Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 11 мамырдағы N 552 Заңы

       1-бап.   Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне  (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат):

      105-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімдері бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23, 24, 507-құжат; 1995 ж., N 23, 146-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады.".

      3. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 744-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат; 2001 ж., N 13-14, 172-құжат; N 17-18, 241-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат):

      10-баптың 1-тармағындағы "(осы Заңның" деген сөздердің алдынан "өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 1, 8-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат):

      9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімі бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат):

      1) 1-бапта:
      1) тармақшадағы "өзіне сеніп тапсырылған" деген сөздер "тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "әкім" деген сөз "әкімдік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 6-бапта:
      1-тармақта:
      1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды бекіту;";
      "3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптасқан әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынысы бойынша бекіту;";

      11) тармақшадағы "кедейлікпен күрес" деген сөздер "кедейлікті азайту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) әкімнің ұсынысы бойынша "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру;";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары қоршаған ортаның ластану лимиттерін (аудандар мен қалалар бойынша алғанда) айқындайды, қоршаған ортаны ластағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер ставкаларын бекітеді.";

      3) 8-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "мәслихатқа сайланған депутаттар санының" деген сөздер "мәслихат депутаттары жалпы санының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың 4) тармақшасындағы "жеті депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ үш адамнан кем емес" деген сөздер "бес депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 19-баптың 5-тармағы "бірінің төрағасы" деген сөздерден кейін "немесе мәслихат депутаты" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 20-бапта:
      5-тармақтың бірінші абзацындағы "оған тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімінің орынбасары" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) мәслихаттардың хатшыларына - облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің бірінші орынбасары, өзге де әкімшілік-аумақтық бөлініс мәслихаттарының хатшыларына - әкімнің орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Өз қызметін мемлекеттік бюджет есебінен ақы төленетін тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, шаруашылық субъектісін басқаруға дербес қатысуға, педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.";

      6) 21-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақ 3) тармақшадағы "жүргізуге" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "міндетті." деген сөз алып тасталсын және тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе тұруға міндетті.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мәслихаттың әрбір депутатына оның құқықтарының, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепілдік беріледі.
      Мәслихат депутаты, қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелері бойынша тиісті мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз кіруге құқылы.
      Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кідіріссіз қабылдауға және оларға жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруда қажетті жәрдем беруге міндетті.";

      7) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

      "21-1-бап. Депутаттық сауалдар

      Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарына мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жүгінуге құқылы.
      Депутаттық сауалдың жауабы жазбаша түрде, бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде берілуге тиіс. Депутат сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге құқылы.
      Прокурордың атына берілген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс.";

      8) 22-бап "сессиялар" деген сөзден кейін ", мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 27-бапта:
      1-тармақта:
      6) тармақшадағы "өндірістік" деген сөз "өндіргіш" деген сөзбен ауыстырылсын; "әлеуметтік-мәдени мақсаттағы" деген сөздердің  алдынан "облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық" деген сөздермен толықтырылсын; "объектілер құрылысы" деген сөздер "объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдарының сақталуға мемлекеттік бақылауды, құрылыс жобаларының бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес іске асырылуын, қала құрылысы тәртібінің, құрылысы салудың аумақтық ережелерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, салынып жатқан (салыну жоспарланып отырған) объектілерге мониторингті және ведомстволық бағыныстағы аумақта салынып жатқан (реконструкцияланған, кеңейтілген, жаңартылып, күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан) объектілердің және кешендердің жүргізілу барысы мен сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      7), 9), 14), 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың су құбырлары, тазарту құрылыстары, электр беру, байланыс желілері мен басқа да көлік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерін салу мен пайдалануды ұйымдастырады;";
      "9) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады, табиғат қорғау іс-шараларын өткізеді, табиғат пайдалануды реттейді және қоршаған ортаның ластануына қатысты белгіленген лимиттер шегінде ластану квоталарын белгілейді;";
      "14) белгіленген мемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;";
      "18) тарихи немесе мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерін өркендетуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдеседі;
      "19) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің, қаладағы аудандар әкімдерінің жұмысын үйлестіреді;";

      10) тармақша "жолдарды" деген сөзден кейін "салуды," деген сөзбен толықтырылсын;

