строку для поиска

Совет: в браузере есть встроенный поиск по странице, он работает быстрее. Вызывается чаще всего клавишами ctrl-F.