      16) тармақшадағы "кедейлікпен күрес" деген сөздер "кедейлікті азайту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) тармақшадағы "қайырымдылық және" деген сөздер алып тасталсын;

      22) тармақша "штат санының лимитін" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиті шегінде" деген сөздермен толықтырылсын;";

      мынадай мазмұндағы 14-1), 22-3), 22-4), 22-5) және 22-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "14-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шараларды қамтамасыз етеді;";
      "22-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайлар мен тәртіпте лицензиялауды жүзеге асырады;
      22-4) салық төлеушінің тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органының облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
      22-5) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарында белгіленген шектерде табиғи монополия субъектілері қызметін бақылайды және реттейді;
      22-6) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдарында белгіленген шектерде тауар рыногындағы рынок субъектілерінің басым (монополиялық) жағдайына бақылау жасауды жүзеге асырады.";

      10) 29-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) тиісті мәслихатқа "Облыстың (қаланың) құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;";

      8) тармақшадағы "әкімшілік-аумақтық бөліністі" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақтағы "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 31-бапта:
      1-тармақта:
      1), 6), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін, соның ішінде қаладағы аудан (аудандық маңызы бар қала), кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан (аудандық маңызы бар қала), кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің атқарылуы туралы есепті дайындайды;";
      "6) осы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық (қалалық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентішілік (қалаішілік) және ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;";
      "9) кентішілік (қалаішілік) және ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
      "10) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, жерлерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;";

      11) тармақшадағы "жолдарды" деген сөзден кейін "салуды," деген сөзбен толықтырылсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады;";

      мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4), 12-5), 12-6) және 12-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12-1) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
      12-2) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
      12-3) мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;
      12-4) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
      12-5) авариялық және ескі үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
      12-6) тұрғын үй көмегін көрсетеді;
      12-7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;";

      13) тармақшадағы "кедейлікпен күрес" деген сөздер "кедейлікті азайту" деген сөздерге ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 18)-22) тармақшалармен толықтырылсын:
      "18) тиісті аумақта ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмінділер) салуды және ұстауды ұйымдастырады;
      19) азаматтардың тегін орта білім алу құқығының іске асырылуын жүзеге асырады;
      20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті шегінде аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді;
      "21) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органының аудандық (қалалық) бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
      22) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайлар мен тәртіпте лицензиялауды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Осы бапта аудандық (қалалық), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) әкімдіктерге жүктелген өкілеттіктерді қалалық әкімдіктер жүзеге асырады.";

      12) 33-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) аудандық мәслихатқа "Ауданның құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) мектепке дейінгі, орта, бастауыш кәсіби білім беру мекемелеріне, әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;";

      9) тармақша алып тасталсын;

      11) тармақшадағы "басқару" деген сөз "басқарудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 35-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала,
               кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ
               әкімінің құзыреті";

      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы)" деген сөздер "Қаладағы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;";
      "12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;";

      мынадай мазмұндағы 14-1), 16)-21) тармақшалармен толықтырылсын:
      "14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;";
      "16) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;
      17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
      18) мектепке дейінгі ұйымдарды, мәдениет және спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;
      19) көліктік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін пайдалануды ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде су пайдалану мәселелерін реттейді;
      20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық (селолық) жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
      1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі жүзеге асырады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.";

      3-тармақтағы "Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы)" деген сөздер "Қаладағы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) 36-баптың тақырыбы мен мәтініндегі "республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы)" деген сөздер "Қаладағы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15) 38-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана),
               аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы
               аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл
               (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппаратын тиісінше облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және ұйымдастырады.
      Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппаратын республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.";

      4-тармақтағы "әкім" деген сөз "әкімдік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) 39-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды тиісті мәслихат бекіткен әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы шеңберінде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.";

      2-тармақтағы "облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі" деген сөздер "тиісті әкімдік" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап.  Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мыналарды:
      осы  Заңның қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдеріне қатысты 1-бабының 1, 2 және 4-тармақтарын, 5-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацын, 11) тармақшасының төртінші абзацын, 13) тармақшасын; осы Заңның аудан әкімдігінің ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратын құруға, таратуға және қайта ұйымдастыруға қатысты 1-бабының 5-тармағының 15) тармақшасын қоспағанда, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады